1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

Өзбек қайраткерлерінің Ташкентке ие болуға ұмтылысын орынсыз, негізсіз дей отырып, Қазақстан жағы Ташкент ең алдымен мал өнімдерін даярлау орталығы болғандығын дәлелдеуге тырысты.

Ал мал өнімдерін тапсырушы жартылай көшпелі қазақтар, сондықтан Ташкент түркістандық қазақтардың өнім өткізу рыногы. Ташкенттегі қазақтардың сауда айналымының көлемі, оның өзбектер тұратын аумақтарымен салыстырғанда әлде қайда артық болғандығын дәлелдеді.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Ташкент әкімшілік орталық болғанымен, Түркістан үшін экономикалық орталық бола алмады. Бұл оның экспорттық және импорттық сауда жағдайынан анық көрінеді.

1914 жылы Түркістаннан Ресейге әкетілген өнімдер:

1)  мақта өнімдері                              201102382               сомға

2)  мал өнімдері                                 26671394              сомға

3)  бау-бақша өнімдері                     10707201               сомға

 

Жалпы сомманы процентке шаққанда мақта өнімдері-77.7%, мал өнімдері-8.8%, бау-бақша өнімдері-3.6% болды.

 

Ірі импорттық тауарлар айналымы.

Тауар түрі қанша соммаға әкелінген жалпы соманың %

1) тоқыма тауарлары             100545927                        37 

2)  тамақ өнімдері:

(қант,шай,темекі т.б.)           30843409                                 11.4

3)  металдар                            27514895                                     10.4

4)  астық өнімдері                 17250132                                   6.4

5)  құрылыс ағаштары мен

ағаш өнімдері                         16513274                          6.1

6)  химиялық тауарлар          13656124                          5

 

Мақтаны сыртқа шығарудың бағыты ішке тауарлар әкелудің бағытын да анықтады. Импорттық сауданың орталығы Ташкент емес, Әндіжан және Қоқан болды.

Бұл жерде банктердің орналасуына назар аударған жөн. 1915 жылы Қоқанда биржа комитетінің дерегі бойынша 9 банктің бөлімі болса, Ташкентте 4 банктің ғана бөлімі болды.

Мануфактуралық сауданың орталығы да Ташкент емес, Қоқанда болды. Мысалы, орыстың 14 ірі мануфактуралық фирмаларының Қоқанда 4 фирмасы болса, Ташкентте бірде-бірі болмады. Кей бір мануфактуралық фирмалардың басты кеңсесі Қоқанда болса, Ташкентте тек бөлімі ғана жұмыс істеді.

Орта Азиядағы жеке сауданың орталығы Самарқанд қаласы, жеміс-жидек саудасының да орталығы Самарқанд болды. Ташкент тек қатардағы сауда орталықтарының бірі еді.

Мал өнімдерін өңдеуде Ташкенттің рөлі бөлек болды. Закаспий облысында жүн рыногы өз алдына өмір сүрді. Ташкентте негізінен Сырдария және Жетісу облыстарының қазақтарының жуылмаған мал жүні, мал терісі, аң терісі өңделді. Осы салада көптеген неміс, орыс фирмалары қызмет етті. Әсіресе мал өнімін өңдеуде бүкіл Түркістанға маңызы бар Дор Шмидт фирмасы қызмет етті.

1914 жылғы жалпы тауар айналымы да Ташкент қаласының саудадағы орнын көрсетеді.

Ірі станциялардағы жалпы тауар айналымы.

Станция атауы                            келуі                                          кетуі                                          қорытынды

Ташкент                                 15.063.629                   7.625.642                        22. 716.271

Қоқан-Әндижан                    22.759.442                   10.665.550                       33.424.992

Самарқанд                               3.589.714                    4.177.867                        7.767.581             

Бұл кестедегі мәлімет те Ташкент қаласының негізгі сауда орталығы емес екендігін дәлелдейді. Ташкентке жеткізілген тауарлардың бір тобының саудаға қатысты емес, әкімшілік қызметті атқаруға арналған интенданттық тауарлар екендігін де еске алған жөн.

Келесі кестеде Ташкент уезінен 1914 жылы әр түрлі тауарлардың қайда жіберілгенін және оның байланысының бағытын дәлірек көрсетеді.

Тауардың

аты

 

Балығы

(сом.көлемінде)

Ресейге

 

Қазақстанға

Сырдария

облысына

Самарқандқа

 

1. Жаңа піскен

жеміс-жидектер

2. Кепкен

жеміс-жидектер

3. Қант

4. Металдар

5. Ағаштар

7.500.148

 

 

65.843

48.456

229.706

302.946

613.318

 

 

42.127

 

6.704

387

88.799

 

 

8.033

 

474

14

59.641

 

 

19.741

35.931

99.306

129.905

4.254

 

 

129

3.876

36.845

45.408

Тауардың аты

 

Ферғана

облысына

Түркме-

нияға

Бұқараға

 

 

 

 

 

1. Жаңа піскен

жеміс-жидектер

2.Кепкен

жеміс-

жидектер

3. Қант

4.Металдар

5. Ағаштар

14.600

 

 

 

3.547

7.136

66.668

54.045

12.804

 

 

 

295

-

5.693

9.245

7.945

 

 

 

4

399

14.664

63.906

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келтірілген сандар бұған дейінгі пайымдауларды одан әрі растайды. Алып Ресейді қоспағанда, Ташкенттің сауда айналымында басты орынды негізінен қазақтар мекендеген Сырдария облысы алып отыр.

Бұл кестелерді Қазақстан жағы бекерге дерек ретінде келтіріп отырған жоқ. Оның үстіне бұл кестелердегі деректер Түркістан Республикасы Орталық статистика басқармасы, "1915 жылғы Түркістандағы ауыл шаруашылығына шолу" т.б. нақты ресми мәлімет көздерінен алынған. Бұлардың бәрі де Самарқанд, Қоқан және Әндіжанның Ташкентке қарағанда сауда айналымында басымдығын айқын көрсетеді. Тағы бір мысал Сырдария облысының 21747 сауда кәсіпорнының сауда айналымы 72339858 сомды құраса, Ферғана облысындағы 32359 сауда кәсіпорнының сауда айналымы 170791047 сомды құрады, Самарқанд облысындағы 12491 сауда кәсіпорнының сауда айналымы 51907562 сомды құрады. [27. 128-131]

Осы деректердің бәрін егжей-тегжейлі келтіре отырып Қазақстан үкімет орындары жоғарыда келтірілген тезистері мен жазба баяндамасында мынадай түйінді қорытындылар жасады:

а)              қазақ халқының аумағын біріктіруге тез арада кірісу және бұл істе Түркістан қазақтарын Қазақ АКСР-на біріктіруді жүзеге асырып, оның орталығын сөзсіз Ташкент ету. Даулы аумақтардың қай мемлекетке тиесілі екендігін анықтаған кезде, революцияға дейінгі статистикалық деректерді басшылыққа алу;

б)              жобаланып отырған Қазақ АКСР-ы мына аумақтардан тұрады: Қазіргі өмір сүріп отырған Қазақ АКСР-нан, Жетісу және Сырдария облыстарының қазір өмір сүріп отырған шекарасынан және Самарқанд облысының Жизақ уезінің 6 қазақ болыстарынан;

в)              қазақтар мен оған туыстас қарақалпақтар тұратын Амудария облысының Қазақ АКСР-на кіруі мәселесі Бұқар және Хорезм республикаларының түпкілікті межеленуіне байланысты шешіледі. Самарқанд облысының Ходжент уезіндегі 89000 қазақ Өзбекстан аумағында қалады;

г)              жоғарыда айтылған қағидалар негізінде құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы халқының жалпы саны 9654200 адамды құрайтын, оның ішінде қазақтар 5570000 немесе республика халқының 54.3% құрайтын (революцияға дейінгі статистика мәліметтері бойынша) мелекеттік құрылым болады.

1920 жылы жүргізілген бүкіл ресейлік халық санағы бойынша, мұнда қазақтардың саны едәуір кемітілгендіктен, Қазақ АКСР-ның халқы 7.256.228 адам болды.

Олардың ішінде:

абсолюттік                                                         саны                                                              %-і

Қазақтар                                                          3.656.983                                               50.4

сарт,өзбек, тәжіктер                404.002                                                 5.6

орыстар                                              3.195.745                                  44

Ескерту: мұнда Адай және Торғай уездерінің халқы кірмей қалған.

Қазақ АКСР-нын территориясының жалпы көлемі 2.405580 кв.верстке тең болды;

д)              біріккен Қазақстан Орта Азия республикаларымен табиғи-тарихи, ұлттық-тұрмыстық және экономикалық жағынан тығыз байланыста болғандықтан олармен Орта Азия Экономикалық Кеңесі және  РК(б)П  ОК-нің Орта Азия бюросы арқылы экономикалық шараларын және өзара қатынастарын реттеп отыру міндетін алға қояды.

Қазақстан басшылары ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында республика алдында тұрған міндеттерді барынша дұрыс түсініп, оны негіздеудің және дұрыс шешудің де жолдарын нақты көре білді деп санауға толық негіз бар.

Олардың терең негіздеп нақтылаған бірінші мәселесі Ташкент қаласының тіршілік-тынысы түркістандық қазақтар өмірімен біте қайнасып кеткендігі, Ташкенттің қазақтар басым тұратын Сырдария облысының орталығы ретінде бүкіл Қазақстанның сауда, экономикалық, мәдени және саяси орталығы болып келгендігін және бола беруі тиіс екендігін тарихи және статистикалық деректермен толық дәлелдеуі болды. Сондықтан да ұлттық-мемлекеттік межелеуге қатысқан Қазақстан өкілдері Ташкент қаласы болашақ біртұтас Қазақстанның ғана астанасы болуы тиіс деп дәлелдеді. Бұл ұсыныс басқа емес, Қазақ ОАК-тің төрағасы С.Меңдешев, РК(б)П Қазақ обкомының басшысы А.Корастелев, Қазақстанның Түркістан ОАК-тіндегі өкілі Т.Жүргеновтер даярлаған тезистер мен жазба баяндамада көрсетілді. Бұл тезистерді даярлауға Түркістан ОАК-ті төрағасының орынбасары, Түркістан компартиясы ОК-нің хатшысы, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының мүшесі, ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі Аумақтық комиссияның мүшесі С.Қожановтың қосқан үлесі де мол болды.

Қазақстан өкіметінің ұлттық-мемлекеттік межелеудегі екінші дәлелі және нақты бағыты қазақтар ежелден мекендеп келе жатқан Түркістан АКСР-ы қарамағындағы екі облыстың түгелімен (Сырдария облысының орталығы Ташкент қаласымен қоса) Қазақ АКСР-ы құрамына өту мәселесі болғанын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұнда қырғыздар мекендейтін Жетісу облысының оңтүстік бөлігі болашақ Қырғыз автономиялы облысына берілетіні де нақты атап көрсетілді. Самарқанд облысы Жизақ уезінің қазақтар мекендеген 6 болыстығының да Қазақстанға қосылуы анықталған мәселе болды.

Бұқар және Хорезм республикаларындағы ұлттық-аумақтық мәселенің қарақалпақ халқына және Амудария облысында тұрып жатқан қазақтарға қатысты бөлігінің ол республикалар тарапынан шешілмеуі Қазақстан басшылығының бұл мәселелерде өз бағытын әлі де ашық ұстай тұруға мәжбүр етті. Түбінде бұл мәселе Қазақстан жағының пайдасына шешілгенін кейінгі жұмыс нәтижелері көрсетті.

Өзбекстан аумағында қалатын қазақтардың тағдыры аталған тезистер мен жазба баяндамада әлі де нақтыланып, қандай бағыт ұсталынатыны тұжырымдалынбаған еді. Кейінірек ондағы қазақтардың саны 89000 емес, 200000 екендігі айқындалған кезде, бұл жөніндегі Қазақстан басшылығының бағыты нақты сипат алды. Оларға Өзбекстан құрамында автономиялы облыс беру талап етілді.

РК(б)П ОК-нің Қазақ обкомы дайындаған жоба мынадай: "РК(б)П ОК Саяси бюросы РК(б)П Қазақ обкомының Бұқар және Түркістан республикаларының Орталық комитеттерінің ұлттық межелеуді жүргізу жөнінде анық білдірілген еркін еске ала отырып, қазіргі ТАКСР-ның қазақтар мекендейтін аумағын Қазақ республикасына біріктірудің қажеттілігі туралы баяндамасын тыңдап, аталған республикалардың мемлекеттік-аумақтық шарттары жергілікті жерлердің талаптарына сәйкес келу мақсатында қаулы етеді:

І.               Түркістан республикасы ұлттық белгілеріне қарай біріктіру арқылы межеленсін:

а)              қазақ аумақтары құрамында Сырдария және Жетісу облыстары, орталығы Ташкент қаласы болып Қазақ АКСР-на біріктірілсін;

б)              өзбек аумақтары құрамында Ферғана және Самарқанд облыстары, қазіргі Бұқар республикасымен қоса орталығы Самарқанд қаласы болып Өзбекстанға біріктірілсін;

в)              Түркістанның жоғарыда айтылған облыстарының қара-қырғыз және тәжік аумақтары ерекше автономиялы облыстарға бөлінсін,  олардың басқару формаларын  (олардың белгілі республикалар немесе РКФСР құрамына кіруін) осы облыстар кеңестерінің бірінші съездеріне тапсырылсын;

г)              Амудария облысы Хорезм республикасымен біріктірілсін;

д)              Бұқар және  Түркістан республикаларының түркімен аумақтары ерекше республикаға бөлінсін.

2.               Көрсетілген межелеу, сондай-ақ жоғарыда айтылған ережеге сәйкес біріктірулер, республикалар мен облыстарды құру КСРО кеңестерінің келесі съезіне дейін аяқталсын.

3.               Жаңадан жобаланған республикалар  мен облыстар арасындағы  өзара  қарым-қатынастар және  орталықпен байланыстар қайта құрылуға тиіс РК(б)П ОК Орта Азия бюросы арқылы жүргізілсін.

4.              Орта Азия бюросының жаңа құрылған құрамына саяси бюроға межелеудің түпкілікті жобасын тез арада бекітуге ұсыну тапсырылсын.

5.               Жоғарыда айтылған республикалар арасындағы шаруашылық мәселелерін келісіп шешіп отыру үшін Орта Азия Экономикалық Кеңесі құрылсын.

Бұл РК(б)П Қазақ обкомының 1924 жылғы маусымның басындағы бағыты еді. Бағыттың жобалары жоғарыда сөз болған тезистер мен жазба баяндамаға негізінен сәйкес келеді. Бірақ одан біршама уақыт бұрын даярланғандықтан кейбір өзгешеліктері, атап айтқанда, шешімін таба алмаған мәселелері де бар еді. Орынборда орналасқан Қазақ обкомына Түркістан, Бұқар және Хорезм республикаларында болып жатқан оқиғалардың мәні біршама кешігіп жетуіне байланысты осындай өзгешеліктер туындаса керек.

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес