УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

 

2. Кәсіпкерлік шартар және олардың сипаттамасы

Мазмұны бойынша кәсіпкерлік шарттар мүліктік және ұйымдастырушылық шарттарға бөлінеді.

Мүліктік шарттарға белгілі бір мүліктік игілікке, байланысты құқықтық қатынастарға қатысушылардың қызметін реттеуге бағытталған шарттар жатады. өз кезегінде, мүліктік шарттар мүлікті беруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге жасалатын шарттар деп бөлінеді.

Мүлікті иеліктен шығару (беру) шарттары екі топтан тұрады:

1.      мүлікті меншікке беру, шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару (сатып алу-сату, беру, өзара шарт жасасу, газбен, жылу және электр энергиясымен жабдықтау) шарттар;

2.      мүлікті уақытша пайдалануға беру (мүлік жалдау).

 

Жұмыстарды орындау шарттары тұрмыстық және құрылыс мердігерлігі, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мердігерлігі және т.б. шарттар болып табылады.

Қызметтер көрсету шарттары қатарына: жүк тасымалдау, экспедия, сақтандыру, банк қызметтері, сақтау, комиссиялар, тапсырмалар.

Ұйымдастыру шарттары кейінгі кәсіпкерлік немесе басқа қызмет үшін алғышарттар құрайды және әдетте, мүліктік шарттар жасауға негіздеме болып табылады.

Ұйымдастыру шарттары арасынан заңды тұлғалар құру туралы құрылтай шарттарын бөліп айтуға болады.

Экономикалық салалар бойынша кәсіпкерлік шарттарды төмендегідей жіктеуге болады:

1.      материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу саласында – тауар беру, сатып алу-сату, айырбастау, қарыз беру, комиссиялар және кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлеріне жасалатын шарттар;

2.      құрылыста -  құрылыс мердігерлерлігіне, жобалау және іздестіру жұмыстарының мердігерлігіне, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар мен, құрал жабдықтарды жалға беруге, құрылыстағы делдалдыққа жасалатын шарттар;

3.      ауыл шаруашылығында - өзара жасалатын, құрылыстар мен құрал жабдықтарды жалға беруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жан-жақты техникалық қызмет көрсету, басқадай ауылшаруашылық және агрохимиялық жұмыстар орындауға жасалатын шарттар;

4.      көлікте – жүк тасымалын ұйымдастыруға, көлік құралын беру бойынша міндеттемелер және жүкті тасымалдауға беруге жасалатын шарттар.

5.      байланыста – пошта экспедициясы, пошта жөнелтімдері, жалға беру, байланыс кәсіпорындарының телеграф арналарын және телеграфтық абоненттік байланысты беруі, Интернет байланыс беру шарттары;

6.      есеп айырысу және кредит саласында (банк саласында) – банк шоттары, ақша аударымдары және банк салымдары бойынша шарттар;

7.      ғылыми-техникалық прогресс саласында -  ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;

8.      жер қойынауларын пайдалану саласында - өнімді беру туралы келісімдер, қызмет көрсету шарттары және бірлескен қызмте туралы шарттар;

9.      бағалы қағаздар нарығында -  бағалы қағаздарды сатып алу-сату.

 

Бұл жерде шарттардың аталаған түрлері тікелей кәсіпкелік те, кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттар болуы да мүмкін екенін, бірақ шарттардың тек бірінші немесе екінші тобына жатқызылатын жекелеген түрлерінің бар екенін ерекше атап өткен жөн. Атап айтқанда, кәсіпкерлік шарттары болып табылатындар мыналар:

      өнім (тауар) беру шарты;

      кәсіпорынды сату шарты;

      лизинг шарты;

      кәсіпорынды жалдау шарты;

      кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты және басқалары.

Кәсіпкерлердің қатысуымен жасалатын шарттарға мыналар жатқызылуы мүмкін:

      бөлшек саудамен сатып алу-сату;

      тұрмыстық мердігерлік шарты;

      прокатқа беру шарты және басқалары.

 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және шаруашылық дауларын шешу

 

1. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау түсінігі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау құқығы

 

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тек кәсіпкерлік қана емес, азаматтық құқықтың да маңызды ұстанымдарының бірі болып табылады. Сонымен, азаматтық заңның негізгі бастауларына жатқызылатындар:

      азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігі;

      бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.

 

Азаматтық құқықтарды сот, төрелік сот, аралық сот: құқықтарды моыйндату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қауіпін туғызатын әрекеттердің жолын кесу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндірітіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдік зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілдің не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады (ҚР АК 9 б. 1 т.).

Азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық осы тәсілдерін азаматтық айналымдардың кез келген қатысушысы, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері де жүзеге асыра алады сондықтан да оларды кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың жалпы тәсілдеріне жатқызуға болады.

 

2. Дауларды талап қою негізінде реттеу тәртібі

Кәсіпкерлік қызметтің нақты субъектілерінің сотқа шағымдану құқығы (шағым беру құқығы) тараптар дауды талап қою тәртібімен тікелей реттеу бойынша шаралар қабылданғаннан кейін ғана туындайды.

Талап қою талаптың мәні -  тараптардың ортақ мүдделерін өзара есепке алуды қамтамасыз ететін олардың өздерінің барынша оңтайлы шешім табу мүмкіндігі деген сөз.

Талап қою тәртібі:

      шаруашылық дауы туған жағдайда тараптардың мүдделерін реттейтін шешімді олардың өздерінің қабылдауына;

      тараптардың әрқайсысына дау-дамайды шешудің мүмкін жолдарын ұсынуға;

      заң органының шешуіне жататын елеулі келіспеушіліктер аясын белгілеуге мүмкіндік береді.

 

Талап қою жұмысы нәтижесінде шешілетін міндеттер қатарына мыналар жатады:

1)     кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды мүдделерін қорғау;

2)     шарт міндеттемелерінің орындалмауын немесе тиісті дәрежеде орындалуын және басқадай заң бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау;

3)     заң нормаларының және жасалған шарт ережелерінің бұзылуының алдын алу;

4)     зардап шеккен тарапқа келтірілген залалдың орнын кінәлі адамдар есесбінен толтыру.

 

Талап қою жұмысы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды тежейтін немесе кедергі жасайтын теріс зардаптарды жоюға немесе алдын алуға бағытталған, ал оны кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады.

 

3. Дауларды аралық сотта қарау

2004 ж. желтоқсанның  28-гі №22-ІІІ «Аралық сот туралы» ҚР Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жасасқан азаматтық-құқықтық шарттардан туатын дау, егер ҚР заңдарында басқадай көзделмесе, аралық соттың қарауына берілуі мүмкін. ҚР-ғы аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық немесе нақты бір дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық шешім төмендегідей ұстанымдарды сақтай отырып жүзеге асырылады:

1.      тараптар еркінің дербестігі – ол тараптар өзара алдын ала келісу арқылы пайда болған дау бойынша істі аралық қарауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын өз беттерінше шешуге құқылы екендіктерін білдіреді;

2.      заңдылық – аралық соттар және соттар өз шешімдерінде тек ҚР Конституциясы нормаларын, ҚР заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады дегенді білдіреді;

3.      тәуелсідік – оларға берілген дауларды шешуде аралық соттар және соттар өздеріне қандай да бір қысым жасалуын болдырмайтын жағдайларда шешім қабылдайтынын білдіреді;

4.      тараптардың жарыспалығы және теңдігі – аралық іс қарауда тараптар құқықтардың тең көлемін пайдаланады және тең көлемде міндеттер көтереді, өзінің ұстанымын, оны дербес қорғау тәсілдері мен құралдаын өз бетінше және аралық сотқа, басқдай заңды органдар мен тұлғаларға қатыссыз таңдайды дегенді білдіреді;

      әділеттілік – өздеріне берліген дауларды шешу кезінде аралық соттар мен соттар және аралық іс қарауға қатысушы тараптар белгіленген талаптарды, қоғамның адамгершілік ұстанымдарын және іскерлік этика ережелерін сақтай отырып адал әрекет етуге тиіс;

5.      құпиялық – бұл аралық соттар мен соттардың оларға шешуге берілген дауларды қарау барысында аралық іс қарау кезінде белгілі болған тараптардың немесе олардың құқықтық мирасқорларының келісіінсіз мәліметтерді жария етуге және оларға іс қаралған кезде мәлім болған мәліметтер туралы куәгер ретінде сұралуға құылы емес.

 

«Аралық сот туралы» Заңның  7 б. 1 т. Сәйкес, дау аралық соттың қарауына тараптар арасында аралық келісім жасалған жағдайда берілуі мүмкін.

Заңдарда аралық соттың қазылары сай болуға тиісті белгілі бір талаптар қарастырылған. Сөйтіп, аралық қазы тараптармен байланысы жоқ және істің нәтижесіне мүдделі емес, қажетті, жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа жеткен және аралық қазы міндеттерін орындауға келісім берген жеке тұлға сайлана (тағайындала) алады. Дауды бір өзі шешетін қазының жоғары заңгерлік білімі бар және заңгерлік жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болуға тиіс. Дауды бірлесе шешкен жағдайда аралық сот төрағасының жоғары заңгерлік білімі болуға тиіс.

Аралық қазы бола алмайтын адам – ол:

      ҚР заңдарына сәйкес құзырлы сотқа қазы болып сайланған;

      Заңмен белгіленген тәртіпте сот әрекет етуге қабілетсіз немесе ішінара қабілетті деп таныған;

      Соттылығы әлі алынбаған немесе өтелмеген немесе қылмыс жасады деп айып тағылған;

      Мемлекеттік қызметші болып табылатын адам.

 

2.3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

1 тақырып. Кәсіпкерлік құқығына кіріспе.

1. Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы.

2. Отандық кәсіпкерлік құқықтың бастапқы қалыптасу тұғырлары.

3. Сауда және коммерциялық құқық. Континентальды Европа мемлекеттері мен англосаксондық құқықтық жүйе елдеріндегі сауда және азаматтық құқық дуализмі.

4. Жеке құқық жүйесі.

5. Шаруашылық құқықтың басты теориялары (мектептері). Екі секторлы құқық теориясы (П.И. Стучка). Біртұтас шаруашылық құқық мектебі (Л.Я. Гинцбург, Е.Б. Пашуканис). Шаруашылық құқықтың моноистикалық концепциясы (В.В. Лаптев, В.К. Мамутов).

6. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың бүгінгі таңдағы концепциясы. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың мазмұнын айқындаудағы негізгі тәсілдер.

 

2 тақырып. Кәсіпкерлік құқық – құқықтың кешенді саласы ретінде

1. Құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік құқықтың орны.

2 Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні.

3 Кәсіпкерлік құқықтың реттеу әдістері.

4 Кәсіпкерлік құқықтың басты қағидалары және олардың сипаттамалары.

5 Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі. Кәсіпкерлік құқықтың басқа салалардан ерекшелігі.

 

3 тақырып. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің негіздері.

1. Кәсіпкерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының туындау және даму тарихы.

2. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік заңнамасының ұғымы мен жүйесі.

3. Кәсіпкерлік қызметтің басты тұғырларын бекітетін арнайы нормативтік құқықтық актілер.

4. Шағын кәсіпкерлік және оны қолдау туралы ҚР заңнамасы.

5. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ҚР заңнамасы.

6. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған заңнама.

7. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

8. Отандық кәсіпкерлік заңнама жүйесіндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары.

 

4 тақырып. Кәсіпкерлік қызмет: түрлері және нысаны.

1. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы. Кәсіпкерлік қызмет белгілері.

2. «Кәсіпкерлік қызмет», «экономикалық қызмет», «шаруашылық қызмет», «коммерциялық қызмет» ұғымдарының ара қатынасы.

3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері. Кәсіпкерліктің түрлері.

4. Мемлекеттік кәсіпкерлік нысандары.

5. Жеке кәсіпкерлік түрлері.

6. Бірлескен кәсіпкерлік нысандары.

7. Жеке кәсіпкерлік түрлері мен нысандары.

8. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау. 

 

5 тақырып. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

1. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы. Жеке тұлға кәсіпкерлік құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қарым-қатынастардың субъектісі ретінде.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық