Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат
Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.
Бесінші және алтыншы қабаттарды біз Каспийдің төменде тұру кезеңінің алдындағы уақыттан барынша жоғары деңгейімен ерекшеленеді және минус 25 м белгісінде орналасқан теңіздің жағалау шегімен салыстырылады. Осы кезеңді тарихқа дейінгі уақыт деп белгілеу қажет.
Тарихи деректер мен археологиялық табылған заттар басқа ешқандай әдістермен қол жеткізілмейтін, абсолюттік уақыт белгісінің төрттік геологиясына енгізуге мүмкіндік береді. Бұның неотектоника және қазіргі геологиялық үдерістердің жылдамдығын зерттеуде мәні зор.
Тарихи және физика-географиялық заңдарды және олардың өзара байланысын ашу , бір жағынан, көптеген тарихи оқиғаларға жаңаша қарауға, екінші жағынан, - осы оқиғаларға географиялық ортаның әсерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі табиғи жағдайларға географиялық талдау жасау, осы екі табиғи-тарихи кешендердің өзара байланысын ашу сияқты біз қолданған тарихи зерттеулер әдісі Еуразия көшпенді халықтарының табиғи жағдайда дамуын қарауға және тарихи оқиғалардың саяси сипатын физика-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты оқиғалардан ажырата алуға мүмкіндік береді.
Көрсетілген аспектіде тарихи фактілерді қарастыру табиғи жағдайды белгілейтін географиялық ортаның Еуразия құрлығындағы орманды дала аймағы халықатырының тарихи дамуы барысында үлкен роль атқарғандығын және ұлы мемлекеттердің тағдырындағы шешуші фактор болғандығын көрсетеді. Кей жағдайда билеушілердің дарыны мен ұлылығы олардың халықтарын жойылып кетуден қорғай алмады, ал басқа жағдайларда қатардағы жай хандар өз ордасының күш-қуатын сақтап қалуға күш-қайраты болды. Әрине, берік тең жағдайларда көсемдердің дарыны мен батылдығының зор мәні болды, бірақ Еуразияның орманды –дала аймағының халықтарының тағдырын жауын-шашын мен жасыл шөптер шешті.