Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:15, контрольная работа
Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.
Кіріспе 2
I. Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы
Еңбек нарығы туралы түсінік 6
1.2 Еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке 8
1.3 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы 11
II. Еңбек нарығының көрсеткіштері
2.1 Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері 13
2.2 Еңбек нарығында жалданып жұмыспен қамтылу 17
2.3 Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
TSC=ТРС+ТЕС.
Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (ТЕС) шекті сыртқы шығынның (МЕС) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.
2.1. Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері
Қазіргі ұлттық нарықты экономикалық байланыс пен қатынастар ретінде сипаттауға болады. Атап айтсақ, мұнда, біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар, өзара байланыстар анықталса, екіншіден, ол байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайды, үшіншіден бұл байланыстарда өзара бәсекелестік болады. Бұл аталғандар жалпы заңдылық. Нарықтық шаруашылықтың бір артықшылығы оның өзін-өзі реттеу механизмі бар. Нарықтың барлық түрлеріне осы қасиет тән. Қазіргі нарық құрылымы жа-ғынан саналуан, оны: капитал,валюта, бағалы қағаздар, еңбек, ғылыми-техника туындылары, ақпарат және тағы басқа да нарық түрлеріне бөлуге болады. Бұл аталғандардың ішіндегі ең негізгілердің бірі - енбек нарығы. Ендігі әңгіме сол еңбек нарығының Қазақстандағы қазіргі жағдайы және оның өзіндік ерекшеліктері жөнінде болмақ.
Еңбек нарығының басты тұлғасы жұмысшы күші. Біздің жүргізілген талдау объектісіне экономикалық тұрғыдан белсенді әзіргі ұлгтық нарықты экономикалық байланыс пен қатынастар ретінде сипаттауға болады. Атап айтсақ, мұнда, біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасгар, өзара байланыстар анықталса, екіншіден, ол байланыстар қайтарымдылықгы, тепе-теңдікті объективті түрде алдын-ала анықтайды, үшіншіден бұл байланыстарда өзара бәсекелестік болады. Бұл аталғандар жалпы зандылық. Нарықтық шаруашылықтың бір артықшылығы оның өзін-өзі реттеу механизмі бар. Нарықтың барлық түрлеріне осы қасиет тән. Қазіргі нарық құрылымы жағынан саналуан, оны: капитал, валюта, бағалы қағаздар, еңбек, ғылыми-техника туындылары, ақпарат және тағы басқа да нарық түрлеріне бөлуге болады.
Оның қатарына экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді. Ал жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін, өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі көрсеткішке жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмауы), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды. Осы негізгі ұғымдарды басшылыққа ала отырып Қазақстан еңбек нарығындағы кейінгі бес жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерді талдап көрелік. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2011 жылы 7963,4 мың адам болды. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 484,4 мың адамға көбейген. Жалпы бес жыл мерзім ішінде жыл сайын белсенді халык саны тұрақты артып отырған. Мұның басты себебінің бірі -қоғамдық өндірістің қарқын ала бастағаны.
Бұған байланысты жыл сайын халықтың жұмыссыздық деңгейі біртіндеп азая түсті. Бірақта әлі де жұмыссыздық деңгейі белгіленген жоспардан анағүрлым жоғары болып тұр. Сондықтан да республикада кіші және орта бизнесті ба-рынша дамыту проблемасы кезектегі маңызды мәселелердін бірі деп саналады.
Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғүрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясында айқындалған, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы кәсіпорындарды кластерлік бастамаларды жүзеге асыруға көптеп тарту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, әкімшілік кедер-гілерді азайту, кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық және несиелік қолдауды жетілдіру, әлеуметтік. жауапты бизнесті қалыптастыру сияқты бірінші кезектегі міндеттер алдағы жылы өз шешімін таппақ.
Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру нәтижесінде әсіресе соңғы жылдарда еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалды.
Кестеде көрсетілгендей негізінен көптеген көрсеткіштерде оң өзгерістер орын алған, әсіресе жұмысқа қамту жыл сайын жақсара түссе, ал жұмыссыздықпен жүрген халық саны жыл сайын азайған. Демек жаңа жұмыс орнының ашылуына байланысты жұмыскерлерді қайта оқыту, жаңа мамандыққа даярлау мәселелері өз шешімін таппақ.
Нарықтық экономикаға тән нәрсенің бірі - жұмыссыздықтың болуы. Сондықтан да басты міндет бұл көрсеткішті барынша азайта түсу. Бұл құбылыстың қайнар көзін білу үшін жұмыссыз халықты жынысы, жасы және тұратын жері бойынша бөліп талданды. 2011 жылы жұмыссыздар саны 610,7 мың ада-мға жетсе, жүмыссыздық денгейі 8,1% құрады. Жұмыссыздардың жалпы санында қалалық жерде 416,7 мың адам (жұмыссыздық деңгейі 9,0%), ауылдық жерде 224 мың адам (7,2%) тіркелді.
Жастар жұмыс сызығының деңгейі 14,7% қалыптасты.
Жас құрылымы бойынша жұмыссыздар арасында ең көп үлес салмақты 25-54 жастағы жастар-69,2%, ал 15-24 жастағыла-27,3% алады. Жұмыссыздар санында 122,8 мың адамның (олардың жалпы санынан 18,8%) жоғары білімі, 172,5 мың адамның(26,4%) орта кәсіптік (арнаулы) білімі, 244,9 мың адамның (37,5%) жалпы орта білімі, 64 мың адамның (9,8%) кәсіптік бастауыш білімі болды. 207,9 мың адам немесе олардың жалпы санынан 33,8% бір жылдан астам, тиісінше 106,7 мың адам немесе 17,4% 6 айдан 12 айға дейін, 153,9 мың жұмыссыз немесе 25% 6 айға дейін жұмыссыз болды. 2011 жылғы сәуірде 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 7,7 млн. адамды, экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 7,1 млн. адамды, жұмыссыздар саны - 621,2 мың адамды (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір адамдар) құрады. Жұмыссыздық деңгейі 8,0% қалыптасты. Осы жылдың бірінші тоқсанында Республика экономикасында 7,3 млн. адам жұмыспен қамтыл-ды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 63,2% -ы. Жұмыспен қамтылған халық арасында қалалық жерде 4,1 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 60,1%, ауылдық жерде тиісінше 3,2 млн. немесе 67,9%.
Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны 4,7 млн. адамға (барлық жұмыспен қамтылғандардың 64,7%), өз бетінше жұмыспен айналысқандар - 2,6 млн. адамға (35,3%) жетті. Жалдамалы қызметкерлердің басым бөлігі қалалық жерде жұмыспен қамтылды - олардың жалпы санынан 79,5% (3,3 млн. адам). Ауылда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі өз бетінше жұмыспен айналысатындар - 54,3% (1,7 млн. адам) құрайды.
2011 жылы сәуірдің соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 113,4 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 7,3 мың адамға немесе 6%-ға аз. Тіркелген жұмыссыздар санының жартысынан көбі - әйелдер (73,3 мың адам), 47,3%-ы - ауыл тұрғындары (53,6 мын). Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4% (2011 жылдың сәуірінде 1,6%) болды.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек нарығындағы басты мәселелердің бірі жалдамалы қызметкерлер қаралып отырған мерзімде жалдамалы қызметкерлер саны 4,7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезең-дегіден 136 мың адамға (3%-ға) көп, Олардың санынан 80,8% мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,3% - жеке түлғаларда, 6,9% - шаруа (фермер) қожалықтарында жұмыс істеді.
Еңбек нарығының Қазақстан өңірлері бөлінісінде халықтың экономикалық белсенділігінің денгейі 8 облыста (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Онтүстік Қазақстан) орташа көрсеткіштен асып түскен.
Ал, халық белсенділігінің ең төмен деңгейі - Павлодар облысы мен Астана, Алматы қалаларына тиіп тұр (бұл көрсеткіштер тиісінше 66,9, 66,8 және 63,1%).
Жұмыссыздардың қомақты үлесі Қызылорда және Маңғыстау облыстарында болып отыр -бұл облыстарда жұмыссыздық деңгейі - 9,8%. Ал, жұмыссыздық-тың ең аз деңгейі Қарағанды, Алматы, ІІІығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болды. Бұл көрсеткіш аталған облыстарда тиісінше - 7,1; 7,4; 7,6 және 7,6%.
Сонымен нақты талдау нәтижесіне қорытынды айтсақ, мынандай негізгі түйін мен ұсыныстарды атауға болады:
ҚР-ның Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында жалпы дамудың нақты жолдарын былайша көрсетті: «Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміз де іске асырып ... жаңғырта жаңару қарқынын жеделдете түсуіміз қажет».
2.2. Жалданып жұмыспен қамтылу
Орта әлеуметтік сипаттағы жалдамалы жұмыс орындары негізінен ауыл шаруашылығына тән. Өткен жылдың дерегі бұл саладағы жұмысшыға төленетін жалақы 21,7 мың теңге болғандығын айтады. Ал, біздің еліміздегі жағдайда ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығын 2,5 миллион адам құрайтындығын ескерсек, отандастарымыздың осынша бөлігінің айлық табысы жалпы республикалық орташа жалақының жартысына да маңайламайды деген сөз. Еңбек нарығындағы төлем қабілеті жоғары салалармен салыстырған ауылдың адамы 56,1 мың теңгені кем табады екен. Яғни, оның отбасындағы жағдай да екінші тараптың әулеттік әлеуетінен төмен деген байлам жасауға тура келеді.
Еңбек нарығындағы жалдамалы жұмыс күшінің көп бөлігін еліміздің мұнай-газ саласындағы өндірістер құрайтындығы белгілі. Бірақ, бұл фактор да экономикалық еңбек нарығына оң ықпал етіп отырғандығына нақты мысал бола алмайды. Әсіресе, шетелдік кәсіпорындармен бірлескен өндірістерде жергілікті тұрғындардың жалданып жұмыс істеуі жұмыссыздық мәселесін шешкенімен, толыққанды табыс табудың кепілі ретінде көрсетілмейді. Оның үстіне дәл осы шетелдік кәсіпорындардағы жергілікті жұмысшылардың құқы сақталмайтындығы тағы бар. Атырау облысындағы мұнай кеніштерінде жыл сайын орын алып отырған қақтығыстар бұл мәселеде біздің есеміз кетіп жүргендігін айғақтайды. Мысалға, өткен жылдың күзінде Теңіз кенішінде болған қазақ пен түрік жұмысшыларының арасындағы топтық төбелеске кінәлі осы еңбек нарығындағы әділетсіздік екенін құзырлы орындар анықтады. Прокурорлық тексеруден кейін анықталғандай, «Гате Иншаат Сана ве Тиджарет» компаниясындағы қазақ жұмысшыларын қанау ашық жүріп келіпті. Мәселен, алты айлық курс бітірген кесуші түрік азаматы 2006 жылдың қыркүйек айында 168603 теңге жалақы алса, орта кәсіи білмі бар қазақстандық ағаш кесушіге 87077 теңге төленген. Ал осы компанияда басшылық қызметтер атқаратын қазақтар 233000 теңге жалақы алса, олардың шетелдік әріптестері 300 мыңнан 1 миллион теңгеге жуық еңбек ақы алатын болған.
Жоғарыдағы мысалдардан ұғатынымыз: экономикалық өсімнің анағұрлым ұлғайғандығы еңбек нарығындағы ахуалдың да мейлінше жақсарғандығының анықтауышы бола алмайды екен. Статистикалық деректер көрсеткендей, әлеуметтік топтар арасындағы табыс алшақтығы бізге бұл мәселеде біржақты қарауға болмайтындығын білдіретіндей.2006 жылдың екінші тоқсанында (алдын ала деректер бойынша) жалдамалы қызметкерлер саны 4,8 млн адамды құрайды, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 142,8 мың адамға (3,1%-ға) көп. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жалданып жұмыс істейтіндердің саны 181,9 мың адамға (4,9%), жеке тұлғаларда 22,4 мың адамға (4%), шаруа (фермер) қожалықтарында 16,7 мың адам (5,4%) жұмыс істеді.
Информация о работе Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы