Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:00, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - «Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері». Бұл тақырыпты қазіргі таңда нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген мемлекеттің ұстанатын саясаты, басқару әдістері мен тәсілдері экономикаға тікелей әсер ететін болғандықтан таңдап алдым. Басқару ұғымы жер бетінде адамзат алғаш пайда болған кезеңде пайда болған. Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде-ақ адамдар мен тайпалар арасындағы, рулар арасындағы талас-тартыс, дау-дамайды шешу үшін ақсақалдар билігі болған және сол кезеңде адамдар бір-бірінің жауларынан қорғану үшін, бірге аң аулап, тамақтану үшін біріге бастаған. Осылайша адамдар тобынан тобыр, тобырдан – ру, рудан – тайпа, тайпадан – мемлекет пайда болған. Алайда басқару мемлекет құрылмастан бұрын пайда болған. Сондықтан басқару түсінігі мемлекет түсінігінен де кең әрі тарихы тереңде жатыр.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................
1 Басқарудың теориялық аспектілері................................................ 2
1.1 Мемлекетті басқару түсінігі, функциялары мен ерекшелігі..........
1.2 Мемлекетті басқарудың негізгі әдістері, түрлері мен қағидалары.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік басқару............................................................................
2.1 ҚР экономика және әлеуметтік салаларды басқару........................
3 Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру жолдары................................................................................................
3.1 Шетел тәжірбиесіндегі мемлекеттік басқарудың үлгілері.................
3.2 Жергілікті өзін-өзі басқару құзыреті………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......…………………………………

Работа состоит из  1 файл

Курсовая работа.docx

— 98.42 Кб (Скачать документ)

     Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілері  бойынша бөлінеді, алайда жалпы және жеке мүдделердің байланысының қажеттілігінен туындайды.

     Реттеу  объектілеріне ұлттық экономиканың мемлекетаралық одақтарының ұлттық деңгейін, нарық ретеуіштерінің көмегімен  шешілмейтін мәселелер туындайтын жеке секторлар мен аймақтарды жатқызуға  болады.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып басқарудың орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды органдары шығады. Мемлекеттік реттеудің  келесідегідей түрлерін бөліп көрсетуге  болады:

  • шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм.Ол КСРО – ге және кеңестік қауымдастық елдеріне тән болды, алайда қазіргі уақытта ол кейбір посткоммунистік елдерде сақталған ;
  • мемлекеттік және нарықтық реттеуіштердің түрлі аралас нұсқалары. Ол «жапондық», «шведтік» модельдерде, ГФР–ның, Австрияның әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық моделінде және дамудың «қытайлық» нұсқасында жүзеге асрылған;
  • шекті либерализм, ол тек қана шексіз жеке кәсіпкерліктің  шарттарын тиімді деп есептейді. Ең алдымен ол АҚШ–на тән. Мемлекеттік реттеудің тиімділіг күшті, заңдық, атқарушылық, және соттық мемлекеттік биліктің болуымен анықталады.

     Мемлекеттік реттеудің институционалды құрылымы өз құрамына әкімшілік органдарды кіргізеді. Экономикалық мүдделердің жүзеге асу  мүмкіндіктері мен шешім қабылдау тізбектілігін анықтайтын басқарудың бұл органдарының ерекшелену деңгейі  елдегі басқарудың орталықтандырылу деңгейінен тәуелді. Осылайша Ұлыбритания үшін Франциямен салыстырғанда саясат үстінен  бюрократияны    бақылаудың  орталықтандыру    деңгейі   әлдеқайда төмен. АҚШ–тың жоғарғы  әкімшілік құрылымдарында автономдық органдар саны басым болып келеді. ГФР–ға басқарудың неғұрлым интеграцияланған жүйесі тән, яғни мүдделердің және олардың  модельдерінің агрегатталуы мен  бірлесуінің механизмі. Осылайша корпаративтік  модель мүдделердің теңдікте болуына  жету үшін арнайы институттарды құру қажет. Бұл Швеция мен Жаңа Зеландияның  либералды корпоратитизмі, Жапониядағы  жеке капитализм, Швейцариядағы «социетарлы » капитализм.

     Плюралистік модельде (Италия мен Ұлыбритания) мүдделерді келістірудің арнайы механизмі жоқ. Олар парламенттің, үкіметтің, кәсіподақтар мен партиялардың қатысуымен саяси  процестер шегінде жүзеге асырылады.

     Қорытындылай  келе, мемлекеттің белгілі бір  органдары көмегімен мемлекеттік  реттеудің негізгі екі түрін  бөліп көрсетуге болады:

  1. Реактивті (бейімделу) моделі АҚШ – қа тән. Ол нарықтың өзгерістеріне нақты икемделеді. Бұл реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің қозғалмалығымен, макро және микро деңгейде тікелей және жанама ретеу рычагтарының варияциялануымен, жеке бизнес пен мемлекеттің бірлесіп қызмет етуі үшін меншіктің түрлі нысандарының қосындысымен қамтамасыз етіледі.
  2. Мемлекеттік реттеудің проактивті моделі (Жапония ) жоспарлауды қолдану арқылы, мемлекет пен кәсіпкерлер арасында  келіссөздер жүргізу барысында  үйлестіруші және түзетуші  ұсыныстарды қолдану және мемлекеттік араласу көлемінің «нақты» улесі жолымен нарықтық механизмдегі  болуы мүмкін тоқталымдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

           Қазақстан Республикасының  қазіргі жағдайын келесідей сипаттауға болады. Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтар- ақпанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 491,6 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 8,9% артық. Өндірістің көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,6%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 5,0% өсті.

     Ауыл  шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 35,7 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,9% артты.жүк тасымалдаудың жалпы  көлемі (көлік емес ұйымдар мен  коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің  бағасын есепке алғанда) 253,9 млн. тоннаны  құрап, 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% артты. 

     Есепті  кезеңде бөлшек тауар айналымының  көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 159,1 млрд. теңге болып 2003 жылдың қаңтар- ақпанымен салыстырғанда 5,5% артты. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 124,9 млрд.теңгені құрады ,бұл 2003 жылмен салыстырғанда 21,6%- ға көп. 2004 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша  республикада 193190 шаруашылық субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 142066 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды  тұлға – 130400. Олардың ішінде шағын  кәсіпорындары – 105571, олардағы шағын  бизнес субъектілері – 92964.

     2004 жылдың қаңтарында Қазақстанның  сыртқы сауда айналымы (кеден  статистикасының деректері бойыншаұйымдаспаған  сауданы есепке алмағанда) 2187,5 млн.  АҚШ долларын құрап, 2003 жылмен  салыстырғанда 54% өсті, соның ішінде  экспорт 1402,3 млн. АҚШ долларына  (47% өсті), импорт – 785,2 млн.АҚШ  долларына өсті (69%).

     Баға  саясатын қарастырғанда 2004 жылдың ақпанында  тұтыну бағаларының индексі 2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 101,1% құрады. Азық- түлік тауарларының бағалары мен тарифтері–1,9%, ақылы қызметте – 0,5%, азық- түлік емес тауарлар – 0,1% өсті. 2004 жылдың ақпанында өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындардың бағасы 2003 жыл желтоқсанымен салыстырғанда 2,6%өсті.

     Қаржы секторында  2004 жылдың 1 ақпанына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 104,4 млрд. теңгені құрады, бұл        2003 жылдың 1 ақпанына қарағанда 14,8% аз, шығыстар мен кредиттеу –44,2 млрд. теңге (4,7% аз). Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2004 жылдың қаңтарындағы қаржылық нәтиже табыс есебінде 95,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,1% көп. Пайдалылық деңгейі – 36,9%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі – 38,7% құрайды.

     2004 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкінің деректері бойынша  екінші деңгейлі банктердің экономика  салаларына салған кредиттік  салымдары 974,6 млрд. теңгені құрайды.  Олардың көбеюінде тұрақта серпін  байқалады. Кредиттік салымдардың  жалпы көлемінде ұзақ мерзімді  кредиттер үлесі -  62,7%, шет ел  валютасындағы кредиттердің үлесі  - 53,7%. 2004 жылдың 1 ақпанындағы банк  жүйесіндегі депозиттер көлемі 738,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен  жылмен салыстырғанда 26,9% көп.  Соның ішінде халықтың депозиттері  тиісінше 334,6 млрд. теңге болды, бұл  31,7% көп. 

     Еңбек нарығы мен еңбекке ақы төлеу  саласында 2004 жылдың ақпанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 712,9 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына 9,4% құрады.

     2004 жылдың қаңтарында қызметкерлерге  есептелген орташа айлық атаулы  жалақы 24846 теңге болып, өткен  жылмен салыстырғанда 18,5% артты.  Нақты жалақы 9,4% құрады.

     Халықтың  табыстары бойынша 2004 жылдың ақпанында бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 109222 теңгені құрап, 2003 жылғы қаңтармен салыстырғанда – 19,9%, ал нақты ақшалай табыстары – 12,7% артты.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында Қазақстанның  өнеркәсіп кәсіпорындарында        (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 491,6 млрд. теңгенің  өнімін өндірілді, бұл 2003 жылмен  салыстырғанда 108,9 % құрады. Есепті  кезеңде өндіріс көлемінің өсуі 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  Ақмола және Оңтүстік Қазақстан  облыстарынан басқа республиканың  барлық өңірлерінде байқалды. 

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында кен  өндіру өнеркәсібінде 236,1 млрд. теңгенің  өнімін өндірілді,бұл 2003 жылдың  қаңтар- ақпандағы деңгейінен 11,5% жоғары. Көлемнің өсуі негізінен газ  түріндегі табаиғи газды ( тауарлы  шығарылым) (47,3%- ға); газ конденсатын  (20,2%- ға); шикі мұнайды (10,3%- ға); көмірді  (3,2%- ға)  шығарумен қамтамасыз  етіледі.Сондай- ақ агломерленбеген  темір кендері: теміркенді шекемтастары; қорғасын- мырыш және хром кендері;  құм және қиыршық тас 2003 жылдың  қаңтар- ақпанынан артық өндірілген.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында өңдеу  өнеркәсібінде 202,1млрд. теңгенің  өнімін өндірілді, бұл 2003 жылдың  қаңтар- ақпандағы деңгейінен 7,6% жоғары, бұл резина және пластмасса  бұйымдар (1,6 есе), машина жасау (43,2%); өзге де металл емес минералды  өнімдер (36,1%- ға); целлюлоза- қағаз  өнеркәсібі, баспа ісі (11,2%- ға); сусындарды  қоса тамақ өнімдері (9,6%- ға);қара  металлургия (7,8Ғ- ға); тоқыма және  тігін өнеркәсібі (6,6%- ға) өндірісі  көлемінің артуы есебінен қамтамасыз  етілді.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында 48,5 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі  қайта өңделді, соның ішінде  сусындарды қоса тамақ өнімдерін өндіру 43 млрд.теңгені немесе 2003 жылғы тиісті кезеңнің деңгейіне 109,1% құрады. Шұжық өнімдері;тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майы; жеміс және көкөніс шырындары; сары май; ақтаған күріш; қант; макорон; майонез өнімдері сияқты өнімдерді өндіру артты. Сондай- ақ минералды су және алкргольсіз сусындар (2 есе), коньяк (52,1% -ға), сыра (38,6%–ға) өнімдерін көптеп шығару қамтамасыз етілді. 

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында тоқыма  және тігін өнеркәсібінде 8,7 млрд. теңгенің өнімін өндірілді, бұл  2003 жылдың қаңтар- ақпандағы деңгейіне  свитерлерді, жемпірлерді, пуловерлерді, кардигандарды және ұқсас трикотаж  бұйымдарды (46,6%-ға), маталарды (9,3%-ға), мақта талшығын (4,6%-ға) шығарудың  өсуіне байланысты 106,6%  құрады.

     Үсті  былғарыдан тігілген аяқкиім (24,3%-ға) және ірі қара малдың немесе жылқы тектес малдардың қылшықсыз терісінен  дайындалған былғары (5,1%-ға) шығару есебінен былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқкиім өндірісінде  өнімнің 0,8%- ға өсуі қамтамасыз етілді.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында кокс, мұнай  өнімдерін және ядролық материалдарды  өндіруде нақты көлем индексі  өткен жылғы тиісті кезеңмен  салыстырғанда 94,7% құрады. Мұнай  өңдеу өнімдерін шығару 13,8%-ға  төмендеді, бұл негізінен моторлық  отынды (соның ішінде авияциялық  бензин) (98,3%); газоильдерді (85,2%); басқа  топтамаларға қосылмаған мұнай  отынын (мазут ) (74,7%) өндірудің азайғандығына  байланысты.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында химия  өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,2 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылғы  қаңтар-ақпандағы деңгейге фосфор, моногидраттағы күкірт қышқылын, ортофосфор қышқылын, натрий бихроматын, минералды немесе химиялық азотты  тыңайтқыштарды өндірудің  артуы  есебінен 118,6%  құрады.

     Өзге  де металл емес минералды өнімдердің өндірісінде өндіріс 36,1%- ға өсті, бұған  өнімнің силикат және қож кірпіштері (1,9 есе), бетоннан жасалған құрама құрылыс  конструкциялары (1,7 есе), керемикалық  тақтайлар мен тақтайшалар (45,1%-ға), цемент (31,4%-ға) өндірісінің артуы  есебінен қол жеткізіледі. 

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында метеллургия  өнеркәсібінде және металдан  жасалған дайын бұйымдар өндірісінде  89,2 млрд .теңгенің өнімі өндірілді,  соның ішінде қара және түсті  металлургия өнімі- тиісінше 40,4 млрд. және 43,5 млрд. теңге. Бүкіл қызмет  түрі бойынша 2004 жылы қаңтар- ақпанында  нақты көлем индексі 2003 жылғы  қаңтар- ақпанман салыстырғанда  103,4% құрады. Сондай- ақ ақ қаңылтыр  және қалайыланған жаймалық илектер  (11,5%- ға), жазық илектер (9,3%-ға), болат  (9,1%-ға), шойын (6,4% -ға), өңделмеген  мырыш (4,7% –ға ), өңделмеген алюминий, алюминий тотығы (3,4%- ға) өндіріс  өсті.

      2004 жылдың қаңтар- ақпанында машина  жасау саласында нақты көлем  индексі 2003 жылғы қаңтар- ақпанындағы  деңгейге 143,2%  құрады, бұл көлік  құралдары мен жабдығын (1,6 есе); машиналар  мен жабдық (40,9% - ға), электр жабдығын, электрондық және оптикалық жабдық  шығаруды (23,9%-ға) арттыруға байланысты еді. Сұйықты айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғылар, шарик немесе ролик подшипниктері, электр аккумуляторлар, теледидарлар, магнитафондар мен дыбыс жазатын өзге де аппаратуралар, электрлі трансформаторлар өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында электр  энергиясын, газ бен су өндіруде  және бөлуде нақты көлем индексі  2003 жылғы қаңтар- ақпанмен салыстырғанды  электр энергиясын өндіру мен  бөлу (8,3%-ға ); бумен және ыстық  сумен жабдықтау көлемінің  (2,6% - ға) өсуі есебінен 105 % құрады.

     2004 жылдың қаңтар- ақпанында құрылыс  жұмыстарының көлемі жете бағалауды  есепке алғанда 29,8 млрд. теңгені  құрады, бұл 2003 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 1,5% жоғары. Республиканың 12 өңірінде құрылыс көлемі 2003 жылмен салыстырғанда асып түсті. Көлемнің едәуір өсуі Оңтүстік Қазақстанда- 2,2 есе, Коостанайда-1,9 есе, Акмолада-1,6 есе, Атырау, Қарағанды, Павлодарда-1,5 есе, Алматыда-1,4 есе, Маңғыстау мен Ақтөбеде-1,3 есе, Астанада- 1,9 есе болып отыр.

Информация о работе Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері