Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:15, контрольная работа

Описание

Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.

Содержание

Кіріспе 2

I. Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы
Еңбек нарығы туралы түсінік 6
1.2 Еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке 8
1.3 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы 11

II. Еңбек нарығының көрсеткіштері
2.1 Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері 13
2.2 Еңбек нарығында жалданып жұмыспен қамтылу 17
2.3 Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері 19

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

Реферат №2 срсп Персонал Бас..doc

— 250.50 Кб (Скачать документ)

"Еңбек  құқығын шынайы түрде қалай түсінуге болады, егер жалпы алғанда ол — жұмыс орнын сақтап қалуға жақсы мүмкіндігі бар қалаулы жұмысшылардың құқығы болса және егер осындай еңбек құқығынан тыс құрылымдық жұмыссыздықтьң экономикалық моласы ашылған болса?

         Әр түрлі үш үлгіні салыстыруға болады: өмір бойы және 
уақытша жұмыс алушылары бөлінген нарықтық экономикасы бар 
дамыған елдердің енбек нарығы (Жапония);  кіші қорғалған және 
үлкен   қорғалмаған   секторлары    бар   дамушы   елдер   (Үндістан); 
халықтың толық жұмыспен  қамтылуына  ұмтылған,   бірақ жұмыс 
күшін     толығымен     пайдаланбайтын,     тырысқан     жоспарланған 
экономикасы бар елдер (бұрынғы КСРО елдері).

Еңбек нарығының сегменттенген табиғаты экономикалық құрылыс пен жұмыс  кепілденуінің пайда болған талаптарын шешуге   тырысу   нәтижесінде  қалыптасқан   формальдану  үстінде.                                 .                                                            
        Басқа   сөзбен   айтқанда,   басқарушылары   өз   "Ынтасы   бойынша'' 
жалдаған кезде таңдауға ерікті. АҚШ-тың бірікпеген секторларында 
көрінетіндей жұмыстан шығару мен қабылдау икемділігін сақтауға 
мүдделілср мен тұрақты қызмет ететін жұмыс күші, кейде болмашы 
нарық   адамдары   —   жастар,   әйелдер   мен   шетелдік  жұмыс   күші 
арқылы да жұмыс орындарының сақталуына мүдделі кәсіподақтар 
арасында қақтығыс бар.

Басқарушылар  экономикалық төмендеу, сондай-ақ, инновациялар  сияқты   (мысалы,    микропроцессорлар)   технологиялық өзгерістерден     туындаған     мәселелермен     кездескен     кезде     өз компанияларьның    экономикалық    дамуын бейімдей    бастайды.                                      .                                                    
         Еуропадағы басты мәселелерге төменгі өнімділік псн еңбектің төмен 
төленуі   жатады   (Ұлыбритания,   Греция   жонс   Португалия).   Бұл 
елдердегі   басқарушылар   тобьның   үнемі   шағымданатыны   артык, 
тұлғалардьң қысқаруына байланысты, мысалы, жартылай төлемдер 
жасау, аударып төлеу және бос орын пайда болған жағдайда бірінші 
етіп   қайта   жалдау  жөнініде   уәде   беру   арқылы   компания   мен 
өндірістік    деңгейдегі    лауазымдардың    көбеюіне    алып    келетін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке

 

Еңбек нарығында  да сұраныс пен ұсыныс заңдары  әрекет етіп жұмыс күшін сатып  алу және сату жеьілген және жеьілмеген бәсеке жағдайларында жүреді. Еңбек  нарығында сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін ерекше «баға тепе-теңдігі» орнайды. Мемлекет пен кәсіподақтың еңбек нарығына әсері ерекше. Әуелі жұмыспен қамтудің класикалық концепциясын қысқаша қарайық. Классикалық теория деп Маркстік емес әдебиеті, әлбетте ағылшын мен американдықтардың ториясын түсінеді. Олар Рекардодан Маршыллға, Кигу және тағы басқалары Ортодопсиальдық ( алған беттен қайтпайтын) теорияларға табан тіреп жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекті ұсыну қызметін құруға, оны жетілген бәсеке нарық жағдайында да пайдалануды ұсынды. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген кәсіпкерлер сұранысы мен жекелеген жұмыскердің ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген рыноктарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны 2 көрсеткішпен анықталады. Нақты жалақы мен шекті еңбек өнімінің құны (оның ақшалай көрінісі). «Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім құны төмендейді. Қосымша жұмыс күшін қамту шектеулі өнім құны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқталады.

Жұмыс күшіне сұраныс жалақы көлеміне, керісінше, тәуелділікте, жалақы өскенде, басқа жағдайлар тең болғанда кәсіпкер теңдікті сақтау үшін еңбекке сұранысты азайтуға тиіс, ал жалақы төмендегенде еңбекке сұраныста артады. Жалақы мөлшері мен жұмысшы күшіне сұраныс арасындағы функционалдық тәуелділік еңбекке сұраныстың төмендегі графигтегі қисық сызығынан көрінеді.

Абциса-сызығына –еңбекті талап ету мөлшері  «L», ал ордината белдігінде  нақты жалақы көлемі (WP) керсетілген. LD қисық сызықтағы әрбір нүкте белгілі жалақы мөлшерінде еңбекке сұраныстың қанша болатынын көрсетеді. Қисық сызықтың конфигурасы мен оның бағыты (көлбеуі) ең төмен жалақыға жоғары сұраныс керісінше жағдайды көрсетеді.

Еңбекті ұсыну қызметі басқаша. Бүл да өндірістік қызмет көрсеткені үшін алатын нақтылы жалақының мөлшеріне байланысты. Әдетте (кейде басқаша болуы мүмкін) еңбекте нарықта сатушылар жалақының өсу кезінде жетілген бәсеке жағдайында оларды ұсынуды артырады.  Сондықтан еңбекті ұсыну қисық сызығы  (38, б-суретте)     еңбекке    сүранысқа    қарағанда    басқа    түрде көрінеді.

 

Қоғамдағы жиынтық еңбек П. Самуэльсонның (Эконо-мика. М., 1964, 605-бет) пікірі бойынша төрт керсеткіштен анықталады:

  1. Халықтың жалпы саны;
  2. Жалпы түрғындардың ішіндегі еңбекке жарамдылардың орташа саны;

3. Жыл   немесе   апта   бойында   еңбекке   жұмсалған сағаттың сапасы;

4. Жүмысшының жұмсаған еңбегінің саны мен мамандығының саласы.

Екі графикті еңбекке сүраныс пен ұсынысты біріктірместен бұрын енбекті үсынуды сипаттайтын бір экономикалық құбылысқа тоқталған жөн. Шынында ол біреу емес екі құбылыс, олар орнын қамтумен байланысты табыстың тиімділігі деп аталады. Бұл тиімділікті біз белгілі бір топтың еңбек ұсынысына жалақы ставкасын көтерудің қалай әсер еткенін білгіміз келгенде көрінеді. Әлбетте мұнда еңбекті ұсыну өсуге тиісті, бірақ осындай қорытынды жасауға асықпау керек, бұл "ойынға" еңбек орнын   басу   мен   табыс   тиімділігі   деген   қатысушылар қосылады.

Бұл экономикалық психологиялық тиімділікті талдау үшін П. Самуэльсон ұсынған графикті алайық.

39-суретте жұмыс уақытының жалпы санын көрсететін қисық сызық берілген. Осы уақытта жалақы мөлшеріне қандай да болмасын еңбекші тобы жүмыс істеулері керек. Бұрын келтірілген еңбекті ұсыну сызығынан мүның ерекшелігі өзінің конфигурацияларында жатыр.

С  нүктесіне  дейін  бізді   қызықтыратын   қисық  сызық жалақы өскен тустағы еңбекті ұсынуды көрсетеді, ол ординат өсінен қашықтайды,  Алайда С нүктесінен өткеннен кейін ЬС  багытьт өзгертеді.   Ол  иіліп,   тағы да  ординат өсіне жақындайды,  бір карағанда таңқаларлық жағдайды көрсетеді.   Жалақы   өскен   сайын   еңбекті   ұсыну   азаяды. Сонымен   жалақыны   белгілі   бір   мөлшерге   (...С)   дейін көбейту еңбекті  ұсынуды өсіреді,  ал белгілі бір деңгейге жеткенге (BС) ол жалақының әрі қарай көбеюі салдарынан төмендейді. Бірақ осы себеп — жалақының; ұлғаюы еңбекті ұсынуды  қысқартады.   Бұл   қалай  жүреді?  Жалақы  өскен кезде әрбір атқарған сағат  кеп  төленеді,   еңбектің  әрбір бос өткен уақыты ұлғайған шығып, дәлірек айтсақ уыстап шашқан игілік сияқты қабылданады.  Осы ысырап болған бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Сөйтіп бос  уақытты пайдалану өскен жалақысына  сатып алған    көп     тауарлар    және     қызмет    көрсетумен    толықтырылады.   Жоғарыда   суреттеген  процесс  алмастыру, жұмыс  орнын  қамту  тимділігі  деп  аталады.   Келтірілген 39-суретте орнын басу,   ауыстыру   тиімділігі  С нүктесіне дейінгі   сызықты,   яғни  еңбекті   ұсыну   сызығының  солға, ординат  өсіне  бүрылудың  басталуына  дейінгі  аралықты алады. Табыс тиімділігінің әсері орын басуға, алмастыруға қарсы    және    оның    жұмысшылардың    материалдық    әл-ауқатын   жоғары  деңгейіне  жеткенде  әсері   айтарлықтай болады.   Мысалы,  нан проблемасы   шешілгенде біздің бос уақытымызға көзқарас та өзгереді. Ол біздің жалақымызға әсер етпей,  куаныш пен рахатқа айналып уақытымызды басқа  игіліктерді жұмсауға жағдай  жасайды,  Сөйтіп көп тауар   сатып   алумен  қатар,   көп   бос   уақыт  болғаны  да қисынға келеді.  Ал бұл еңбекті ұсынуды қысқартып,  бос уақытты   қолдағы   еме>   қосымша   жұмысқа   кететін   бос уақыттан түсетін ақшаға сатып алу мүмкіндігін береді.

Табыс эффектісі тиімділігі LC қисық сызығындағы С нүктесінен өткен соң басым болады;, ол жалақы өскен тұста еңбекті қысқартудан көрінеді. Нақты тәжірибеде жұмысшылар қысқартылған жұмыс күніне немесе аптасына көшіп, қосымша демалыс күні мен демалысқа (кейде "өз есебінен")  шығады.

Берілген  жалақы денгейінде қайсысы тиімді (орын басу мен табыс) күшті болады деген сүраққа дәл жауап жоқ. Өйткені нақты жалақының өсуіне жекелеген адамдар мен топтардын бұған қатынастары әр түрлі.

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы

 

Сатушылар немесе сатып алушылар нарықтағы ресурстардың  бағасына әсер ете алатын болса, ондай нарықты жетілмеген бәсекелі нарық дейді. Ресурстарға сұраныс дайын өнімдердің сұранысына байланысты болғандықтан, ресурстар нарығы тауар нарығымен байланысты талданады. Бұл тақырыпта еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығындағы  тепе-тең еңбекақы ставкасының қалыптасу механизмдері мен жұмысбастылық мәселелері қарастырылады.

Тауарлар мен қызметтерді  өндіріп сататын фирмалар тауар  нарығы мен еңбек нарығында  бәсекелі фирма болуы мүмкін.Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмаларда болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегінің әр түрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларында байланысмта еңбекақының ставкасы қалыптасады.

Еңбекақы мен жұмысбастылықтың  деңгейіне кәсіподақтар тарапынан  бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс  күшінің ұсыныс реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге , жұмысқа жалдаушылар мен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.

Нарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен  келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды. Соған қарамасытан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі. Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі. Оны жетілмеген бәсеке нарығының кемшілігі   деп те атайды.

Нарық тиімді қызмет істеу  үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың альтернативті құнын  көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда альтернативті  құны қайтарылмаса, өндірушінің тауарды  өндіруге ынтасы болмайды.

Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы  бағада есептелінбей қалады.

Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды сыртқы әсерлер дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық).

Жағымсыз сыртқы әсерлер  бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресурстадың құны. Жағымсыз сыртқы әсердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан , одан балық аулап күн көретін , көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар , қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.

Кейбір экономистер  қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптимальды мөлшерін анықтау қажет деген ой айтылады. Оның мәнін  келесі кестеден көреміз.

 

                          Қалдықты тастаудың

    Қалдықтар          шекті құны   


    (теңге)                                      Ластаудың шекті


                                                         әлеуметтік шығыны

                                                                        


                                                                        Ластаудың оптимальды

                                        


                                          Е                      

                                                                              мөлшері


                                                      

 

Қалдықтар (тонна)

 

Е нүктесінде  қалдықты қоршаған ортаға шашудың шекті құны ластаудың шекті әлеуметтік шығынына тең. Демек, осы теңдікпен ластаудың оптимальды мөлшері анықталынады. Егер ластау мөлшері оптимальды мөлшерден асып кетсе, қоршаған ортаны қосымша ластаудың шығыны оның пайдасынан көп. Яғни, Е нүктесінің оң жағында ластауды төмендету қажет және оған бағытталған қаржы орынды деп есептелінеді. Ал егер ластау мөлшері оптимальды мөлшерден кем болса, қоршаған ортаға тастаған қалдықтың шекті құны әлеуметтік шығыннан көп. Сондықтан Е нүктесінің сол жағында ластауды төмендету қажет емес және оған бағытталған қаржы тиімсіз болады деген ойлар айтылады. Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. Өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды  әлеуметтік  шығындар дейміз.(TSC) . Ол жалпы жеке шығын  (ТРС) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы:

Информация о работе Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы