Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 09:45, дипломная работа

Описание

Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Тақырыбы.docx

— 130.83 Кб (Скачать документ)

Осы қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін бұзуға — осы адамдардың заңды қызметіне негізсіз араласу, оларға нұсқау, бұйрық беру, олардың жұмыс режимін, қызмет көрсету ақысын негізсіз өзгерту т.с.с. жатады.

Қылмыстың зардабы — азаматгар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қоғамның, мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі болып табылады.

Елеулі зиянның түсінігіне ҚК-тің 228, 307-баптарына талдау жасағанда толық тоқталып өткенбіз.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей немесе жанама қасаканалықпен істеледі. Кінәлі адам адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасайтынын сезеді, одан көрсетілген зардаптардың орын алатынын біледі және соны тілейді немесе тілемесе де соған жанамалы түрде жол береді.

Кылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, егер бұл әрекетті лауазым адамдары қызмет бабын пайдаланып жүзеге асырса, онда оның әрекеті ҚК-тің 307-бабымен сараланады.

 

 

Қазақстан Республикасында  әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери кылмыс-тарға арналған.

Қылмыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген. Онда: әскерге шақыру бойынша не келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген кылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады делінген.

Осыған орай әскери кызмет атқарудың белгіленген тәртібі коғамдық катынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және кұкықка қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады.

Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі — кылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазакқстан Республикасының, Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери кұрамаларында әскери кызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі кезінде әскери кызмет атқарушы запастағы азаматтар.

ҚР Қарулы Күштеріне Корғаныс министрлігі және оған бағынышты кұрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері, әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік кызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады.

Әскери қылмыстар тікелей  объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей бірнеше түрге  бөлінеді:

Бағыныштылық тәртібіне және әскери кызметшілердің жарғылық ережелеріне сай қарым-қатынасына қол сұғатын кылмыстар: Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап). Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны кызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап). Бастыққа қатысты күш колдану іс-әрекеттері (369-бап). Бір-бірінін арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметші-лердің, арасындағы өзара қарым-қатынастардың. жарғылық ережелерін бұзу (370-бап). Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап).

Әскери қызметті өтеу тәртібіне  карсы бағытталған кылмыс-тар: Бөлімді немесе кызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап). Кашкындық (373-бап). Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери кызметтен жалтару (374-бап).

Әскери кезекшілікпен  және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар: Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-бап). Шекаралық кызмет аткарудың ережелерін бұзу (376-бап). Қарауыл (вахта) кызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-бап). Ішкі кқзмет аткарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (378-бап). Қоғамдық тәртіпті ■ қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті камтамасыз ету бойыңша кызмет аткарудың ережелерін бұзу (379-бап).

Кару-жарақ, сондай-ақ заттар мен нәрселер, әскери мүліктерді, техниканы пайдалану мен оны сақтаудың ережелеріне қарсьг қылмыстар: Әскери мүлікті қасақана кұрту немесе бүлдіру (387-бап). Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (388-бап). Әскери мүлікті жоғалту (389-бап). Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-бап). Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-бап). Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (393-бап). Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап).

Белгіленген тәртіп пен  әскери құпияны сақтауға қарсы кылмыстар: Әскери құпияны жария ету немесе әскери құпиясы бар құжаттарды жоғалту (386-бап).

Әскери лауазымды кылмыстар: Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра колданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап). Қызметке селқос карау (381-бап).

Шайқас даласында және соғыс жүріп жаткан ауданда әскери кызметті атқару тәртібіне қарсы кылмыстар: Құрып бара жаткан әскери кемені тастап кету (382-бап). Жауға соғыс жүргізу кұралдарын беру немесе тастап кету (383-бап). Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап). Тонаушылық 385-бап).

Әскери кылмыстар объективтік  жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық тоқталамыз.    .

Субъективтік жағынан алғанда  бүл қылмыстардың көпшілігі қасақанлықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы кылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

Қылмыс объективтік  жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, кызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың занды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау — яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, занды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапка карсы баска әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады.

Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштының, алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әртүрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады.

Бұйрыкқа бағынбаудан  немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыс кұрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасаканалықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады.

Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп баскадай өзара қактығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген қылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Және оған карсы күш колдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап кою, бетін тырнау т.с.с.) арқылы көрініс табады.

Кылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықлен жасалады.

Дәл сол әрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы не- 
месе ұйымдасқан топ жасаса;

б) қару қолданып жасаса;

в) денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян не- 
месе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамынын 
ауырлататын түріне жатады (396-баптың 2-тармағы). Бүл 
көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 363-бабын талда- 
ғанда тоқталғанбыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген кылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (369-баптың 3-тармағы).

Бір-бірінін арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери кызметшілердін арасындағы өзара қарым-қатынастардын жарғылык ережелерін бұзу(370-бап)

Қылмыс объективтік  жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылык катынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыкқа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш колдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу — арқылы сипатгалады.

Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде әскери кызметшілердің арасындағы өзара қарым-катынастардың жарғылык ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптын диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстың кұрамын құрайды. Көрсетілген ережелерді бұзу нәпсікүмарлык, сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің киім-кешегін, тамағын, басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдаида кінәлінің іс-әрекеті қылмыстардың жиынтығын құрайды. Дәл сол әрекеттер:

а) бірнеше рет.

б) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;

в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобьг не- 
месе ұйымдаскан топ жасаса (ҚК-тін 31-бабы).

г) кару колданып жасаса;

д) денсаулыққа орташа ауырлыктағы зиян келтірсе (КК-тің 
104-бабы), осы талданып отырылған кылмыс кұрамының ауыр- 
лататын түріне жатады (370-баптың 2-тармағы).

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптын 3-тар-мағы) талданып отырылған кылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсызда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінін өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекет-тен касақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет ҚК-тің 96-бабы бойынша саралануға жатады.

Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс жүргізу