Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:01, курсовая работа
Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.
Кезең-
Дері |
Компания атауы | Құрылу жылы | Негізгі сипаттамалары |
Бірінші
кезеңі
1994-1999 ж.ж. |
«Coca Cola» | 1994 |
|
«Рахат Палас» | |||
«Adidas» | 1995 | ||
«Сеймар» | 1996 | ||
«Kodak» | 1997 | ||
«Дока» | 1999 | ||
«Анкара» | |||
«Рамстор» | |||
Екінші
кезеңі
2000 – 2004 ж.ж. |
«1C» | 2000 |
|
«Баскин31Роббинс» | |||
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы | 2002 | ||
Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы | |||
«Il Patio», «Планета Суши» | |||
«World Class» | 2003 | ||
«Business Consult», «Scot Holland Estates» | |||
«Пятерочка» | 2004 | ||
«maxmara», «Sela» | |||
«Три Толстяка» | |||
Үшінші
кезең
2005 жылдан басталып осы кезге дейін |
«English First» | 2005 |
|
«Алма – TV» | |||
«Tiffany Marble» | |||
«Ромат» | 2006 | ||
«Umex Realty» | |||
«Сбарро» | |||
«Finn Flare» | 2007 | ||
«Aquatoria of Luxury Life» | 2008 |
Франчайзингтік
қатынастардың дамуындағы бірінші
кезең жекелеген кәсіпкерлердің
отандық экономикада жаңадан
қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада
франчайзингтік қатынастар жүйесін
пайдаланудағы талпыныстарымен
сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг
тамақтандыру саласында, пиццериялар
мен шағын наубайханаларға
Франчайзингтің
отандық баламалары сауда мен
халыққа қызмет көрсету салаларында
пайда болып, дами бастады, ол бизнес
жүйесінің экономикалық, құқықтық,
мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің
төмендігіне қарамастан, қазақстандық
жағдайларға бейімделу
Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «росинтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.
Бірінші
кезеңде – кәсіпкер франчайзингтік қызметпен
айналыспас бұрын өз мүмкіншіліктерін
білуі қажет. Осы мақсатта, ол кәсіпкер
әлеуетті франчайзи тұрғысында өз қызметінің
қазіргі жағдайы мен болашағына баға беру
үшін SWOT-талдау жүргізгені оң болар еді,
яғни кәсіпорын өзінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін, қауіп-қатерлері мен
мүмкіндіктерін дәл анықтай отырып, оның
белгілі бір “сағымдардан” айырылып,
нақты бизнес-қадамдар жасауына мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, отандық кәсіпкер
өзін әлеуетті франчайзи тұрғысында бағалауда
екі бағытты ұстануы керек: франчайзингтік
бизнесті ұйымдастырып, жүргізе алу қабілеті;
кәсіпкерлік сипаттамалары.
5 -сурет – Отандық кәсіпкерлікте франчайзингтік қатынасты
Қолданудың логистикалық тізбектік жүйесі
Екінші кезеңде – франчайзингтік негізде қызмет атқару туралы шешім қабылдамас бұрын, франчайзи келесідей іс-шараларды жүргізуі қажет:
Үшінші кезеңде – франчайзер тарапынан ұсынылып отырған франшиза бағалануы керек. Отандық кәсіпкерлердің франшизалар туралы ақпараттарды ҚФА-ан алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, Халықаралық Франчайзинг Ассоциациясы жобамен бизнестің 70 саласын қамтитын 1000 франшизаға сипаттама береді. Франшизаны бағалауда келесі факторларды ескеру қажет.
Төртінші кезеңде – франчайзерді таңдау мен оның қызметіне баға беру жүргізіледі. Франчайзер туралы ақпараттарды біздің елде ҚФА арқылы немесе олардың өздерімен тікелей қарым-қатынас орнату нәтижесінде алуға мүмкіндік бар. Франчайзер әлеуетті франчайзиға өзінің қызметі турасында толығымен мәліметтерді қамтитын “ақпарат дәптерін” ұсыну керек және де онда келесілер қарастырылуы тиіс: әлеуетті франчайзи сол франчайзердің тәжірибелігі, репутациясы және болашаққа жоспары мен франчайзердің қаржылық жағдайына назар аударуы керек.
Қаржылық жағдайды талдау, франчайзердің ағымдық қызметін бағалауға және франшизаның табыстылық мүмкіндіктерінің тартымдылығын айқындайды. Осыған байланысты, төменде франчайзердің қаржылық жағдайын бағалайтын басты көрсеткіштер ұсынылып отыр.
2-кесте
– Франчайзердің қаржылық жағдайын бағалайтын
басты көрсеткіштер*
№ | Көрсеткіштер | Есептеу әдістемесі |
1 | 2 | 3 |
1 | Пайдалылық | |
Қаржылық рентабельділік | Таза пайда / Қолданылатын капитал * 100% | |
Жиынтық маржа | Жиынтық пайда / Сатулар *100% | |
Операциондық маржа | Операциондық пайда / Сатулар *100% | |
Таза маржа | Таза пайда / Сатулар *100% | |
2 | Төлемқабілеттілік | |
Gearing қатынасы | Қарыздық капитал / Қолданылатын капитал *100% | |
Банктік пайызды жабу | Операциондық пайда / Пайыз * 100% | |
3 | Өтімділік | |
Абсолютті өтімділік | Ақша қаражаттары / Ағымдық қарыздар | |
Аралық өтімділік | Ағымдық активтер – Қорлар / Ағымдық қарыздар | |
Жалпы өтімділік | Ағымдық активтер / Ағымдық қарыздар | |
4 | Дебиторлық қарыздарды бақылау | |
Дебиторлық қарыздарды жинау мерзімі | Саудалық міндеттемелер * мерзімдегі күндер / Сатулар | |
5 | Қорларды басқару | |
Қорлар айналымы мерзімі | Мерзім күніндегі тауарлар мен материалдар қоры / Сатулар | |
6 | Несиелік қарыздарды бақылау | |
Несиелендірудің орташа мерзімі | Қысқамерзімдік қарыздар * мерзімдегі күндер / Сатулар | |
7 | Қолма-қол ақша ағымын бақылау | |
Қаражаттардың кірісі мен шығысы бойынша болжам мен нақты жағдай (айлық, апталық, күнделікті) |
Бесінші
кезеңде – франчайзи бизнес-
Франчайзингтік жүйедегі бизнес-жоспар франчайзердің бірқатар аспектілерді өзінің жобасында қарастырғандықтан белгілі бір ерекшеліктерді енгізеді. Осы жоспарда ең алдымен, іскерлік және нарықтық ортаның (франшиза территориясының) сипаттамасы ескерілуі қажет: тұтынушылардың белгілі бір талаптары, дәстүрлер, бәсеке, өкілетті тұлғалардың қызметтері және мемлекеттік бақылау, шет елдік инвесторлармен қарым-қатынас, қылмыстық жағдай және жемқорлық, мемлекеттің салық және кедендік саясаты. Франчайзер басқа елден келгенде не басқа ел нарығына шыққанда – осы факторлардың маңыздылықтары артатыны сөзсіз.
Алтыншы кезеңде – франчайзингтік өзара шарт жағдайы талқыланады. Бұл талқылану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен “Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” ҚР Заңы, сонымен қатар, осы жұмыстың екінші бөлімінде қарастырылған басқа да заңнамалық-нормативтік актілерге негізделе отырып жүргізіледі. Негізгі мақсат – франчайзи өзінің атқаратын міндеттемелері мен құқықтарын және франчайзердің тиісінше міндеттемелері мен құқықтарын айқындап, қатысушы екі тараптың мүддесін қамтитын шартты әзірлеу.
Жетінші кезеңде – франчайзингтік бизнес-жобаны іс-жүзіне енгізу. Бұл кезең өзіне екі деңгейді енгізуі қажет: бизнесті ұйымдастыру және бизнес-жоспарды енгізу.
Бизнесті ұйымдастыру бірқатар іс-әрекеттермен сипатталады: