Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:15, контрольная работа
Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.
Кіріспе 2
I. Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы
Еңбек нарығы туралы түсінік 6
1.2 Еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке 8
1.3 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы 11
II. Еңбек нарығының көрсеткіштері
2.1 Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері 13
2.2 Еңбек нарығында жалданып жұмыспен қамтылу 17
2.3 Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Ағымдағы жылдың мамырында ірі және орта кәсіпорныдарда 2,7 млн адам жұмыс істеді немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 56,3%-ы. Өткен жылдың тиісті айына қатысты олардың саны 120 мың адамға немесе 4,7%-ға өсті. Қызмет көрсету саласында олардың сәні 96,1 мың адамға (6,3%), өнеркәсіпте және құрылыста – 37,6 мың адамға (4,4%), ауыл орман және балық шаруашылығында – 13,7 мың адамға (8,5%) өсті.
2011 жылдың мамырында жұмыс күшінің келуі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда құрылыста (22,3 мың адам немесе 12,6%), жылжымайтын мүлікпен жасәлатын операцияларды жүзеге асыру саласында (17,2 мың адам немесе 11,7%) байқалды. Саудада жұмыс істейтіндер саны осы кезең ішінде 12,3 мың адамға (19%), мемлекеттік басқаруда 10 мың адамға (5%), денсаулық сақтауда -9,4 мың адамға (3,7%), қаржы қызметінде – 6,6 мың адамға (16,9%) өсті. 2006 жылдың мамырында ірі және орта кәсіпорында бір қызметкер 155,9 сағат жұмыс істеді. Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы 7,4 сағатты құрады.
2011 жылғы мамырдың соңында ірі және орта кәсіпорында 19,5 мың бос жұмыс орны болды (тізімдік санға 0,7%). Өткен аймен салыстырға олардың саны 121 бірлікке немесе 1%-ға өсті. Ең көп бос жұмыс орны саны өнеркәсіпте сақталды – 5765 бірлік (олардың жалпы санынан 29,5%), мемлекеттік басқаруда – 5462 бірлік (олардың жалпы санынан 29,5%), мемлекеттік басқаруда -5462 бірлік (28%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру саласында -1922 бірлік (9,8%), қаржы саласында -1484 бірлік (7,6%).
2.3 Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Елдегі қалыптастырып жатқан экономикалық қатынастарды түрлендірудің маңызды көрінісі еңбек маңызды көрінісі еңбек ресурстарын қалыптастыру болып табылады. Жұмыс күшінің сапасын артыруда, оны бөлуде және қайта бөлуде, сонда-ақеңбек уәждесімесін жоғарылатуда бұл процесс өте үлкен рөл атқарады. Ауылдық еңбек нарығында қазіргі қалыптасып отырған жағдаят жұмыс күші ұсынысының оған деген сұраныстан әлдеқайда артық болуымен сипатталады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің қысқаруына, ауылдағы әлеуметтік және басқа да салалардың шектен тыс ықшамдалуына, сонымен бірге қайта ұйымдастырылған кәсіпорындардың еңбекті интенсивтендіруге бағдарлануына байланысты болып отыр. Соның салдарынан ауылдағы халықты жұмыспен қамту мәселесі тым ушығып отыр. Соның салдарынан ауылдағы халықты жұмыспен қамту мәселесі тым ушығып кетті.
Селодағы еңбек ресурстарын дамытудағы негізгі фактор демографиялық процесс болып саналады. Бірақ соңғы жылдары ауылдағы халық санының кемігенін (2003ж.-6542,4 мыңнан 2006ж. -6472,2 мыңға дейін) байқалады (солтүстік өңірде 23,3%, оңтүстікте 49,8% батыста 14,3% шығыста 9,2% орталық өңірде 3,4%).
Табиғи өсім көрсеткішіне қарағанда біздің республика ТМД елдерінің ең соңында емес. 2011 жылы республикадағы табиғи өсім негізінен алғанда батыс және оңтүстік өңірлердегі туудың жрғары болуымен қамтамасыз етілді. Алайда табиғи өсімнің 67 мың адам болғанын біздің республика үшін жеткілікті деуге болмайды. Тек соңғы бес жылдағы көші-қон себебінен болған халықтың азаюын толықтыру үшін қазіргі өсім қарқынын сақтағанның өзінде, 20 жыл уақыт керек. Ал халықтың саны болашақта 25млн-ға жету үшін жыл сайынғы өсім 300-500 мың адам болу керек. Өлім –жітім көрсеткішін ескерер болсақ (ол 1999ж. деңгейінде сақталса) табиғи өсім 450-500 мың адамнан кем болмауы немесе қазіргі өсіммен салыстырғанда 2-2,5 есе көп болуы қажет.
Нарықтық қатынастар
экономика саласын аса
Экономикалық өсімнің еңбек нарығына қатынасын анықтайтын фактор-орташа айлық табыстың мөлшері. Былтырғы жылы республика бойынша орташа айлық жалақы 39312 теңгені құрағаны белгілі, бұл бүкіл республикаға шаққандағы көрсеткіш. Енді осы табысты еңбек нарығына қатысты бөліп қарастырайық. Статистикалық мәліметтер бойынша негізінен бюджет есебінен қаржыландыратын әлеуметтік тап санатындағы қызметкерлер, мұғалімде мен дәрігерлер және мемлекеттік қызметшілердің табысы 2006 жылы едәуір өсті. Санап шығайық, білім саласы қызметкерлерінің орташа айлық табысы 24,8 мың теңгеге жетсе, дәрігерлердің жалақысы 21,1 мың теңгенң құраған. Енді салыстырсақ, жоғарыда келтірілген сала қызметкерлерінің айлық табысы жалпы республикалық көрсеткіштен екі есеге жуық төмен. Әрі ол көрсеткіш еліміздің барлық аймағына тән. Өйткені аталған салалар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Мұғалім мен дәрігердің табысын өндірістің басқа саласында төленетін ақымен тіпті салыстыруға келмейді. Мысалға, тау-кен өндірісіндегі табыспен қатар қояр болсақ, мұғалім металургке қарағанда 27,2 мың теңгені кем табатын көрінеді. Ал, дәрігер 29,2 мың теңге, бұл 2002 жылғы дерек. Ал 2011 жылы бұл айырма былай анықталған: мұғалімнің табысы металургке қарағанда 52,2 мыңнан 56,1 мың теңгеге аз болып шығады. Деректерді саралап отырып мынандай парадоксті анықтауға болады. 2007 жылы ұстаздардың жалақысы орташа айлық табыстың 63 пайызына шамалас болса, бүгіндері ол айырма 58 пайызға дейін түсіп кеткен. Демек экономикалық өсімнің артуымен пайда болған еңбек нарығы мемлекетке мойнын созған әлеуметтік топты бірден таптық бөлініске апаруға итермеледі деген сөз.
Соңғы бес жылда (2006-2011жж.) республиканың ауыл-селоларында жалпы еңбек ресурстары 37,7 мың адамға артқан (4398,9 адамнан 4431,6 мың адамға дейін.) Экономикалық белсенді халық 3,3млн-ға жетті немесе 1999 жылмен салыстырғанда 18,5% көбейген. Экономика салаларында 3,1млн. адам қамтылған, 236 мың еңбекке жарамды азамат ауылда ауылда немесе айналысатынын білмей жүр, дегенмен олар белсенді түрде жұмыс іздестіруде. 2006-2011 жж. экономикалық белсінділігі төмен халық 34% азайды, абсалюттік шамада айтсақ ол 1156,5 мың адам немесе ауылдық жерлердегі барлық еңбек ресурстарының 26,1 пайызы.
Республика ауыл тұрғындарының экономикалық белсенді бөлігінің жұмыспен қамтылуы осы мерзімде 31% көтеріледі. Алайда заңды тұлғалар саны азайып кетті, бұл халықтың еңбекке экономикалық белсенді бөлігінің көпшілігі мемлекеттік емес меншікке негізделген құрылымдарға, сондай-ақ жеке еңбекпен айналысатын тұлғалар қатарына өтумен түсіндіріледі. Біздегі жұмыс күшінің 61 пайызы ғана еңбек қатынастары жүйесіне тартылған, қалған бөлігі әлеуметтік оқшауланған қызметкерлер (сақтандырылмаған, кәсіподақ мүшесі емес және т.б.) .Сонымен бірге ауыл тұрғындарының 39 пайызы өз бетінше жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету еңбек нарығындағы жұмыс күшіне ұсынысты айтарлықтай төмендетіп отыр. Халықтың осы бөлігі 2008-2011 жж. аралығында 1,3 есе артты, яғни 1 млн. 800 мың адамға жетті. Бұл көптеген факторлармен түсіндіріледі:ауыл тұрғындарының шағын бизнес ұйымдастыру үшін жаңа істі бастауға алғашқы капиталы жоқ, жұмыссыздықтың жабық формасының деңгейі жоғары, елді мекендердегі жұмыс орындарының жабылу, инвестициялардың өте аз мөлшері т.б.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қалыптастыруға байланысты халықтың жұмыспен қамтылуына сан жағынан да, сапа жағынан да өзгерістер болып жатыр. ОСы бағыттағы негізгі үрдіс мемлекеттік меншіктегі субъектілердің қысқаруы себепті меншіктің басқа формаларындағы субъектерге өтуі болып отыр. 2003ж экономиканың барлық салаларында меншік формаларындағы кәсіпорындарда, 24,6 пайызы мемлекеттік, ал 2,4 пайызы біздіің республика мен басқа мемлекеттердің бірлескен кәсіпорындарында болды.
Экономканың әр түрлі
салаларындағы жалдамалы
Елді мекендерде өзін-өзі жұмыспен қамтудың негізгі саласы жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) болып саналады (оларды үй шаруашылығы немесе халықтың шаруашылығы деп те атай береді). Соңғы жылдарда шаруашылығы өнімдерін өндірудегі үлестері өзгеріске ұшырады. Осы тұрғыдан қарағанда үй шаруашылықтарының рөлі тұрақты түрде орнығып келеді. Олар азық түлік өнімдерін өндірушілер ғана емес, еңбек ету үшін шексіз алаңға да айналып отыр.
Республикада, оның барлық
өңірлерінде халықтың ЖҚШ-ын әр түрлі
бағыттарда дамытуға нақтылы жағдайлар
бар. Олардың тепе-теңдікпен
Сонымен, нарыққа көшуге байланысты біздегі жұмыспен қамту саласындағы жағдай түп-тамырымен өзгеріп кетті, өтпелі экономикаға тән жаңа үрдістер пайда болды: жұмыспен қамтудың салалық құрылымдары өзгереді; тауар өңдіру саласындағы құрылымдары өзгерді; тауар өңдіру саласындағы қызметкерлер саны (абсолюттік және салыстырмалы түрде) азайды (мысалы, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында), қызмет көрсету салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, қаржы-несие секторы және т.б.) жұмыс істейтіндер саны көбейді; мемлекеттік емес сектордағы жұмыспен қамтылу артты, кәсіпкерлік пен шағын бизнес дами түсті; жұмыспен заңсыз қамтылу (көлеңкелі экономикадағы жұмыспен қамтылу) кеңейді; «Өз бетімен жұмыспен қамтылу» деген жаңа көрініс пайда болды; жұмыссыздық деңгейінде өңірлік ерекшеліктер орын ала бастады (оның ішінде жабық жұмыссыздық та бар).
Жұмыспен қамту халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға негіз болады, кедейшілікпен және төмен қамтамасыз етілумен күресудің негізгі басым бағыты болып саналады. Осы бағытта қабылданған (және екі рет өзгертілген) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы бар (1998 ж. және 2001 ж.), соған қарамастан біздің елімізде халықты жұмыспен қамтудың қолдау көрсететін тиімді тетіктері әлі де іске қосылмай келеді. Қазақстандағы ресми жұмыссыздықтың деңгейі ТМД елдері арасында 1,8 пайыз ғана болып саналуын осы жағдаймен түсіндіруге болады. Ал, шындығына келсек, жұмыссыздықтың бейресми деңгейі 10,0 пайыздан жоғары.
Оның себептері экономиканың шешуші салаларындағы дағдарыс ауыртпалықтарын жою қарқынының өте төмендгі, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдеріне деген бағаның теңсіздігі, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық тұрақсыздығы, жұмысшылардың және жұмыс берушілердің материалдық қызығушылығының төмендігі және т.б. республикадағы бірқатар облыстардың елді мекендерінде бұл процестер өте көлемді түрде көрініс тауып отыр, бірде-бір мүшесі қоғамдық пайдалы еңбекпен айналыспайтын отбасылар пайда болды. Осының салдарынан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың көшіп-қонуы артып барады, олар ақша табу үшін басқа қалаларға, экономикалық құрылымдары дамыған өзге өңірлерге қарай ағылуда.
Сондықтан ауыл тұрғындарын жұмыспен
қамту бағытындағы кезек
Қорытынды
Қорыта келгенде, Қазақстан халқының тұрмыс деңгейіне экономикалық өсудің орнықты оң ықпалына қол жеткізу үшін ұлттық табысты пайдаланудың тиянақталған саясаты қажет. Қолайлы макроэкономикалық жағдайды, білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қорғауға жұмсалатын мемлекеттік шығыс-тардың ұлғайгылатынын ескергенде, осы қадамдар ұлттық әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы маңызды іс-әрекеттөрге айналулары тиіс.
Жаңа жұмыс орындарын ашу және бұрынғыларын жаңғырту ел экономи-касының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты. Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсеке қабілеті төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халыктың ең осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталаңдыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды. Ол сондай-ақ жұмыс орындарының сапалық, сипаттамаларын нашарлататын келеңсіз үрдістерді де қолға алады. Жалпы экономикалық шаралар тоқтап тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіруге, өндірістерді қайта жарақтау мен осы заманғы технологияларды ендіруге ынталандырып, ресми емес жұмыспен қамтылу көлемдерінің қысқаруына себеп болады.
Қазақстанда еңбек рыногының дамуындағы оң үрдістер байқалды, ол еңбекке деген сұраныстың ұлғаюына және адамдардың экономикалық белсенділіктерінің өсуіне түрткі болады. Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғүрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясында айқындалған, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы кәсіпорындарды кластерлік бастамаларды жүзеге асыруға көптеп тарту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық және несиелік қолдауды жетілдіру, әлеуметтік. жауапты бизнесті қалыптастыру сияқты бірінші кезектегі міндеттер алдағы жылы өз шешімін таппақ.
Информация о работе Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы