Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:03, реферат

Описание

Коммерциялық банктің қаржылық менеджмент қызметінің объектісі: - банктің қаржылық операциясын зерттеу процесі және банктің клиентурасында ақшалай ағындарды басқару.

Қаржылық менеджмент қызметі коммерциялық банкте - жүйелерді өңдеу және қолдаудың рационалдық жоспарлау әдісі мен қаржылық операцияны қолдану.

Работа состоит из  1 файл

банктк менеджмент.doc

— 646.00 Кб (Скачать документ)

    Банктік технология клиентке қызмет көрсету ═  (клиент қажеттілігі + өнім + операция) → қызмет ═ банктік үштік + олардың элементтері арасындағы байланыс.

    Бекітілген банктік сәйкес келу банктік технологияда клиенттерді қамтамасыз етуде банктік үштік:

    • қарапайым
    • аралас
    • интеграцияланған

    Реинжирингтік объект клиенттерді  қамтамасыз ету процесі  аралас және интегрирлеудің банктік технологиясы клиенттерді қамтамасыз етуде болады.

    Реинжирингтік процесті қамтамасыз етуде клиент жеке өңдеулер мен банктік  технологияны қамтамасыз етуді таратады.

    Клиентпен жұмыс істеу келесі реттілік фазасындағы қатынастармен сипатталады:

  • Банк қызмет ортасымен клиенттерді хабарбар ету;
  • Клиентті қызметті сатып алу жөніндегі келісім шартпен ақпарат беру;
  • Құжаттарды шешім қабылдауға дайындау банктің жоғарғы басшысы және банктік жүйеде клиентке қызмет жасау;
  • Банктің жоғарғы басшысы регламент (технология) қамтамасыз етуде құжаттарды бекітіп дайындау;
  • Клиентке қызмет көрсету және оның шешімін бақылау;
  • Келесі календарлы мерзімге құжат дайындау;

    Қазіргі жағдайда клиенттермен жұмыс істеудің 2 жүйесі белгілі.

      1. Еңбекті бөлу принципін тарату және функцияны таңдау жүйесі. Бұл жүйеде банктер адекватты құрылымдық бөлімдерге бөлінеді. Басқару әкімшілік – командалы принциппен құрылады. Осы кезде клиентке иерархияның ең төменгі деңгейі тиеді, ол «біпыңғай тұтынушы» болып табылады.

    2. Процеске сәйкес жүйе және операциялар принципін таратушы клиентке интегрирленген технология бойынша көмек көрсетуді.

    Бірінші жүйе шағын және орта клиенттердің тиіміділігін қамтамасыз етеді, жеке функционалды қызметке қажет. Ал екінші жүйе ірі клиентке қызмет көрсетуді тілейді.

    Сонымен қаржылық менеджмент банктің өнімін құрауы тек қана коммерциялық тұрақтылықты басқаруы, басқарудың сенімді объектісін қамтамасыз етеді, клиент қажеттіліктерін қанағаттандырады. Осыдан коммерциялық банктің әрқайсысы концепция негізінде таратылатын сенімді клиент – тұрақты банк дегенді көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 тарау. «Қазақстан  Халық Банкі» АҚ  мысалында банк  менеджментін талдау

    2.1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесін сипаттау

    2005 жылы Халық банкіне  82 жыл болады.

    Қазақстанның  Халық банкінің тарихы – бұл Қазақстан  территориясындағы жинақтаушы жүйенің даму және қалыптасу тарихы.

      «Қазақстанның Халық банкі» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Жинақ банкісінің қайта қалыптасу негізінде құрылды.

          1923 жылы  Ақтөбеде  бірінші жинақ  кассасы ашылған  болатын. Осы жинақ  кассасы ашылғаннан кейін келесі 4 жыл ішінде елімізде 335 жинақ кассасы қалыптасты. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқаратын Республикалық жинақ кассасы пайда болды.

          Кеңестік  қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың табиғаты әр кеңес азаматының Жинақ Банкісінің салымшысы болуына әкелді.

    Жинақ кассаларына мемелекеттік займдардың облигацияларын және басқа да бағалы қағаздарды кепілге  ала отырып, мерзімді ссудалар беруге рұқсат етілген болатын. Осы уақытта жинақ  ісі мемлекеттік несиелердің қалыптасуы мен дамуына ықпал жасады. Сол жылдары сегіз мемлекеттік займдар, оның ішінде үшеуі натуралды және екеуі алтын есеп негізінде берілді.

    1960 жылдың соңына  қарай жинақ кассаларының  салымшылар саны 1770 мыңға, салым соммасы  322,7 млн.соммаға, ал салымның орташа саны 182 соммаға дейін жетті. Жинақ кассаларының саны 1950 жылдан 1960 жылға дейін 1,8 есе өсіп, 1960 жылдың соңына қарай 2805 құрады.

    60-шы  жылдардың басында жинақ кассалары халықтың пәтер үшін, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін төлемдерін қабылдады.

    Жинақтаушы  жүйенің дамуына  ақша бірлігінің қатаюы әсер етті. 1961 жылғы  реформа ақша бірлігінің өзгеруі мен жаңа сом курсының қалыптасуына әкелді. 1963 жылы жинақ  кассалары Қаржы  Министрлігінен Мемлекеттік  банкке өткеннен кейін халықтың салымдарының қаржысы несиелік ресурстарды көбейтуге бағытталды.

    1988 жылғы банк реформасы  екі деңгейлі банктік  жүйеге: орталық банк  – арнайы банктерге  өтті.

    Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздікке  және суверенитетке  қол жеткізуі Халық банкісінің үшінші қайта қалыптасу этабына өтуін білдірді.

    Қазақстан 1990 жылдың желтоқсанында  тәуелсіздік алғаннан кейін нарық экономикасының шарттарына жауап  беретін өзінің жеке банктік жүйесін  құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» заң қабылданды.

          1992 жылы Қазақстан  республикасының  Жинақ банкісі  құрылды. Халық  банкі оның заңды  жалғастырушысы болып  табылады.

          1993 жылы Жинақ банкі  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің иелігіндегі  «Қазақстанның Халық банкісіне» айналды.

          1995 жылы Банк Жабық  типтегі Акционерлік  қоғамға өзгерді.  Қайта құру процесі  банктің басшылығы  мен қызмет көрсету  түрінің өзгеруімен  бірге жүрді. Жаңа  басшылық банктің  негізгі қызметіне  жаңа информационды-коммуникативті  технологияларды пайдалануды ұсынды.

          1995 жылдың соңына  қарай Қазақстанның  Халық банкі Республиканың  ірі операциондық  банкісіне айналып,  қаржы нарығында  қол жеткізген  позицияларын сақтап  қалуда.

          2001 жылдың қарашасында  Қазастан Республикасының  Үкіметі өзінің  басты 33,33% қосу 1 акцияны құрайтын акциялар пакетін сатты.

          Бүгінгі Қазақстанның Халық банкі – бұл Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық әмбебап банкі.

          Халық банкінің тарихы –  оның жекешелендіру  және құрылымдық қайта  құруының процесі  ғана емес, ол жаңа банктік технологияларды енгізу, банкингтің спекетрін ұлғайту, глобалдық стратегия процесі.

    Қазақстанның  Халық Банкі әртүрлі  қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іскерлік қатынаста. Банктің  серіктестері болып шетелдік және қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заңды компаниялар, рейтингтік мекемелер, бизнес-құрылым және компаниялар болып табылады.

          Қазіргі таңда «НОСТРО» шоты бойынша 35 банкпен  корреспонденттік қатынаста. Олардың 23-і шетел  банкісі, 6-уы ТМД  банкісі. «ЛОРО» шоты бойынша 89, оның 54 шоты қазақстандық теңгеде, ал қалғаны шетел валютасы мен ресейлік сомда ашылған. Халық Банкінің корреспондент-банктер желісінде жоғары деңгейлі мынадай банктер кіреді: American Express Bank Ltd, CINIBANK N.A., Commerzbank AG, Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase Manhatten Bank N.A., OOO «Дойче Банк Москва» және т.б.

    Халық Банкі Moody,s Standard Poor,s , Thomson Bankwatch Bree секілді рейтингтік мекемелермен ұзақ қарым-қатынаста. Жыл сайын осы мекемелермен тексерулер өтеді.

    Еншілес компанияларға жататындар: “Қазақстанның Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры” ЖАҚ, “Казтелепорт” ЖАҚ, “Халық лизинг” ЖАҚ, “HSBK EUROPE B.V.”, “Инвестицияның рентабельділігін зерттейтін Агентство”.

    «Қазақстан  Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 1998 жылдың 2 ақпанында құрылған және рейтингі бойынша республикамыздың зейнетақы қорлары арасында бірінші орындағы аса ірі қорлардың бірі болып табылады. Қордың акционерлері – «Қазақстан Халық Банкі» (ЖЗҚ акцияларының 50%-нан астамы), «КазТрансОйл» мемлекеттік компаниясы, «КазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы және «Қазақстан Темір жолы» ұлттық темір жол тасымалдаушысы. Қор соңғы төрт жыл бойы «Жыл Таңдауы» халықаралық фестиваль-байқауда «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Қор қызметінің 2004 жылдың 1 қаңтарындағы негізгі көрсеткіштері:

    • Салымшылар саны – 1,069 млн. адам;
    • Зейнетақы активтері – 89 млрд. теңге;
    • Инвестициялық табыс – 21 млрд. теңге;
    • Зейнетақы төлемдері – 4,5 млрд. теңге.

    2004 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қор портфелінде 100 млрд. теңге көлемінде зейнетақы активтері жинақталған. Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы төлемдерін жүзеге асырумен қатар, өзінің зейнетақы активтерін дербес басқарады және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз делдалдық-дилерлік қызметпен шұғылданады.

          «Қазақшетсақтандыру»  ЖАҚ шетелдік сақтандыру компаниясы 10 жылдық серпінді даму кезеңінде  елеулі жетістіктерге  жетті және соңғы  үш жыл бойы Қазақстаннның  сақтандыру рыногының көш бастаушысы болып келеді. 

    «Қазақшетсақтандыру»  компаниясы 1995 жылы шетелдік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік  компания ретінде  құрылған. 2001 жылы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жүргізілгенде «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ акционерлерінің бірі болды. 2002 жылы «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ оған «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

    Бүгінгі күні «Қазақшетсақтандыру» ЖАҚ республикамыздың сақтандыру компаниялары арасында ең кең таралдған филиалдық желісі бар жетекші сақтандырушы компания болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша сақтандыру рыногы үлесінің 20%-ы «Қазақшетсақтандыру» компаниясы тиесілі.

    «Қазақшетсақтандыру»  компаниясы қызметінің 2004 жылғы 1 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері:

    • Жиналған сақтандыру сыйлықтарының көлемі -5,751 млрд. теңге;
    • Активтер – 2,126 млрд. теңге;
    • Сақтандыру резервтері – 697,645 млн. теңге;
    • Меншікті капитал – 1,064 млрд. теңге.

    «Қазақшетсақтандыру»  ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында қарастырылғандай, жаңа үлгідегі лицензия негізінде Ұлттық Банк берген еркін сақтандырудың 5 сыныбы бойынша сақтандыру қызметінің толық спектрін ұсынады. Жуырда компания қайта сақтандыру қызметіне лицензия алды. Енді жергілікті сақтандыру компанияларының тәуекелдерін «Қазақшетсақтандыру» компаниясында орналастыру мүмкін болды, бұл Қазақстанның сақтандыру рыногында көбірек тәуекел қалдыруға мүмкіндік береді.

    Компания  корпоративтік сақтандыру секторында кеңінен  танымал. EOS Risk, AON Group, Heath Lambert Group, Lloyd,s Sindicates және т.б. жетекші халықаралық қайта сақтандыру және делдалдық топтармен жұмыс істей отырып, шикізат және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ірі компаниялардың тәуекелдеріне қызмет көрсетеді.

    «Халық  Лизинг» ЖАҚ 2000 жылдың 1 қаңтарында құрылған және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Компания Caterpillar (АҚШ), Volvo (Швеция), Wirtgen (Германия), Itochu (Жапония), Komatsu (Жапония), Dressta (Польша) және тағы басқа компаниялардың кез келген жабдықтарын лизингке береді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ компанияның жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.

    Компания  қызметінің 2004 жылғы 1 қаңтардағы негізгі  көрсеткіштері:

    • Ағымдық активтер – 2,255.1 млрд. теңге;
    • Ұзақ мерзімді активтер – 1,494.6 млрд. теңге;
    • Ағымдағы міндеттемелер – 204,139.3 млн. теңге;
    • Ұзақ мерзімді міндеттемелер – 195,523.3 млн. теңге.

    Лизингтік қызметтер рыногындағы  жетекші компаниялардың бірі болып табылатын  «Халық-Лизинг» компаниясының  аталған салада айтарлықтай мол тәжірибесі бар.

    Халықаралық қаржы нарығында  Халых Банкінің серіктестері болып Lehman Brothers, American Express Bank Ltd болып табылады. Lehman Brothers – ол Халық банкінің  еуробондтарын шығаруды дайындауда қатысқан және рейтингтік кеңесші қызметін атқарады, ал  American Express Bank Ltd – 1998 жылы Халық Банкіне синдикатты займды ұйымдастырған болатын.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент