Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:15, контрольная работа

Описание

Еңбек - ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Еңбек нарығы әр кезде де маңызды болып келген, себебі қоғам өз дамуы кезінде жұмысшы күшін қолданған. Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады.

Содержание

Кіріспе 2

I. Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы
Еңбек нарығы туралы түсінік 6
1.2 Еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке 8
1.3 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы 11

II. Еңбек нарығының көрсеткіштері
2.1 Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері 13
2.2 Еңбек нарығында жалданып жұмыспен қамтылу 17
2.3 Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері 19

Қорытынды 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Работа состоит из  1 файл

Реферат №2 срсп Персонал Бас..doc

— 250.50 Кб (Скачать документ)

   Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру нәтижесінде әсіресе соңғы жылдарда еңбек нарығындағы көрсеткіштердің өзгеруі анық байқалды. Қазақстанда еңбек нарығы қазіргі кезеңде қалыптасу үстінде. Демек, бұл бағытта әлі де болса көптеген түйінді мәселелер өз шешімін күтіп түр.

Қазақстанда еңбек нарығын жетілдіру мүмкіндіктері, нақты жолдары көп. Оның бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті өндірістік, қаржылық, несиелік,     ақпараттық  және 
құқықтық жағынан қолдау бағдарлама  кешенін  белгіленген мерзімде нақты жүзеге асыру қажет  болады.   Кіші  бизнесті жүргізуде инновациялық технологияны істі жүргізудің ұтымды ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру жақсы нәтиже бермек. Өйткені, Қазақстан капиталдар мен аса ірі әлемдік компаниялар филиалдарын, ең жаңа технологиялар мен ноу-хау орналастырудың орталығы бола алады және болуға тиіс.

  Қазақстан  экономикасының нақты секторының жандануы еңбек нарығы жағдайының тұрақтануы мен жақсаруына ықпал жасап, жұмыссыздықтың төмендеу үрдісіне себебін тигізді. Сонымен қорытындылай келе Қазақстандағы еңбек нарығы әлі де болса даму үстінде.

Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн. Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, АҚШ-та «мамандарды (қызметкерлерді) басқару» пәні 200-ге жуық ЖОО-да оқылады. Ірі корпорациялардағы мамандардың 30%-на жуығының магистр дәрежесі бар. Жапондықтар өздерінің өмір сүруін табиғи ресурстарға емес, адам ресурстарына байланысты деп түсінеді және де олар өздеріндегі ең басты байлық адам деп есептейді. Қолданылған ресурстардың көп түрлілігіне қарамастан оларды әдетте негізгі 3 топқа бөледі:

-натуралды немесе табиғи (жер, т.б.); 

-материалды (капитал); 

-адам ресурстары (еңбек).

Ресурстарды басқару ұйымды басқаруға негіз болады. Адам ресурстарын басқару кез келген ұйым үшін материалды және табиғи ресурстарды басқарумен қатар, жалпы басқарудың бір құраушысы болып табылады. Алайда өз қасиет белгілеріне қарай адам ресурстары басқа ресурстардан өзгешеленеді де, басқарудың ерекше әдістерін қажет етеді. Басқару процесінде адам ресурстарының өзіндік ерекшелігін ескерген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бердалиев,К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: оқу құралы /ҚР білім және ғылым министірлігі; Т.Рысқұлов ат.Қазақ мем.басқару акад.-Алматы: Экономика, 2001.  Бисенғазиев, Мұқыш Бейсенғазұлы. Макроэкономика: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері) Лекциялық курс/Батс Қазақстан мем. Ун-ті.-Орал, 2004.
  2. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық /құрастырған: М.Р. Насырова. –Алматы, 2003
  3. Қаржылық есеп: оқу құралы/ Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева-Алматы: Экономика, 2001
  4. Құлпыбаев С. т.б. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей, 2001.
  5. Макарова,  Надежда Андревна. Бюджет и бюджетная система Казахстана.-Астана: Парасат Әлемі, 2003.
  6. Мамыров, Нұрғали, Тілеужанова, Манатжан. Макроэкономика: Оқулық /ҚР білім және ғылым  м-тірлігі, Т.Рысқұлов атын. Қазақ Экон. Ун-ті.-Алматы:Экономика, 2003.
  7. Найманбаев,С. Бюджеттік құқық – жаңа қаржылық құқықтық құрылым (кейбір теориялық мәселелері) //Заң және заман. – 2005. -№5.
  8. Ілиясов, Қ.Қ., Құлпыбаев,С. Қаржы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы: LEM, 2005.

9.         Экономикалық саясат : лекциялар / Д. Қ.Қабдиев, Т. Қ.     Оралтаев, Ә. Е. Ескендіров [ж. б.].- Алматы: Экономика, 2002.

10.       Іскер адамның орысша -қазақша экономикалық  түсіндірме сөздігі Русско-казахский толковый экономический     словарь     делового человека /жауапты Э.Жакулина.- Алматы: Мұраттас, 2005.




Информация о работе Еңбек нарығы және Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуы