Маңғыстау тарихы мен мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат

Описание

Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.

Работа состоит из  1 файл

Маңғыстау тарихы мен мәдениет.docx

— 38.37 Кб (Скачать документ)

 

Ең жақын белгі 1587 жылы дербент қабырғасына қоса салынған Аббас шах мұнарасының деңгейіне дейін, теңіз деңгейі төмендеген кезде орнатылған. Бұл жөнінде Б.А.Апполов (1951, 138 бет) былай деп жазады: «Сол кезеңде солтүстіктен келе жатқан бір керуен таңертең қақпаны ашқан соң әрі қарай қала арқылы жүру үшін қабырғаның жанына түнеп шығу үшін тоқтайды. Бірақ таңертең қақпа қарауылшылары керуеннің жоқтығын және түйелердің қабырғаның жанында суда тұрғандығын көреді. Содан кейін Аббас І түйелер өте алмау үшін тереңдігі жеткілікті жерлерде теңізде үлкен мұнара салып, оны қабырға рқылы байланыстыруға бұйрық береді».

 

            Осы мұнараның қалдықтарын негізгі дербент қабырғасына перпендикуляр қабырға түрінде минус 28м белгіде қазіргі судан тауып алдық. Оның іргесі минус 28,5 м белгісінде тікелей теңіздің жартасты түбіне үлкен жонылған тастардан өрілген. Яғни, Аббас шахтың мұнарасы сасанидтер кезеңіндегі тастың үстіне салынған. Сондықтан мұнараны салу кезінде теңіз деңгейі қазіргіден жоғары болмаған. Б.А.Аполловтың өзі минус 31,2м абсолюттік белгідегі дербент қабырғасының үлкен үйіндісін мұнараның қалдықтары деп есептеген (Б.А.Аполлов, 1951,138 бет). Аквалангпен осы жерлерді зерттеу кезінде біз қалау сипатына қарай бұл ХҮІ ғасырдың мұнарасы емес, ол ҮІ ғасырдың қабырғасының қирандысы екендігіне көз жеткіздік. Сонымен, 1587 жылы Каспий теңізінің абсолюттік деңгейінің белгісі минус 28.0 м болған.

 

А.Дженкинсонның саяхатынан 30 жыл өткен соң теңіз 1 метрге көтерілген және әрі қарай көтерілу жалғасқан, өйткені 1623 жылы мәскеу көпесі Федор Афанасьевич Котов  былай деп жазады: «Теңіздегі қала (Дербент) туралы мұнараны отыздан алды деп айтады, ал қазір мұнара суда орасан үлкен және берік тұр» (Б.А.Аполлов, 1951, 138 бет). Осы мәліметтер Каспийдің ХҮІ ғасырда төмендегендігін және циклондар жолының оңтүстікке, Волга бассейніне ауысқандығын көрсетеді.

 

Осы кезеңде судың жетіспеуіне байланысты Харо-Хото және басқа бірқатар Шығыс Т.ркістан оазистері жойылды (Г.Е.Грумм-Гржимайло,1933). Моңғол Алтайының қыраттарындағы бай аңшылық алқаптары иесіз шөлдерге айналды, Сары-су және Шу өзендерінің сағасындағы қазақ көлдері тартылып қалды, Моңғолия мен Жоңғариядағы көшпенділердің табындары қысқарып қалды.

 

Біздің Волга сағасында жүргізген археологиялық зерттеулеріміздің нәтижесінде Каспий теңізі өмірінің жаңа геологиялық тарихына деген қызығушылық пайда болды. Хвалын кезеңінен кейін Волга өзенінің сағасында шығыстан батысқа шектесіп жатқан жаңа каспий теңіз жазығы қазіргі Волганың шөгінділері жатқан негіз бола алады. Сағасынан солтүстікке қарай, ағыспен жоғары саға тарамдары жаңа каспий теңіз шөгінділеріне кіреді, сонымен бірге олар ағыспен жоғары қарай ежелгі жоғары және төменгі хвалын шөгінділеріне кіреді. 

 

Жайылма алқап шөгінділерінің қимасының хронологиялық мәліметтері қазіргі жайылма алқаптың бірінші аллювий қабатын Каспий теңізінің қазіргі жағалау шегімен салыстыруға мүмкіндік береді. Осы қабаттың негізінен ХІІІ-ХІҮ ғасырдың керамикасы табылды, осы қабат кейінгі 500-600 жылда пайда болған.

 

Екінші қабат үшінші қабаттың шөгінділерін жабады, және құрамында мол қарашірік бар. Сондықтан біз оны минус 19 м абсолюттік белгісіне жеткен Каспий теңізінің ең жоғарғы деңгейімен салыстырамыз. Осы белгілерде ҮІІ-ХІ ғасырдың түрік керамикасы болмайтын Каспий теңізінің жағалау шегі байқалады. Осы трансгрессияның теңіз шөгінділері Бушма тармағының қорғандарында жатыр.

 

Жоғарыда келтірілген қиманың үшінші және төртінші қабаттары Каспийдің төменде тұру кезеңіне жатқызылады, яғни Хазар қағанатының өркендеге дәуіріне жатады. Осы қабаттар Каспий теңізінің минус 32м деңгейімен салыстырылады.

Информация о работе Маңғыстау тарихы мен мәдениеті