1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

              1924 жылы 11 қазанында РК(б)П ОК саяси бюросының кезектен тыс мәжілісі болып, оған барлық республикалар мен  облыстардың өкілдері шақырылды. Онда Орта Азиялық республикаларының партия және кеңес органдарының баяндамалары мен  РК(б)П ОК-нің комиссиялық қосымша баяндамасы тыңдалды. Осы өкілетті жиында экономикалық межелер және мемлекеттер қорлары мен қаржыларын жаңа республикалармен автономиялы облыстарға бөлу тәртібі белгіленді. Осы РК(б)П ОК Саяси бюросының кеңейтілген мәжілісінде Ташкент Өзбекстанға беруді ұйғарды.

              1924 жылы 27 қазанда КСРО Конститутциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясы қаулы қабылдады. “Ұлттардың өзін-өзі билеу принципі ” бойынша ТАКСР-і мына республикаларға: құрамында автономиялы Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы бар Өзбек  Кеңестік Социалистік  Республикасына, Түркмен Кеңестік Социалистік  Республикасына, РКФСР құрамына  енетін Қарақырғыз автономиялы облысына бөлінетіндігі және Түркістанның қазақ бөлігінің РКФСР құрамына кіретін Қырғыз (Қазақ) Автономилы Кеңестік Социалистік республикасына қосылуы туралы қаулысы бекітілді. Ал қазақ-өзбек шекарасы мәселесіне келетін болсақ, екі елдің комиссия мүшелерінің көптеген талас-тартыс мәселелерінен кейін шекара анықталып, Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-і арасындағы шекара Ташкент және Мырзашөл уездері арқылы анықталды. Ташкент Өзбек КСР-інің құрамына өтіп, оның астанасы аталды.  Жаңа құрылған автономиялы республикалар мен облыстар заң жүзінде бекітілді. Осы мәжілісте КСРО Орталық Атқару комитеті “еңбекші халықтың өз еркін білдіру жоғарғы заң болып табылады” деп атап көрсетіп ОАК Төралқасына талаптарға сай рәсімдеуін жүзеге асырып тапсырды. Жер-суы, халқы бірігіп іргесі кеңейген үлкен Қазақ Республикасы Кеңестерінің съезі Ақмешітте 1925 жылы сәуірде өтті. “Кеңестердің Бесінші съезі Қазақ Республикасы ғұмырындағы елеулі бет-бұрыс болды. Бұл съезді біз бірінші съезд деп атаймыз”,  −деді съезд делегаты, Қазөлкекомының екінші хатшысы С.Қожанов.                                                                                                                    

 

   

                                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Тарау. Сырдария және Жетісу облыстарының

                   құрылуының қысқаша тарихы және олардың                                          

                    халқы мен аумағы.

 

Жетісу және Сырдария облыстары "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы" 1867 ж. 11 шілдедегі уақытша ережеге сәйкес құрылған.

Жетісу облысы қазіргі Алматы, Жамбыл және Семей облыстарының бір бөлігін, Солтүстік Қырғызстанды алып жатты. 1867-1872 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығына, 1882-1897 жылдары Далалық (орталығы Омбыда) генерал-губернаторлығына, 1897-1918 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығына, 1918-1924 жылдары Түркістан АКСР-на кірді. Жетісу облысының құрамында ол тарапылардың алдында Алматы (бұрынғы Верный), Жаркент, Лепсі, Талдықорған (бұрынғы-Қапал) және Пішпек уездері болды.

Сырдария облысы да 1867 жылғы 11 шілдедегі уақытша ережеге сәйкес құрылып, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында болды. Ережеге сәйкес Сырдария облысының құрамына Қазалы, Перовск (Акмешіт), Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Жизақ, Ходжент уездері кірді. 1886 жылы Ходжент және Жизақ уездері Самарқанд облысына берілді. 1886 жылы облыстың жері 403253 кв.верст болып, онда 1.919400 адам тұрған. 1910 жылы Сырдария облысының халқы 2097896 адамға жетті. Облыс орталығы Ташкентте 234289 адам, Әулиеатада 19303 адам, Түркістанда 19705 адам, Шымкентте 15711 адам тұрды. [25]

1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв.версті. құрады. Бұл аумақ Орта Азиядағы жаңа республикалар аумағынан әлде қайда көп. Мысалы Түркімен КСР-нің аумағы 388325 кв.верст, Өзбек КСР-і аумағы 158980 кв.верст. болды.  

Қазақстанның Түркістан аумағы Ауғанстан жерінен де үлкен еді. Ауғанстанның аумағы 483295 кв.верстті құрады.

Қазақстанның Түркістан аумағы Арал теңізінің бір бөлігін қамтып, Амудария арқылы Өзбекстан мен Түркіменстанның сауда, өнеркәсіп орталықтарымен байланыс жасауға ыңғайлы да қолайлы орналасқан еді. Солтүстігінде бұл өлке Балқаш көліне тіреледі. Шығысында Қытаймен шекараласты. Мұнда алып Қызылқұм және Мойынқұм құмдары байтақ далада керіліп жатыр.

Түркістан АКСР-ның аумағындағы Сырдария және Жетісу облыстарында 1468724 адам тұрды. Олардың 159813-і қала тұрғындары, 1308850 мыңдайы ауыл тұрғындары болды.

Сырдария облысында 778811 адам, соның ішінде қалаларда 82696, ауылда 696113 адам тұрды.

Жетісу облысында 679361 адам, соның ішінде қалаларда 77675, ауылда 602186 халық тұрды.

Самарқанд облысының Қазақстанға өткен 6 болысында 10552 адам мекендеді.

Жалпы Қазақстан қармағына берілген Жетісу және Сырдария облыстарына бұрынғы Түркістан АКСР халқының 28%-і өткен.

Бұрынғы Сырдария облысынан Қазақстанға мына уездер өтті: Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері толығымен, Әулиеата уезінің 38 болыстығының 24 болысы, Ташкент уезінің 37 болыстығының 17 болысы, Мырзашөл уезінің 8 болыстығының 2 болысы өтті.

Халықтың негізгі бөлігін жергілікті көшпелі мал шаруашылығымен және аздап егіншілікпен айналысатын қазақтар құрады. Қазалы, Ақмешіт, Түркістан уездерінде қазақтардан өзге халықтар жоқтың қасында еді. Қазалы уезінде 84964 адам тұрса, соның 1,4%-і ғана орыстар болды. Ақмешіт уезінде 102771 адам тұрса, соның 2,5%-і, Түркістан уезінде 79800 адам болса, соның 0,2%-і ғана орыстар болды.

Ташкент, Шымкент, Әулиеата уездерінде орыстар ертерек келіп қоныстануына байланысты, мұнда олардың саны біршама көп болды. Оның үстіне бұл уездерде отаршыл орыстарды қызықтыратын шұрайлы жерлер өте көп еді.

Ташкент уезінде орыстар халықтың 7.9% құрады. Әулиеата уезінде орыстар 13.7% немесе 18000 адам болды, Шымкент уезінде орыстар 13.8% құрап, 20000-дай адам болды.

Жалпы Сырдария облысының тұрғындарының 90.6% жергілікті халық құрады. Онда 9% аса орыстар, қалғандары басқа аз халықтар өкілдері болды.

Жетісу облысы туралы мәліметтердің жиынтығын Т. Рысқұловтың 1923 жылы көктемде "Джетысуйские вопросы" атты кітабынан алуға болады. Сол кезде Түркістан АКСР-ы Халық Комисарлары Кеңесінің төрағасы болған Т.Рысқұлов Жетісу облысына сапарының қорытындысы ретінде осы шағын кітабын жазды. Облыстың сипатын Т.Рысқұлов: "Бұл типтік түрдегі қазақ облысын бейнелейді. Мұнда қазақ өмірінің тамыры басқа жердегіден қаттырақ бүлкілдеп соғады және қазақ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері көзге ұрғандай айқын көрінеді" [26] — деп жазды.

Т.Рысқұловтың дегенінше Жетісу облысында 1915 жылы 1223 мың халық тұрды. Осы халықтың 883 мыңы қазақтар, 200 мыңы орыстар, 86 мыңы тараншы (ұйғырлар). 20 мыңы дұнғандар, 10 мыңы татарлар. 21 мыңы өзбектер болды. [26.8]

1915 жылғы дерек бойынша Жетісу облысы 353 мың кв.верст.жерді алып жатты. Оның егіншілікке жарамды жері 18 мың кв.верст болды. Патша үкіметі Жетісудың шұрайлы жерлерін тартып алған болатын. Әсіресе, Жетісу қазақ әскері негізгі шұрайлы жерлерге игілік етті.

1921-1922 жылғы жер-су реформасы кезінде бұрын патша үкіметі тартып алған жерлердің бір бөлігі жергілікті халыққа қайтарылды."

1923  жылдың басында Жетісу облысындағы оқу-ағарту ісінің халі өте мүшкіл болды. Ол туралы Т.Рысқұлов: "Ол жердегі не халыққа   білім   беру   бөлімі,   не   ондағы   халық   ағарту комиссариатының инспекторы облыстағы мектептердің санын дәл білмейді" [26.21] — деп жазды.

Оқытушылар жоқ, оқулықтар жоқ дерлік. Кейбір жас мұғалімдер ауылдарға барып, халықтан 2-3 айда "еңбек ақысын" жинап алып қайтып кетіп жатады. Бірақ халықтың оқу-білімге құштарлығы жақсы. Т.Рысқұлов ұзын ырғасы жүріп өткен 500 верстен аса жол бойында (қалалар мен үлкен селоларды қоспағаңда) өзіміздің газетіміздің бірде-бір санын ұшырастыра алмағанын атап көрсетеді". [26.23]

Қазақтар арасында мал ұрлау, жылқы ұрлау өте өршіп тұр. Кейбір байлар кәсіпқой ұрыларды ұстайды.

Бай-манаптардың экономикалық жағдайының көтерілуіне байланысты кедейлердің әйелдерінің байларға тиіп кетуі басталған. Бұл кейде зорлау, кейде еркін түрде жүріп жатты. Денсаулық сақтау ісі тым жоқтың қасында болды. Түрлі індеттер, аурулар халықты баудай түсіріп, өлім көбейген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Тарау. Сырдария және Жетісу облыстарының                                                                                                            

                      Қазақстанға  қосылуының тарихи жағдайы

 

1924  жылы 14 қазанда "Советская степь"    газетінде "Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу және Түркістандағы Қазақ облыстарының Қазақстанға қосылуы" деген баяндамаларға тезистер жарияланды. [27]

Сондай-ақ республиканың басшы үкімет органдары даярлаған "Түркістанның қазақ аумағын Қазақ АКСР-не біріктіру мәселесі және Орта Азияны ұлттық принцип бойынша мемлекеттік межелеу проблемасы" деген баяндама тезистері жасалды. Осы тезистер соңына Меңдешев, Корастелев, Қожанов деп қол қойылған "Түркістан қазақ аумағын Қазақ АКСР-не біріктіру мәселесі және Орта Азияны ұлттық принцип бойынша мемлекеттік межелеу проблемасы бойынша баяндамалық жазбаны" даярлауға негіз болған. Ол кезеңнің жұмыс стилінің ерекшеліктерінің бірі жоғарғы партия, кеңес органдарында талқыланатын мәселелердің тезистері алдын-ала даярланатын немесе баспасөзде жарияланатын.

Тезистерде айтылған ойлар мен пікірлер баяндамада тереңдетіліп, ерекше бағыт ретінде қорғалып отырған.

Осы айтылған тезистер мен баяндамада республиканы сол кезде басқарып отырған қайраткерлердің ұлттық-мемлекеттік межелеуді Қазақстан мүддесі тұрғысынан жүргізудің тұтастай жүйелі бағытын негіздегенін айқын көреміз.

Тезистер 4 бөлімнен және 30 тармақтан тұрады.

Тезистердің 2-тармағында болашақ Қазақ Республикасының шекарасын анықтаудың негізіне КСРО-да қалыптасқан тәжірибеге сәйкес үш принцип қойылуы тиіс:

І.Аудан жағдайының табиғи-тарихи бірыңғайлығы;

2.Оның экономикалық жағдайының бірлігі;

З.Халықтың ұлттық-мәдени және тұрмыстық жағдайының бірлігі, осы соңғы принцип басым рөл атқарады, алдыңғы екі принцип оған тәуелді болып келеді де, тек ерекше жағдайларда ғана маңызға ие болады.

Содан соң 1920 жылғы 26 тамыздағы РКФСР БОАК пен Халком кеңесінің "Қазақ АКСР-ын құру туралы" декреті бойынша Түркістандық қазақтардың өз еркімен Қазақ АКСР-на қосыла алатындығының құқықтық негізі қаланып қойылғаны еске алынады.

1920  жылғы 4-12 қарашадағы Кеңестердің Бүкіл қазақтық   I жалпы құрылтай съезі Түркістан Республикасының    қазақтар мекендейтін аумағының Қазақстанға қосылу қажеттігін көрсетіп, қазақтардың жерінің бұл екі бөлігінің бірігуі Қазақ АКСР-ның мемлекеттік аппараты нығайған жағдайда Түркістан ОАК-мен келісе  отырып жүргізілетіндігі туралы шешімін шығарды.

1921   жылы   қаңтарда  Әулиеата   қаласында   Түркістан қазақтарының I съезі шақырылып, онда осы мәселе талқыға түсті. Съездің қаулысында "...съезд түркістандық қазақтарды Қазақ Республикасына біріктіру туралы қаулы етеді. Бірақ қазіргі кезде Түркістанда қазақ кедейлері мүдделі болып  отырған жер реформасының асығыс жүргізіліп жатуына  байланысты, Түркістандық қазақтарды Қазақ Республикасына біріктіруді ашық қалдырып,  оны шешуді Қазақ ОАК-і мен  Қазақ бөліміне тапсырады. Толық біріккенге дейін екі республикада    қазақ халқына қатысты іс-шараларды өзара келісіп жасауы тиіс. Тұрақты түрде байланыс орнату және ақпарат алмасып тұру үшін республикаларда өзара өкілдіктер құрылуы керек. Түркістан республикасынан өкілді таңдауды Түркістан ОАК-тің Қазақ бөліміне  тапсырылсын".   ("Первый  Краевой  съезд Киргизской бедноты Туркестанской Республики. Ташкент, стр.20. Тургосиздат. 1922 г.").

Тезистердің жазба баяндама жобасында Қазақ АКСР-ы мен Түркістан АКСР-ы арасындағы шекараның қолдан жасалғандығы, оның біртұтас қазақ даласын екіге бөліп тұрғандығын, оның шаруашылығын да екі бөліп тастап, онсыз да аз мәдени күштерін жіктеп, жалпы қазақтың бірлігін жоққа шығарып отырғандығын көрсетіп берді. [28]

Екіншіден, суды және жерді пайдалану барысында ылғи кездесіп қалатын Ақтөбе-Сырдария, Сырдария-Ақмола, Сырдария-Қостанай, Семей-Жетісу қазақтары арасындағы бір мемлекет ішінде болса тез шешімін табатын тоқтаусыз дау-жанжалдарды осы уақытқа дейін Ташкент пен Орынбордың арасының тым шалғай жатқандығы және басқа көптеген қиындықтарға байланысты қанағаттандырарлық түрде шешуге мүмкіндік бермей келді.

Сондықтан Түркістан қазақтарының Қазақ АКСР-на бірігуі өз уақытындағы әрі кезек күттірмес мәселе ғана емес, саяси мәні жағынан да мақсаты әрекет болып табылды, себебі Түркістандағы бір-біріне теңдес екі халықтың (қазақтар мен өзбектердің) саяси және экономикалық құрылыста бір-бірімен бақталас болуы, ондағы топтық моменттерді әлсіретіп, оның орнына ұлттық моменттерді күшейтіп отыр.

Оның үстіне Түркістан қазақтарының Қазақ республикасында жүргізіліп жатқан саяси бағыттан тысқары әрі шеттеп қалуы, оларға Түркістанның бұрынғы тұрғындарының ерекшелігіне қарай негізінен өзбек ұлты табиғатына сай келетін қазилар институты т.б. сияқты нормалардың қолдануы, онда тұрып жатқан қандастарымызды саяси жағынан кейін тартады, олардың таптық жіктелуін кешеуілдетеді, бұл жерде өсіп келе жатқан, оқып жатқан жастарға кері әсерін тигізеді деп атап көрсетілді.

Тезистерде Қазақ Республикасының ежелгі жерлерін қосып алу жөніндегі талабы анық жазылды. Тезистердің 7-ші тармағында: "ұлттық белгісіне қарай іс жүзінде Қазақ АКСР-ы үшін немесе оның типографиялық көлемі үшін межелеуді жүргізу жалпы қазақ аумағы ұтымы тұрғысынан жүруі тиіс және оған қазақ халқы немесе онымен туыстас мәдени ұлттық топтар: қырғыздар, қарақалпақтар, құрамалар, абсолютті басым немесе салыстырмалы басым тұратын кеңістіктер жатады".

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес