1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

Қазобком жобасын жасаған авторларға қырғыз және тәжік халықтарының тағдыры туралы мәселе әлі толық таныс емес сияқты. Қазобком оларға үстірт қана тоқталғандай. Ал қарақалпақ мәселесі мүлде қойылмаған. Амудария облысын Хорезм республикасына қосу туралы ұсыныс қана бар. Бұл Хорезм республикасы ұлттық-мемлекеттік межелеуден шеттеп тұрған кезең еді.

Оның үстіне бұл құжатта негізінен Түркістан республикасындағы қазақ жерлерін Қазақ республикасының құрамына біріктіру мәселесі бірінші орынға қойылған болатын. Құжат ТАКСР ОАК төрағасының орынбасары С.Қожанов арқылы РК(б)П Орта бюросына беріліп, сол арқылы РК(б)П ОК-нің Саяси бюросына ұсынылған.

Қазақ республикасы үшін Орта Азияны ұлттық белгісіне қарай межелеуде "Қазақ республикасының Орта Азиядағы шекарасының жобасы" атты құжаттың маңызы үлкен.

Жоба РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросы құрған аумақтық комиссия мүшелері: Қазақ ОАК-тің төрағасы С.Мендешевтің, Түркістан ОАК-нің төралқа мүшелері С.Қожановтың, А.Серғазиевтің және Ғ.Әлібеков пен С.Есқараевтың тікелей қатысуымен жасалса керек. Себебі жобаның соңындағы қосымшаға осы қайраткерлердің қолы қойылған. Жоба ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұр.

"Қазақ республикасының Орта Азиядағы шекарасының жобасы" Қазақстанның шекарасын дәл және нақты анықтауымен ерекшеленеді.

Жобада: "қазақтар, олардың аумағы өздерінің шашыраңқы, көшпелі өмір сүруіне байланысты шығыс жақтан да батыс жақтан да отарлауға, әсіресе, патша үкіметінің күшті қанауына түскен, мәдени және экономикалық өмірі тұрғысынан тым артта қалған халық болып табылады"[27. 152-153], -деп көрсетілген.

Бұл жобада жоғарыда талқыланған тезистер мен баяндамалық жазбадағы Қазақстан жағы басшылыққа алған қағидалар мен принциптер негізінен тағы да қайталанғанымен олардың мазмұны байытылып, онан әрі тереңдетілген. Бұл қағидалар мен принциптер 7 тармақтан тұрады.

"А" тармағында бұрынғыдай қазақ жерлерін біріктіру негізіне қазақтар, оларға жақын қырғыздар мен қарақалпақтарды есепке алу принципін басшылыққа алу қажеттілігін көрсете келіп, "в" тармағында "құрамалардың" қазақтың бір бөлігі екендігіне, біршама өзбектермен ассимиляцияға түскендігіне назар аударылады.

Статистикалық деректерді есепке алғанда революцияға дейінгі, яғни 1898 және 1911 жылғы деректерді басшылыққа алу қажеттілігіне тағы да баса назар аударылды. Ол халық санақтарындағы сандық көрсеткіштерде ауытқушылықтар орын алғанын, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі қазақтардың қырғынға ұшырағанын, 1918-1919 жылдары құрғақшылықта егін шықпай қалып, жаппай аштық жайлағанын, қазақтар санының күрт төмендеп кеткендігін, онан әрі халық санақтарында қазақтардың әдейі ата тегін өзбек етіп жазып, өзбектер санының жөнсіз өсіріліп көрсетілгендігін назарға алынуы керектігі принципті мәселе ретінде қойылды.

Әсіресе ескі Ташкент пен Шымкентте және т.б. қалаларда өзбектердің бір тобының қала тұрғындары ретінде қала халқы есебіне де, қалада тұрып жатып-ақ егіншілікпен айналысуына байланысты село халқының да есебіне кіріп кеткендігін ескеруді тағы да алға тартты.

Бұрын бөлінудің негізіне төменгі әкімшілік бірлігі ретінде болыстықты алу қажет деп саналса, енді даулы жағдайларда ауыл аумағын алуға болатындығы айтылды. Әр болыста орта есеппен 10-12 ауыл барын ескергенде бұлай ету дауларды шешуді жеңілдетер еді.

Осы айтылған принциптерге орай Орта Азиядағы Қазақ республикасының шекарасы мына түрде белгіленеді:

1.              Каспий теңізі жағалауындағы Қазақ АКСР-ы мен Түркімен республикасы арасындағы шекара ретінде қазіргі Қазақ АКСР мен Түркістан АКСР-ы арасындағы шекара қалады. Даулы болатын шекаралық сызықтар мен құдықтар мәселесі кейіннен республикалар арасындағы келісім комиссиясы арқылы шешіледі;

2.              Онан әрі Хорезм республикасының қазақ-қарақалпақ ауданы басталады, ол туралы мына жағдайды атап көрсеткен жөн; Хорезм республикасының Қоңырат-Ходжейлі ауданы мен Амудария облысын қазақтар мен оған туыстас қарақалпақтар мекендейтін бір аудан деп қарастыру қажет. Сондықтан да бұл екеуі де толығымен Қазақ АКСР-на қосылуға тиіс;

3.  Осы жылдың сәуірінде Хорезм ОАХ-нің пленумы Хорезм республикасында үш автономиялы: Түркімен, Қазақ-қарақалпақ және Өзбек облыстарын құру туралы шешім қабылдады. Олардың шекарасын белгілейтін комиссия құрылды. Кейіннен комиссия жұмысын Хорезм ОАК-нің төралқасы бекітті. Қазақ-қарақалпақ облысының шекарасы былай белгіленді: оңтүстік шекара (Ханяб) магистралды арығы арқылы өтіп, көне Үргенішке дейін созылады. Батысында Үргенішке сәл жетпей солтүстік-батыс бағытқа қарай жүріп отырып Бөтентау қыратына дейін созылады.  Солтүстік шекарасы Арал теңізі болып табылады.  Бұл облыстың негізгі қалалары Ходжелі, Қоңырат. алқының негізі қарақалпақтар мен қазақтар. Бұл өлке Шымбай уезімен және Қазақ АКСР-ның Адай уезімен тығыз байланысты. Адайлар Қоңырат қаласына дейін көшіп-қонып жүреді. Хорезм жөнінде статистикалық мәліметтердің жоқтығынан қандайда бір сандарды келтіру қиын. Халқының құрамына қарап Қоңырат-Ходжелі ауданы Қазақ АКСР-на кіруі тиіс. Ол Адай, Шалқар және Ойыл уездерімен бірыңғай экономикалық ауданды құрайды.

2.              Амудария облысы. Қоныс аудару басқармасының 1915 жылғы мәліметі бойынша  мұнда  мынадай шаруашылықтар бар: қарақалпақтар —15268 адам, яғни 45.5%, қазақтар — 8227 адам, яғни 24.6%, өзбектер — 7241 адам, яғни 21.6%, түркімендер -2134-6.4%   құрайды.   1920   жылы   Орталық   статистика басқармасының мәліметі бойынша облыста қарақалпақтар — 62776 адам немесе 39%, қазақтар — 35568 немесе 22%, өзбектер — 48782 немесе 30%   болған. Бұған негізінен қазақтар тұратын Тамды ауданының мәліметтері кірмей қалған. Осы үш ұлт облыста араласып тұрады. Өзбектер басым болатын бірде-бір болыс жоқ.

Қоныс аудару басқармасының (1915 жыл) мәліметі бойынша қазақтар-қарақалпақтар 70%, өзбектер 21.6% құраған. 1920 жылғы толық емес мәліметтер бойынша қазақ-қарақалпақтар — 61%, өзбектер — 30% болды.

Халықтың қым-қиғаш араласып кетуіне байланысты өзбектерді өз алдына бөлу мүмкін емес. Мұндағы өзбектердің тұрмысы да қазақтарға тым жақын.

Қазақ аумақтық қосалқы комиссиясы Амудария облысының және Шымбай, Ходжелі аудандарын жоғарыдағы негіздерге орай Қазақ республикасына қосуды талап етті. Осылайша Қазақ республикасы шекарасы Бөтентау қыратынан оңтүстік-шығыста көне Үргенішті жанап өтіп, Ханяб бас (магистралды) арығы арқылы Амударияға шығады, одан әрі Амударияны жағалап отырып Бұқара республикасына тіреледі.

3.              Одан арғы шекара қазіргі Амудария облысы мен Бұқар республикасы шекарасы арқылы жүреді.

Қазақ аумақтық қосалқы комиссиясы Бұқар республикасындағы қазақтар үшін Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиялы облысын құру туралы талап қойды. Ол облысқа қазақтар тұратын Кермене және Нұрата уәлаяттары толығымен және Бұқар уәлаятының Аютерек туманы және Орта шөл ауданы кіруі тиіс. Облыс орталығы ретінде Кермене қаласы ұсынылды.

Осы өңірде Қазақ АКСР-ның мемлекеттік шекарасы Бұқар республикасы шекарасы арқылы Нұрата тауларының қыраттарымен Жизаққа 15 км қалғанда Жетімтауға бұрылады да, бұрынғы Үштөбе почта станциясы арқылы Ломакино деп аталатын темір жол станциясына жетеді. Одан темір жол арқылы Хилькова станциясына тіреледі. Одан әрі Голодностеп каналы арқылы жүріп отырып, Конногвардейск поселкісіне жетеді. Одан Сырдарияға келіп тіреледі де Ферғана облысының шекарасына ұштасады. Одан кейін шекара Шоугаз суайырымы арқылы жүреді.

Одан әрі Ташкент уезі басталады. Ташкент уезінің толығымен Қазақстанға қосылу қажеттігі жоғарыда егжей-тегжейлі айтылды. Осы жерде Ташкент уезінің халқы туралы да айта кеткен жөн. Ташкент уезінің 1911 және 1920 жылдардағы халқының саны туралы салыстырмалы деректер төмендегідей:

1911 жыл                                                       1920 жыл

қазақтар 233583 - 61%                           230316 - 56,7%

өзбектер 118974 - 31%                          101845 - 25%

құрамалар 19236 - 5%                            47433 - 16,5%

тәжіктер —                                               9765 — 2%

басқалар 10410 - 3%                                17087 - 4,2%

қорытынды 326488                                  351131

 

Ташкент уезін екі шаруашылық ауданға бөлуге болады. Біріншісі —  Шыршық-Келес ауданы, ол су пайдалануы жағынан біртұтас жүйені құрайды.

Екіншісі — Ангрен өзені бойындағы болыстар құрайды. Шыршық-Келес ауданындағы болыстардың ұлттық құрамы 1914 жылғы дерек бойынша мынадай болды:

Осы 15 болыстың әрқайсысы жөнінде 1920 жылғы санақ бойынша қайта анықталған деректерде қазақтардың жалпы саны кеміген. Керісінше өзбектердің саны шамалы өскен. 1920 жылғы санақ бойынша қазақтар 154602 немесе 68% болып 8%-ке төмендеді. Өзбектер 57864 адам болып, 0.4%-ке өсті.

Ташкент уезінің Ангрен ауданы аймағындағы 8 болыста 1911 жылғы мәліметтер бойынша қазақтар 1722 адам немесе 3% болса, өзбектер 37088 адам немесе 62% құрады. Бірақ мұнда құрамалар 19236 адамды немесе 32% құрады.

Ал 1920 жылғы мәліметтер бойынша осы аймақта қазақтар 4153 немесе 6%-ке өсті, өзбектер 15867 болып, 62%-тен 25%-ке төмендеді, ал құрамалар 46536 адам болып 32%-ен 69%-ке көтерілді.

Құраманы қазақтың құрамдас бөлігі деп есептеген Қазақстан жағы осылай Ташкент уезін толығымен Қазақстанға кіруі қажет деп санады.

Осылайша Қазақстан шекарасы Ташкент уезінің оңтүстік шекаралары арқылы өтуі тиіс болды. Одан шекара Шымкент және Әулиеата уездерінің шекарасы арқылы өтеді. Әулиеата уезі арқылы Қазақстан шекарасы Қырғыз автономиялы облысымен шектеседі. Майдантал асуы арқылы Көксу және Арабек суайырымдары арқылы жүреді. Одан әрі Аса, Пригородное және Горное аудандары арқылы Жайлықан, Үшқорған болыстықтарын басып өтіп, Талас өзенін бойлап Покровск поселкесіне қарай оңтүстікке бұрылады. Одан шығысқа бұрылып Алмалы өзенін бойлап Қандыжайлау өзеніне өтеді. Соңғы өзенді бойлап оңтүстік-шығысқа Александровск шыңына жетеді. Одан әрі Аспара өзенінің басынан Құмбел асуы арқылы солтүстікке бағыт алады. Бештамақ жолы арқылы Тоқташ өзеніне жетеді. Осы өзенді бойлап Қарабалта өзеніне жетеді. Осы өзеннің жоғарғы жағына қарай жүріп Степное селосына жетіп, оның солтүстігін орап, Шу өзені бойындағы Ескі Шу және Жаңа Шу болыстарына шығады. Осы жерден Шу өзенін жоғарылап оңтүстік- шығысына қарай Қыр жолы деп аталатын жолға жетеді. Осыдан Пішпек және Алматы уездерінің шекарасына өтеді. Одан әрі Қаракөл және Алматы уездерінің шекарасымен жүріп Ірісу өзенінің басына жетіп, одан кейін Қарасу өзенін жоғарылап, Тұрық өзеніне шығады. Тұрық өзенінің ағысымен Безимяный асуына жетеді. Одан әрі биіктікпен жүріп отырып Қақпақ асуы арқылы Теріскей Алатауға өтеді. Одан Жаркент және Қаракөл уездері арқылы Қытай шекарасына тіреледі.

Бұл шекара жобасы аз ғана өзгерістермен межелеу жөніндегі Орталық комиссияда бекітілді. Шекара бөлу оңайға түспеді. Оны анықтау барысында қым-қиғаш тартыстар мен даулар да болып жатты.

Осы тартыстың бірін анық көрсететін құжат Аумақтық комиссия мүшелерінің бір тобының Өзбекстан жағының әрекетіне наразылығы. Наразылық РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросына жазылған. Оның көшірмесі РК(б)П ОК-нің хатшысы, Аумақтық комиссияның төрағасы И.Зеленскийге берілген.

Аумақтық комиссияға наразылықты Түркімен, Қазақ республикасы және Қырғыз автономиялы облысының өкілдері жазған. Наразылық Аумақтық комиссияның Ташкент уезінің Шыназ болысының және Мырзашөл уезінің Голодностеп каналы маңындағы суармалы ауданының қай мемлекетке тиесілігі туралы қаулысының күшін жою мәселесіне арналған.

Наразылықта біріншіден, Орта Азия бюросының шешімімен құрылған аумақтық жағынан межеленетін әр бір халықтан үштен мүше ену керек болса, өзбектерден алты мүше кіріп кеткен. Қазақ республикасының екі қазақ өкілі Ташкент қаласында тұратын екі европалық адамдармен ауыстырылған, мұның өзі Ташкенттің тағдырының алдын ала шешіліп, оның Өзбекстанға өтіп кетуіне әсер еткенін жазды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты деп көрсетілді құжатта Аумақтық комиссияда өзбектер көпшілік орынға ие болды.

Наразылыққа қол қоюшылар РК(б)П ОК Орта Азия Бюросы Аумақтық комиссияның жұмысына тоқтала келіп, аумақтық мәселеге байланысты қандайда бір жақты ұсынысты ұлттық межелеудің принципіне қарап қана емес, экономикалық мақсаттылыққа, межеленетін аудандардың шаруашылық байланыстарына да қарап, екі жақтың да дәлелдерін толық тыңдап, оларды таразылап барып шешуі керектігін айтты. Шыназ болысында қазақтардың басымдығы дәлелденіп комиссияның көпшілік даусымен ол Қазақ республикасына берілсін деп шешілген болатын.

Голодностеп каналын Қазақ АКСР-не беру мәселесінде де Аумақтық комиссия ұлттық және экономикалық мақсаттылық принципін басшылыққа алған болатын. Бұл ауданда 1920 жылғы мәлімет бойынша 32% қазақтар, 18% өзбектер тұратын. Бұл ауданның комиссияда алдын ала Қазақстанға тиесілі екендігі шешілгенімен, олар Аумақтық комиссиядағы өзбектердің наразылығына байланысты Өзбекстанға өтіп кетті.

Наразылықта Аумақтық комиссия тарапынан оның жұмыс принциптерінің өрескел бұзылып отырғандығы ғана емес, ұлттық межелеу принципінің де бұзылып отырғандығы көрсетілді.

Аумақтық комиссия тарапынан өзбектердің талаптары ғана қолдау тауып отыр. Осыған орай наразылық білдірушілер Орта Азия бюросынан Аумақтық комиссияның Ташкент уезінің Шыназ болысы мен Мырзашөл уезінің Голодностеп каналы бойындағы суармалы жерлерді Өзбекстанға беру туралы Қазақстанның мүддесіне қайшы келетін шешімінің күшін жоюды сұрады. Бұл наразылық 1924 жылы 8 қыркүйекте Ташкентте жазылған. Оған С.Қожанов, Қ.Атабаев, Сахат-Мұратов, Құдайқұлов, И.Айтақов, Ж.Абдрахманов, Зулфибаев, С.Есқараев және Әлібеков қол қойды. Барлығы 9 адам. Олар үш халықтың (қазақ, түрікмен, қырғыз) Аумақтық комиссиядағы үш-үштен өкілдері болатын.

Бірақ осындай жоғары деңгейде жазылған наразылықтың өзі созылып барып қанағаттандырылмады. Қазақстанға тиесілі болған Шыназ болысы мен Голодностеп каналы ауданы Өзбекстан жағында қалып қойды.

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес