Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:00, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
1 Басқарудың теориялық аспектілері................................................ 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару............................................................................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару........................
3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары................................................................................................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......…………………………………

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.docx

— 98.42 Кб (Скачать документ)

     Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде «билік ету- бағыну» қатынастары туындайды.

     Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде  әртүрлі нысанда болады.Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю.М. басқаруды  әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:

  1. басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
  2. басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
  3. басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.

     Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы  функцияларды жүзеге асыруды айтамыз.Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта  жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару  және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша  түрі болып табылады. Басқару саяси  сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің  мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:

  • басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
  • басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
  • осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
  • оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.

     Кейде барлық мемлекеттік органдардың  қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп саналады. Мемлекет ауқымындағы  және мемлекет атынан жүзеге асрылатын  басқарушылық функцияларының өзіне  тән белгілері мен ерекшеліктері  мыналар:

  1. Мемлекттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;
  2. Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру. Осыған орай мемлекеттік басқаруды кез- келген мемлекеттік орган емес, тек қана арнайы құрылатын атқару және жарлық беру органдары жүзеге асырады;
  3. Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты–атқару қызметін жүзеге асыру. Атқару дегеніміз заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделкті және басқа жағдайларда іске асырылуы;
  4. Мемлекеттік басқарудың белгілі бір материалдық базасы болады. (Бұл жерде айта кететін жай атқару билігіоргандарының бәрінде материалдық база бола бермейдіі. Мысалы: сот билігінде және т.б.)
  5. Мемлекеттік басқару тек кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық түкпірінде, яғни заң талаптарына бағындыруға қажеттілік туындаған жерлерде атқарылатын қызмет;
  6. Мемлекеттік басқару дегеніміз ұйымдастырушы қызмет. Басқару процесінде адамдардың қызметі ұйымдастырылады, олардың арасында қатынастар құрылады.
  7. Мемлекеттік басқару тар мағынада заңды- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Өйткені бұл қызмет-  әкімшілік қызмет.
  8. Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады.Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолдланылады. Заңға сәйкестіктің бір көрінісі мемлекеттік басқару аясында, мемлекеттік басқару органдары  қабылдайтын нормативті актілердің негізінде және соларды орындау мақсатында шығарылады.[4/121]

     Қорыта  келіп айтсақ, мелекеттік басқару  дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік- мәдени және әкімшілік- саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік - өктем ұйымдастырушы қызмет.

     Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, бұл жөнінде пікірталастар өте  көп. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, олардың ішінде Афанасьев В.Г., Козлов Ю.М., Бачило И.Л., көбінесе басқару процесіне тән функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады.

     Функциялардың көмегімен қандайда болмасын басқару  органдарына тән қызметтері жүзеге асырылады.Олар: 1. болжалдау; 2. жоспарлау; 3. ұйымдастыру; 4. басшылық ету; 5. реттеу; 6. бақылау.Осы функциялар жалпы басқару  қызметінің бәріне тән болса, бұлардан басқа арнайы функциялар болуы мүмкін. Олар басқару органдарының ерекшеліктеріне  байланысты белгіленеді. Мысалы, әдістемелік  және техникалық басшылық ету, техниканы  бақылау, іс жүргізу, заң кеңесін  беру,т.б.

     Басқару функциялары негізгі және қосалқы  функциялар болып топтастырылады. Негізгі  функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан  басқарушы қызметтің түрлері  болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы  ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі  функциялар жалпы және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.

     Жалпы функциялар объективті түрде қандай да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға мыналар жатады:

  1. жоспарлау;
  2. ұйымдастыру;
  3. басқару; басшылық ету;
  4. жарлық беру;
  5. бақылау.

     Ал  мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы  қызметті көрсетеді.

     Басқарудың  қосалқы функциясы жалпы және мамандандырылған функциялар шегінен  шықпай басқару процесіне қызмет етуге арналған. Мысалы: іс жүргізу, заңды кеңес беру, шаруашылық қызмет көрсету, т.б.

     Басқару функциялары іс жүзінде басқару  органдарының тиісті іс- қимылдарына  жүргізіледі.Басқару функцияларына  байланысты басқару теориясы басқарушы  ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер  мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.

     Бұл әдістерден мемлекеттік басқару  органдарының мемлекеттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Егер мемлекеттің қоғамдық функциялары мемлекеттің қоғамдық табиғаты мен оның ролі неде екенін ашып берсе, мемлекеттік басқару функциялары оның қалай және қандай жолдармен іске асатындығын көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары басқарудың тұтас субъектісі ретінде мемлекеттің өзара байланыстарын сипаттайды және ашып береді. Мемлекеттік басқару функциялары:

  • ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция.Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;
  • сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.
  • жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады1.

     К. Киллен жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру, бақылауды бөледі1; Г. Кунц, С.О, Доннел – жоспарлау, Ұйымдастыру, жетекшілік пен лидерлікті көрсетеді2. Әрекеттердің тізбектілігі мен сипаты бойынша басқарудың жалпы функцияларына келесілерді енгізуге болады: ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, кадрлық қамтамасыз ету мен бақылау.

  • мемлекеттік басқарудың арнайы функциялары жеке ықпалдың ерекше мазмұнын білдіреді. Ол басқаруда өзара әрекеттесуші компоненттердің көп түрлілігімен шарттас.Олар әдетте жеке салаларда, сфераларда, мемлекеттік басқарудың бөліктерінде іске асырылады. Арнайы функциялар басқарылатын объектілердің түрлері бойынша бөлуге болады. Мысалы: қаржыландыру, инвестициялау, лицензиялау, еңбек пен жалақыны реттеу т.б.

     Әкімшілік құқық саласының белгілі ғалымы Бахрах Д.Н өз еңбегінде мемлекеттік  басқару жөніндегі жаңа тұрғыдан қалыптасқан көзқарастарын былайша  түсіндірген: мемлекеттік билік  әлеуметтік биліктің бір түрі болып  табылатындықтан оның өзіне тән  ерекшеліктері болады:

    1. әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;
    2. ол адамдардың арасындағы , олардың өз еріктерімен сана сзімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субьектілері мен обьектілері арасындағы қатынастарды көрсетеді;
    3. бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субьектінің басқа адамның еркіне, тәәртібіне тигізетін қабылетімен байланысты болады;
    4. Билік әртүрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.[5/45]

       Мемлекеттік басқарудың өзіне тән тағы мынадай ерекшеліктері бар. Олар:

  1. Мемлекеттік басқару – осы аядағы басқару органдарының, яғни тек басқару жөніндегі мемлекет тарапынан уәкілдік берілген өкілетті мемлекеттік органдардың күшімен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік басқарудың негізгі бағдар- бағыты, басқару ісінің негізгі мән- маңызы – атқару–жарлық беру қызметтері. Бұл қызметтер мемлекеттің алға қойған міндет- мақсаттарын орындау үшін шығарылған заңдарды іс жүзінде іске асыру, сол заңдардың орындалуын көздеп және солардың    негізінде  (белгіленген шеңберден шықпай)        атқарылатын іс- қимылдары болып табылады. Атқару мемлекеттік басқарудың басты және өзіне тән белгісі ретінде көрініс табады. Сонда атқару дегеніміз мемлекеттік басқару қызметін мемлекет тарапынан қабылдаған заңдарға немесе басқа да заң күші бар нормативтік актілерге сай ,соларға негіздеп іс жүзінде іске асыру;
  3. Мемлекеттік басқару мемлекеттік- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Басқару істері өздеріне бағынышты салалар мен объектілерді басқарушылардың өз өкілеттіктері шеңберінен шықпай өктем- бұйрық беру, яғни жарлық ету арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік- өктем, яғни өктем- ұйымдастыру түрінде жүргізілетін биліктің көрінісі болып табылады;
 
    1. Мемлекетті  басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары
 

     Мемлекеттік басқарудың нақты әдістері екі топқа  бөлінеді:

  • экономикадан тыс ықпал ету әдістері, яғни басқарылушы объектілерге міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын іске асыру;
  • экономикалық ықпал жасау әдістері- бақылаушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде әсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.

           Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің  объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық  – құқықтық категорияларды бөліп  шығаруға болады:

  1. адамдардың әртүрлі ұжымдары;
  2. өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т.б.
  3. мемлекеттік басқару салалары;
  4. мемлекеттік басқару аялары;
  5. мемлекеттік басқару облыстары.  

         Мемлекеттік басқару функциялары  мемлекеттік және мемлекеттік  емес ұйымдарға , сондай- ақ азаматтарға  байланысты жүзеге асырылады. 

     Осыған  орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге  болады:

  1. мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;
  2. мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;
  3. азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.

     Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады.Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару  кезінде басқару органы заңды  тұлғалар – басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.

     Мемлекеттік басқаруға жалпы сипаттама берген кезде атқару қызметінің басқару  органдарына тән екенін есепке алу  қажет. Сонымен қатар олардың  әртүрлі мәміле жасайтындарын және материалдық- техникалық операцияларды  жүргізетіндерін ұмытпаған жөн.

     Әлеуметтік  басқару қоғамдық (саяси) және тарихи ұғым болып табылады. Себебі ол қоғамда  туындап дамиды, адамдардың өзара  қатынастарын бекітеді. Ал оның мәні, әдістері және т.б. қоғамдық – тарихи даму процестерінде  өзгеріп тоырады.

     Ф.Энгельс  өзінің «Происхождение семьи, частной собственности и государства» атты еңбегінде : «управление было одним из необходимых условий существования общества, не знавшего государственности» деп көрсеткен болатын.[6/72]

Информация о работе Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері