Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:38, реферат
Бұрын түбек аумағы республикалық археологиялық картада ақ дақ күйінде көрсетілетін. Алғашқы археологиялық экспедиция көптеген қызықты заттарды тапқан. Маңғыстау мәдениетінің көптеген ескерткештері - өткеннің куәлері. Олардың ішінде жартастан шауып жасалған жер асты төрт бөлмелі Шақпақ-ата мешіті бар.
Сұлтан-эпе
Ерте-ертеде әкесі балаларын өзіне шақырған. Барлығы бірден әкесінің алдына келген, тек кішісі, Сұлтан-әпе, шақырғанға бірден келмей, бірнеше күннен кейін келген. Өзінің сүйікті ұлына әкесі ренжіген. Сонда Сұлтан-әпе алыс Каспийде болғанын, бақытсыздыққа ұшыраған балықшыларға көмектескенін айтып, арқанның ізі қалған арқасын көрсеткен. Содан бері ол әрқашан теңізде апатқа ұшырағандарға көмекке келетін болған.
Зират аумағында дала мешіті орналасқан. Сыйынатын тас шығысты көрсетіп тұрады, ол қорған тастармен дөңгеленіп қоршалған. Осы дөңгелекте болған жолаушы өзін жылдың кез-келген мезгілінде қауіпсіз сезінеді. Түнде де, күндіз де әулиенің қорғауында болады.
Бұл жердегі қасиетті зираттың үстіне – ұзын ағаш сырық орнатылған, аңыздар бойынша әулиелер ғажайыптар жасау үшін оған көтеріліп тұратын болған. Адамдар осында келіп, аруақтарға арнап сый ретінде арқарлардың мүйіздерін әкеледі немесе сырыққа мата байлайды, кейбіреулер балалар немесе мұқтаж жандар алу үшін әулиеден рұқсат сұрай отырып, ақша тастайды. Ақшаны мұқтаждыққа жұмсау үшін тастап кететін болған.
Қарақия
Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат созылып жатыр. Қарақия – түрікшеден аударғанда «Қара азу» дегенді білдіреді.
Баяғы заманда бұл жерде көл болған және оның аты – Батыр деп аталған деп айтылады. Оның ұзындығы – 40 шақырым, ені -10 шақырым болған. Ойпаттың пайда болуын Каспий теңізінің жағалауында тұзды тау жыныстарының сілтіден айырылу, шөгу және карсталу үрдістерімен байланыстырады. Карстың негізіне жер асты табиғи сулардың шайылуы және ашылуы жатады. Жер асты суы, әк, доломит және гипстері бар жарық арқылы өтіп, бірте-бірте тау жыныстарын ерітіп, осы жарықтарды кеңейтеді, соның нәтижесінде орасан үлкен терең және тар тік жарлар пайда болған. Үңгірлер үлкейген сайын олардың төбелері мен қабырғалары жоғарыда жатқан қабаттардың салмағымен құлаған. Бұл үрдіс тоқтаусыз қайталанып, тұзды және әкті тау жыныстары жатқан жерге ауысқан. Нәтижесінде ұсақталған тау жыныстарымен толтырылған орасан үлкен қуыстар, шұңқырлар, қараңғы аңғарлар, қуыс және үңгірлер, жыралар, тілмелер, жүрістер, табиғи құдықтар пайда болған. Осылайша Қарақия ойпаты пайда болған. Бұл жұмыстар әлі де тоқтаған жоқ, ойпаттағы жалғасып жатқан бет-бедер пайда болу үрдісіне кең және терең тілінген ойпатта тік жарланып және кемершектеніп мүжілген шатқалдар куә болады.
Қазақстан ғалымдары бірнеше жылдар бойы зерттеулер жүргізген. Қарақияның сусыз ойпаты жауын бұлтының табиғи генераторы болған. Нәтижесінде жаздыгүні ойпаттың үстінде бірнеше шақырымға созылған жауынды бұлттар жиналатын болған. Мұны жерасты бақылаулары мен космостан алынған спутникті фотосуреттер көрсеткен.
Томирис
Теңіз жағалауына қоныстанған массагеттер, аландар, хазарлар сияқты ежелгі тайпалар тарихта ежелден белгілі. Осы халықтардың мәдениеті мен тұрмысын байқау арқылы Каспий теңізі әрқашан ең маңызды тарихи оқиғалар аренасы ретінде қарастырылды. Аңыздар дәуірінде туындаған даңқты және драмалық мазмұнға толы оқиғалар Каспийдің ежелдігіне куә. «Тарих әкесі» болып есептелетін Геродоттың жылжазбаларында мысалы, Гиркан, яғни Каспий теңізімен байланысты маңызды құбылыстардың бірі оның жағалауына қоныстанған соғысқұмар шабандоз әйелдер суреттелген.
Ежелгі уақытта Гирган теңізінің шығыс жағалауында өздерін массагеттер деп атаған халық мекендеді. Олардың мемлекетін Томирис патша әйел басқарды. Бір күні парсылық Кир патшасы көп әскерді жинап, осы еркін дала халқына басып кірді. Мемлекет пен тақты қорғау үшін Кирге қарсы Томирис патша әйел бастаған массагет халқы шықты. Түні бойы масагеттердің басып алуын күтіп ұйықтамаған парсы армиясы өздерінің қырағылығын әлсіретіп, ұйықтап кеткенде, таңғы алтын тұман теңіздің аппақ бетімен жайлап түскенде дала шабандоздары жау тобына жабайы қиқумен басып кірді. Күтпеген жерден құйынға ұқсас толқыннан шықандай сансыз әскердің пайда болуы бір сәтте парсы армиясының рухын түсірді. Теңіз көбігінен шығып, онда жоғалған шабандоздарды басып алушылар сиқырлы, дуалы еліктіру болып қабылданды. Шайқас Томиристің толық жеңісімен аяқталды.