1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)


55

 

РЕФЕРАТ

 

Зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең    1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған.

Республика өміріндегі бұл бетбұрыс жағдай Қазақстанның құрамына бұған дейін Түркістан АКСР-ы құрамында болған Сырдария және Жетісу облыстарының түпкілікті өтуіне байланысты болды. Осы оқиғалардың тарихи табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтижесін ғылыми тұрғыдан тани білу қажет.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстандағы қосылудағы тарихи шындықты қалпына келтіру. Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер қойылды:

-  тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдап, зерделеу;

-  қазақтардың атамекенінде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;

-  қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын талдауға алу;

-  Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу; 

-  Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу.

қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.

              Зерттеуде диалектикалық, логикалық, салыстырмалы, талдау және топтау әдістері қолданылды. Ізденуші көптеген тарихи, ғылыми еңбектерді,  зерттеулерді,  мұрағат құжаттарын ҚР Президенті Назарбаевтың еңбектерін өз жұмысында кеңінен пайдаланды.

              Зерттеудің ғылыми жаңалығы мұнда келтірілген деректердің бір  бөлігі алғаш рет пайдаланылып отыр. 

              Еңбектің практикалық маңызы оның материалдарының  студенттердің және оқытушылардың еңбектерінде пайдаланылуы мүмкіндігінде.

Магистрлік дисертация  кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, қысқарған атаулардан, пайдаланылған әдебиттерден тұрады. Еңбектің жалпы көлемі 72 бетті құрайды.                

 

МАЗМҰНЫ

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................15

 

I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24

 

ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ Жетісу ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ  ҚЫСҚАША  ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27

 

ІІІ ТАРАУ. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайы............................51

 

IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақстанға қосу әрекеттері............................................................................................................60

 

V Тарау. Кеңес дәуірі  кезінде ұлттық мемлекеттік межелеуден кейінгі Қазақстан шекарасындағы кейбір өзгерістер............................................................................................................67

 

Қорытынды........................................................................................................69

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................72

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР

 

1.    КСРО-Кеңес Социалистік Республикалар Одағы

2.    БОАК-Бүкілресей Орталық Атқару Комитеті

3.    БК(б)П-Бүкілодақтық     коммунистік (большевиктік) партия

4.     РК(б)П-Ресей коммунистік (большевиктік) партия

5.    БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

6.    ЕурАзЭЫ- Еуразия     Экономикалық Ынтымақтастығы

7.    ЕО /ЕС/ - Еуропалық Одақ

8.    КОКП ОК- Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті

9.   Кирревком - Қырғыз /Қазақ/ революциялық комитеті

10.  Киробком - Қырғыз /Қазақ/ облыстық комитеті

11.  Қазақ   КСР-Қазақ   Кеңестік    Социалистік    Республикасы

12.  Қазақ  АКСР-Қазақ     Автономиялық     Кеңестік Социалистік Республикасы

13.   ҚРОММ-Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты

14.  ҚазОАК-Қазақ Орталық Атқару Комитеті

15.   ҚР - Қазақстан Республикасы

16.  ҚОАК-Қырғыз   (Қазақ)   Орталық  Атқару Комитеті

17.  ҚХР - Қытай Халық Республикасы

18.  ҚКОК - Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті

19.   ҚРПМ-Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты

20.   РКФСР-Ресей    Кеңестік    Федеративті Социалистік Республикасы

21.  РФ - Ресей Федерациясы

22.  Сибревком - Сібір революциялық комитеті

23.  СІМ-Сыртқы істер министрлігі

24.  ТОАК-Түркістан     Орталық    Атқару Комитеті

25.  ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

26. ҰҚК-Ұлттық қауіпсіздік комитеті

27.  ҰҚШ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты

28.  ҰҚШҰ-Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

39.  ШЫҰ-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

40. ӨзКСР-Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасы

41. ТАКСР-Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

42. ТүркХКК-Түркістан Халық Комисарлары Кеңесі

43. Түркімен КСР-Түркімен Кеңестік Социалистік Республикасы

44. РК(б)П Ортаазбюросы-РК(б)П Орта Азия Бюросы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

              Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің тарихының қалыптасуына ерекше назар аударып келеді. [1]. 1924-1925 жылдарғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстан құрамына бірігуі, еліміздің даму тарихындағы үлкен бетбұрыс кезең болды.

              Республика өміріндегі бұл бетбұрыстың табиғатын тану, сондағы ұлт қайраткерлері тұлғаларына жан-жақты назар аудару, олар көрсеткен саяси және рухани жігердің жемісті нәтиже бермеу себептерін ашу-қазіргі таңдағы тәуелсіздік талаптары тұрғысынан теориялық және практикалық маңызы зор міндет болып табылады. Кезінде қалыптасып келе жатқан мемлекеттіктің бірден қуыршақ сипат алуы бүгінде қайталануына жол беруге болмайтын кемшілік. Оның себептерін ғылыми тұрғыда талдауға алу жөн.

              Алайда бұл маңызды мәселе ғылыми әдебиетте әзірге арнайы қарала қойған жоқ. Ал кеңестік кезеңде ол бұрмаланып түсіндірліп келді. Сондықтан оны ақтаңдақтардан   тазартып, сол күрделі бет бұрыс кезеңді объективті түрде  зерттеу қажет. Бұл мемлекеттігіміздің бүгінгі ахуалын барлап, ертеңгі келбетін ғылыми дәйектеп айқындауға мүмкіндік әпереді.Сондай-ақ "ұлттық саяси өміріміздің балаң дәуірінде ұлттық мемлекетті орнықтыруға атсалысқан нақты кімдер, ағымдар, саяси тұлғаларды, олардың басым және осал жақтарын талдауға алудың тағылымдық мәні зор.Ұлттық мемлекеттік үшін күрес кезеңдерін ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, бүгінгі күн биігінен пайымдаудың тәуелсіздік мұраттарына қызмет етері сөзсіз.Еліміздің өткенін терең де жан-жақты зерттеген жұмыстар қоғамдық сананы байытуға, дүниетанымда елеулі сапалық өзгерістер жасауға, ұлттық идеология іргетасын қалауға, еліміздегі ұлтаралық қатынастар үйлесімін нығайта түсуге мол үлес қосады.Зерттеу тақырыбының өзектілігі міне осында.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысты жазудағы мақсат: Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау.Зерттеудің осынау мақсатына байланысты алға мынандай міндеттер қойылды:

-  тақырыпқа байланысты дерек көздерін айқындау, жинастыру және оларды талдап, зерделеу;

-  қазақтардың атамекеніңде кеңес өкіметі орнығу барысындағы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің бағыттары мен белестерін анықтау;

-  қазақтың шынайы мемлекеттігі үшін күрестің алғы шебінде болған қайраткерлердің мақсатты қызметі, теориялық пайымдау деңгейі мен бағыттарын талдауға алу;

-  коммунистік партия органдарының қазақ жеріндегі саяси процестерді қадағалап басқару тәсілдерін, партияның Қазақстанға байланысты ұстанғаны саясатының мазмұнын сараптау;

-  Қазақстанда ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жеңіліс табуы мен ұлттық мемлекеттікті қалыптастыру идеясының жүзеге аспау себебін зерттеп ашу; 

-  Түркістан Республикасының қарамағында 1924 жылға дейін қалып қойған Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қайта қосылуын зерделеу,

қойылған мәселелерді жан-жақты зерттеу.

Қазақстан саяси басшылығының ұлттық мемлекеттік үшін күресінің жөн-жобасын, ерекшеліктерін, оның өркендеу және жеңілу сырын айқындауға мүмкіндік береді. Өз ретінде мұндай мазмұндағы жұмыс ұлттық мемлекеттік мәселелерін тура түсінуге, ұлтаралық қатынастардың күрделі түйіндерін әділ шешуге септігін тигізбек.

Зерттеудің тарихнамасы. Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі мәселесін Қазақстан ғалымдары егжей-тегжейлі болмаса да, лениндік методология тұрғысынан біршама қарады. Бұл мәселені, қазақ мемлекеттігінің одан әрі нығая түсуі тұрғысынан,тұңғыш рет А.Нүсіпбеков бірден-бір, тиянақты да арнайы қарастырғантын. Ол Орта Азиядағы межелеуді Қазақстан тарихының сол кезгі өзекті проблемаларының бірі болған тақырып - жер-суды жиыстыру мәселесімен ұштастырды. Қазақ жер-суының бірігуі коммунистік партияның жетекшілігі арқасында, тек кеңестік құрылыс жағдайында жүзеге асқанын деректі құжаттар негізінде көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, жұмысында ұлттық-мемлекеттік межелену материалдарынан мол дерек келтірді. Орта Азияның ұлттық белгілер бойынша жіктелгенге дейінгі және жаңа мемлекеттік құрылымдар құрылғаннан кейінгі картасын берді. Қазақ жерінің бірігуінің мақызына тоқталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің соңындағы Қазақ АКСР-інің жетістіктерін көрсетті. Ғалым өзінің осы "Қазақ жерлерінің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында бірігуі" атты еңбегін 1953 ж. жария еткен еді [2]. Оның бұл жұмысы 70-80-жж. жарық көрген "Қазақ ССР тарихы" көп томдығының 4-томындағы [3] қазақ жерлерінің қосылуына арналған тарауларын жазуда негізгі деректік бұлақ болды.

           Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің қалыптасуы және бастапқы кезеңдегі даму мәселелерін әр жылдарда Т.Елеуов, А.С.Елагин, С.Бейсембаев,С.М.Кенжебаев, басқа да ғалымдар талдады [4].

Бұл еңбектер, әрине, маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазылды. Сондықтан да бұл зерттеулерде Қазақстандағы кеңестік мемлекеттің орнығуы таптық негізде жүзеге асырылғаны дәріптеледі.

          Қазақ кеңес республикасының қалыптасуын тарихшылармен қатар заңгерлер біраз зерттеді. Ғ.С.Сапарғалиевтің 40-жж. жарық көрген "Қазақ Кеңестік мемлекеттігінің пайда болуы" деген жұмысы осы мәселені заң ғылымы тарапынан зерттеген тұңғыш монография [5]. 50-жж. Т.Тайманов Мәскеуден "Кеңес мемлекеттігінің Қазақстанда дамуы" деп аталған кітабын шығарды. Қысқаша тарихи-заңдық-құқтық  [историко-юридический] очерк деген жанрлық анықтамамен жарияланған. Бұл жұмысты ұлттық - қуаттық межелеу мәселесіне байланысты қабылданған шешімдермен  олар, "комиссияға кіріп алған қазақ ұлтшылдарының" ұлттық жіктеу кезіндегі "анық авантюралық сипаттағы" әрекеті, олардың "Алтайдан Еділге дейін, Бұхар даласынан Сібірге дейін жайылған ұлы қазақстанның құрылуын", сонымен қатар, "қазақ жері емес" аумақтардың өзін Қазақстанға қосуды" талап еткені,"Бұхарада қазақ автономиялық облыстарын құруға тырысқаны" жайында сыни деректер бар. Ондай әрекеттердің баршасы, автордың ойынша, ұлттық-мемлекеттік межелеуге, Орта Азия мен Қазақстан халықтары арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіру үшін алашордалықтар тарапынан жасалғанды. Және, әрине, қазақ халқының мүддесіне жауап бермейтін [6]. Осы кезеңде Ғ.С.Сапарғалиев, 60-жж. басында С.С.Сартаев, 70-жж.С.З.Зиманов, басқа да заңгер-ғалымдар Қазақстандағы Кеңестік ұлттық мемлекеттік мәселелеріне әр қырынан талдау жасады [7].

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес