УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Жеке кәсіпкерлік субъектілері – жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, айтатын болсақ, оларды тіркеу тәртібі жеке кәсіпкерлік туралы заң нормаларына сәйкес анықталады. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 27 б. 1 т. сәйкес, жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу алдын ала шешілген сипатта болады және оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенде көрсетілген тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық салық органында есепке алудан тұрады.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шектеусіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу үшін, жеке кәсіпкер тіркеуші органға:

1.      Тіркеуші орган белгілеген үлгі бойынша арыз;

2.      Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін соманың төленгенін растайтын құжат;

3.      Тұпнұсқасын көрсете отырып, жеке тұлға екендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4.      3,5х4,5 көлеміндегі сурет;

5.      Жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат.

 

Тіркеуші орган жеке кәсіпкерден басқадай құжаттар тапсыруды талап етуге құқылы емес және жоғарыда көрсетілген құжаттар тапсырылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркелуге алуға тиіс.

 

Кәсіпкерлік қызметтегі мүліктің құқықтық режимі

 

6.1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізі ретіндегі меншік құқығы.

 

Меншік материалдық және материалдық емес игіліктер жөніндегі құқық субъектілері арасындағы қоғамдық қатынас болып табылады. Меншік құқығы – субъектінің өз иелігіндегі мүлікті қалауы бойынша иеленуін, пайдалануын және билік етуін заң мойындайтын және қорғайтын құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік құқының мерзімі шектеусіз және мәжбүрлі түрде АК көзделген негіздемелер бойынша ғана күшін жоюы мүмкін:

1.            Меншік иесінің  міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріп алу талабын қою;

2.            Заң актілеріне байланысты осы тұлғаға тиесілі болу мүмкін емес мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығару;

3.            Иеліктен айыру (реквизициялау);

4.            Тәркілеу;

5.            Жер телімін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

6.            Иесіз тұрған мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу;

7.            ҚР АК көзделген басқа да жағдайлар (ҚР АК 249 б. 2 т.).

 

Қолданастағы заң меншіктің мемлекеттік және жеке нысаның тең дәрежеде таңуға негізделген (ҚР Конст. 6 бабы). Мүліктің азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиесілі болуы жеке меншікте екенін білдіреді. Кез келген мүлік жеке меншікте бола алады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Кәсіпкерлік қатынастар, мүліктік қатынастар бола отырып, заттық немесе міндеттемелік құқық қатынастары да бола алады, нысандары ретінде заттар, мүліктік құқықтар мен міндеттер, әрекеттер қолданылады. Кәсіпкерлік мүліктік емес қатынастардың нысандары болып рұхани шығармашылық өнімдері, мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, әрекеттер саналады.

Сонымен, мүліктің төмендегідей түрлерін бөлуге болады:

      Заттар;

      Ақша;

      Бағалы қағаздар;

      Жұмыстардың нәтижелері;

      Қызметтер;

      Шығармашылық зияткерлік қызметтің нысандырылған нәтижелері;

      Ақпарат;

      Мүліктік құқықтар.

 

Азаматтық құқықтың ең көп тараған нысандарының қатарына заттар жатады. Заттар деп адамдарды қоршаған сыртқы ортаның материалдық нәрселерді түсініледі, оған қоса заттардың мәртебесі олардың пайдалы қасиеттеерін тек адамдар түйсінетін және игеретін материалдық құндылықтарға ие. Әдетте, заттың мүлік ретіндегі мәнін ашатын белгілер деп төмендегілер аталады:

1.            зат – адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүліктік игілік;

2.            зат тұтынушылық және айырбас  құнына ие;

3.            заттың көбінесе ақшалай құны болады;

4.            әдетте, зат айналымға қабілетті болуға тиіс.

 

Заттарды түрлерге бөлуге қатысты айтылған пікірлерді қорытындылай келе, заттардың төмендегідей топтарын ажыратуға болады:

1.            айналымға рұқсат етілген, айналымға шектеулі қабілетті және айналымнан шығарылған;

2.            жылжитын және жылжымайтын заттар;

3.            табиғаттан шыққан заттар және адам еңбегімен құрылған заттар;

4.            бөлінетін және бөлінбейтін заттар;

5.            басты заттар және керек-жарақтар;

6.            күрделі және қарапайым заттар;

7.            дара белгілі заттар және тектік белгілерімен айқындалатын заттар;

8.            тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар;

9.            денелі және денесіз заттар;

10.       жанды және жансыз заттар.

 

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

 

1.                       Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі және түрлері.

Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады.

Қолданастағы жеке кәсіпкерлік туралы заңдарда жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары ретінде:

1.      Жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу;

2.      Мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын жеке кәсіпкерлікті әкімшілік басқаруды енгізу жолымен қорғау шаралары аталған (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 4 бабы).

 

Мемлекеттік әкімшілік басқару түрлері мыналар:

-  өндірілетін өнімдер сапасына ҚР заңдары арқылы талаптар қою;

-  тиісті сападағы екендігіне куәлік беретін орталықтардың ашылуына рұқсат беру;

-  кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;

-  кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;

-  кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың жауаптылығын бекіту.

Мемлекеттік реттеу түрлерін аумақтық белгісі бойынша, яғни ықпал ету құралдарының қандай да бір түрлерін қолдану аумағына байланысты жіктеуге болады. Соған байланысты мемлекеттік реттеуді республикалық деңгейде, аймақтық деңгейде, жергілікті деңгейде бөлуге болады.

 

2.      Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жұйесі.

Жалпы құзырет органдарына, бірінші кезекте, ҚР Үкіметі жатады. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 14 бабына сәйкес ол:

1.        мемлекеттік саясаттың жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы негізгі бағыттарды әзірлейді;

2.        жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады.

3.        Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады;

Жергілікті өкілеттік органдар:

1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын бекітеді;

2) жергілікті атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;

 

Аталған саладағы арнайы құзырет органдары болып қолданастағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. қарашаның 26 ғы  №1237 қаулысымен бекітілген ҚР Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереженің 1 тармағы.

 

3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары.

Экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің оңдай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б.

Мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез құлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:

            Тұтынушылардың тауарлар кауіпсіздігіне құқығы;

            Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;

            Сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.

 

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады.

ҚР баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар, көтерме бағалар, бөлшек сауда бағалары, реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.

Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті құқықтық реттеу ҚР тауар нарықтарында әділетті бәсекелестік үшін қолайлы шарттар құруға және қолдауға бағытталған. 09.07.98 ж. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңымен реттелінеді.

Кез келген мемлекетке оның қызметтерін жүзеге асыру үшін негізгі қайнар көзі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын қаржы қаражаттары қажет. Соған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің салық міндеттерін және тиісінше салықтық реттеуді уақытында орындауының орасан зор маңызы бар. 10.12.2008 ж.  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық Кодексімен) анықталады.

Валюталық реттеу кәсіпкерлердің қатысуымен қатынастарды мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Валюталық реттеу елдің төлем теңгерімін (баланс), ұлттық валютаның орнықтылығын нығайтуды, ішкі валюта нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюта операцияларын өткізу тәртібін белгілеу және оның сақталуына бақылау жасау бойынша жүргізілетін қызмет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тағы бір бағыты лицензиялау.

 

4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау.

 

Бақылау экономиканы және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу құралдарының бірі.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында нормативтік актілер талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау:

1) заңдылық;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы;

3) жариялылық;

4) бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі;

5) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық