Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:03, реферат

Описание

Коммерциялық банктің қаржылық менеджмент қызметінің объектісі: - банктің қаржылық операциясын зерттеу процесі және банктің клиентурасында ақшалай ағындарды басқару.

Қаржылық менеджмент қызметі коммерциялық банкте - жүйелерді өңдеу және қолдаудың рационалдық жоспарлау әдісі мен қаржылық операцияны қолдану.

Работа состоит из  1 файл

банктк менеджмент.doc

— 646.00 Кб (Скачать документ)

    Халық Банкінің серіктестері болып мынадай  заңды компаниялар  табылады: White Case, Bracewell Ratterson, Baker McKenzie, Camerson McKenna, Stibbe Simont Monahan Duhot.

    Қазақстандағы ірі серіктестері «Казпочта» болып табылады, оның 100% акциясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы Үкімі бойынша Халық Банкіне берілген болатын.

    Банк VIZA International және MasterCard International төлем жүйесі бойынша карточкамен қызмет көрсетеді. Айналымдағы карточкалар саны 80% -ды құрады.

    2002 жылы Халық банкі  жеке тұлғалардың  мерзімдік салымдарының  өсу темпі бойынша  1-ші орынды алды.

    Халық Банкі үлкен мынадай  банктік қызмет көрсетеді: есеп-кассалық қызсет көрсету, несиелер, бағалы қағаздармен операциялар, консультациялық және эксперттік қызметтер, интернет-банкинг, депозиттерді қабылдау және т.б.

    Банк  Қазақстан Республикасында 624 құрылымды бөлімдері, Лондон, Пекин және Москвада өкілеттіктері бар.

    2002 жылдың желтоқсанында  Халықаралық «Жыл  таңдауы» фестиваль-байқауда  Халық Банкі «Қазақстан  Республикасындағы  2002 жылғы ең үздік  банк» сыйлығына  ие болды. 

    Халық Банкінің филиалдық  желісі 624 құрылымдық бөлумшелерден, оның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 147 айдандық филиалдардан және 457 есеп-кассалық бөлімдерден тұрады. 

    Төлем карточкаларына қызмет көрсету 365 банкоматтан, 1410 POS-терминалдардан және 852 импринтерден тұрады.

    “Банк-Клиент”  жүйесі арқылы персоналдық  компьютерлер мен  модемді қолдана отырып, клиент жұмыс орнын босатпай-ақ шотының ағымдық жағдайын тексере алады. Сонымен қатар шоттарды басқару бойынша тапсырма мен өкімдер бере алады. “Банк-Клиент” жүйесі информацияларының қорғалуына кепіл береді. Банк клиенттеріне “Money Gram”, “Экспресс аударымдар” және “Жеке тұлғалардың мерзімді есеп айрысу” жүйелерінің қызметтері көрсетіледі.

    2005 жылдың 23 ақпанында  Қазақстанның Халық  Банкі (100 млн. АҚШ  доллары соммасына  тең) кезекті синдикатты  несие беру туралы  келісімге қол  қойылды. Несиенің  мақсаты – банктің ірі клиенттерінің экспорттық-импорттық контрактілерін қаржыландыру. Несие халықаралық банктер синдикатымен 18 айға берілді. Несие бойынша маржа Либор мөлшерлемесінен асатын жылдық 1,5% -бен берілді.

    2004 жылды Халық Банкі  “Интернет-Банкинг” бойынша төлемдерді аударатын ұйымдардың тізімін ұлғайтты. Бүгінгі таңда олардың саны 35 жетті: Қазақстанның 17 аймақтарынан 32 және 3 жалпыреспубликалық ұйымдар.

    2004 жылдың сәуірінен  бастап Халық Банкі  өз клиенттеріне  дискета мен смарт-карточкалардан  басқа Minikey (USB) жаңа кілттік құрал мен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.  Мамыр айынан бастап Интернет арқылы несиені төлуге, қараша айынан бастап Қазақстанның кез-келген зейнеткерлік қорына ерікті төлемдер аударуға мүмкіндік берілді.

    Сонымен қатар “Интернет-Банкинг” жүйесінің табыстары 2004 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда (21%-ға өсті) 51,7 млн. теңгеге дейін өсті. Интернет-шоттары теңгеде соммалық айналым жыл ішінде 13-тен 15,4 млрд. теңгеге  дейін өсті. Ал басқа валютада мынадай көрсеткіштерге жетті: USD – 3,5 млн, EUR – 3,3 млн, RUR – 29,7 млн, GBR – 0,4 млн. Интернет арқылы ашылған депозиттер саны 39% өсті.

    Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек “Халық Банкі” Қазақстанның жеке тұлғалары бойынша электрондық банктік қызметтер нарығында 70%-дан жоғары бөлікті қамтиды.

    Халық Банкі келесідей  қызмет көрсетеді:

    Несиелеу: 

  • 24 айға дейінгі негізгі және айналым капиталды ұлғайтуға жұмсалатын несиелік сызықты ашу;
  • ссудалық, пре-экспорттық қаржыландыру (шетел агенттіктерінің және банктің несиелік сызығын пайдалана отырып қаржыландырады);
  • овердрафт ашу;

    Халық Банкі консультациялық-қаржылық қызметтер сонымен  бірге вексельдік операциялар жүргізеді.

    Қазіргі таңда Халық Банкімен келесі несиелеу бағдарламалары ұсынылған:

    - Бизнес Lights;

    - Кіші бизнесті  ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламаасы;

    - Отандық тауар  өндірушілер мен  қызметкөрсетушілерге банктік займды ұсыну бағдарпламасы;

    - «Ауылшаруашылық  өнімді қайта өндірумен  айналысатын кәсіпорындарға  айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие беру» бағдарламасы;

    - Кәсіпорындарды овердрафт  формасы бойынша  қысқа мерзімді  несиелеу бағдарламасы.

            Бизнес Lights. Кіші  бизнес субьектілерін  несиелеуге бағытталған  бағдарлама: заңды  және жеке кәсіпорындар.

    Несиелеу  мақсаты:

    - айналым қаражаттарын толтыру;

    - негізгі құралдарды  алу;

          Бағдарламаның негізгі артықшылығы  несиені жылына 12% -бен 7 жылға дейін мерзімге беру болып табылады. Жұмыс істеп тұрған және жұмысқа кірісетін  бизнес несиеленеді. Несиені алу мерзімі  – несиелік сызықты  ашқан күннен бастап 6 айға дейін. Сонымен бірге басқа банктен $100 000 дейін алған заемды қайта қаржыландырады. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті және депозиттерді қабылдайды. Несие АҚШ долларында беріледі.

            Кіші бизнесті  ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты кіші және орта компанияларға қаржылық қолдау көрсету.

          Бұл бағдарлама бойынша  кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын жеке тұлғалар, сонымен  бірге сауды қызметімен айналысатындар, микро- немесе кіші кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, жеке кәсіпорындар, заңды тұлғалар несие ала алады.

          Несиелер  мына мақсатқа беріледі:

    - тауар, шикізат  және материалдар  алуға;

    - өндірісті ұлғайтуға  немесе қызмет  көрсетушілердің  көлемін ұлғайтуға;

    - құрал-жабдықтар  және транспортты  сатып алуға;

    - жылжымайтын мүлікті коммерциялық қызмет көрсету мақсатында сатып алуға, салуға және жөндеуге;

    - басқа да капиталды  салымдар үшін

          ЕҚҚДБ-нің несиелеу бағдарламасының өзгешілігі бизнес-жоспардың болуы шартының жоқтығында. Бұл бағдарлама бойынша клиентке консультация беру, қаржылық талдау, шотты ашу жүзеге асырылады.

          Кепіл ретінде айналымдағы  тауарлар, құрал-жабдықтар, автотранспорттар, кепілдіктер, жылжымайтын мүлік, депозиттер, жеке мүліктер алынады.

          Несие қолма-қол және қолма-қолсыз түрде теңге немесе АҚШ долларында беріледі. Несиені қайтару пайыздарды және негізгі қарызды бөліктермен төлеу арқылы жүзеге асырылады.

          ЕҚҚДБ несиелеу бағдарламасы несиенің 2 түрін ұсынады:

    1. «Кәсіпкерлер» несиесі:

  • Несие соммасы: $200 000 дейін
  • Несие мерзімі: 3 айдан 4 жылға дейін
  • Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,25%-дан жоғары, теңгеде айына 1,34%-дан жоғары
  • Шешім қабылдау мерзімі: 2-5 күн
  • Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.

    2. «Блиц» несиесі:

  • Несие соммасы:100-ден 5000$ дейін
  • Несие мерзімі: 3 айдан 12 айға дейін
  • Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,92%-дан жоғары, теңгеде 2,33%-дан жоғары
  • Шешім қабылдау мерзімі: 2 күнге дейін
  • Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.
  • Жылжымайтын мүлікті кепілге берудің қажеті жоқ
  • Құжаттардың аздығы

    Отандық тауар өндірушілер  мен қызметкөрсетушілерге банктік займды ұсыну  бағдарпламасы. Бағдарлама отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді экономикалық көтеруге негізделген.

    Сыйақы  мөлшері займдық қаражаттарды мақсатты қолдануына байланысты:

    - айналым капиталын  толтыру – жылына 10%

    - негізгі капиталды ұлғайту – жылына 8%

    Несие тек қана АҚШ долларында беріледі. Бір жобаны қаржыландырудың максималды көлемі қарыз алушының бизнесінің көлеміне байланысты:

    - кіші және орта  бизнес үшін –  100 000 АҚШ доллары

    - ірі кәсіпорындар  үшін – 6 000 000 АҚШ доллары

    Қамсыздандыру ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік алынады.

    «Ауылшаруашылық өнімді қайта өндірумен  айналысатын кәсіпорындарға айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие беру» бағдарламас. Бұл бағдарламаның мақсаты қарызгердің банкке төленетін сыйақысын азайту болып табылады. Азайту республикалық бюджеттің субсидияларының арқасында жүзеге асырылады.

    Кәсіпорындарды  овердрафт формасы  бойынша қысқа  мерзімді несиелеу бағдарламасы. Овердрафт банктің  клиентке ұсынатын қысқа  мерзімді несие түрлерінің бірі болып табылады. Овердрафты АҚШ долларында немесе теңгеде 25 күнге дейін береді. Өзгеше жағдайда ғана қамсыздандыруды қажет етеді.

    Несие бөлімінің қызметіне  несиелік өтінішті экономикалық бағалау, несиені  беру мен қайтаруға  дейінгі процедураны  жүзеге асыру кіреді.

    Несиені берудің негізгі  схемасы:

    -    Клиенттің өтінішін менеджердің талдауы;

    - Керекті құжаттарды  дайындау (несиелік  өтініш, қарыз алушының сауалдамасы), клиенттен жобаны талдауға және т.б. өткізу үшін қажетті құжаттарды алу;

    -  Клиент берген  құжаттарды Заң Службасы, Бағалау Службасы, Қауіпсіздік Службасы және Қазынашылық Службаларының тексеруі;

    - Жоба бойынша несиелік пакетті банктің Несиелік комитетіне беруге дайындау;

    -   Несиелік құжатнама құру.

          Несиелік  құжатнама ҚР-ның  Халық Банкінің Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы Үкімі бойынша келесі құжаттардан тұруы қажет:

    1. Құрылтайшылық және  тіркеу құжаттары.  Оған кәсіпорынды  мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу куәлігі, статикалық карточка, салық төлеушінің куәлігі, кәсіпорынның жарғысы, бірінші басшылықтың және бас бухгалтердің жеке мағлұматтары жатады. Сонымен бірге Қауіпсіздік Службасының және Заң Департаментінің жоба бойынша қорытындысы жатады. Бұл құжаттардың түрі  корпорациялық клиенттің заңды негізін көрсетеді.

    2. Бухгалтерлік және  қаржылық құжаттар.  Бұл клиенттің бухгалтерлік есеп беруі: бухгалтерлік баланс, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, дебиторлық және кредиторлық қарыздар, салық органдарынан алынатын салық және міндетті төлемдер бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын құжат, зейнеткерлік қорға аударылатын міндетті төлемдер туралы құжат, корпорациялық табыс салығының декларациясы, басқа банктерде ашылған ссудалық шоттары және қарыздары туралы құжат және т.б. бұл құжаттар клиенттің қаржылық жағдайын сипаттайды.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент