Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат
Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.
Х ғасырда теңіздің көтерілуі минус 29 м соңғы болған жоқ. ХІХ ғасырдың басына жағалау мәдениетін анағұрлым көбірек жоюды көтеру, италия георгафыны Марино Сануто (1320 жыл), «теңіз әр жылы бір уысқа келіп және көптеген жақсы қалалар жойылды» ( Л.С.Берг, 1949, 220 бет). Неджати айтқан, 1304 жыл арасында Абескун порты батып және теңізмен жұтылған ( Б.Дорн, 1875, 8 бет). 1339 жылы Казви-ни Каспий теңізінің көтерілуін былай айтып түсіндіреді, Амурдария өзінің ағысын бағытын өзгертіп, Каспийге құйылып, соның салдарынан « қажетінше су материктің бөлігін кіріс және шығыс теңескенше су басты» ( В.В.Бартольд 1897, 6 бет). Шүбә жоқ 13 ғасырдың аяғында Каспий теңізі көтерілді; бірақ Л.С.Берг ол 18 ғасырда 23,0 метрге көтерілгеннен асты дегенге күмән келтіреді. (Л.С.Берг, 1949, 221,267).
Алайда, араб географы Бакуидің сөзі бойынша, 1400 жылы Каспий теңізі Бакудың жартысын сумен басып және су мешітте тұрған, яғни минус 20,27 м.,ал Б.А.Аполлов бұл мүмкін емес деп ойлайды. ( Б.А.Аполлов, 1956, 225-226 бет).
Бұл мезгілде Каспий теңізінің деңгейі минус 19 м жеткеніндігін зерттеулер көрсетеді. Зерттеулер Каспий маңының жоғарғы қабатын өзгермеуін, 7-8 ғасырлардағы түрік кочевнигінің керамикасы шұңқыр маңындағы ежелгі жолдардың үрленуі жие кездесетіндігін, алайда бұл ешқашан минус 19 л. төмен нақты белгімен табылмаған көрсетеді. Бұл көрсетілген белгіден төмен ол теңіз қалдықтарымен көмілген деп түсіндіреді.Сондай-ақ Л.С.Бергтің өзі, каспий СаrcHшп ес1и1е b ұлулары минус 20.7 м. Белгіге жетеді. Бұл деңгейді ол ерте мезгілде қойған, ХҮІІІ ғасырдың трасгрессиясы ( Л.С.Берг,1949, 268 бет). Алынған ақпараттар ХҮІІІ ғасырға белгіленген минус 19 м тұтастауға мүмкін береді. СаrcHи қабыршықтары судың көтерілуін , түрік керамика мезгілінде ХҮІІІ ғасырдың аяғында жағалау сызығын анықтайды., өйткені оны жайма алқап, немесе теңіз қалдықтары жауып тұрады.
Жағалаудан 15 шақырым жерде Иголкин банкінде ежелгі хазар кезеңіндегі елді мекеннің табылуы ең салмақты айғақ болып табылады. Фарватерді тереңдетіп қазып лақтыру кезінде таяз жерлерде, хазарлардікіне ұқсас иленген толқындатып жасалған керамика мен жануарлардың сүйектері табылды. Лақтырынды алынған қабаттың ең жоғарғы белгісі – минус 29.6м. Елді мекен желдің әсерінен су деңгейінің 2м дейін көтерілетін тегіс жерде орналасқандықтан, Каспий теңізінің деңгейі осы елді мекен өмір сүрген кездегі деңгейі ҮІ ғасырға сәйкес минус 32 метр деп есептеу қажет.
Сонымен, ортағасырлық Хазарияның көптеген бөлігі осы күнге дейін су астында жатыр, азғана бөлігі ХІҮ-ХҮІ ғасырлардағы трансгрессия кезінде су басқан болатын. Бэр дөңестерінің болуы ғана «Каспий маңы Нидерландысы» мәдениетінің материалдық ескерткіштерін табуға көмектесті.
ХІІІ ғасырда моңғолдардың шабуылы жайылымдықтардың жетіспеушілігінен болғандығы бірнеше қайтара болжалды. Ол Орталық Азияның жеделдетіп кебуімен байланысты болды (К.К.Марков, 1961). Л.С.Берг (1947) бұл концепцияға қарсы болды, және оның ойы дұрыс болды, өйткені ХІІІ ғасырдың басы Орталық Азияны ылғалдандырудың шырқау шегіне жеткен кезең болды. Г.Е.Грумм-Гржимайло (1926, 1933) атап көрсеткендей, Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің шапқыншылықтарының сипаты ІІІ және Х ғасырлардағы біз суреттеген шөл аудандардан стихиялы түрде жалпы қоныс аударумен ешқандай байланысы болған жоқ. Бұнда азғана, бірақ өте жақсы үйретілген әскери бірлестіктердің ұйымдастырылған жорықтарын көреміз. ХІІІ ғасырда моңғол хандары сыртқы саяси міндеттерді әскери жолмен шешті, және мал басы мен адамдардың көп болуы осы мәселелерді шешуге құралдар берді. Жаулап алынған жерлерге қоныстанған моңғолдардың саны өте аз болды. Мысалы, 200 000 әскерінің ішінде тек 4 000 ғана моңғолдар болды. Шығыс Иранда Бал-хом мен Гераттың арасында басты позицияға ие болу үшін 1 000 әскерін жібереді, олардың ұрпақтары осы күнге дейін хезар, яғни мың деген парсы сөзінен шыққан хезарейлер атын ұстануда. Оңтүстік Қытайдағы әскери елді мекендер де өте аз болды. (В.С.Стариков, 1961). Моңғол әскерлерінің көпшілігі өз отандарына қайтып оралады. Мұның өзі далалардың кебуінің ХІІІ ғасырдағы соғыстарға ешқандай қатысы болмағандығын дәлелдейді.
ХІІІ ғасырдың соңында Каспий теңізінің деңгейінің барынша жоғары көтерілуі ең жоғары ылғалдану аймағының Тянь-Шаньнан Орталық Волгаға ауысуымен байланысты болды. Аридтық аймақтағы оңтайлы климаттық жағдайлар пессималдыққа ауысуы тиіс болатын. Шындығында, ХІҮ ғасырдың басында моңғол көшпелі шаруашылығы күрделі дағдарысқа ұшырайды. Юань династиясы моңғол хандарының әскери мүмкіндіктері бірден қысқара бастайды. ХІҮ ғасырдың 70-жылдары қытайлықтар моңғол езгісінен құтылады, және моңғол хандарының қарсыласуға күші де, құралдары да қалмайды. И.Е.Бучинскийдің зерттеулеріндегі (1954, 82,83 беттер) сол кездегі Ресейдің аумағында ХІҮ ғасырдан бастап циклон әрекетінің күшеюіне байланысты найзағай, жауын-шашын, су басу және басқа құбылыстардың жиілегендігін көрсеткен пікірі біздің түсініктерімізді растайды.