1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:30, дипломная работа

Описание

Қазақстанның саяси өміріндегі аса елеулі кезеңде ұлт тұтастығына қол жеткізу, сөйтіп ұлттық мемлекеттікті бекем негізге орнату және қалыптастыру жолында жүргізілген күресті идеологиялық бүркемелерден ажыратып, объективті түрде зерттеу; БК(б)П құрып қойған қатаң да қасаң шектеулер ішінде әрекет еткен республика басқарушы элитасының осы уақытқа дейін "ақтаңдақ" боп жабық жатқан қызметін көрсету; күрестің даму барысын, жетістігі мен кемшілігін, құлдырау себептерін талдау; сөйтіп, тарихи шындықты қалпына келтіру арқылы бүгінгі ұлттық мемлекеттігіміз сабақтасатын тамырларды және аталған кезеңнің қазіргі тәуелсіздік дәуіріне қызмет ететін тағлымды тұстарын айқындау

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ............................51
IV ТАРАУ. 1924 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................................60
V ТАРАУ. КЕҢЕС ДӘУІРІ КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДЕН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ӨЗГЕРІСТЕР............................................................................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................72

Работа состоит из  1 файл

1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес. ДИПЛОМ.DOC

— 527.00 Кб (Скачать документ)

Осы мәжілісте ревком Орта Азиядағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне өкілетті өкіл етіп А.Серғазиевті тағайындады, сондай-ақ Түркістан республикасындағы Жер халық комиссариаты мен оқу ағарту халық комиссариатындағы өкілдерін тағайындау мәселесін талқылады. Ревком Қазақстанға өтуге тиісті мекемелердің жұмыс істеу ережесін де бекітіп отырды.

Ревком саяси ұйымдастыру жұмысымен қатар күнделікті шаруашылық мәселелерімен де айналысып отырды. Ревкомның қаулысымен Арал теңізінде болған дауылдан қираған қазақ ауылдарына тез жәрдем беру мәселесі қаралды. Ол туралы ТүркОАК-мен хабарласып, оның қаржы бөлуіне қол жеткізді. Дауылдан зардап шеккендерге жәрдем көрсету туралы Казақ ОАК-тің шешімін шығарту туралы хабарлама жіберілді. Ол кезде отынның ерекше түрінің бірі сексеуіл болатын. Сексеуіл дайындау үлкен шаруашылық науқан түрінде жүретін. Ревкомның қаулыларының бірінде сексеуіл дайындауды жалғастыру, оған көпшілікті ұйымдастыру туралы айтылды.

Ревкомның алдында тұрған міндеттің бірі өзінің басшылығымен жұмыс атқаратын аппарат жұмысын жолға қою болды.

Ревкомның 1924 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен Сырдария губревкомының бөлім бастықтарын ревкомның уәкілдері ретінде бекітіп, оларға Сырдария және Жетісу губернияларының мекемелерін ведомстволық басқару құқығы берілді. Осы күні ревкомның қаулысымен, одан кейін арнайы бұйрығымен ревкомның уәкілі міндеттерін атқару құқығымен Сырдария және Жетісу губернияларының мекемелерін ведомстволық басқару үшін мына қызмет орындары бекітілді. Губерниялык, прокурор болып Гришенков, оның көмекшісі болып Мамбеев; губерниялық сауда бөлімінің бастығы болып Хрщанович; губерниялық жергілікті шаруашылық бөлімінің бастығы болып Ромин; губерниялық насихат бөлімінің бастығы болып Әбдразақов; қаржы бөлімінің бастығы болып Наумов; жұмысшы-шаруа бөлімінің бастығы болып Көбенов; кооператив бюро төрағасы болып Оспанов тағайындалды.

Тағайындалған лауазым иелері Сырдария губревкомының бөлім бастықтары әрі ревкомның уәкілдері ретінде Сырдария және Жетісу губернияларындағы мекемелерді қоса басқарды.

Ревкомның 1924 жылғы 8 желтоқсандағы N7 бұйрығында бұрынғы Сырдария облыстық бөлімдеріне, сондай-ақ губерниялық прокурорға және губерниялық сотқа межелеу мерзімінен бастап, Қазақ АКСР-на ревкомға тікелей бағыну арқылы өткендігі ескертілді. Оларға бұрынғы Түркістан республикасының барлық мекемелері мен қарым-қатынасты тоқтату туралы тапсырма берілді. Қазақ АКСР-ның жоғарғы өкімет органдарымен байланыс та ревком арқылы жүзеге асырылатындығы айтылды. Осы бұйрықта губерниялық сот пен прокуратурадан өзге 11 губерниялық бөлімдердің аты аталды.

Ревкомның атқарған үлкен істерінің бірі Шымкент уезінің орталығын Беловодск селосына көшіру, ал Шымкентке Сырдария губерниясының орталығын көшіру мәселесі болды. Бұл мәселемен ревкомның тапсырмасымен С.Есқараев және Б.Аралбаев айналысты. Губерниялық мекемелерді Шымкентке көшіру үшін алғашында 79000 сомнан аса қаржы бөлінді.

Шымкент уездік атқару комитеті Беловодскідегі бір мектептің мекен-жайына орналастырылды. Ол мектеп атты почта жайына көшірілді. Шымкент уездік атқару комитетінің бір топ қызметкері Беловодскіге барып қызмет істеуге наразылық білдірген. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тура келген. Губерниялық органдарды Ташкенттен Шымкентке көшіру 1924 жылдың 8 желтоқсанынан бастап жүргізілген.

Ревкомға кейбір губерниялық мекемелерді жаңадан құруға тура келді. 1924 жылы Ташкентке ревкомның мәжілісіне қатысу үшін Орынбордан Қазақ АКСР Орталық статистика басқармасының басқарушысы Крутилин келді. Оның міндеті ревкомға губерниялық статистика бюроларын құруға көмек беру еді. Бұған дейін Сырдария облысыңда арнайы статистика органы болмаған, оның жұмысын ТАКСР-ның орталық статистика органдары атқарған. Сондықтан Сырдария губерниясының статистика бюросын жаңадан құру міндеті тұрды. Жетісу облысында статистика бюросын құру үшін ыңғайлы жағдай болған. Онда қажетті қызметкерлер де бар болатын. Қарақалпақ автономиялы облысында да статистика органдарын құруға жеткілікті мүмкіндіктер бар болып шықты. Ревком өз қаулысымен Қазақ АКСР-ның Орталық статистика басқармасына аталған губернияларда статистика органдарын құруға толық құқық берді.

Ревкомның тағы бір мәжілісінде облыстық Жоспарлау комиссиясының құрамы бекітілді. Оның төрағасы болып С.Есқараев бекітілді. Сондай-ақ оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлері де тағайындалды.

Сырдария губерниясының губерниялық мекемелері 1924 жылғы желтоқсанда Ташкенттен Шымкентке негізінен көшіп болды. Шымкент қаласы губерниялық орталыққа айналды. Осыған орай ревком 1924 жылғы 29 желтоқсандағы отырысында ҚазОАК-тен Шымкентті уездік қаладан губерниялық қалаға айналдыру туралы өтініш жасады. ҚазОАК-тің Үлкен Төралқасы 1925 жылғы 22 қаңтардағы қаулысымен Шымкентті уездік қаладан губерниялық  қалаға айналдыру туралы қаулы қабылдады. Қазақ ОАК-тің осы күнгі қаулысымен ревкомның төрағасы Орымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылды. Ревком төрағасы болып Ә. Досов тағайындалды. [31]

Межелеуге байланысты Қазақстанның Түркістан республикасындағы өкілеттік өкілдігінің қызметі өзгерді. Түркістан республикасы жойылды. Осыған орай ревком жаңадан құрылып жатқан Орта Азия республикаларымен және автономиялы облыстарымен қарым-қатынас жасайтын өкілетті өкілдік құрды. Өкілетті өкіл болып С.Асфендияров тағайындалды. Оның орынбасары болып Т.Жүргенов, 2-ші орынбасары болып Қарақалпақ автономиялы облысының өкілі тағайындалды.

Ревком ономастикалық мәселелермен де шұғылданды. Ревком "Черняев" темір жол станциясы атауын Шымкент темір жол станциясы деп өзгерту туралы Қазақ ОАК-ке ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс қабылданып, Қазақ ОАК-ті тарапынан бекітілді.

1921 жылы 14 наурызда Түркістан ОАК-нің декретімен Верный қаласының аты "Алма-ата" болып өзгерген. "Алма-Ата" атауын "Алма ата" деп сызықшасыз жазу жөнінде Жетісу облыстық атқару комитеті ревкомға ұсыныс жасады. Ревком бұл мәселені талқылап "Алма-Ата" атауын "Алма ата" деп өзгертуге қарсылық білдіріп, Жетісу облаткомының ұсынысын қабылдамай тастады.

Ревкомның жұмыстары қиындықтармен жүрді. Қазақ АКСР-ның кейбір халық комиссариаттары Ревкомның уәкілдерімен санаса бермеді. Олар ревкомның уәкілдері арқылы жұмыс істеудің орнына бұрынғы жергілікті билік орындармен байланыстарын жалғастыра берді. Осыған орай ревком Қазақ ОАК-ке шағым жасап жәрдем беруді өтінді. Ревкомның шағымында ішкі істер, ішкі сауда және Қаржы халық комиссариатының Қазақ ОАК-тің қаулысын орындамай, ревкомның уәкілдерін тыңдамау туралы үкім де бергенін жеткізді.

Ревкомның шағымына орай Қазақ Орталық Атқару Комитеті барлық халық комиссариаты мен өлкелік органдарға арнайы нұсқаулық хат жіберді. Онда ревком туралы ереженің 8-тармағына сәйкес ревкомның ведомстволық бөлімдерінің болмайтындығы, олардың міндетін Қазақ АКСР-ның орталық органдарының Ревкомға бағынатын уәкілдері атқаратындығы айтылды. Осы 8-ші тармаққа сәйкес ревком ведомстволық басшылықты Сырдария губерниялық бөлімдерінің меңгерушілеріне жүктеді. Қазіргі кезде ревком Сырдария және Жетісу губернияларын біріктіріп бір облыс құру және кеңестік аппаратты қайта құру жұмысын жүргізіп жатқан кезде барлық, мәселелерді ревкомның қолына шоғырландырудың маңызы үлкен деп атап көрсетілді нұсқаулық хатта.

Кейбір халық комиссариаттары ревком туралы ережені орындамай, ревкомға хабарласпай жергілікті жерлермен жұмыс істеуде. Мұндай практиканың ревком жұмысына үлкен зиянын тигізіп отырғанын атап көрсетіп, Қазақ ОАК-ті барлық халық комиссариаттары мен өлкелік органдарға Сырдария және Жетісу облыстары органдарымен тікелей байланысты тоқтатып, оларға қатысты қаулылар мен өкімдерді ревком арқылы жүргізуге тапсырма берді. Мұның өзі ревкомның жұмысының ырғақты және үйлесімді жүруіне себебін тигізді.

Ревкомның атқарған жұмыстарының маңызды салаларының бірі шекараны анықтауға қосқан үлесі болды. Ревком төрағасы Ә.Досов 1925 жылы 2 наурызда Қазақ республикасы мен Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысы арасындағы, яғни осы облыстың Жетісу губерниясы аймағындағы шекарасын өзгерту туралы арнайы баяндамалық жазбасын Халық Комиссарлары Кеңесінің қарауына ұсынды. Бұл кезде Межелеу жөніндегі орталық комиссия Қазақ АКСР-ы мен Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысы арасындағы шекараны орнықтырып қойған болатын. Мәселе Жетісу губерниясының Қарқара ауданындағы Көкайрақ жайлауына қатысты болды. Осы аудандағы белгіленген шекараға Жетісу облаткомы, облыстық жер бөлімі тарапынан қарсылық жасалды. Қарқара тауы үстіртті 190385 десятина аумақта Жаркент уезіне қарап, Қаракөл уезімен шекараласып біртұтас табиғи-тарихи жағынан қалыптасқан кең байтақ жайлау болатын. Орталық комиссия осы өңірдегі шекараны анықтағанда жайлаудың табиғи шекарасын еске алмай, жайлаудың бір бөлігін Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысының Қаракөл уезіне өткізіп жіберген. Қырғыздардың шекарасы дұрыс белгіленбегендіктен сыналап ескі заманнан қазақтар мекендеген жерлерге еніп кеткен. Шекара Сарыайғыр биігі, Талдыбұлақ және Сантас асулары арқылы "Қарқара жәрмеңкесі" елді мекенінің солтүстігіне дейін сұғына созылып кеткен.

Шекараның Жаркент уезіне қарасты қазақтардың жайлауына сыналап еніп кетуі ревком тұрғысынан қарсылық тудырды:

1.              Қарқара ауданы табиғи-тарихи жағынан бөлінбейді, оның оңтүстігіндегі табиғи шекарасы Сарыайғыр тау қыраты.

2.              Бұл жерлердің географиялық және экономикалық, жағынан біртұтастығынан өзге мұнда тарихи тұрғыдан Албан тайпасының рулары тұрып келеді. Қарақара-Албан жайлауы.

3.              Орталық комиссияның Ырыс, Қарқара, Тұрық өзендері ағысымен белгілеген шекарасы қырғыздар малының қазақтардың Қарқара ауданындағы жайлауына өтіп кетуіне негіз болды.

4.              Қырғыздардың Қарқара ауданындағы жайлауға өтіп кетуі қазақтың Албан руымен қақтығыстарға түсуіне алып келді.

Сондай-ақ, Алматы уезімен Қарақырғыз (Қырғыз) автономиялы облысы арасындағы Орталық комиссия бекіткен Көкайрақ шатқалындағы шекара Жетісу губерниясы басшылығы мен ревком тарапынан наразылық туғызды. Бұл шекара Алматы уезі мен Пішпек уезі арасындағы патша заманында белгіленген әкімшілік шекара бойынша бекітіліп кеткен. Бірақ бұл шекара табиғи шекара емес, кезінде бұрмаланған шекара болатын. Жетісу губерниялық органдары шекараны қайта қарауды, оның негізіне шатқалды емес биік таулы табиғи шектерді, атап айтқанда, Үлкен Кебен өзенінің басынан Ақсу өзенінің басына дейінгі шектерді алған дұрыс. Одан әрі Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан тау арқылы Алматы асуына дейінгі шектерді алған дұрыс.

Көкайрақ шатқалының Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысында қалып қоюына мынадай негіздегі қарсылық айтылды:

Біріншіден, Көкайрақ шатқалы Алматы уезі қазақтарының пайдалануында болған. 1912 жылы қырғыз старшыны Шабдан Жантаев патша әкімшілігінің қолдауына сүйеніп бұл жайлауды тартып алады. Бірақ 1921 жылы Үлкен Алматы болысының қазақтары Көкайрақ шатқалын қайырып алған.

Екіншіден шекара Кебен, Алматы өзендері және биік таулар сияқты табиғи шектер арқылы өтуі тиіс.

Осы уәждерді айта келе ревком Қазақ Халкомкеңесі алдына Орта Азияны Межелеу жөніндегі орталық комиссия алдына Қарқара ауданындағы және Көкайрақ шатқалындағы ҚазақАКСР-ы мен Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысы арасындағы шекараны қайта қарап оны табиғи шектер негізінде жүргізу мәселесін қойды. [27. 153-158]

Ревком аса күрделі болып табылатын шекараны анықтау мәселесінде, Қазақстанның жерінің тұтастығын белгілеу жолында осындай табанды да білікті жұмыс жүргізді. Бұл ревком көпсалалы жұмыстар атқарды. Ревкомның бұл бағыттағы жұмыстары табысты болып өз жемісін берді. 1925 жылдың ортасында ревком өзіне жүктелген тарихи міндетін толық орындауына байланысты Қазақ Орталық Атқару Комитетінің арнайы шешімімен өз қызметін тоқтатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Тарау. Кеңес дәуірі  кезінде ұлттық мемлекеттік           

                    межелеуден кейінгі Қазақстан шекарасындағы

                    кейбір өзгерістер

 

1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-інің құрамына Сырдария және Жетісу облысы, Қарақалпақ автономиялы облысы, Самарқанд  облысы және көптеген  уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелеріне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсіп, 1926 жылғы санақ бойынша 6,6 млн. адам болса, оның 3,6 млн. қазақтар еді, яғни, қазақтар республика тұрғындарының 61% орыстар −1,2 млн. (18%), украиндықтар-0,8 млн. (12%) құрады [32. 82, 120, 149 б.].

              Оңтүстік облыстарымен біріккен соң Қазақ АКСР-іне Ресей Федерациясы  құрамынан шығып, Одаққа ену мәселесі ұсынылды. Бұл ұсынысқа Сталин “КСРО Конститутциясының жобасы жайлы ” құжатында “Автономиялы Республикалар Одақ құрамына ену үшін Республика шет мемлекетімен шекаралас болуы тиіс, ондағы  республикаға өз атын берген ұлттар басқа ұлттарға қарағанда айтарлықтай болуы керек” [33] деп жауап берді де, бұл мәселе он жылдан кейін барып шешілген болатын.

              Бірақ Қазақстан Республикасының оңтүстік шекарасы осы бір мәселемен толық шешіліп немесе қабылданған қаулымен тоқтап қалған жоқ. Орталық Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу анықталғанымен, одан кейін де мұндағы республикалар арасындағы әкімшілік шекаралар жұмыс барысында қайта қаралып, оның шекара сызықтары анықталып отырды. РК(б)П Қазөлкеком бюросының 1926 жылғы 13 мамырдығы мәжілісінде ҚазақАКСР-і мен Қарақалпақ автономиялы облысы арасындағы шекараны анықтау мен қазақ малшыларының жайлауға көшу мәселесі бойынша Ташкентке сапары жөнінде Голощекин баяндама жасады. Мұнда Қазақ АКСР-і құрамынан болашақта бөлінетін Қарақалпақ автономиялы обылысымен  арадағы шекара мәселесі мен Қарақалпақ автономиялы обылысының қазақ малшыларының «Су-самыр», «Көк Ойрақ» және т.б. жайлауларға баруы үшін төлем-ақы төлеулері жөніңдегі талаптары қаралып, КСРО-ның Орталық Азиядағы өкілетті өкілінің Қазақ АКСР-і туралы қаулысы негізге алынсын деген шешім қабылданды.Орталық Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу кезінде де мұндай мәселелер көтеріліп отырды. 1925 жылы 30 тамыздағыРК(б) П Қазөлкеком бюросы мәжілісінде Қарақалпақ автономиялы облысының өкілі Құдабаевтың өтініш баяндамасы тыңдалды. Ол РК(б) П Қазөлкеком бюросынан Қарақалпақ автономиялық облысын Қазақ АКСР-і құрамынан бөліп, Орталық Азия бірлестігіне Қара-қырғыз автономиялы облысы сияқты дәреже берулерін жоғарғы инстанцияларға ұсынуды өтінді. Бірақ  РК(б)П Қазөлкекомы бұрынғы мемлекеттік шекара жөніндегі және ҚАО-ның ҚазақАКСР-і құрамындағы қабылданған шешімін өзгеріссіз қалдырылды.

Информация о работе 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрес