Маңғыстау тарихы мен мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат

Описание

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.

Работа состоит из  1 файл

Маңғыстау тарихы мен мәдениет.docx

— 38.37 Кб (Скачать документ)

Маңғыстау тарихы мен мәдениет

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері.           Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.

 

Маңғыстаудың таулы ауданында жарты ғасырлық Кызылқала қамалы табылған. Түпқараған түбегінің солтүстік тілмесі бөлігінде теңіз жағалауында өте сирек кездесетін ежелгі кешенді ғимараттар табылған, Сам құмы – қола дәуіріндегі мәдениет іздерінің айғағы.

 

Шерқала құмды тауы – «Арыстан бекінісі» - ертеде болған ұрыстың іздерін сақтаған. Халық шығармалығының салт-дәстүрі сақталған. Шеберлер үй аспаптары мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендірген, өрнектері сақталған.

 

Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстау сәулет ескерткіштеріне өте бай. Кесенелер, сағана тамдар мен құлпытастардың іргетасы мен қашап салған соңғы иіріміне дейін барлық ойын басында ұстаған, сызба мен нұсқа атаулыны білмеген белгісіз шеберлердің дарынына таң қалмауға болмайды.    Әрбір зиратты халықтық сәулетшілік өнердің мұражайы  деп атауға болады.

 

Табыт үстіндегі тас ғимараттар осы күнге дейін сақталған. Отыздан астам халықтық сәулетшілік ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынған.

 

Қошқар-Ата зираты Ақтау қаласынан 17 шақырым жердегі кішігірім Ақшұқыр ауылының шет жағында орналасқан. Маңғыстаудың күмбезді кесенелері өте әдемі және өздігінше ерекше. Кейбер кесенелер – нағыз сәулетшілік өнердің ең үздік туындылары болып саналады және осы күннің өзінде әрбір сызығының, әрбір реңкінің ойлылығымен, аяқталғандымен, өткірлігімен таңқалдырады.

 

Сондай-ақ, Маңғыстау Қазақстанның  түпкір-түкірінен және шекаралас мемлекеттерден көптеген зират етушілер келіп жататын киелі орындарға бай.

 

Біз Сіздерге тек қана кейбір барынша танымалдарымен таныстырамыз.

 

Бекет-Ата 

Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.

 

Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.

 

Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.

 

Бекет-Ата 4 мешіт  тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.

 

Бекет-Атаға баратын жол Шопан-Ата арқылы өтеді. Өмірінің соңынан дейін Бекет-Ата өзінің Ұстазының алдында басын иіп өтеді және ол мұсылмандардың өзіне келу үшін, алдымен Шопан-Атаға соғып келгендеріне қуанатын. Әлі күнге дейін сыйынушылардың Бекет-Атаға барар жолында Шопан-Атаға соғып кетуі жазылмаған тәртіп болып қалыптасып қалған.

Информация о работе Маңғыстау тарихы мен мәдениеті