Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:11, курсовая работа
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Кіріспе...............................................................................................................
1 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама..............
1.1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы..................
1.2. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі және аудиті бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлері....................................
2 бөлім «ШынДар» ЖШС компаниясының қаржылық -экономикалық сипаттамасы және есеп, қаржы жұмыстарын ұйымдастыру.......................................................................................
2.1. «ШынДар» ЖШС компаниясының жалпы сипаттамасы...............
2.2. «ШынДар» ЖШС-ның қаржылық есеп жұмыстарын ұйымдастыру.....................................................................................
3 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі................
3.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.............................................................
3.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты........
3.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары......
4 бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті ...............................
4.1. Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің жүргізілу маңыздылығы.....................................................................................
4.2 Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің тәртібі.....................
4.3 Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті – қаржылық есеп беру аудитінің жүйесінде.................................................................
4.4 Аудитор қорытындысы.....................................................................
Қорытынды мен ұсыныстар..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Қосымшалар.........................................................................................................
Мазмұны
Кіріспе....................... |
5 | |
1 Бөлім |
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама.............. |
7 |
1.1. |
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы.................. |
7 |
1.2. |
Ақша қаражаттар
қозғалысының есебі......................... |
10 |
1.3 |
Ақша қаражаттар
қозғалысы туралы есебі және аудиті
бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің
пікірлері..................... |
15 |
2 бөлім |
«ШынДар»
ЖШС компаниясының қаржылық -экономикалық
сипаттамасы және есеп, қаржы
жұмыстарын ұйымдастыру........ |
21 |
2.1. |
«ШынДар» ЖШС
компаниясының жалпы сипаттамас |
|
2.2. |
«ШынДар»
ЖШС-ның қаржылық есеп |
36 |
3 Бөлім |
Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі................ |
40 |
3.1. |
7 ҚЕХС бойынша
«Ақша қаражаттар қозғалысы»
туралы есептілік және оның
түрлері....................... |
40 |
3.2 |
Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты........ |
46 |
3.3 |
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары...... |
50 |
4 бөлім |
Ақша қаражаттар
қозғалысы есебінің аудиті .............................. |
54 |
4.1. |
Ақша қаражаттар
қозғалысы есебі аудиттің жүргізілу
маңыздылығы................... |
54 |
4.2 |
Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің тәртібі..................... |
54 |
4.3 |
Ақша қаражаттар
қозғалысы есебінің аудиті – қаржылық есеп
беру аудитінің жүйесінде..................... |
60 |
4.4 |
Аудитор
қорытындысы................... |
62 |
Қорытынды мен
ұсыныстар..................... |
63 | |
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................ |
65 | |
Қосымшалар.................... |
68 |
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі
экономикада атқаратын
Ақша қаражаттар қозғалысының есептілігі басқадай есептік формаларымен бірге, ақпараттарға қызығушылығын білдірген қолданушыларға компанияның таза активтер динамикасын бағалауға, қаржылық құрылымындағы өзгерістерін, ақша қаражаттар қозғалысын тиімді басқаруын, тез арада өзгеріске түсетін нарықтық талаптарға тез бейімделу мүмкіндігін береді.
Есептілікте көрсетілетін
көрсеткіштердің талдауын, бағалауды
жүргізу үшін модельдерді құруға
және компанияның болашақтағы ақша
қаражаттар қозғалысының дисконтталған
құнын көрсетуге мүмкіндік
Ақша қаражаттар туралы қорытынды мәліметтер – олардың өткен жылдардағы болжанған бағаларының нақтылығын анықтауға және таза ақша қаражаттар мен табыстылықтың арасындағы байланысты көрсету үшін қажет. Осы тақырыбыма байланысты, тікелей және жанама әдістермен есептелген мысал есептертер келтірілген.
Курстық жұмыстың мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша ақша қаражаттар қозғалысының есебін құрастыру тәртібі және аудитін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
Курстық жұмысты орындау барысында зерттеу обьектісі болып, “ШынДар” ЖШС-гы табылады. Ақпарат көздері ретінде кәсіпорынның ережесі, жылдық есеп мәліметтері, сонымен бірге оқу құралдары, басылымдар, нормативтік құжаттар пайдаланылады. Зерттеу мен талдау әдістері болып салыстырмалы, корреляциялық айырмашылықты табу әдістері саналады.
1 Бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама
1.1.Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Бухгалтерлік
қызметтің басты мақсаты
Қаржылық есеп беру деп - кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық- шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысын соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның Қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекетік органдар тағы басқалары кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін банктің тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір
бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел - статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін банктің басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарыны сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
- есептеу;
- толассыздық;
- түсініктілік;
- маңыздылық;
- мәнділік;
- дұрыстық;
- шындық және алалықсыз ұсыну;
- бейтараптылық;
- сақтық;
- аяқтау және салыстыру;
- жүйелілік.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып болінеді.
Қаржылық есеп беру келесідей формалардаң турады:
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқада оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады. Олар:
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар тағы басқалары.) және ондай нысаны да болмауы да мүмкін(лицензия, «ноу- хау», гудвил және тағы басқа); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесін пайда болғанын, белгілі бір әрекетің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар.
Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді:
- жарғылық капиталы;
- қосымша төленген капитал;
- резервтік капитал;
- таратылмаған табыс.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егерде баланс пасивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық
нәтижесі - бұл есепті жылдағы
кәсіпорының қаржылық шаруашылы
Табыстар – бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметтен сатқаннан алынған табысы; сондай ақ тауарлы- материялдық құндылықтардан, жалға беруден, инвистициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады.
Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар.
Қаржылық
есеп берудің элементін тану
– бұл бухгултерлік балансқа
енгізу процесі немесе