Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:00, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
1 Басқарудың теориялық аспектілері................................................ 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару............................................................................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару........................
3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары................................................................................................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......…………………………………

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.docx

— 98.42 Кб (Скачать документ)

     Сонымен әлеуметтік басқару қандай да болмасын қоғам өміріне қажетті элемент  болып табылады. Басқарудың осы түрінің  мән- маңызы - әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердегі адамдарға мақсатты және ұйымдастырылған  түрде ықпал ету. Әлеуметтік басқаруды  мемлекеттік басқару органдары  жүзеге асырады және осы басқарушы  қызметтер ерік беру сипатында болады. Әрбір нақты басқарушы қызметінен, қатынастардан басқару субъектілер  мен объектілерін айыра білу қажет.

     Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір  түрі болып табылады. Сондықтан оған толық сипаттама беру үшін оны  әр тұрғыдан қарастыру қажет.

  1. мемлекеттік басқарудың басқа мемлекеттік қызметтермен арақатынасы;
  2. мемлекеттің басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны;
  3. мемлекеттік басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні.

     Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызмет түрлеріне  бөлінеді. Осы әртүрлі мемлекеттік  қызмет түрлері арқылы мемлекеттің  барлық міндеттері мен функциялары  жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер  ұйымдастырылуы және басқа да белгілері  бойынша бөлінеді:

    1. жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;
    2. жүзеге асыратын органдары бойынша;
    3. жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;
    4. қызметтің ауқымы бойынша.

     Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір  түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік  басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл  жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға  және қамтамасыз етуге бағытталғанын  көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға  қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы  буындарының қызметі деп түсінеміз.

     Мемлекеттік басқару жоғары тұрған үкімет билігі орындарының бұйрықтарының негізінде  жүзеге асырылады. Сондықтан басқару  қызметі атқару күйінде болады.Атқару билігіне ие болу үшін мемлекеттік  күші бар жарлық беру қажет болады. Жарлық берудің басты элементі өкілетті мемлекеттік басқару органдарының нормативті актілер қабылдауы болып  табылады. Демек, мемлекеттік басқарудың екі жағы- атқару және жарлық беру тығыз  байланыста болады. Бұрыннан қалыптасқан  дәстүр бойынша мемлекеттік басқару  үшке бөлінеді: халық шаруашылығын басқару; әлеуметтік- мәдени құрылысты  басқару; әкімшілік- саяси саладағы басқару.

     Әрбір саланың өзіне тән аялары және салалары болады. Мысалы: жоспарлау,материалдық- техникалық жабдықтау мемлекеттік  басқару аяларына жатса, салаларға - өнеркәсіптік басқару, денсаулық салаларын  басқару, қорғанысты басқару және т.б. жатады. Бұлардан басқа төменгі деңгейдегі ұйымдар- кәсіпорындар, мекемелер, бірлестіктер және тағы басқалары бар. Осы жоғарыда аталған құрылымдық элементтерді басқаруды  арнайы мемлекеттік басқару аппараттары  жүзеге асырады.

     Мемлекетімізде  қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс- қимылдардың  бағдар мақсаттары және өздеріне тән  салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтсақ мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда атлған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтірулерін, яғни басқаруларын қажет етеді. Басқару элеметтері: басқару субъектісі басқару жөніндегі міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылық еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуға тиісті Бағынышты болу- басқару субъектісінің  басқару жөніндегі  жарлық- бұйрықтары арқылы  (бағыну және бұлжытпай орындау арқылы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайдабасқару субъектісіне мемлекеттік- өктем өкілеттілік беріледі.

     Басқару қызметі басқару принциптерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асады. Басқару  принциптері әлеуметтік- саяси және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Әлеуметтік- саяси принциптер: заңдылық, жоспарлылық, нормативтілік, халықтың талап- тілегін  есепке алу, бұқаралық және жариялылық. Ұйымдастырушы принциптер: 1. Құзыреттерді (басқарушылардың өкілеттіктері  мен қызмет бағыттарын ) белгілеу және бөлу принциптері; 2. Басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық мүдделердің  есепке алынуы; 3. Басқарушылардың құзыреттері  шегіндегі жауапкершілік; 4. Алқалық  басқаруды жеке дара басқарумен салыстыру  және алқалық басқарудың үстемдігін есепке алу; 5. Тікелей және жан- жақты  басқару.

     Лазарев Б. М. мемлекеттік басқарудың төмендегі белгілерін атап көрсеткен:

  • Мемлекеттік басқару заңға сәйкес сипатта болады және осы заңдар негізінде нормативтік актілер шығарумен қатар нормативтік емес те басқару актілерін қабылдайды;
  • Мемлекеттік басқару атқару- жарлық беру сипатында болады. Мемлекеттік басқарудың атқару жағы заңдарды өмірде жүзеге асыру болып табылады. Бірақ көп жағдайда бұл атқару қызметі  жарлық беру қызметіне де (яғни мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік мәжбүр  ету шараларымен қорғалатын өктем актілерді шығару кезінде) айналады;
  • Мемлекеттік басқару өзінің негізіне сай саяси сипатта болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСҚАРУ

     2.1 ҚР әлеуметтік және экономика салаларын басқару 

     Мемлекеттің кейбір экономикалық процестерді реттей алу қабілеттілігі мен аса маңызды ролі саясат пен экономиканың байланысынан және экономикалық саясатты жобалауға тәуелді.

     Мемлекеттің  пайда болуымен  оның экономикалық іс - әрекетінің саласы қалыптасады. Мемлекеттің  экономикалық саясаты басты буын әрі нарық жүйесінің қажетті  элементіне айналады.Үкіметтің «көрінетін қолы» А. Смит жазған бәсекелестіктің  «көрінбейтін қолын»  реттеп отыруы керек.

     Мемлекеттің экономикаға араласуы ел экономикасы  нарықтық па, әлде әкімшілік- бөлінушілік  пе оған тәуелсіз түрде кез –келген  үкімет үшін объективті қажет болып  табылады. Әкімшілік экономикада  мемлекет өз мойнына тауарды өндіру мен бөлу міндетін және қызмет көрсетуді  алады.Бұл жерде реттеудің қажеті жоқ. Алайда іс жүзінде мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті.

     Нарықтық  шаруашылықта үкіметтің алдында  тауар өндіруді ұйымдастыру мен  ресурстарды бөлудің міндеті  тұрған жоқ.Ол өз еркімен ресурстарды, капиталды, өндірілген тауарды жұмсай алмайды.

     Нарықтық  жүйе – ол ең алдымен өндірушілер  мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы құқығы.Нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық мәселелерін шеше алмайды. Еркін бәсекелестік кезінде өндіруші күштердің басым бөлігі классикалық  жеке меншіктің шегінен шығып, сол  себепті мемлекет экономиканың ірі  құрылымдарын қамтамасыз етуді өз мойнына  алуына тура келеді.Олар: темір жолдар, почта, байланыс жүйесі, т.б. Еңбек бөлінісінің  негізіндегі мемлекетаралық интеграцияның  күшеюуі ұлттық шекараларға деген  жалпы экономикалық процестердің өсуіне,қорғаныспен, ғылыммен, әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмыс күшін қайта өндірумен  және т.б. байланысты туындайтын жаңа әлеуметтік – экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі.Саяси және экономикалық шешімдерді қабылдауды реттеу механизіміне мемлекеттің  құрылымның араласуының өте қатты  қажаеттілігі туындайды.

     Бәрімізге белгілі монополистік емес, дамыған  нарық экономикасының қозғаушы механизмдері құрамында  экономикалық даму стагнациясының элеметтері болады. Бұл ең алдымен  мынадан көрініс табады: экономикадағы  жүйелік теңдік өндіріс факторларының  толық қамтылмаған кезінде орын алады, ең бірінші жұмыс күшінің  толық қамтылмауы кезінде. Стагнацияның қайшылығын шешу үшін мемлекетті оның үлкен потенциалымен тарту керек. Мемлекет толық жұмыс бастылық пен  тиімді сұраныстың бір болуының қамтамасыз ету функциясын өз мойнына алады.

     Қазақстан Республикасы Европа мен Азияның  бірқатар елдері сияқты экономикалық құрылымдарды реформалау жолында кенледі. Ол нарық жүйесін қолдану мен  қалыптастырудың жеткілікті тәжірибесі жоқтығына байланысты дамушы елдердің мемлекеттік басқару тәжірибесін  пайдалануды жөн көріп отыр. Тәжірибені зерттеу экономиканың дамуында кездесетін көптеген қателіктерден сақтануға мүмкіндік береді.

     Тарихи  тұрғыдан қарасақ дамушы елдерде  нарық экономикасын реттеуде екі  жетекші әдістемелік көзқарас бар: кейнсиандық мектеп (шаруашылық механизмді мемлекеттік реттеу теориясы) және қоғамның шаруашылық өміріне араласпаудың доктриналарының неокейнсиандық пен  консервативтік мектептері синтезі.

     Осы екі теориялық ағымның негіздері  бір. Олар мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясатты өткізу үшін шаруашылық функциялар мен белгілі бір меншігі бар  экономикалық жүйенің субъектісі ретінде  қарастырады.концепциялар арасындағы өзгешелік мемлекеттік ықпалдың қолданылатын әдістері мен осы ықпалды  терістеуге дейін барады.Осылайша австриялық экономист Хайек мемлекет тек  “түңгі күзетші” ролін ғана роындап, экономикалық процестерге араласпауы керек деген.Дж. М. Кейнс пен посткейнсиандық  өкілдер нарық параметрлерінің  жағдайына бақылау жасау бұл  мемлекеттің (үкіметтің ) қызметтерінің  бірі деп есептейді.Кез –келген  теңсіздік тудыратын ықпал тіркеліп, қалыптасқан тұрақтандырушы базасында  тең, балансталған өсудің траекториясына бағытталуы керек. Осылайша үкімет нарықтың басқа да сегменттеріне әсер етеді.

     Айта  кететін жайт, экономиканы мемлекеттік  реттеу сұрақтарында кейнсиандықтар бірқалыпты емес.Ол негізінен үш ағымға бөлініп  кетеді: сол (либералды), консервативті  және неоклассикалық. Кейнсиандықтың сол жағы қазіргі қоғамның қайшылықтарынан  Қоғамдық мақсаттарға: тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, жол құрылысы және т.б., сондай –  ақ фермерлердің, шағын кәсіпкерлердің, жұмысшылардың табысының өсуіне жағдай жасау мемлекеттік шығындарды ұлғайту арқылы шығуды ұсынады.

     Кейнсиандықтың  консервативтік бағыты экономиканы  мемлекеттік реттеуде басты жол  ол пайданы максимилизациялау мен  экономиканың консервативтілігін сақтау деп есептейді.

     Неоклассикалық  мектеп пен оның өкілдері тиімді ақша–несиелік  және фискалды саясат арқылы мемлекеттің  халықтың түрлі бөлігінің табыс  деңгейін анықтауға, инвестициялық  саясатты үйлестіруге, прогрессивті салалық  құрылымдарды ынталандыруға және т.б.  микро және макродеңгейде араласуының  интеграциясын жүзеге асыруға болады деп ойлайды.

     Экономикалық  дамуды мемлекеттік реттеу қажеттілігі  қандай объективті шарттармен негізделген?

     Мемлекет  нарық механизіміне тән кемшіліктерді  түзетуге қажет. Бәрімізге белгілі  нарықтың теріс жақтары бар: барлық адамзатқа тиеселі өндірілмеген ресурстардың сақталуына жағдай жасамайды, мысалға мұхиттың балық байлығы. Нарық шарттарында кей жағдайларда  қабылданған шешімдердің потенциалды  теріс салдарлары ескерілмейді және ұжымдық қолдануға арналған тауар  мен қызмет өндірісі үшін ынталандыруларқалыптастырылмайды, еңбек пен табысқа құқық кепілдендірілмейді, ғылымдағы фундаментальды зерттеудің мақсатты дамуы қамтамасыз етілмейді.Нарық нгізінен әлеуметті қажетті тауар өндірісіне емес, кімде ақша бар солардың қажеттілігін қанағаттандыуға бағытталған.Ол рецессиондық және инфляциялық процестер тән тұрақсыз дамуға ұшырайды. Мемлекет кәсіпкерлерге өзара бәсекелестік кезінде тең шарттарды қалыптастыруға, тиімді бәсекелестік, монополияланған өндірісті шектеуге байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады.Мемлекеттен адамдардың ұжымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық ресурстарды бағыттау талап етіледі, әрі ол қоғамдық тауар мен қызмет өндірісін қалыптастыру керек. Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысуы сонымен қатар оның мүгедектер, балалар, қарттарды асыраумен, еңбен нарығын реттеумен, жұмыссыздықты қысқартумен байланысты.Сондай –ақ сыртқы саясат, төлем балансы мен валюта бағамын реттеу мәселесін ұмытпау керек.

     Жалпы алғанда мемлекет азаматтар қауымдастығының                әлеуметтік-экономикалық және саяси  принциптерін жүзеге асырады.Ол макро  және микроэкономикалық процестердің қалыптасуына белсенді араласады.        

     Нарық шарттарында экономиканы мемлекеттік  реттеу -  бұл шаруашылық етудің өзгермелі  шарттарына әрекет етуші әлеуметтік – экономикалық жүйенің бейімделуі мақсатында құқықты мемлекеттік  мекемелер жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық, бақылаушылық сипаттағы  шаралар жүйесі.                             

     Көптеген  экономистер есептеуінше, экономиканы  мемлекеттік реттеу жалпы экономикалық жүйесінің тең өсуіне жету мақсатында үкіметтің ішкі және сыртқы нарықтардың  жекелеген сегметтеріне микро және макро реттеуіштері көмегімен басқарушылық ықпалының мақсатталған, үйлестіруші  процесі.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсат ағашында басқы және нақты мақсаттарды  бөліп көрсетуге болады.Басқы  мақсаттардың ішінде негізгілері болып  келесілер табылады: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, ұлттық бәсекелестік басымдылықты сақтау, экономикалық қауіпсіздік, нарық механизімінің түрлі жағдайларға  бейімделуі.

Информация о работе Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері