Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:40, реферат

Описание

Шешімді кабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім кабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушьшарды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінінде өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты — бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ыкпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешетіп болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.

Работа состоит из  1 файл

муниципальный155.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР 
 

І. Кіріспе ......................................................................................................3

      1.1. Басқару шешімдерінің мазмұны  мен түрлері...........................................5

   1.2. Шешім қабылдау үрдісі мен әдістері .......................................................7

   2.1. Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері.............................................13

   2.2.  Басқару шешімдерінің тиімділік жағдайлары.......................................19

    2.3.  Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру факторлары.................26

Қорытынды................................................................................................33

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................35 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам  дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, ол өндіріс, қоғамдық процестер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады, өйткені аймақтарды және мемлекетті басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шаруашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі.

        Менің курстық жұмысымның зерттеу  обьектісі: муниципалдық ұйымдардың  басқару шешімдерінің тиімділік  мәселелері.

Муниципалдық  менеджменттің негізгі  тапсырмалары:

1.Муниципалдық  білімдердің әлеуметтік-экономикалық  дамуына сараптама;

2.Муниципалдық  білімдердің дамуын болжау;

3.Муниципалдық  білімдердің дамуының негізгі  бағыттарын, жоспарларын және бағдарламаларын  өңдеу;

4.Муниципалдық  білімдердің дамуын және басқару  шешімдерін қабылдау және өңдеу,  оның жүзеге асырылуы және  нәтижесін бағалау;

Муниципалдық  менеджменттің мәселелерін  шешу келесідей бағытталған:

      Әлеуметтік  ортаға– халықтың тұрмыс-жағдайын қажетті деңгейімен қаматамасыз  етіп,барлық азаматтарға тең өмірлік 

      Экономикалық  ортада – муниципалдық білімдерін экономикалық                территориядағы еңбек бөлінісін тиімді пайдалану.

     Муниципалды менеджмент келесі қағидалардан тұрады - мемлекеттің экономикалық кеңістігінің біртұтастылығын сақтап, өз-өзін қаражатпен қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық қызығушылықтары қағидалары болып табылады. Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым пен тәжірибенің басты назарындагы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.

 «Қызмег тиімділігі»  түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметге де қолданылады. Әкономикалық ғылымда  әкономикалық тиімділік категориясы  және оны бага- лаудың тиісті олшемдері  енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағ- дайында фирманы басқару проңесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгеріулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.

     Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі тандағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бүл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметгік, саяси, құқықтық және республика субъектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпымемлекетгік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.1 Басқару шешімдерінің мазмұны мен түрлері

      Муниципалды басқару мәні мен түсінігін анықтайтын болсақ. Муниципалды басқару – бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік–экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару – бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол өзін-өзі басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергілікті деңгейде жүзеге асыру.    

   ТМД елдерінің жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі модельдік құрылымына сай муниципалдық құрылым бұл – муниципалдық меншігі, өзіне тиесілі қаржылық бюджеті тағайындалған жергілікті өзін-өзі басқару органы бар, белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын қалалық, аудандық немесе селолық мекен. Муниципалдық құрылым шекаралары халықтың орналасуының көлемін, оның салт-дәстүріне, тарихи жақтарын ескере отырып бекітіледі.

   Жергілікті өзін-өзі басқару бегілері:

  1. Әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар;
  2. Муниципалдық меншік түріндегі басқару обьектісі бар;
  3. Жергілікті басқарудың негізгі қызметтері сайланбалы муриципалдық органдар мен өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдармен жүзеге асыру.    

   Жергілікті өзін-өзі басқарудың  обьектілері мен субьектілері. Жергілікті  өзін-өзі басқару обьектісіне:  муниципалдық меншік обьектілері  және муниципалдық басқаруға  берілген мемлекеттік меншік  обьектілері жатады. Мұндай обьектілерге муниципалдық органдар тікелей басқару жүргізуге құқылы, ал муниципалдық құрылым территорияларында әрекет ететін кәсіпорындар, ұйымдар экономикалық ынталандыру, моральдік әдістер арқылы жанама басқарылады. Жергілікті өзін-өзі басқару субьектілеріне: жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады. Муниципалдық органдар мемлекеттік басқару органдарына жатпайды, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз, тек заң және нормативтік актілерге сай қызмет жасайды.  

    Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері — оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады. 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2. Шешім қабылдау  үрдісі мен әдістері

        Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс корытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.

        Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір  жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім  қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік  жүктейді.

     «Басқару  шешімі» термині екі негізгі  мәнде қолданылады Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды тағы басқаларды, екінші жағдайда — проблемалар мен міндеттер шешімін кабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы варианттын білдіреді.

    Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің озі болып саналады.

      Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз, жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. 

  Шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі  жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел  еткен жөн. Мњныһ тек жедел  шешімге сапа емес, басқа да шешімдерге катысы бар.

        Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Шектен тек қол қусырып отырғанша, шешім қабылдаған жөн».

     Баскару шешімінің маңызды талаптарының бірі — мақсаткерлік. Кез келген жұмыс  тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.

      Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты 
айқындайды.

      Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса, қез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. 
 Басқару шешімі жан-жақты болуы яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік мәселелері де шешілсін.

      Шешімде тапсырманың мәні, оның  көлемі, мерзімі, жүзегс асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар корсетілсін.

  Басқару субъектісі бойынша  шешімдерді былайша  бөлуге болады:

1.Әкімшілік шешімі.

2.Қоғамдық ұйымдар  шешімі т.б.

     Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім әдетте, бүкіл шаруашылықтын мүддесін қозғайды. Жекелей шсшімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

    Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.

    Сыртқы шешім халық шаруашылығы ондірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кә сіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады

  Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорыннын өзіндегі қызмет саласына жатады.

  Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп  боледі.

     Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалык жоспарларда керсетіледі.

  Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындары үшін күнделікті шешім  көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.

  Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше  апта, күн, ай) жүзеге асырылады.

      Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың  немесе іс- әрекеттердің белгілі бір жүйемеи жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы калыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек

     Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл — шешімнің маңызды бөлігі.

     Шешімнің  ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс- әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар,  орындаушылар арасындағы үйлестіру және озара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.

     Басшы кез келген проблеманы ең алдымен танымдык, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылык белсснділерін жұмылдыра білуіне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметгер болғанда ғана мүмкін болады.

Информация о работе Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері