Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 09:45, дипломная работа
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.
Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз:
1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең2.
Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар "кез" (мысалы, КІЖК-тің 70-бабына сәйкес, "қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі" немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша "өзінен алғашқы жауап алудың алдындаға кезден бастап корғаушымен жолыға алады"); "кез келген сәт" (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабының 3-белігі бойынша "сот сотталушыға нақтылау сұрактарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін"); "дереу" (мысалы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша "айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады" деп белгіленген; КІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша "прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады"; "кідіріссіз" термині өзінің мәні жағынан "дереу" терминіне жақын (мысалы,КІЖК-тін150-бабының З-бөлігі бойынша "бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады"; "тез арада" терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, КІЖК-тін 216-бабынын 2-бөлігі бойынша "қорғаушының қатысуын тез арала қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті"; "аяқталғаннан кейін бірден" (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 1-бөлігі бойынша "тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады"); әлдебір іс-әрекет басталардың "алдында" (мысалы, КІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық кұралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс'"); әлдебір іс-әрекеттен "кейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 258-бабыньгн 2-бөлігі бойьшша "сараптамалык зерттеудін үлгілері сол адамнан, бірак аталған іздер калдьірылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін"); әлдебір іс-әрекетаен "бір мезгілде" (мысалы, КІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша "тергеуші айыпталушыға айьштағылған күнтуралы хабарлаНды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шақыру құқығын түсіндіреді"); іс жүргізу "аяқталғаннан кейін"(мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша "еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар ашылуы мүмкін"); "тәмамдалғаннан кейін" терминінін мәні "аяқталғаннан кейін" терминіне жақын (мысады, К.ІЖК-тін 362-бабынын. 1-бөлігі бойынша "төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысутыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді"); әлдебір іс-әрекетке "дейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 214-бабьшын 1-бөлігі бойынша "тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады"); уақыт шеңберлері нақты жағдайды негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдын өзара байланысты көрсетілетін "уақытында" (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша "тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді"); "кешіктірмей" (мысалы, КІЖК-тің 235-бабының 5-бөлігі бойынша "почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды"); "анықталғаннан кейін" (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабынын 5-бөлігі бойынша "төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады").
Пайдаланылған әдебиеттер