Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:03, реферат
Коммерциялық банктің қаржылық менеджмент қызметінің объектісі: - банктің қаржылық операциясын зерттеу процесі және банктің клиентурасында ақшалай ағындарды басқару.
Қаржылық менеджмент қызметі коммерциялық банкте - жүйелерді өңдеу және қолдаудың рационалдық жоспарлау әдісі мен қаржылық операцияны қолдану.
3. Кепіл құжаттары. Клиенттің кепілді қамтамасыз етуге беретін құжаттарының барлығы жатады. Құжат түрі кепілді қамсыздандыруға байланысты. Бұл категорияға кепіл келісім-шарты, кепіл мүлігінің құнын бағалау акті, кепілді бағалау службасының қорытындысы және т.б. жатады.
4. Шығыс құжаттар. Оған жататындар: несиені беру туралы өтініш, Несиелік комитеттің және Коммерциялық Дирекцияның шешімі, жобаның бизнес-жоспары, банктік займдардың келісім-шарты, аккредетивті қызмет көрсету, несиені мақсатты түрде қолдануды растайтын құжат, жоба бойынша менеджерлердің қорытындысы, тәуекел-менеджерлерінің қорытындысы, мониторингтік есеп берулер.
Несие бөлімі мынадай бөлімдермен байланысты:
- Несиелік әкімшілік Басқарма;
- Заң Департаменті;
- Бағалау Департаменті;
- Бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаменті;
- Операциондық Басқарма;
- Қауіпсіздік Департаменті;
Несиелік әкімшілік Басқарма несиелік құжатнаманың құжаттарының түпнұсқасы сақталынады. НӘБ-ның қызметкерлері қарыз алушының несиелік құжатнамасының ұлттық заңға қайшы келмеуін бақылайды.
Заң Департаменті клиенттің статусының заңды талдауын жүзеге асырады, клиенттің құжаттарын бағалайды, бағалау қорытындысын жасайды, клиентпен бірге жасалынатын шарттарды дайындайды.
Бағалау Департаменті клиенттің кепілін бағалайды, клиентпен жалданған тәуелсіз бағалаушылардың актілерін бағалайды, кепіл құнын анықтайды.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру Департаменті берілген несиені, сыйақыларды, айыппұлдарды есепке алады.
Операциондық Басқарма кепілдіктер, келісім-шарттар және аккредетивтік қызмет көрсетудегі келісім-шарттарды дайындайды, жабылмаған кепілдіктер және аккредетивтерді шығарады.
Қауіпсіздік Службасы клиенттің азаматтық жай-күйін тексереді.
2005 жылдың 2 желтоқсанында “Қазақстанның Халық Банкі” АҚ Басқарманың Төрағасы Григорий Марченкомен Халық Банкінің 2005-2007 жылдарға арналған Жаңа даму стратегиясы ұсынылды.
Негізгі мақсаты – клиенттің мүддесіне бағытталған қаржылық топты құру. Халық Банкі мен оның еншілес компаниялары еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істей отырып, Қазақстан мен көршілес елдерге қызмет көрсетеді (банктік, зейнеткерлік, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизингтік).
Банк
алдында келесідей
мақсат қойылды: 2007 жылға
дейін қаржылық топтың
қызметін еуропалық
стандарттарға жеткізу.
Бұл мақсаттың
орындалуы топ-менеджменттің
топтық және мақсатты
бағыттылығын талап
етеді2.
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның менеджментін талдау
«Халық Банкі» АҚ-ның несие портфелі ең жоғарғы стандарттарды енгізуге тырысады. Халық Банкінде несие портфелінің сапасын бақылау мақсатымен несиелеу бойынша операциялардан тәуелсіз қызмет ететін Тәуекел Басқармасы құрылған. Басқарманың басты функциясы – тәуекелге сәйкес несие портфелін жіктеу. Қарыздар стандартты, субстандартты, қанағаттандырылмаған, күмәнді және үмітсіз болып жіктеледі. Стандартты және субстандартты қарыздар несиені төлеу қабілеттілігі жоғары ретінде қарастырылады. Күмәнді және үмітсіз болып жіктелінетін қарыздар төмен несие өтеу қабілеттілікке ие және залалға ие болмаса да болашақта мүмкін орын алатын белгілі бір сипаттарға ие және несиенің қайтаруын күмәнға қояды. Соңғы 3 жылдың қарыздарының 85% астамы стандартты және субстандартты болып жіктелінген.
Банктің қаржылық жағдайын талдау. 2004 жылы Халық банкінің негізгі қаржылық нәтижелері баланста көрсетілген.
Активтер. Банк активі 2004 жылы 398,2 млрд. теңгені ($3,1 млрд) құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 144,6 млрд. теңгеге немесе 57% өсті. 2003 жылғы көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 25% өсті (График - 1).
Ақша
және оның эквиваленттері
алынған қаражаттардың
әділ құны бойынша бағаланады,
олар Қазақстанның Ұлттық
Банкіндегі қаражаттардан
тұрады. Оған балансты
құрған күннен есептегенде
қайтару мерзімі 90 күн
ішінде болатын міндетті
резервтер мен несиелік
мекемелердегі қаражаттар
жатқызылады.
Cурет - 3. Банк активтерінің динамикасы
Ескерту-автормен
құрастырылған: www.halykbank.kz.
негізінде жасалған.
Бағалы
қағаздар. Бағалы қағаздар 2004
жылы 39 914 328 теңгені құрап,
алдыңғы жылмен салыстырғанда
69% өсті (Сурет- 2).
Саудалық бағалы қағаздар келесілерден тұрады:
Саудалы бағалы қағаздар | 2004 | 2003 | 2002 |
ҚРҰБ-нің ноталары | 23.958.264 | 10.148.019 | - |
Қаржы Министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 9.207.605 | 6.209.751 | - |
Қазақстан Республикасының мемлекттік облигациялары | 4.085.513 | 4.549.879 | - |
Қазақстандық банктердің еурооблигациялары | 2.493.542 | 2.129.283 | - |
«Қазақстанның Даму Банкінің»облигациялары | 169.404 | 470.050 | - |
Саудалық бағалы қағаздар | 39.914.328 | 23.506.982 | - |
Репо келісмінің шарттары бойынша | 5.656.840 | 4.283.405 | - |
Ескерту-автормен құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде жасалған. |
Осы бағалы қағаздардың сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі келесідей болады:
Бағалы қағаздар |
2004 | 2003 | 2002 | |||
% | Өтеу мерзімі | % | Өтеу мерзімі | % | Өтеу мерзімі | |
ҚРҰБ-нің ноталары | 4,7%-5,4% | 2004 | 6% | 2003 | - | - |
Қаржы Министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 5,7%-16,9% | 2004-2013 | 7-17% | 2003-2006 | - | - |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік облигациялары | 11,1% | 2007 | 11,1% | 2007 | - | - |
Қазақстандық банктердің еурооблигациялары | 7,38%-8,6% | 2007-2013 | 7,1% | 2007-2013 | - | - |
«Қазақстанның Даму Банкінің»облигациялары | 9,1-9,8% | 2007 | 9,1% | 2007-2013 | - | - |
Ескерту-автормен құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде жасалған. |
2004 пен 2003 жылдардың 31 желтоқсанында екі банктің еурооблигациялары қазақстандық банктердің 100% және банктің меншікті капиталының 11,7% және 15% құрады. Қазақстан банктерінің ішінде 2005 жылдың бірінші жарты жылдығындағы бағалы қағаздарға салынған салымдарынан «Халық Банкі» 3 орында (Кесте – 4).
Сурет – 4. Бағалы қағаздардың динамикасы
Ескерту-автормен
құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде
жасалған.
Кесте
– 4. Қазақстан банктерінің
2005 жылдың бірінші жарты
жылдығындағы бағалы
қағаздарға салынған
салымдарының динамикасы
|
Негізгі құралдар. Негізгі құралдар 2004 жылдың 30 маусымында 7 176 874 млн.теңгені құрады. Ал 2003 жылдың 31 желтоқсанында 7 322 490 млн.теңгеге тең болса, 2002 жылдың 31 желтоқсанында 7 045 844 млн.теңгені құраған болатын (График - 3).
Сурет – 5. Негізгі құралдардың динамикасы
Ескерту-автормен
құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде
жасалған.
Несиелік
мекемелердегі қаражаттар.
Несиелік мекемелердегі
қаражаттар 2003 жылдың 31
желтоқсанында 7 290 929
теңгені құраса, 2004 жылдың 30
маусымында 1 822 120 теңгеге
тең болды.
Несиелік мекемелердегі қаражаттарға кіреді:
2003 | 2002 | 2001 | |
Мерзімді салымдар | 7.306.271 | - | 99.171 |
Жергілікті қаржылық ұйымдардың займдары | 422 | - | - |
7.306.693 | - | 99.171 | |
Минус – Мүмкін шығыстар резерві | (15.764) | - | (48.983) |
Несиелік мекемелердегі қаражаттар | 7.290.929 | - | 50.188 |
Ескерту-автормен құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде жасалған. |
2003 жылдың 31 желтоқсанындағы банктің 2004 жылдың маусым мен шілде айларында өтелетін мерзімді салымдар бойынша алатын жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8%-дан 13,55%-ға дейін толқып тұрды (2001 жылы 1,5%-дан 12,75%-ға дейін).
Несиелік
портфель. Несиелік
портфель 264,9 млрд. теңгені ($1,91
млрд) құрады, алдыңғы
жылы 160,1 млрд. тг болатын (54,7%
өсті). Қазақстандық
банктердің ішінде несиелік
портфель динамикасы
бойынша «Халық Банкі» 3
орынды алды (Кесте –
5).
Информация о работе Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент