Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат
Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.
Осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт каспий аймағының жерлері сырлы шабандоз әйелдердің отаны болып есептелді. Құпияға бөленген Гиркан теңізі оның жауынгерлері сияқты халықтың есінде қол жетпейтін құм дөңдерде жоғалып кетіп, қиялын жаулап алған аңызбен қалды.
Каспийдің сипаттамалары
Біздің эрамызға дейінгі ІҮ-ІІ ғасырлар аралығында Каспий теңізінің деңгейі эллиндік авторлардың деректеріне сәйкес, Амудария суы Каспий теңізіне Узбой арқылы ақса да недәуір төмен болатын. Бұл жөнінде Александр Македонскийдің қызметкері тарихшы Аристобул айтқан( В.В.Бартольд, 1902, 11 бет). Бұл пікірді біздің дәуірімізден бұрынғы ІІІ ғасырда теңізде жүзуші Патрокл айтқан. Патроклдың пікірін Плутарх, Эратосфен және Страбон мақұлдаған (В.В.Бартольд, 1902, 13 бет). Евдокс Амударияның Каспийге құйған жерінде сарқырама болғандығын айтқан. Осы тектес мәліметтер Полибийде де кездеседі. Бірақ та кесімді түрде. (В.В.Бартольд, 1902, 15 бет). Иордан ешқандайда шүбә келтірместен, «басқа Танаис. Хрин тауларынан басталып, Каспий теңізіне құяды». (Иордан, 1960, 74 бер). «Хрин таулары» - Памир тауларының шығысында өмір сүрген тибеттердің солтүстік-батыс тармағы болып табылатын фриндер тұрған жерлер (Л.Н.Гумилев, 1959, 56 бет). «Хрин таулары»- Памир, ал «Басқа Танаис» өзені – Узбой мен Актамды қосқандағы Амурдария екендігі көрсетілген.
Бұл ақпараттар А.В.Шнитниковты біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықтың ортасында Каспийдің деңгейі жоғары болған деп жорамалдауға мәжбүрлеген. ( А.В.Шнитников, 1957, 264-266 бет). Алайда, оның пікіріне келесілер қайшы келеді: Амурдария суы Узбойға тек қана Сарықамыс ойпаты арқылы құйылуы мүмкін. Асеке-Аудан ойпатымен қоса Сарықамыс ойпатының аумағы үлкендігі соншалық, онда булану мол болуы тиіс. Бұл Узбой арнасы өзінің көлеміне қарай секудына 100л3 суды өткізе алады; ол Каспий деңгейін көтеруге жеткіліксіз.
Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғасырда жасалынған Эратосфеннің картасында Каспийдің нұсқасы айқын көрсетілген (Дж.О.Томсон, 1953). Оның солтүстік жағалауы 1 параллельдің онтүстігінді орналасқан. Каспий теңізінің осындай нұсқасы (қазір су астында қалған) минус 36 абсолюттік белгідегі жағалау жолдарына (ең жоғарғы терассаның кемеріне көтерілетін терассаның сыртқы тігісінің белгісін айтады) сәйкес келеді. Шындығында, Узбой сол кезде Каспий теңізіне құятын болған, өйткені оның жалғасы - Ақтам арнасы – қазір теңіз түбіндегі минус 32 абсолюттік белгісінде жатыр. Егер бұл арна өте ежелгі болса, оның жақсы сақталуы мүмкін емес еді, оны күлдер мен теңіз қалдықтары басып қалған болар еді. Каспий теңізі өте ерте кезеңдерде өте төмендемеген (төменірек қараңыз) болатын және мүжілу мен иректелу (меандрлеу) жағдайлары болмады.
Амударияның суы толып тұрған кезеңде Каспий теңізінің деңгейі б.э.д. ІҮ-ІІ ғасырларда минус 36м-ден аспайтын белгіде тұрды. Яғни, осы кезеңде аридтық аймақтың ылғалдануы барынша жедел жүргендігін көрсетеді. Шындығында, б.э.д. ІІ ғасырда хундар Жоңғарияда жер өңдеумен айналысады (Л.Н.Гумилев, 1960). Бұл кезде қытай әскери хабарламасы хундардың Моңғол Алтайында, ал үйсіндердің Жетісуда орасан үлкен табындарды жайғандығы туралы айтады. Қазақстанның шығыс бөлігінде Тарбағатайдан Сырдарияның орта ағысына дейін орналасқан Кангюй патшалығы 200 000 салт аттыны шығаруға қабілетті бай, малы көп мемлекет еді. Сол кездегі қытай карталарында Шу өзені Ыстық көлден шығып, кең көлге құятындай етіп көрсетілген, ал қазіргі Ыстық көл Шу өзенімен байланыспайды және Шу өзені құмға барып сіңіп кетеді. Мұның өзі сол кезеңдегі ылғалдылықтың жоғарылығын және осы аудандарда халықтың тығыз орналасқандығын көрсетеді.
Теңіз шөгінділері жапқан Ақтам өзенінің маңындағы шымтезектер б.э.д. 1 мың жылдықпен сипатталады, және өсімдік қалдықтарының сипаты қазіргі кезбен салыстарғанда ауа-райының барынша салқындағанын көрсетеді (В.Г.Рихтер, С.К.Самсонов, 1961). Тұщы сулы шөгінділер Красноводск шығанағының түбінен минус 35м белгісінен табылған (В.Г.Рихтер, 1961). Шымтезектің жинақталуының өзі Орта Азия климатының қазіргіге қарағанда ылғалдырақ болғандығын көрсетеді.
Осы кезде Шығыс Еуропадан Ольвию, Херсонес грек және басқа порттары арқылы Рим империясы пайдаланатын астықтың орасан мол көлемі тасымалданды. Сондықтан, циклондардың жолы Волга бассейнін ылғалдандыруға және Каспий теңізінің деңгейін көтеруі тиіс Шығыс Еуропаның орталық бөлігі арқылы өтті.
Осы жерде шығанақты теңізден бөліп тұрған, сипаты бардың жоғарғы белгісіне қатысты Каспий теңізінің деңгейімен анықталатын Қара-Богаз-Гол шығанағының түбіндегі шөгінділерді зерттеу көмекке келеді. В.Г.Рихтердің пікірі бойынша (1961) кезекті трансгрессия І ғасырдың соңына келеді және ІҮ ғасырдағы азғана кері кетушілікпен ауысады.
Өркендеу кезеңі Каспийдің минус 32м белгісіндегі төменде тұру кезеңімен дәл келетіндігі қызықтырады. Х ғасырда, біздің концепциямызға сәйкес, ылғалданудың гумидтік аймаққа ауысыуына байланысты Каспий теңізі деңгейінің кезекті көтерілуі болған кезде, біз көшпелі тайпалардың қазіргі Қазақстан аумағынан оңтүстік пен батысқа көшіп-қонуын байқаймыз. Х ғасырдың ортасында курлуктар Балқаш маңынан Ферғанаға, Қашқарға және қазіргі оңтүстік Тәжікстанға қоныс аударады (Б.Х.Кармышева,1960). Печенегтер Х ғасырдың басында Арал теңізінің жағалауын тастап шығып, оңтүстік Днепр маңына кетеді; олардан кейін Волга мен Оралдың арасында таралған торктер мен гуздар кетеді. Бұл кең көлемдегі осындай көшіп-қонулар болып табылады, бірақ ол Каспий деңгейінің азғана өзгеруімен дәл келеді, ол біз қабылдаған болжамның дұрыстығын растайды. Осы көшіп-қонуларды ірі саяси оқиғалармен байланыстырудың негізі жоқ, өйткені сол кезеңде атлант циклондары әрекетінен тыс жерде жатқан шығыс Моңғолдар аймағында ұйғырлардың тарихы басқаша болатын.