Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:00, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.
Кіріспе...................................................................................................
1 Басқарудың теориялық аспектілері................................................ 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару............................................................................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару........................
3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары................................................................................................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......…………………………………
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ
атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
«Менеджмент»
кафедрасы
«Мемлекетті
басқару теориясы» пәні бойынша
Тақырыбы: «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері»
Орындаған: МЖБ-31тобының студенті
Нупбаева Гаухар
Тексерген:
Курманова Л.Қ.
Қорғауға жіберілді « » қараша 2011ж.
______________________
(жетекшінің қолы)
Қорғау күні: « » қараша 2011ж.
Бағасы:__________________
_________________________
(комиссия
мүшелерінің қолдары)
АСТАНА-2011ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................
1
Басқарудың теориялық аспектілері...................
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері,
түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан
Республикасында нарықтық қатынастар
жағдайындағы мемлекеттік
басқару.......................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды
басқару.......................
3 Қазақстан
Республикасындағы басқару әдістерін
жетілдіру жолдары.......................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2
Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды…………………………………………
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.......…………………………………
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.
Алғаш рет мемлекет түсінігін, билік және басқаруды жіктеуді қарастырған Аристотель болатын. Ол Герадот мен Платонның жазбаларына сүйене отырып басқарудың монархиялық, аристократиялық және демократиялық деген түрлерге бөлді. Қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан – демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқаруды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқарудың, басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерінің қыр-сырымен танысуының маңызы зор деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі нарықтық заман жағдайында басқару өте күрделі әрі ең қажетті ұғымдардың бірі. Себебі басқару болмаған жерде тәртіп болмайды, тәртіп орнамаған жерде мемлекет те бәсекеге қабілетті болмайды, экономикасы әліреп, әлеуметтік жағдайы төмендейді, елде жұмыссыздық жайлайды, қылмыс жасау артады, басқару қолға алынбаған жағдайда мемлекет мүлдем жоғалады немесе басқа елдің жетегінде кетеді деп айтуға болады. Сондықтан еліміздің егемендігін сақтап, тәуелсіз, азат елде өмір сүруіміз үшін, экономикасы жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған елде өмір сүруіміз үшін, басқа елдердің алдында еңсемізді түсірмей, қазақтың көк туын жоғары көтеріп мақтанышпен «Мен – Қазақпын!» деп айта алуымыз үшін басқару түсінігі өте өзекті деп айта алар едім. Кез-келген адамның жақсы өмір сүргісі келеді: әдемі үй, қымбат машина, әлемге әйгілі озық техникаға қол жеткізу немесе Стив Джобстың таңдамалы туындысы – Apple өнімдерін күнделікті өмірде қолдану барлық адамдардың арманы екені сөзсіз. Ал егер басқару жүйесі нашар, артта қалған елде өмір сүретін болсаңыз сіз бұлардың ешқайсысына қол жеткізе алмайсыз. Сондықтан басқару- бұл ең қажетті, маңызды тақырыптардың бірі!
Курстық жұмыстың мақсаты: басқарудың ұғымын кең мағынада қарастырып, мемлекетті басқарудың негізгі қағидаларын ашып көрсету болып табылады. Мемлекетті басқаруда қандай әдістерді қолдану керек, қандай саясатты ұстану керек, нарықтық жағдайдағы экономиканы басқарудың әдіс-тәсілдерін қарастыру мақсаты қойылған.
Курстық жұмыс құрылымы үш бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған, яғни бұл бөлімде басқарудың пайда болу кезеңінен бастап қандай әдістер, қағидалар қолданылғаны, қандай функция атқаратыны туралы айтылады.
Екінші
бөлімде Қазақстан
Өмір бір орында тұрмайды және көштен қалып қоймас үшін, әрқашан экономиканы жетілдіріп отыру үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін басқарудың ескі әдістеріне сүйеніп, бір саясатты қолдану тиімсіз болып табылады. Сондықтан басқаруды үнемі жетілдіріп отыру қажет, шетел мемлекеттерінің тәжірбиесінен сабақ алып, басқару әдістерін жетілдіру жолдарында ұтымды ұсыныстар жасалынып, құқықтық базасы қабылдануы керек деп ойлаймын. Осы туралы толығырақ ақпаратты үшінші бөлімнен көруге болады.
Курстық
жұмысты жазу барысында ғаламтор
ақпараттары кеңінен қолданылды, атап
айтсам http://election.kz, http://www.kyzmet.kz, http://kz.government.kz, http://www.akorda.kz сайттарының ақпараттары
пайдаланылды. Және «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекетті басқару туралы»
заңы, ҚР Конституциясы, т.б. сияқты құқықтық-нормативтік
актілер қарастырылды. Сонымен қатар Ихданов Ж.,
Сансызбаев Ғ.Н., Есенжігітовалардың «Мемлекеттік
басқару теориясы» оқу құралы, Баянов
Е., Храпанюк В.Н. және т.б. сияқты авторларлың
еңбектері қолданылды.
1 БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мемлекетті басқару дегеніміз белгілі бір шекарада қалыптасқан халықты басқару, сол мемлекеттің өзінің құқықтық базасын қалыптастыру, мемлекетті басқаратын органдар мен аппаратты құру болып табылады. Мемлекеттік басқару туралы ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі көзқарастар жазылған.
Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын береді: мемлекеттік басқару - мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс–қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет. [1/12]
Мемлекеттік
басқару заңға сәйкес және заңның
орындалуы негізінде жүзеге асырылады.
Қандай да мемлекеттік басқару қызметінің
түрі болмасын тек заңдарды орындау,
тікелей бұлжытпай орындау
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Өз еңбегінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:
Алексеев С. С. мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы саладағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:
Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды жағы ретінде көрініс табады. Себебі ол әлеуметтік сипатта болады.[2/47]
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екенін байқаймыз.
Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз «еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция» деген қорытындыға келген.
Осыған орай ол адамдар айтарлықтай рөл атқаратын әлеуметтік басқаруды дұрыс түсіну негіздерін қалыптастырды.
«Кез-келген қоғамдық немесе бірігіп атқарылатын жұмыс, бірігіп жұміс атқаратын адамдар тобы азды-көпті басқаруды қажет етеді. Жеке скрипкашы өзін-өзі басқара алады, ал оркестр дирижердың басқаруын қажет етеді» деген жолдардан басқарудың қажеттілігінің анық мысалын көре аламыз.
Адамдардың
бірігіп жасаған әрекеттері, іс-қимылдары
ұйымдастыруға әкеліп саяды. Ұйымдастыру
бірінші кезекте, адамдардың бірігіп
жұмыс істеулеріне қажетті
Іс
жүзінде басқару өзінің мәні бойынша
жұмыс істеу бағдарламасын
Информация о работе Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері