УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық құқықтық нысаны болып ұлттық компаниялар және ұлттық холдингтер әрекет етеді.

Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асыра алады.

Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге – заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі (жеке кәсіпкерлігі) деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне дара және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Дара кәсіпкерлікпен меншік құқығымен өзіне тән мүлік негізінде, сонымен бірге мүлікті пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар бір жеке тұлға айналысады (7 б. 2 т.).

Бірлескен кәсіпкерлікпен оларға ортақ меншік құқығымен берілген мүлік негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар жеке тұлғалар тобы айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлік нысандарына:

-         ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі;

-         шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

-         ортақ үлестік меншік негізінде жүргізілетін жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады:

1.      Шағын кәсіпкерлік;

2.      Орташа кәсіпкерлік;

3.      Ірі кәсіпкерлік.

Бұл әлемнің барлық дамыған елдерінде қолданылатын жалпы танымал бөлу.

 

3. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

 

ҚР жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мына бағыттарда жүргізілуде:

-         кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарды реттейтін заңнаманы жетілдіру;

-         кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және дамыту, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалды аймақтар және осы сияқты басқа да кәсіпкерлік объектілерін құру;

-         бюджет есебінен кәсіпкерлік қызмет субъектілер қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

 

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту нысандары:

1.      мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру;

2.      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

3.      жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;

4.      бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;

5.      жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

 

4 тақырып.           Кәсіпкерлік қызмет субъектілері

 

1.      Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы

Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып коммерциялық ұйымдар (меншік түріне қарамай, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес заңды тұлғалар да) және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) саналады. Кәсіпкерлік қызметтің басқа қатысушылары қатарына: кәсіпкерлікпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды; кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын азаматтарды, коммерциялық ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) филиалдары мен өкілліктерін, кәсіпкерлер бірлестіктерін – холдингтерді, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды, консорциумдарды (жай серіктестіктерді) және заңды тұлға құрмаған басқа да бірлестіктерді жатқызуға болады.

Кәсіпкер дегеніміз – ол кәсіпкерлік қызметті заңмен немесе келісім шартпен белгіленген тәртіпте тұрақты негізде жүзеге асыратын тұлға.

Экономикалық қатынастардың қандай да бір қатысушысын кәсіпкер деп тану үшін, ол белгілі бір талаптарға: 1) оқшауландырылған (дара) мүлкінің болуы; 2) кәсіпкерлік құқықтары мен міндеттерінің (шаруашылық құзырының) болуы; дербес мүліктік жауапкершілік; кәсіпкелік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелуі сияқты белгілерге сай болуға тиіс.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін субъектінің оқшауланған мүлкі болуға тиіс, өйткені кәсіпкерлік қызмет белгілі бір мақсаттарға жету үшін мүлікті пайдалануға тікелей байланысты. Мұндай оқшауланудың негізгі формалары болып жеке меншік құқығы және шаруашылық жүргізу құқығы саналады (сонымен бірге тікелей басқару құқығы және жалдау құқығы және т.б. формалары да болуы мүмкін).

Кәсіпкерлік қызмет субъектісіне заңға немесе келісім-шартқа сәйкес берілген құзыреттер жинала келе, оның шаруашылық құзыретін құрайды. Әдетте, шаруашылық құзыреттің мынадай түрлері ажыратылады: 1) жалпы құзырет (соған сәйкес субъект кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерге ие болады, яғни жалпы құзырет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі); 2) арнайы құзырет (құрылтайшылық құжаттарда айқындалады және заңмен белгіленген нақты субъект (мысалы, коммерциялық емес ұйым) қызметтің мақсаттарына сай болуға тиіс); 3) шектеулі құзырет (жалпы құзыретке ие субъектінің өз қалауы бойынша құрылтайшылық құжаттарда айқындалады); 4) дара шаруашылық құзырет (қызметтің басқа түрлерімен айналыса алмайтын кәсіпкерлік қызметтің жекелеген субъектілеріне, мысалы, табиғи монополиялар субъектілеріне, банктерге және т.б. қатысты заң белгілейді).

Азаматтық заңдар кәсіпкердің жоғары жауапкершілігін белгілеген, ол кінәсінің бар – жоғына қарамастан, кәсіпкердің міндеттемелерін орындамағаны немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындағаны үшін мүліктік жауапты екендігінен көрінеді. ҚР АК 359–бабының 1 тармағына сәйкес, кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз форс-мажорлық (төтенше) жағдайлар немесе шама жетпейтін күш жағдайлары (табиғи апаттары, әскери қимылдар және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайларға, мысалы, нарықта тауарлардың, жұмыстардың немесе атқаратын қызметтердің болмауы жатқызылмайды.

Мемлекеттік тіркеу нәтижесінде субъект кәсіпкер мәртебесін иеленеді және толық көлемде өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеңілдіктер мен артықшылықтар алу мүмкіндігіне ие болады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің жалпы негіздері мен тәртібі ҚР Азаматтық кодексі және 1995ж. сәуірдің 17-сіндегі № 2198-ші «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы арқылы реттеледі. Арнайы ережелер «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен көзделген (6 тарау).

Сөйтіп, бір немесе басқа қатысушыны кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп тану үшін, барлық жоғарыда аталған белгілердің болуы міндетті.

 

2. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай құқықтарға ие:

-         ҚР заңдарын сақтай отырып, жеке кәсіпкерлікті бөтеннің еңбегін жалдау арқылы жүзеге асыруға;

-         ҚР заңдарында көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер ашуға;

-         өндіретін тауарларға (қызмет, жұмыстарға) дербес өзі баға қоюға;

-         Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақылы негізде несие беруге;

-         өз құқыққабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

-         Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігін құруға;

-         Сараптамалық кеңес жұмысына қатысуға;

-         Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінуге;

-         өз құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;

-         жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілер ережелерінің жұмыс істемеуіне тосқауыл болып отырған себептерді алып тастау туралы ұсыныстармен мемлекеттік органдарға шығуға.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мынандай міндеттер жүктеледі:

-         Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, жеке не заңды тұлғалардың құқықтары мен заңи мүдделерін сақтауға;

-         өндіретін өнімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

-         лицензиялауды талап ететін жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу;

-         Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыруды жүзеге асыру.

 

3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрлері.

 

Кәсіпкерлік субъектілерін жіктеу әртүрлі негіздер бойынша жүргізулуі мүмкін. Біріншіден, соның неігізінде құрылған және жұмыс істейтін меншік түріне байланысты мемлекеттік және жеке ұйымдарды бөлуге болады. Екіншіден, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды тұлға құқықтарының болуы немесе болмауына сүйене отырып, оларды мынандай: кәсіпкерлер – заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер деп саралауға болады. Үшіншіден, ұйым пайда (табыс) табу үшін құрылғанына және оны өзара қатысушылар (құрылтайшылар) арасында бөлуіне байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар деп бөлуге болады.

Бөлудің басқа негізі ретінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңмен белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштері алынуы мүмкін және соларға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері; 2) орта кәсіпкерлік субъектілері; 3) ірі кәсіпкерлік субъектілері деп топқа бөлінген.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Мыналарды:

            есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;

            акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

            астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

            лотереялар өткізуді;

            ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

            сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті;

            мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;

            радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

            банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

            аудиторлық қызметті;

            бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

8. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

 

5 тақырып.               Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта құру және тарату

5.1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру тәртібі

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектісін құру үшін, мүлік иеленушінің оның құрылтайшысы ретінде саналы жігерлі қызметі қажет. Егер заң жеке кәсіпкерге қатысты тек бір ғана құрылу тәсілін белгілесе, ал заңды тұлғаларға қатысты мұндай тәсілдер үшеу:

1.      өкімдік – мемлекеттік билік немесе басқару органының тікелей бұйыруы, өкім беруі жолымен құрылады;

2.      рұқсат беру – заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшыларының бастамашылығымен, бірақ тиісті мемлекеттік мекемелердің рұқсат беруімен құрылады;

3.      алдын ала шешу (тіркеу) – заңды тұлғаны мұндай жолмен құру үшін мемлекеттік органның рұқсаты талап етілмейді (екі шарттың болуы қажет: 1) мұндай заңды тұлға құру тәртібі заңда алдын ала көзделуге тиіс; 2) заңды тұлға мүшелерінің тиісті заң актісі талаптарына жауап беретін ұйымға бірігу туралы жалпы жиналысының шешімі болуы керек).

Заңды тұлғаның заңдық қабілеті ол кез келген заңды тұлға үшін міндетті саналатын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің әртүрлі тәсілдері белгіленген. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңына сәйкес (17.04.1995 ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңы) жүргізіледі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтайшылық және басқадай құжаттардың ҚР заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, тіркеу нөмірін белгілей отырып, оларға мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізбесіне енгізуді қамтиды.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық