Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:00, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
1 Басқарудың теориялық аспектілері................................................ 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару............................................................................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару........................
3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары................................................................................................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......…………………………………

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.docx

— 98.42 Кб (Скачать документ)

     2004 жылы жалпы алаңы 425,2 мың шаршы  шақырым 2148 үй салынды. Оның  ішінде тұрғын үй 311,9 мың шаршы  шақырым 1670 үй.

     2004 жылдың қаңтар- ақпан айларында  10,9 млрд. теңге инвестиция болды,  бұл 2003 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстарғанда 2,6 есе артық. 

     Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен  ұйымдар және тұрғындар өз күштерімен 290,4 мың шаршы шақырым 2295 жаңа пәтер  салды, бұл 12,1 % жоғары өткен жылмен салыстырсақ.

     Пәтердің 1 шаршы шақырымының орташа құны 22,5 мың теңге, 2003 жылы- 21,7 мың теңге. Халықтың өзінің салған үйінің 1 шаршы  шақырымы 14,7 мың теңге, 2003 жылы- 8,9 мың  теңге.

     Президент жолдауында көрсетілгендей ағымдағы жылы бюджет есебінен әлеуметтік жағынан  әлсіз халық тптарына арнап 1600 пәтер  және ипотекалық несие бойынша қымбат емес әрі халықтың қолы жетерлік 11700 пәтер салу керек. Жалпы алғанда  үш жыл ішінде 12 млн. шаршы шақырым  тұрғын үй немесе 195 000 пәтер салынуы  тиіс. 

     2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының  Еңбек және Әлеуметтік қорғау  министрлігінің мәліметі бойынша  түрлі себептермен 172 кәсіпорын  өндіріс жұмысын тоқтатты, жартылай  –359, толық емес жұмыс уақытына  толығымен ауысқан кәсіпорын  саны- 52, толық емес жұмыс уақытында  жартылай жұмыс істеген кәсіпорындар- 86. Мәжбүрлі демалыста жүрген  қызметкерлер саны 29,2 мың адамды  құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда  3,3 мың адамға көп.

     Республикадағы  ірі және шағын кәсіпорындарда 2004 жылдың ақпанындағы мәліметтер бойынша 2,4 млн. адам істеді, олардың ішінде 7,4%-ауыл, орман, балық шаруашылығында, 33,1%- өнеркәсіп пен құрылыста, 59,5%- қызмет көрсетуде. Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік басқаруда- 12,8 мың адамға, құрылыста- 12,2 мың адамға, жылжымайтын  мүлікпен операцияларда- 9,4 мың адамға, саудада- 7,4 мың адамға көбейген.  

     2004 жылдың ақпанында халық саны 14961,9 мың адам. Қала- 8488,8 мың адам (56,7% ), Ауыл- 6473,1 мың адам (43,3% ). Жыл басымен салыстырғанда 10,6 мыңға көбейген.Табиғи өсім 8354 адам, бұл көрсеткіш 2003 жылы 5185 болған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

     3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері 

     Әлемдік қауымдастықта жергілікті өзін-өзі  басқару ертеректен дамып келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай

       Әлемдік қауымдастықта жергілікті  өзін-өзі басқару ертеректен дамып келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай тәжірибе жинақталған. Жергілікті өзін-өзі басқару төңірегіндегі ұйымдастыру және экономикалық шешімдерде үлкен әр түрлілік бар.

     Англосаксон және континенттік үлгілер

       Еуропада жергілікті өзін-өзі басқарудың екі негізгі үлгісі қалыптасты деседі. Олар агнлосаксон және континенталды болып бүкіл әлем бойынша таралған. 

     Англосаксон үлгісі осындай құқықтық жүйесі бар: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерде көбіне таралған. Оның белгілері:

  • жергілікті өзін-өзі басқарудағы автономияның жоғары дәрежесі, ең алдымен тұрғындар тарапынан бақылау;
  • жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болмауы;
  • жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) болмауы.
 

 Мұндағы негізгі  қағида «ұсынылған өкілеттілік төңірегінде  дербес жұмыс жасау» (Ұлыбританияда  өкілеттіктер мемлекеттің парламенті, яғни орталықтан, ал АҚШ-та штаттары, яғни өңірлік деңгейде ұсынылады). Сайланған жергілікті өзін-өзі басқару органдары заң аясында, дәстүрден шықпай, қалыптасқан тәжірибе, ықтимал соттық шешім негізінде дербес және өз жауапкершілігіне ала отырып, мемлекет құзыретіне жатпайтын мәселелерді шешеді.

     Мемлекеттік реттеу жанама формада, мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз аумағында өзгерістер ендіре алатын модельді заңдарды қабылдау арқылы іске аса алады. 

     Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік бақылау сот бақылау формасында атқарылады. Ықпал ету құралы – мемлекеттік демеу қаржылар.  Континенттік үлгі Еуропаның континенттік елдерінде (Франция, Италия, Испания, Белгия) және Латын Америкасы, Таяу Шығыс, франкотілді Африка елдерінде кең таралған. 
 Оның белгілері:

  • жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) үйлесімі; 
  • басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару жоғары тұрған мемлекеттік жүйеге қарағанда ең төменгі сатыдан табылар белгілі бір сатылық;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектелген автономия; жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болуы.

       Осы ретте, жергілікті өзін-өзі басқару коммуналар деңгейінде қарастырылған, ал ауқымды кантондар мен округтер мемлекеттік биліктің жергілікті деңгейі ретінде қабылданатын, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару элементтері өңірлер деңгейінде мемлекеттік билікті толығымен ауыстыра алу үшін департамент деңгейінде қайта пайдаланылатын Франция елін айқын мысал етуге болады. 

     Жергілікті  өзін-өзі басқарудағы негізгі буын коммуналар. Әрбір коммунаның өз өкілетті органы – кеңес пен кеңес депутаттары арасынан сайланатын мэрі бар. Мэр және тұрақты негізде жұмыс жасайтын муниципалдық кеңестің депутаттары муниципалитетті құрайды. Сонымен қатар, мэр мемлекеттік қызметші болып табылады. 

     Мэрдің  қызметі муниципалдық кеңес және республикалық комиссардың әкімшілік бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық комиссар сондай-ақ, коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылайды және қажет жағдайда оның күшін жою туралы сотқа шағымданады (яғни, муниципалды кеңеске әкімшілік бақылау принціпі жүрмейді). 

     Барлық  муниципалды жүйелерге демократиялық  шарттарда даму, жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын сақтау және дамыту сияқты мазмұнды белгілер тән. Бұл әр түрлі аумақ тұрғындарының бірыңғай өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударатын елдер үшін әділетті болмақ. Мысалы, Германияда коммуналдық құқық –жерлердің ерекше құзыреттілігі ретінде саналып, жер Коммуналдық Конституциялары арасында көптеген айырмашылықтары бар.  

     Мемлекетте  жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың төрті үлгісі бар: 

  • «мықты мэр» – жергілікті мәселелермен де, мемлекеттік өкілеттіктердің орындалуымен де айналысады (француздық үлгі);
  • «мықты магистрат» – депутаттар жиналысында сайланады және атқарушы билікті алқалы түрде жүзеге асырады (солтүстікгермандық үлгі);
  • «мықты директор» – атқарушы билік басшысы, коммуналдық кеңес сайлайды бургомистр негізінен өкілеттілік функцияларды атқарады (англосаксондық үлгі);
  • «мықты кеңес» – қауымдастықтың ең жоғарғы билік органы болып табылады, бургомистр кеңестің және бір уақытта атқарушы биліктің төрағасы қызметін атқарады (оңтүстікгерманиялық үлгі);

     Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарын бірыңғайлауға байланысты Германияда бірнеше мәрте талпыныстар болған, бірақ, бірақ тиімсіз ретінде танылды.  

           Жергілікті өзін-өзі басқарудың«есеп нүктесі»

     Жалпы, Еуропада жергілікті өзін-өзі басқару «солтүстік» – «оңтүстік» осі бойынша танылуда. Скандинав елдері автономиялы жергілікті өзін-өзі басқарудың жоғары деңгейімен, ал Оңтүстік Еуропа елдері төмен деңгейімен ерекшеленеді.

     Адольф  Гессер өзінің «Еркін муниципалитеттердің  құрылуы Еуропаны құтқару ретінде» кітабында жергілікті өзін-өзі басқарудың даму деңгейін қоғамдық бостандық пен мемлекеттіліктің дамуымен байланыстырып, оның ішінде:

  • «ежелгі-еркін» дәстүрлі жоғары деңгейлі азаматтар бостандығы бар, яғни монархиялы-бюрократиялық орталықтандыруға қарсы иммунитеті қалыптасқан елдер (Ұлыбритания, Солтүстік Еуропа мемлекеттері, Нидерланды, Швейцария, Еуропадан тыс – АҚШ) және
  • «жоғары биліктің либералды мемлекеттері», яғни бюрократиялық аппараттың жалпы қарамағы негізінде құрылған және жергілікті деңгейде «өз жауапкершілігіне ала отырып, басқаруға» мейлінше аз мүмкіндік береді (Испания, Франция, Италия және Германия).

     Алғашқы топтағы елдерді топтастырудағы «есептеу нүктесі» жергілікті қауымдастық, ал екіншілері үшін – мемлекет болып табылады. Мысалы, XIX ғасырда Белгияның заң шығарушылары: қауымдастық мемлекеттен жоғары тұрады, заң оны табады, құрмайды деген тезисті қорғайтын. Франция үшін керісінше, мемлекеттің үстемдік етуі, яғни заң қауымдастық құра алу мүмкіндігі неғұрлым әділ болмақ 

     Бірінші топтағы мемлекеттер арасында қауымдастықтың үздіктері жергілікті өзін-өзі басқаруға ықпал ету мен бақылауға азаматтарының ерекше назар аударуымен анықталады.

       Финляндияда азаматтардың демократиялық құқықтары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң арқылы жүзеге асырылады. Ол 105 баптан, оның ішінде 6-уы азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысу құқықтары туралы және 13-і азаматтардың муниципалитет шешіммен келіспеуі немесе оған шағымдануға байланысты құқықтар. Заңда муниципалитеттің азаматтарды өз қызметі жайында ақпараттандыруы тиіс ережелері бар. Азаматтар жергілікті маңызы бар кез-келген мәселелер бойынша өзі жеке пікірін білдіре алады. Бұл ретте, заң жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтардың жеке бастамаларын қарау жөнінде міндеттер жүктейді. Скандинавия мен Дания мемлекеттерінде азаматтардың арыз-шағымдарын қарау муниципалитеттердің маңызды әкімшілік жұмысы болып табылады. Мұндай шағымдар қарапайым соттық талаптардан өзгешеленеді және арнайы әкімшілік соттарда қарастырылады. Онысы әрі тез, арзан, негізді болады. 

       Екінші топтағы мемлекеттер де белсенді азаматтар муниципалитет бағы деп есептейді, алайда мемлекеттік бақылауға ерекше назар аударады. Германияда округтік басқарма бастығы — жер ауданның жетекшісі, аудандық басқарудағы қауымдастықтарға жалпы және құқықтық бақылауды жүзеге асырады, округ әкімшілігі аудандық емес қалаларға құқықтық бақылау жүргізеді, сонымен қатар, аудандық басқарудағы қауымдастықтар үшін жоғарғы орган ретінде саналады. Федералды жерлердің ішкі істер министрлігі аудандық және ауданнан тыс қалаларға бақылау жүргізді. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қатысты ерекше нормалар бар. Әр муниципалитеттің бюджеті ол игерілемін дегенше мұқият мемлекеттік бақылаудан өткізілетін. Әсіресе, кіріс пен шығыстың үйлесімі және арнайы бюджеттік процедура келісімі шеңберінде бекітілуі тиіс еді.

      
     3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті  
 

     Бірінші топтағы мемлекеттер үшін жергілікті өзін-өзі басқару құзыреттілігі деген жалпы ұғымдар тән. Финляндияда муниципалитет қызметі аясы жалпы: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, техникалық инфрақұрылым, қоршаған ортаның сақталуын бақылау сияқты ұғымдармен анықталады. Данияның жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңында жергілікті маңызы бар мәселелер анықталмаған. Данияның муниципалитеттері жергілікті қауымдастық үшін маңызды деп санайтын кез-келген мәселелермен айналысуға ерікті. Алайда ол мәселелер салалық заңнамамен реттелетін және мемлекет құзыретінде болмауы тиіс. Мұндағы салалық заңнамамен реттелетін мәселелер кітапханаларды ұйымдастыру және музыка мектептері саналады. Егер даниялық муниципалитет өзі муниципалдық мектепті ашқысы келсе ол белгілі бір стандарттарды сақтауы қажет. Жергілікті заңнамамен тек спорт ғимараттардың құрылысы, спорттық клубтарды қолдау кедейлерге көмек беру бағдарламасы секілді мәселелер реттеледі. 1988 жылдан бастап Финляндияда муниципалитеттердің бостандығын жоғарылату бойынша (қазір онда муниципалитеттердің жартысынан көбі қатысады) тәжірибе жүргізілуде. Ол мәлімдеме жасау негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, муниципалитет Ішкі істер министрлігіне тәжірибеге қатысу жайында шешімдерін жолдайды, содан кейін арнайы уақытша тапсырма негізінде өздерінің мұқтаждықтарына байланысты басқарумен айналысуды бастайды.

     Тәжірибеге  қатысушылар үшін муниципалитетаралық  қарым-қатынас жасауы мейлінше еркін болмақ, кейбір қоғамдық қызметтерді жекешелендіру, бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері жеңілдейді. 

Информация о работе Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері