Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 09:45, дипломная работа
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл ережені сағаттармен есептелетін мерзімдерге қолдануға болмайды. Әйтпеген жағдайда, А. П. Гуляевтің әділ атап көрсеткеніндей: "аталған ережені занда белгіленген барлық мерзімдерге қатысты ету мерзімдерді сағатпен есептеуді қандайда болсын мәннен жиі айырған болар еді".
Зан шығарушы адамға қамауға алу түріндегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезіндегі мерзімдер есептеу тәртібін арнайы керсеткен. Мәселен, КІЖК-тін 153-бабына сәйкес (11-6) қамауға алудын мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бастап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды. Қамауға алу мерзімдерін регламенттеу ерекше маңызды, өйткені әнгіме адамның жеке басына тиіспеушілік, азамат пен адамға әуел бастан тиесілі құқықты еркін жүзеге асыру сияқты іс жүргізу әрекеттері жайында болып отыр.
Ғылыми пікірталастар
РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (1990 ж.) теориялык, моделін әзірлеушілер өз кезінде іс жүргізу мерзімдерінің әлеуметтік-құқықтық мәнін жаңаша ұғынуға әрекет жасады. Атап айтқанда модель авторлары іс жүргізу мерзімдерінің құқық кепілдіктерінің бір түрі деп түсінілуіне көбірек көңіл бәлген. Мәселен, РСФСР ҚІЖК-тің 341-бабын-да мынадай ереже берілген: "Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды, бірақ бұл ұстау, қамауға әлу, үйінде қамауда ұстау және медициналық мекемеде болу кезіндегі мерзімдерді есептеуге қатысты емес". Соңғы ескертпе мерзімнің аяқталуы мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес күнге келген жағдайларға қатысты. Мұның мәнісі аталған модельдің 342-бабында түсіндірілген: "Адамды ұстау, қамауға алу, үйінде қамауда ұстау және медициналық мекемеге орналастыру кезінде мерзім сол шаралар іс жүзінде қолданылған кезден (сағаттан) бастап еселтеледі".
Теориялық модель авторларының көзқарасы олардың қылмыстық іс жүргізу институттары жүйесіне, категориялар мен ұғымдарға қатысты ізденістерінің адамгершілік сипатын қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарын күшейтуге ұмтылушылық бар екенін дәлелдейді.
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу кезінде тергеу мерзімін есептеу тәртібі туралы мәселе айтыс-тартысты болды. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-тің 48-бабына сәйкес тергеу барысында бір іс жүргізуде бір немесе бірнеше қылмыс жасады деп бірнеше адамды айыптау бойынша, немесе бір адам өзара ұқсас не бір пиғылды бірнеше қылмыс жасаған жағдайда істерді біріктіруге болады.Бұрын қолданылған ҚІЖК-те мерзімдерді есептеу жөнінде әлдебір нұсқаулар болған жоқ. Атап айтқанда, И. Е. Быховский, А. Пюбавин, В. Шимановский есеп жүргізу нүктесі етіп бастапқыда қозғалған іс мерзімі алынуға, ал біріктірілген өзге істерді қозғау мерзімдері бұрын қозғалған істер шегіндегі жеке іс жүргізу мерзімдері ретінде қаралуға тиіс деп санайды. Бұл көзқарасқа А. П. Гуляев дау айтып, бірқатар іс жүргізу жағдайлары бойынша мерзім есептеудің басқа тәртібі болуы мүмкін деп санайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмаған қылмысты істі кінәлі адам әшкереленген іспен біріктірген кезде біріктірілген іс бойынша тергеу мерзімін екінші қылмыстық іс қозғалған кезден бастап есептеген жөн. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген ҚІЖК-інде бұл мәселе барынша толық реттелген (48-баптың 4-бөлігі) және де отандық қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде айтыс-тартыс туғызып отырған жоқ.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс
жүргізу мерзімдерін ұзарту
Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-тің 56-бабында регламенттелген. Жалпы ереже бойынша дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзім мүдделі адамдардың өтініші бойынша, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе іс жүргізіп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтірілуі мүмкін. Дәлелді себептер жеңу немесе кейінге қалдыру мүмкін емес оқиғалар болуы мүмкін, мысалы, ауыр сырқат, табиғат апаты, жұмыс бастылық және т.т. Осы айтылғанға орай егер шағым немесе өзге құжат мерзім өткенге дейін почтамен, жеделхатпен, ал қамаудағы адамдар үшін — бас бостандығынан айыру орындарынын әкімшілігі арқылы жіберілген болса, мерзім өткізіп алынды деп саналмайтыны туралы заң ережесінің зор маңызы бар. Құжаттар жіберілген мерзімді почта штемпелі бойынша анықтауға болады.
Кейбір іс жүргізу әрекеттері бойынша бастапқыда көзделген мерзімдер ұзартылуы мүмкін. Ұзарту негіздері ҚІЖК-те жеткілікті түрде толық көрсетілген. Жекелеген мерзімдердің (мысалы, алдын ала тергеудің адамға қамауға алу шарасын қолданудың) шұғылдығын дәлелдер жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады. Мерзімдерді ұзарту механизмінің ерекшелігі — қылмыстык процесті жүргізуші адамдар өкілеттіктерінің тандап алынатындығы. Мәселен, адамға қамауға алу шарасының қолданылуын аудандық, қалалық прокурор, оларға тенестірілген әскери және өзге прокурорлар үш айға дейін ұзарта алады. Мерзімді алты айға дейін ұзартуға облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өкілетті (ҚІЖК-тің 153-бабы).
Мерзімнің ұзартылуы қаулымен ресімделеді. Бұл жағдайда қаулы алдын ала тергеу мерзімін ұзарту тәртібіне ұқсас қабылданады.
Іс жүргізу мерзімдерінің мәнділігі оларды өткізіп алудың нәтижесінде пайда болатан құқықтық салдарлардың сипатынан айкын көрінеді.
Сот ісінің шапшаң жүргізілу інің кепілі ретінде мерзімнің өтіп кетуінің мынадай зардаптары болуы мүмкін:
1. Белгіленген мерзімнің
бастапқы іс жүргізу манызының
жойылуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-тің 399-бабында
апелляциялық немесе кассациялық шағым
жасау мен сот үкіміне наразылық білдірудің
он тәуліктік мерзімі көзделген. Шағым
жасау мен
наразылық білдіру құқығын жүзеге асырудың
нәтижесі, мысалы, заңсыз үкімнің күшін
жою және істі жаңадан тергеуге немесе
сотта қарауға беру болуы мүмкін. Аталған
мерзімнің өтіп кетуі адамның үкімге шағым
жасау, ал прокурордың — оған наразылық
білдіру құқығынан айырылуын білдіреді.
2. Іске мүдделі адамдардың іс-қимыл жасауы үшін негіз пайда болуы мүмкін. Мысалы, КІЖК-тің 184-бабында қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау үшін кезделген мерзімдердің өткізіліп алынуы арызданушыға прокурордьщ, тергеушінің немесе анықтаушының іс-әрекеттеріне шағымдану құқығын береді (КІЖК185-бап,2-бөлік).
3. Мерзімнің өткізіп алынуы өзге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін негіз бола алады. Мысалы, жасырынып қалған айыпталушыны алдын ала тергеу мерзімі өткенге дейін іздеп табу мүмкін болмаса тергеушінің іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруы мүмкін (КДЖК-тін 50-бабы).
4. Белгіленген мерзімдерді
бұзушыларға іс жүргізушілік
ықпал ету шараларын
қолдану үшін негіздер пайда болуы
мүмкін. Мәселен,
сотта істің: қаралуы кезінде белгіленген
анықтау мен тергеу мерзімдерінің
дәлелсіз бұзылуы оған құқық қорғау органы басшысының
атына жеке қаулы жіберу құқығын береді
{ҚІЖК-тің 59-бабы).
Процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері деп көрсетілген мерзімдердің өтіп кетуінің салдары біршама өзгеше болады.
1. Өз құқықтары мен мүдделері бұзылған адамның іс жүргізудегі жағдайы мерзімнің өткізіліп алынуы салдарынан дереу өзгеруі мүмкін. Ол өзгеріс сонын пайдасына болуы мүмкін. Мысалы, 153-бабының 8 бөлігіне сәйкес прокурор айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартуға рұқсат береді немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады. Егер қамауға алу мерзімі аяқталғанда айыпталушыны одан әрі қамауда ұстау жөніндегі шешім келіп түспесе, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен қамаудан босатады (ҚІЖК-тің 153-бабының 9-бөлігі).
2.2 Қылмыстық
процесте мерзімді өткізіп
Мерзімнің өткізіп
алынуы өкілетті орган тарапьшан тәртіп
бұзушыға іс жүргізушілік ықпал ету шараларының
қолданылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы,
КІЖК-тің 158-бабына сәйкес сезікті, айыпталушы,
сондай-ақ куә мен жәбірленуші шақыру
бойынша дәлелді себептерсіз келмеген
жағдайда алып келуге (мәжбүрлеләкелуге)
ұшыратылуы мүмкін.
Пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуының кепілі болып табылатын мерзімдердің өткізіп алынуының ерекше іс жүргізушілік-құқықтық салдарлары болуы ықтимал. Қадағалау қызметінің мәні прокурордың іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдануы ретіндегі сол салдарлардың сипатын айкындайды. Аталған салдарлардың процеске қатысушылардың құқықтары мен занды мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған мерзімдерді бұзудың салдарларымен ұқсастығы кеп.
Белгіленген іс
жүргізу мерзімдерінің аяқталуы
іс жүргізу
әрекеттерінің жарамсыз, занды күші жоқ
деп танылуына әкеліп
соғады. Ондай әрекеттер іс жүргізу әрекеттері
статусынан айырылады және олардағы мәліметтерді
дәлелдеу мақсатында пайдалануға болмайды.
Өткізіліп алынған
мерзімді қалпына келтіру мақсатында
шағым берілген жағдайда шешімнін орындалуы
өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру
туралы мәселе шешілгенге дейін
тоқтатыла тұрады.
Өткізіп алынған
мерзімді қалпына келтіру жөніндегі арызды
қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім
қабылданған
жағдайда ол шешімге реттелетін құқық
қатынастарының әрбір
бөлігі үшін белгіленген тәртіппен шағым
жасауға, наразылық
білдіруге болады.
Қылмыс құрамы әрекет арқылы, заңда көрсетілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың орын алуы арқылы сипатталады.
Адвокаттар мен өзге де адамдардың (қоғамдық, қорғаушы, заң кеңесшісі, жәбірленушінің, жасөспірімдердің заңды өкілдері) қылмыстық процестерде азаматтарды қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды кьтзметіне кедергі жасауға — ордері, тиісті рұқсаты бола тұра процеске катыстырмау, іс материалдарымен таныстырмау, қылмыстық істің, қаралатын уақытын хабарламау, азаматтар мен заңды ұйымдарды заңгерлік көмек көрсетуге жібермеу, әртүрлі тосқауылдар қою т.с.с. әрекеттер жатады.