УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Биржалық сауда саттыққа кеушілерге рұхсат етуге байланысты биржалар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жасалатын биржа мәмілелерінің басым түріне байланысты биржалар нақты тауар биржалары (қолма қол биржа) және фъючерлік биржалар деп ажыратылады. Бастапқыда нақты тауармен сауда саттық жасайтын қолма қол биржа пайда болды. Фъючерлік биржалар, яғни кейінне тауар берілмей ақ сауда саттық жасауға рұқсат етіледі; мұндай сауда саттықтың негізгі мақсаты – шартты қайта сатқаннан кейін шарт жасасқан заттың бағасының мүмкін болатын өзгерісінен түсетін айырымды алу, сонымен бірге қолма қол тауармен жасалған мәмілені оған қойылған бағаның қолайсыз өзгеруінен сақтандыру.

Биржа тауарының түрлеріне қарай олар: тауар, қор және валюта биржалары деп бөлінеді.

Тауар биржалары белігілі бір материалдық құндылықтардың сауда саттығын ұйымдастырады, жан жақты және мамандырылған бола алады. Жан жақты биржалар арасынан Чикаго тауар биржасын, Токио тауар биржасын, Сидней фьючер биржасын, Сан Паулу тауар биржасын атауға болады. Қор биржалары бағалы қағаздармен (акциялармен, облигациялармен, опциондармен) сауда саттық өткізу үшін құрылады. Валюта биржалары шетелдік валюта сату және оның бағамын белгілеуге арналған. Аралас биржалар тауарлармен, бағалы қағаздармен және шетелдік сауда саттық жасалатын тауар-қор биржалары да бар.

Әлемдік саудадағы орны мен рөліне, сондай ақ олардың атқаратын қызметтерінің сипатына байланысты биржаларды: халықаралық және ұлттық деп бөлуге болады. Халықаралық биржалар – бұл тұрақты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығының бірнеше мемлекетті қамтитын, соларда сатып алу сату мәмілелері жасалатын түрі болып табылады. Ұлттық биржалар қызметінің саласы бір мемлекеттің аумағымен шектеледі.

 

Тауар биржасы

 

Биржалық сауданың белгiлеген тәртiбi бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткiзу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөнiндегi ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 17.04.1995 ж. «Тауар биржалары туралы» Заңына сәйкес реттеледі.

Биржалық құрылтайшылық құжаттарды тiркелген күннен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға мәртебесiне ие болады.

Көпшiлiк сауда өткiзу дәрежесi бойынша биржалар:

биржалық саудаға тек биржаның мүшелерi ғана қатысатын жабық;

биржалық саудаға келушiлер де жiберiлетiн ашық болуы мүмкiн.

Биржаны Қазақстан Республикасының аумағында заң бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынбаған заңды және жеке тұлғалар құра алады.

Биржа қызмет биржалық лицензия болғанда ғана жүзеге асырылады.

Биржа лицензиясы биржаға тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi орган, егер мынадай шарттар сақталған болса:

құрылтайшылық құжаттары мен биржалық сауда ережелерiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және өзге де нормативтi құжаттарына сәйкестiгi анықталса;

жарғылық қордың төленген бөлiгi оның жарияланған сомасының кемiнде жетпiс процентiн құраса, өтiнiш берген күннен бiр ай кешiктiрмей бередi.

Биржалық сауда:

клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;

кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;

бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Биржалық сауда:

клиенттiң атынан және оның есебiнен, клиенттiң атынан және өз есебiнен немесе өз атынан және клиенттiң есебiнен /брокерлiк қызмет/ биржалық мәмiлелер жасау;

кейiн биржада қайта сату мақсатымен /дилерлiк қызмет/ өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау;

бiр жолғы келушiлермен өз атынан және өз есебiнен биржалық мәмiле жасау арқылы жүзеге асырылады.

Брокерлiк ұйымдар, брокерлер, дилерлер және бiр жолғы келушiлер биржалық саудаға қатысушылар болып табылады.

Биржаның органдары: биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы, биржа кеңесi, тексеру комиссиясы болып табылады.

Биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы биржаның жоғарғы органы болып табылады және биржа мен оның мүшелерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.

Биржа кеңесi биржаның атқарушы органы болып табылады.

Биржа органдарының атқаратын функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi биржаның құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

 

 

Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

 

1.1. Инвестициялар ұғымы және түрлері.

Инвестицияларды, кез келген басқа құбылыс сияқты, кең және тар мағыналарда қарастыруға болады.

Кең мағынасында пайда табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызмет нысанына салынатын мүліктің кез келген түрін инвестициялар деп түсінуге болады. Инвестициялар ретінде мүліктік және зияткерлік (интеллектуалық) құндылықтардың, сондай ақ олларға деген құқықтардың ең бір алуан түрлері шығатынына болжам жасалады. Тар мағынасында инвестициялар ол инвестордың пайда (табыс) табу мақсатында салатын және материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталған жеке, қарызға алған немесе тартылған ақша қаражаты.

Инвестициялардың белгілері.

Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады.

Келесі белгілер инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді болатыны. Әрекет ету мерзіміне байланысты, инвестицияларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуге болады.

Сонымен, инвестициялар бұл пайда (табыс) табу және әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсатында салынатын мүліктің барлық түрлері болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің әртүрлі негіздемелері және әрқилы тәсіл амалдары бар. Негізгі бөлу ретінде инвестициялардың түрлерін: капитал тудырушы және зияткерлік, мемлекеттік және жеке, шетелдік және ұлттық (отандық) деп жіктеуге болады. Инвестициялардың басқа түрлеріне келетін болсақ, мысалы, тікелей және қоржындық (портфельдік), нақты және қаржылық, ұзақ және қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары және тәуекелі аз деген сияқты қосымша түрлері болып табылады.

Капитал құрастырушы инвестициялар – материалдық және материалдық емес активтерді ұлғайтуға немесе өсіруге бағытталған инвестициялар, басқаша айтқанда, дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, кіріс (пайда) алудың әдістерімен, тәсілдерімен әрекет жасайды. Өз тарапынан капитал құрастырушы инвестициялар нақты және қаржылық, немесе тікелей және портфельдік (жанама) инвестицияларға бөлінеді.

              Зияткерлік инвестициялар – әртүрлі деңгейдегі мамандар даярлауға, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге, т.б. шараларға бағытталған инвестициялар. Зияткерлік инвестициялардың қазіргі уақытта ең көп тараған түрлері – жоғары білім алуға арналған мемлекеттік және жеке меншік несиелері.

Мемлекеттік инвестициялар (бюджеттік қаржылар есебінен жүзеге асырылатын) және жеке меншік инвестициялар (мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе азаматтардың жеке қаржылары немесе қарыздары есебінен жүзеге асырылатын).

Шетел және ұлттық инвестициялар болып бөліністің жалпы танымал негізгі сол – инвестициялар инвестордың елінде әлде басқа мемлекетте жүзеге асырылуында. Біздің пікірімізше, бұл жерде әңгіме қай меншік (ұлттық жеке меншік немесе шетел мемлекеттерінің немесе халықаралық ұйымдардың меншігі) туралы болып отырғанында.

Нақты инвестициялар – нақты автивтерге айналдырылған, материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, өндіріс тиімділігін көтеруге, жабдықтарды ауыстыруға бағытталады.

Қаржылық инвестициялар – бағалы қағаздарға (оның ішінде мемлекеттік және корпроративтік бағалы қағаздарға айналдырылған) айналдырылған салымдар.

Тікелей инвестициялар - инвестордың кәсіпкерлік қызмет объектілеріне қор немесе мүліктік құндылықтар түрінде активтерді талап ету құқын алу мақсатымен материалдық және материалдық емес құндылықтарды салуы.

Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында қандай инвестициялар портфельдік деп танылады деген тура нұсқау жоқ. Шетелдік инвестициялық заңнама мен оны қолдану практикасына жасалған талдау көрсеткеніндей, заңды тұлғаның капиталына тікелей инвестицияларға белгіленген мөлшерден үлесі төмен болып келетін капитал салымын портфельдік инвестициялар деп атауға мүмкіндік береді. Сондықтан инвестор осы заңды тұлғаның қызметіне бақылау жасау құқығын алмайды, бірақ кіріс (дивидендтер) алуға құқылы.

Инвестициялардың түрлерге ажыратылуының практикада кеңінен тараған негізі – олардың ұзақтылығы, осы өлшемге сәйкес инвестициялар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді (кейде орта мерзімдік инвестициялар кездеседі). Қазақстан Республикасының заңнамасымен инвестицияларды олардың ұзақтығына қарай жіктеу жүргізілмейді. Өтеу мерзімдері бойынша инвестициялық несиелер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жыл) және ұзақ мерзімді (5 жылдан әрі) болып келеді; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейін); орташа мерзімді (1-10 жыл); ұзақ мерзімді (10 жылдан әрі) болып бөлінеді. Алайда көптеген дамушы елдердің заңнамасымен қысқа мерзімді инвестициялардың мерзімі бір жыл ішінде аяқталады, немесе басқа да бір мерзіммен шектелмеген.

Тәуекелі аз инвестициялар ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілдігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен.

Тәуекелі жоғары инвестициялар ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар.

1.2. ҚР инвестиция заңдары жүйесі

ҚР инвестициялық заңының негізін инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды біріктірген және шетелдік және ұлттық инвестициялар үшін ортақ құқықтық режим белгілеген, қызметін Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвесторларға кепілдіктер бере отырып, ҚР инвестициялар туралы заңы құрайды.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңы 08.01.2003 ж.

ҚР «Теңізде мұнай операцияларын орындау барысында өнімді бөлу жайындағы келісімдер (шарттар) туралы» Заңы 08.07.05 ж.

ҚР «Концессиялар туралы» Заңы 07.07.06 ж.

«Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» ҚР Заңы 06.07.04 ж.

«Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңы 07.07.04 ж.

ҚР Үкіметінің «Қазақстанның инвестициялық қоры» АК құру туралы 30.05.03 ж. қаулысы.

 

 

Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу

 

1. Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.

«Сыртқы экономикалық қызмет» термині алғаш рет Қазақ КСР-інің 1990 ж. желтоқсанның 15-гі №408-ХІІ «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен еңгізілді. Аталған Заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-гі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматтардың шетелдік заңды тұлғалар және азаматтармен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі» саналады. Заң шығарушы тұрғысынан алғанда, «сыртқы экономикалық қызмет» - бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.

Заң әдебиетінде «сыртқы экономикалық қызмет» - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға ену, ал, ең бастысы, республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізілетін қызмет деп түсініктеме берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сыртқы сауда қызметі болып табылады.

Сыртқы сауда қызметі – бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіпкерлік қызмет. Сыртқы сауда қызметі қызметтің басқа түрлерінен мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:

1.      Бұл – кәсіпкерлік қызмет түрі;

2.      Ол тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және т.б. айырбастау саласында жүзеге асырылады.

3.      Тиісті мәміле нысанын кеден аумағынан тыс шығару (экспорт кезінде) және тиісінше, оны осы аумаққа енгізу (импорт кезінде) орын алады.

 

Кәсіпкерлік қызмет түрі ретіндегі сыртқы экономикалық қызмет кеден шеқарасы арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) және мүліктің басқадай түрлерін шетелдік мемлекет аумағына өткізуге байланысты қызмет болып табылады. Жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметінің құқықтық нысандары ретінде кәсіпкерлік шарттың өзгеше бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық шарттар қолданылады.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық