УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі екі түрін бөліп айтуға болады:

1.      мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі (яғни мемлекеттің сауда, экономика, туризм, және т.б. салаларда басқа мемлекеттермен ыңтымақтастықты дамыту бойынша жүргізілетін қызметі);

2.      заңды және жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық қызметі.

 

2. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері

«Экспорттық бақылау туралы» (18.06.1996 ж.) Заңның 1 бабына сәйкес, экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыратын ҚР заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар сыртқы экономикалық қызмет субъектілері бола алады.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шетелдік мемлекеттер де сыртқы экономикалық қызмет субъектілері болып санала алады. Алайда, негізінен, сыртқы экономикалық қызмет субъектісі – заңды тұлға болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретіндегі заңды тұлғаларды үлкен екі топқа:

1.      ҚР заңды тұлғалары;

2.      Шетелдік заңды тұлғалар деп бөлуге болады.

 

Өз кезегінде, ҚР заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызмет субъектілері ретінде тағы екі топқа бөліне алады:

1.      ҚР шетелдік капитал қатыспайтын заңды тұлғалары (мұнда қатысудың бар үлесі немесе акциялар пакеті түгелдей ҚР азаматтарына, ҚР заңды тұлғаларына немесе мемлекетке тиесілі);

2.      Шетелдіктер қатысатын заңды тұлғалар.

 

Шетелдік кәсіпорындардың қабылдаушы мемлекет аумағындағы кәсіпкерлік қызметі, негізінен, келесідей нысандарда жүзеге асырылады:

1.      кәсіпкерлік шарттар жасасу , мемлекеттік бағалы қағаздар және т.б. сатып алу);

2.      заңды тұлға құру (оның ішінде бірлескен кәсіпорындар, толығымен шетелдік қатысушыға жататын кәсіпорындар, еншілес кәсіпорындар);

3.      шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілеттіктерін құру.

 

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты ҚР заңдарында тағы «резидент» және «резидент емес» деген түсініктер қолданылады («Валюталық реттеу туралы» Заңның 1 б. 15 т. Және 10 т.).

 

3. Сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу

ҚР сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеудің құқықтық негіздерін валюталық реттеу туралы заң және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Валюталық реттеуді орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ҚР Ұлттық банкі, сондай-ақ жалпы құзыретті органдар жүзеге асырады.

«Валюталық реттеу туралы» Заңның 13 бабына сәйкес, резиденттер арасындағы валюта операцияларына тыйым салынады, ал тыйым салынбайтын операциялар төмендегідей:

      тараптардың біреуі ҚР Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы министрілігі болып табылатын операциялар;

      қызметкерлерді ҚР аумағынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығындарды төлеу;

      жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалар пайдасына банк салымдарын салуы;

      ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайларда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операциялар.

 

Резиденттер төмендегілерді орындауға:

      ҚР валюта заңына сәйкес, тараптардың келісімі бойынша резидент еместермен ұлттық және шетелдік валютада мәмілелер жасасуға;

      Резидент еместермен жасалатын операциялар бойынша шетелдік валютамен вексельдер шығаруға құқылы.

 

Резидент еместер: салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, қарыз беру және валюталық реттеу туралы заңда көзделген тәртіпте резиденттермен жасалған басқа да валюталық операциялар бойынша шектеусіз дивидендтер, сыйақылар және басқадай табыстар алуға және аударуға құқылы. ҚР аумағында резидент еместермен валюта операциялары заң тәртібімен белгіленген талаптарды есепке ала отырып, шектеусіз жүзеге асырылады.

Резиденттердің және резидент еместердің валюта операциялары бойынша төлемдері мен аударымдары уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалар – резиденттер және резидент еместер ҚР қолма-қол шетел валютасын 10 мың АҚШ долларының балама сомасынан аспайтын мөлшерде, шығарылатын қолма-қол соманың шыққан тегін растайтын құжаттарсыз-ақ сыртқа әкете алады. 10 мың АҚШ долларының балама сомасынан асатын қолма-қол ақшаны сыртқа шығару үшін, ҚР кеден органдарына олардың шыққан тегінің заңдылығын растайтын құжаттар көрсетілуге тиіс.

ҚР-ға жеке тұлғалар – резиденттер және резидент еместердің қолма-қол шетел валютасын және 3 мың АҚШ доллары баламасынан асатын ұлттық валютаны алып келу және сыртқа шығару – кіретін немесе шығатын қолма-қол шетел валютасының және ұлттық валютаның барлық сомасына ҚР кеден органында кеден мағлұмдамасын беру жолымен міндетті мағлұмдауға жатқызылады. ҚР-да нақты құны ұлттық және шетелдік валютамен белгіленген төлем құжаттарын (вексельдерді, чектерді, оның ішінде жол чектерін) кіргізу және одан шығару жазбаша мағлұмдауға жатпайды және шектеусіз жүзеге асырылады.

 

4. Сыртқы экономикалық қызметті кәсіпкерлердің қатысуымен кедендік реттеу ерекшеліктері

Сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу деп: өкілеттік мемлекеттік органдардың тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кден шеқарасынан алып өту ержелерін белгілеу және жүзеге асыру, осы ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды бұзғаны үшін ҚР заң актілерінде көзделген тәртіпте жауапкершілік шараларын қолдану қызметін түсіну керек.

Кедендік реттеуге тап болған сыртқы экономикалық қызметтің субъектілері болып коммерциялық мақсатта тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кеден шеқарасы арқылы алып өтетін тұлғалар саналады. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызмет субъектілері қатарына кәсіпкерлік қызметті кдендік қызмет көрсету бойынша жүргізетін басқа да тұлғаларды жатқызуға болады.

 

 

Кәсіпкерлік шарт

 

1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қатынастарын реттеудің негізгі құралы шарт болып табылады.

Шарт жайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеші адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тікейтін кесі және басқалары түсініледі.

Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, «шаруашылық шарт» терминінің өткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан.

Ғалымдардың пікірлері қазіргі таңда кәсіпкерлік шарт түсінігіне байланысты бөлініп отыр:

1.      Кәсіпкерлік шарт – бұл шарттың дербес түрі;

2.      Кәсіпкерлік шарт – бұл азаматтық-құқықтық шарттың ерекше түрі.

 

Сөйтіп, кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалатын, тараптар немесе тараптардың бірі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылатын келісім.

 

2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері

С.А.Паращук шаруашылық шарттың келесідей ерекшеліктерін атайды:

      Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалады;

      Оның тараптары немесе тараптардың бірі болып кәсіпкерлік қызмет субъектілері саналады;

      Қайтарымдық сипатында болады;

      Онда кәсіпкерлердің шарттық міндеттемелерінде барынша еркіндік және көтеріңкі талап үйлесім тапқан.

В.С. Белых шарттарды кәсіпкерлік санатына жатқызудың мынадай белгілерін бөліп көрсетеді:

      Кәсіпкерлік қызметке қатысты әртекті қатынастар туындайтын кәсіпкерлік қызмет саласында қалыптасқан қатынастар;

      Субъектілік құрам – кәсіпкерлік қызметтің екі тарабы да болатын жағдай;

      Мүлікті пайдаланудың кәсіпкерлік мақсаты.

 

Сонымен, кәсіпкерлік шарттың басты және айқындаушы белгісі екеу:

1.      айрықша субъектілік құрам (тараптар немесе тараптардың біреуі кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылады);

2.      шарт жасасудың мақсаты (шарт кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалады, сол себепті кәсіпкерліктің барлық белгілеріне сай болады).

 

Кәсіпкерлік шарт қызметтеріне мыналар жатады:

1.      Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында заңдық маңызы бар байланыстар орнату қызметі;

2.      келісімге қатысушылардың өзара байланысты қызметінің мазмұнын (яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретіндегі тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерін) анықтау қызметі;

3.      кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі;

4.      келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қыметі.

 

3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері

Кәсіпкерлік  шарттың нысаны мәмілелер мен шарттардың нысанына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрелірінің нысанына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнай көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР АК 152 б. 1 т.).

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып  қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады (ҚР АК 153/3 т.).

ҚР АК шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәселе тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401 бабы). Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзулуы елеулі деп танылады.

Шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі.

Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай:

      шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі;

      белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот болып танылса;

      срның неігізінде шарт жасалған мемлеккеттік органның актісі өзгергенде немесе заң күшін жойғанда;

      егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе, шарт мерзімі көрсетілмей жасалған жағдайларда тараптардың біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

 

Егер заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойынша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

 

 

 

Кәсіпкерлік шарт түрлері

 

1. Кәсіпкерлік шарттардың түрлері және олардың жіктелуі

Заң әдебиетінде кәсіпкерлік шарттарды жіктеудің әртүрлі нұсқаулары қалыртасқан. Атап айтқанда, В.С.Анохиннің пікірі бойынша, кәсіпкерлік шарттарды жалпылай жіктеу төмендегідей көрінеді: мүлікті ақылы сату және сатып алу туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар; қызмет көрсету туралы шарттар; жұмыстарды орындау туралы шарттар. Сонымен. Т.В.Кашанина кәсіпкерлік шарттардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді:

      өзіндік ұйымдастырылған шарттар;

      бірлескен қызмет туралы шарттар (жай серіктестік шарттары);

      алдын ала жасалатын шарттар;

      міндетті шарттар;

      инвестициялық шарттар;

      кәсіпорындарды беру тәртібі туралы шарттар;

      пайдаларға қатысу туралы шарттар.

 

ең бір жалпылай жіктеу деп шарттарды кәсіпкерлік шарттарға (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер арасында жасалған) және кәсіпкерлердің қатысуымен жасалған шарттарға (тараптардың бірі ғана кәсіпкер болып табылатын, ал екінші жағынан жай азаматтық-құқықтық шарт болып келетін) бөлуді мойындау қажет.

Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық