Кәсіпкерлің қызметтегі франчайзенг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:01, курсовая работа

Описание

Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Работа состоит из  1 файл

Mura.docx

— 136.65 Кб (Скачать документ)

    Франчайзингтік  жүйені кеңейтудің екінші критериі –  сатып алуға қажетті сауда  орындарының санын дұрыс анықтау. Франчайзингтік қатынастар негізінде  қызмет атқарушы компанияның өз меншігінде сауда орындарының болғаны орынды. Өйткені, бұл жағдай франчайзи тарапынан  бизнеске сенімділік тудырады, компания белгілі бір нарықтық зерттеулерді, сынамалық жобаларды сол өз сауда  орындарының қызметінде жүргізіп, нақты  нәтиже алуға мүмкіндікті иемденеді. Франчайзер өзі орналасқан мекеннен алшақ орналасқан және де тұрғындары тығыз орналаспаған жерлерде өз сауда орындарын құрғанша, франшиза ұсынғаны тиімді болады, ал керісінше жағдайда өз сауда орындарын қалыптастырған орынды. Егерде франчайзинг жүйесінде жаңадан қызмет атқарушы компания болса, барлық сауда орындарының территориялық шоғырланғаны дұрыс, бұл жағдай, франчайзи мониторингісі мен сапаны бақылауда тиімділікті қамтамасыз етеді. Шет елдік нарыққа франчайзер тұрғысында өз франшизасын ұсынатын кәсіпкерлерге тікелей франчайзингке қарағанда мастер франчайзинг жүйесін қолданған тиімді болады. Нақты дәлел ретінде Қазақстандық кәсіпкерге “мастер франчайзи”  статусын ұсынған "Tiffany Marble Molds Int. Inc." компаниясының франшизасы 2003 жылдан бері табысты қызмет атқаруда. Франчайзингтің франчайзиды іздестіру, таңдау және оның қызметін басқаруда, кәсіпкер әлеуетті франчайзиларды тарта отырып, қаншама үміткерлердің арасынан ең жақсысын таңдап алу арқылы және де оның қызметін оңтайлы жүйеге негіздей отырып, атқару нәтижесінде  франчайзер ретінде табыстылықты қамтамасыз етуі керек.

    Отандық кәсіпкерлер үшін жоғарыда қарастырып өткен франчайзингтің оңтайлы критерилері, оларға осы бизнес-жүйеге енуде бағдарды таныта отырып, қызмет етулерінде тиімділікті  қамтамасыз етуге септік болады. Осы  критерилерді қолдана отырып, сонымен  қатар жалпы отандық кәсіпкерлер  жүйесіндегі франчайзингтің қалыптасуы мен даму барысына жүргізген талдамалық-зерттеулердің  нәтижесінде, біздің елімізде франчайзингтік жүйені ендірудің, белгілі бір кезеңдік реттілігін әзірлеу қажет деп  есептейміз. Франчайзинг кез-келген бизнес-жүйесі сияқты кәсіпкерлерден алдын-ала дайындықты, зерттеушілікті талап еткендіктен, біз отандық  кәсіпкерлердің франчайзингтік жүйені қолдануында тиімділікті сипаттайтын  және де реттілікті, айқындылықты танытатын  жүйені ұсынамыз.

    Бұл жүйе - отандық кәсіпкерлердің франчайзингтік негізде атақты компанияның айрықша  құқықтарын қолдануда қандай кезеңдерді қамтитынын және соған сәйкес қандай мәселелер туындайтынын алдын ала  біле отырып, лайықты шешімдер қабылдауын, қойылатын талаптарға алдын-ала  сай болуын қамтамасыз етуде маңыздылықты игереді. Төменде осы кезеңдердің  әрқайсысына тоқталып өтейік: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды  

    Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері  бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын  және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде  франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар  жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше  есеге ұлғаяды деп болжам жасауға  мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған  факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер  мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық  қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг  туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын  мүлікке деген бағаның әлі  де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін  қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

    Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы  дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру  бойынша міндеттердің кең ауқымын  шешеді:

  1. Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.
  2. Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.
  3. Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.
  4. Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.
  5. Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.
  6. Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.
  7. Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

    Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз  тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың  себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.

    Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі  қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға  болады:

  1. Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.
  2. Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы  шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.
  3. Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.
  4. Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.  

    Отандық нарықта франчайзингтік бизнес-жоба сұранысы мен ұсынысын жалпы осы  бизнестің инфрақұрылымдық негізін  қалыптастыра отырып, дамыту. Осыған байланысты мемлекеттік деңгейде (заңнамалық-құқықтық және әкімшіліктік қадағалау негізінде) меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету (санаткерлікті қоса) керек; экономикалық қызметтің барлық түрлерінің (мысалы, лизинг, факторинг, франчайзинг және т.с.) Атқарылуына қатысты заңнамалық негіздерді үйлестіру, яғни, бизнесті ұйымдастырудағы франчайзингтік қатынастардың өзі қатысушылық танытатын басқада салалармен байланысы, оларға тиесілі заңнамалармен қарастырылуы қажет. Мысалы, франчайзингтік бизнес-жобаларды іске асыруда қажетті технологиялар мен құралдарды игеруде лизингтік компаниялардың қатысушылығы; кәсіпорындар қызметін бақылауда жариялықты қамтамасыз ету және бақылаушы мекемелердің өкілеттіліктерінің шегін нақты айқындауы қажет.

    Франчайзингтік  бизнестің ақпарттық негізін  дамыту. Бұл жағдайды қамтамасыз ету  үшін, ең алдымен әлеуетті франчайзер мен франчайзиды ақпарландыру базасын  құра отырып, келесідей шараларды  қарастырмыз: «франчайзингтік жүйедегі жаңа іскерлік идеялар” тақырыбына теледидарлық және радио хабарларын ұйымдастыру (мұндай хабарлар жекелей немесе экономикалық сипаттағы, мысалы “бизнес-хабар” сияқты арнайы хабарлар негізінде жүргізілуі мүмкін); Интернетте веб-парақтарды әзірлеу; қызмет етуші және әлеуетті франчайзерлер  мен франчайзилардың қатысуымен франчайзингтік бизнес форумын ұйымдастыру; Қазақстанда франчайзинг күнін  бекіту (арнайы семинарлар, көрмелер, конференциялар өткізу үшін); франчайзингтік бизнесті бастау үшін кеңестер беру және арнайы оқыту, үйрету; тәжірибелік франчайзингке  қатысты материалдарды басып  шығару.

    Франчайзингтік  бизнес-жобаны қаржыландыруды, несиелендіруді жетілдіру. Осы мақсатта келесі шараларды  жүргізу керек: мемлекеттік кепілдікті қолдана отырып, коммерциялық банктердің франчайзиды несиелендіруі; франчайзер-компанияға тиесілі брэнд кепілдігімен қаржыландыру; факторинг механизмін қолдана отырып франчайзерлерді несиелендіру; франчайзингтік компанияларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету үшін банктермен жүргізілетін венчурлық инвестициялау механизмін қолдану; үшінші тұлғалардың кепілдігімен франчайзинг субъектілерінің жеке меншіктерін кепілзатқа ала отырып, оларды несиелендіру; ірі сақтандыру компанияларының несиелік тәуекелділікті сақтандыру сызбасын қолдана отырып франчайзиды несиелендіру. 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 

    
  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің  Парламент палаталарының бірлескен  отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2006.-№16, Б.1-2.
  2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // www.akorda.kz
  3. Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. – Астана.: Елорда, 2001.-308с.
  4. Земляков Д.Н., Макашев М.О. Франчайзинг. Интегрированные формы бизнеса: Учеб. Пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-142с.
  5. Лебедев И.В. Франчайзинг по-русский. Мифы и реальность [Текст]. – спб.: Вектор, 2006.-160с. – (“Know how”)
  6. “Финансовый и Организационный Консалтинг”. Франчайзинг как способ развития бизнеса. – М. 2005.-11с.
  7. Сосна С.А., Васильева Е.Н. Франчайзинг. Коммерческая концессия. – М.: ИКЦ “Академкнига”, 2005.-375с.
  8. Частное предпринимательство: основные понятия, теория и практика.: Учеб. Пособие. - М., 1994. – 143с.
  9. Стэнворт Д.; Смит Б. Франчайзинг в малом бизнесе / Пер. С англ. Павловой Л.Н. - М.: ЮНИТИ, 1996. – 200с. - (Руководство Барклайз Банка по малому бизнесу)
  10. Филип Ф. Зайдман. Франчайзинг. – Вашингтон.: Компания “Rudnik”, 1998.- 80с.
  11. Яновская Ю.М. Новый метод ведения бизнеса - франчайзинг // Труд за рубежом. - М., 1997. - N 3. – С.35-42.
  12. Практикум по франчайзингу для российских предпринимателей / Под ред. Силинга С.А. - спб., 1997. – 195с.
  13. Пузакова Е.П., Масленкова А.А. Франчайзинг как специфическая форма объединения экономических интересов инопартнеров // Вестн. Акад. - Ростов н/Д, 1999. - N 1. – С.81-84
  14. Рыкова И.В. Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры. - М.,2000. – 224с.
  15. Лысенко С. Франчайзинг: готовый бизнес или упорный труд // “Женщины Восток-Запад”.-2006.-№2, С.8-9.
  16. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Васин. – Алматы.: “Жеті жарғы”, 2000.- 800с.
  17. “Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” Қазақстан Республикасының Заңы // ҚР Парламентінің жаршысы – 2002.-№12, 117 құжат, Б.16-27.
  18. Шейн Скот А. От мороженного к Интернету. Франчайзинг как инструмент развития и повышения прибыльности вашей компании / Пер. С англ; 2006.-208с.
  19. Шаикова С.     Франчайзинг. Расширение горизонтов ведения бизнеса в Казахстане// Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане.- 1997.-ноябрь(N 21).-С.14-15
  20. Бәсекелестік экономика, 2007 О.Сәбден 584
  21. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы.
  22. Земляков Д.Н., Макашев М.О. Франчайзинг.Интегрированные формы организации бизнеса:Учеб. Пособие.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-142 с.
  23. Бенке И., Юльчиева Г. Возможности развития франчайзинга в Казахстане// альпари.- 1997.-N 3.-С.56-61
  24. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастарды реттеу бойынша іс-шаралар/ Қаржы-қаражат, 2007 ж., № 5, 74-78 б., 0,3 б.п.
  25. Франчайзингтің Қазақстандағы дамуының шарттары және мүмкіндіктері /   «Конкурентоспособность национальной экономики в условиях глобализации: проблемы и пути ее повышения» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Алматы: Халықаралық бизнес Университеті, 2004 ж., 254-256 б., 0,25 б.п.
  26. Бутрин Д. Довгань как зеркало российского франчайзинга. Журнал КОМПАНИЯ. №16(64), 10.05.99.
  27. Б.Кисиков «Франчайзинг в Казахстане»
  28. «Даму» жылдық есебі, 2009 жыл
  29. «Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы» заң, 2002 жыл
  30. Манап А.С «Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту»
  31. Франчайзингтік қатынастар жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер, нәтижелер, 2007 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.
  32. Франчайзингтің жіктелуі/ Вестник казгу им. Аль-Фараби, 2007 ж.,  № 5, 105- 108 б., 0,3 б.п.
  33. Формирование и развитие франчайзинговых отношений в Казахстане / «Реформа» международный ежеквартальный научный экономический журнал, г.Бишкек, 2007 ж., № 3, 42-44 б., 0,38 б.п.

Информация о работе Кәсіпкерлің қызметтегі франчайзенг