Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:40, реферат

Описание

Шешімді кабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім кабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушьшарды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінінде өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты — бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ыкпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешетіп болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.

Работа состоит из  1 файл

муниципальный155.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

     Басқару қызмегімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі бұл үрдісте жүмсалатын күш-жігер интеллектуалдық, шығармашылық (творчестволық), коммуникаңиялық сипатта болады. Бірақ агалмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын, нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық (творчестволық) қызмет. Сондықтан басқару әсерін қамтамасыз етудің келесідей: «ой-пікір (идея)-әрекет-әсер-нәтиже» жүйесін қалыптастыру орынды. Бүл жүйе тиісті лауазымды түлғалар қызметінің жасампаздық, тәжірибелік түстарын үнемі талдап және багалап отыруға мүмкіндік береді. Басқару қызметінің нәтижелілігі қолданылатын әдістерге, проқедураларга, нысандарға, лауазымды түлғалардың білім-біліктілігіне, қабілетіне, талантына байланысты екені белгілі. Практикалық қызмет талданып, ой елегінен өткізілмесе, оны жетілдіру қиындық тудырады және керісінше, теориялық ой-пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және онда жүзеге аспаса, олар тек тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды. Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық, ізденгіштік, практикалық түстарын бірге қарастырған жөн.

     Басқару қызметін үйымдастыруда ұжымдық (коллегиялық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс. Басқару ақпаратының күрделілігі және көп түрлі болуы, басқару үрдістерінің өзгермелілігі, шешілуін күтетін мәселелердің кешенділігі, жүйелік озара байланыстылығы жағдайында басқару қызметінің аталмыш нысаны оның үтым- дылығының негізгі алғашарты болып табылады. Тек мазмүны жағынан әр түрлі білімнің, біліктіліктің, тәжірибенің бірігуі, сан қилы мақсаттарды, мүдделер мен құндылықтарды, себеп- салдарларды жан-жақты ескерудің нәтижесінде ғана тиімді басқару шешімдерін немесе іс-әрекеттерін әзірлеп, жүзеге асыруға болады.

 Басқару қызметінің жағдайы мен сапасын талдау және бағалау басқару стилін жетілдірудің келесі бағытын құрайды. Оның басты мақсаты - басқарылатын үрдістер жөнінде шындыққа жанасатын мәліметтер алу негізінде қабылданатын басқару шешімдері мен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету. 

    1. Басқару шешімдерінің тиімділік  жағдайлары
 

        Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым пен тәжірибенің басты назарындагы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.

 «Қызмет тиімділігі»  түсінігі мемлекеттік басқару теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды қолданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын анықтау мүм- кін емес. Кептеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындыгын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудың объективтілігімен тікелей байланысты.

 Жалпы тиімділік  екі жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылық «оң» сальдоны, яғни адам еңбегінің әкелген пайдасын корсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақгы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болған кезде корініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық онімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мүқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған жағдайда да тиімділік жоқ есептеледі.

     Әр  түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай да бір басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарьшатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мүндай тиімділігі ендірілген өнім мен өны өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білдіреді. Ол басқарылатын объекг шеңберінде еңбекті үйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-қүндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді. Орталықтандырьшған жоспарлы әкономикада ендірістік тиім- ділікке қатты көңіл аударылды. Кәсіпөрындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық натуралдық көрсеткіштерге міндетті түрде қөл жеткізуі керек еді. Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзғертеді, бірақ басқарьшатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт-бағдар жасайды. Сон- дықтан оған салыстырмалы әкономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен керсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.

     Нарықтық әкономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға сату қажет. Көптеген ондірушілер үшін үдайы ендірістік кезең сауда - саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім түтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі - әкономикалық тиімділдік туындайды. Әкономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сүраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өн- дірушіге ұдайы ендірістік процестің барлық кезендерін анықтап, белгілейді. Ондіруші ендірілген енім үшін нақты ақысын алады, ал бүл жаңа және үлғаймалы ендірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан әкономика езіне қажетті серпінділікке және езін-езі басқаруға ие болады. Нарықтық әкономикадагы барлық ендірушілердің негізгі мақсаты әкономикалықтиімділ ікке қолжеткізу және басқару субъектілерінің, оның ішінде мемлекетгік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған. Әкономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші жүйелердегі басқару тиім- ділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның шындыққа жанасуы ендіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде кетеру, нақты әкономикалық проқестерге тән тағы басқа құбылыстар орын алатын нарықтық әкономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондықтан мемлекет әкономикалық іс-әрекеттің үтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың әкономикалық тиімділігін анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап отыруы қажет.

 Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар  әкономикалық, әлеуметтік корсеткіштері  бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажетгіліктерді қанаіаттандыру үшін қолдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат онімнің езі езіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі түтыну үғымы өндіріс қүралдарын пайдалану деңгейін сипапайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін артгыратын, үлттық табысты қүрайтын осы нәтижелі түтыну. Сондықтан түтыну кезеңінде әнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі — әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.

 Әлеуметгік тиімділік — бұл қоғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жүмыс түрін атқару барысында, сонымен қатар тиісті материалдық, әлеуметгік және рухани қүндылықтарды пайдалануда жалпы оң нәтижелерге қол жеткізуі. Егер оны «өндіріс-бөлу-айырбас-тұтыну» жүйесіне қолданатын болсақ, ол тек өндіріс кезеңінде ғана емес, басқа да кезеңдерде орын алып, жүйе үшін ортақ болып, жалпы оның жағдайын сипаттайды.

     Әлеуметгік  тиімділік кез келген еңбектің маңыздылығын, үтымдылығын және тиімділігін керсетеді. Егер енімге кеткен шикізатгық, әнергетикалық және басқа да материалдық шығын- дарды «шегеріп тастасақ», онда адамдардың еңбегі және таланты, білімі мен тәжірибесі, біліктілігі мен ар-үяты толығымен әлеуметгік тиімділікте керініс табады. Әлеуметгік тиімділіктің көлемі қоғам- дық қүрылымдар мен реттеуіштердің үтымдылығын сипатгайды. Егер әкономикалық немесе өндірістік тиімділікке табиғатқа және қоғамдық өмірдің басқа жағдайлары мен факторларына (әлеуметтік инфрақүрылымға, адамдардың денсаулығына және т.б) зиян келтіру есебінен қол жеткізілсе, онда мүндай жагдайларды әлеуметтік тиімділік деп айта алмаймыз. Сонымен қатар тапқан табыстарға сай келмейтін қорларды қолдану арқылы уақытша, қысқамерзімді қол жеткізген жетістіктер әлеуметтік тиімділікті білдірмейді.

 Әлеуметгік  гиімділік жоғары сапа мен қазіргі заманғы тех- нико-технологиялық корсеткіштерге негізделген. Онда ғьшыми- техникалық революқияның жетіктіктері толық көрініс табады.

 Ол тек  басқару субъекгілерін, ең алдымен  мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарын ұтымды ұйымдастыру, басқарыла- тын объектілердің оңтайлы қызметжасауы, олардың белсенділігінің қоғам заңдылықтарымен және мүдделерімен сәйкес үйлесуінің нәтижесінде пайда болады. Әлеуметтік тиімділіктің мәні оның түрақты, ендіруші, прогрессивті болуында, жүзеге асқан қызметтің қолданған нәтижесі ғана емес, сонымен қатар болашақта дамудың қайнар көзі мен қүралына айналып, қоғамдық емірдің үдайы ендірісінде берік және түрақты буыны ретінде керініс табуында.

     Мемлекеттік басқару жайлы жоғарыда айтылғандар онымен атқарылатын іс-әрекетгің барлығы басқарудың әлеуметтік тиім- ділігімен олшеніп, бағалануы керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан қүбылыстар, қарым-қатынастар мен проқестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адам- дардың қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың үтымдылық пен тиімділік түрғысынан пайдалануын қадағалайды. Адамдардың тек үятына, адал ниетіне, адамгершілік қылықтарына ғана сенім білдіру жеткіліксіз. Тек қана заңға, мінез-қүлық пен іс-әрекет нормаларының орындалу міндеттілігіне ғана сенім артуға болады. Ал олардың нақты орындалу деңгейі қоғамға, адамдарға белгілі пайда әкелетін, оларды материалдық және рухани аспектіде дамытатын әлеуметтік тиімділікпен анықталуы қажет.

 Мемлекеттік басқару қызмет түрі ретінде басқа  басқару түрлерінен ең алдымен, мемлекеттік  билік және мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылатындығымен, әлеуметтік топ- гар мен азаматтардың қоғамдық мүддесін білдіретін саяси басшылықтың, саясатгың басым релге ие болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан «мемлекетгік басқарудың тиімділігі» түсінігінің және оның елшемдерінің (критерий) мазмүнды анық- тамасы «шығындар-енім шығару» моделі бойынша технология- лық операқияларды емес, бірқатар саяси аспектіден түратын саяси субъектінің басқару қызметінің әлементі болып табылады.

 Мемлекеттік басқарудың тиімділігі қабылданған  шешімдердің іске асырылуының «шығындар-енім шығару» немесе «шығындар- нәтиже»  іспетті объективті керсеткіштерімен емес, саяси жүйенің стратегиялық мақсаттарына жету және жалпы мемлекеггік мұдқелерді жұзеге асырудың нәтижелері мен қолданылган әр түрлі ресурстардың арақатынасы арқылы анықталады. Шығындар мен нәтижелердің арақатынасының өлшемі жеке, нақты шешімдердің тиімділігінің шартты керсеткіші ретінде қолданылады, бірақ әкономикалық талдауларга қараганда аталган терминдердің магынасы кең ауқымда қолданылады. Қызмет (минималды шығындар тұрғысынан алғанда) тиімді-үнемді болуы мүмкін, бірақ алға қойылған әлеуметтік-саяси мақсатгарға жету жағынан тіпті тиімді болмауы мұмкін. Тиімді қызмег әлеуметтік-саяси аспектіде нәтижелі болғанымен де үнемі үнемді, әсіресе ұтымды бола бермейді.

 Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік басқару тиімділігінің түсінігіне оның мақсатты бағытталған және мақсатқа сай қызмет ретінде озіндік мәні көрініс табатын анықтамасы тән. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі нәтижелер мен қол жеткізген қоғамдық мақсаттардың және пайдаланылған мемлекетгік ресурстардың арақатынасын білдіретін ұгьгм. Тиімді басқару - қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандьгру барысында оң нәтижелерге қол жеткізетін қызмет тұрі. Тиімділік - басқарушы субъектінің және қогамның алдыга қойылған мәселелерді шешу үшін жүмсаған күш-жігерінің (ресурстар) қаншалықты әлеуметтік маңызы зор нәтижелерде іске асқанын (корініс тапқанын) білдіретін көрсеткіш.

 Сонымен «мемлекеттік басқарудың тиімділігінің» категориясы келесідей түсініктер арқьшы анықталады: «қоғамдық мақсаттар», «нәтижелер», «қоғамдық қажеттіліктер мен мүдқелер». Олардың әрқайсьгсы мемлекеттік басқарудың саяси астарымен бірге езіндік белгілерін аньгқтайды. «Қоғамдық мақсаттар» - түггтеп келгенде - бұл саяси мәнді мақсаттар; «нәтижелер» - (саясатта көрініс тапқан) қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандырумен байланьгстьг болатын объектілер, қьгзметтер, үрдістер; «мемлекеттік ресурстар» - қогамдық мақсаттарға сай болу тұрғысынан да, құқықгық негізделуі жағынан да мемлекепген белгіленетін әкономикалық, әлеуметгік, саяси, идеологиялық, ақпаратгық капиталдар.

 «Мемлекеттік  басқарудың тиімділігінің» түсінігін анықтағаннан кейін тиімділік өлшемдерін қарастырған жон. Тиімділік өлшемдері басқарудың көрініс табуының белгілерін, қырларын, әр іүрлі жақгарын білдіреді. Оларды талдау арқылы басқару деңгейі және сапасы, оның қоғамның қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келуі анықталады.

     Мемлекеттік басқару қоғамдық, ұжымдық және жеке қажеттілікгердің, мүдделер мен мақсаттардың дамуын үнемі және объективті түрде зерттеуі, бағалауы және талдауы, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың үтымды формаларын, ресурстары мен қүралдарын табуы қажет. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен үтымдылығы іүрғысынан алғанда қажеттіліктер мен олардың негізінде туындайтын мәселелердің қоғамдық ресурстарды үтым- ды қолдану арқылы, түрақты да сенімді түрде дер кезінде және толығымен қанағаттандырылуы және шешілуі оте маңызды.

 Басқарудың  жалпы әлеуметгік тиімділігінің  өлшемдеріне (критерийлеріне) келесілерді  жатқызуға болады:

     а)өзінің сәйкес гүрлері бойынша әлемдік параметрлермен салыстырылатын еңбек өнімділігінің деңгейі;

     ә) БҮ¥-ң  әдістемесі бөйынша есептелетін  үлттық байлықтың қарқыны мен  ауқымы;

     б)жан басына шаққандағы және әр түрлі категөриялардың  табыстарына бөлгендегі, сонымен  бірге дамыған елдердің стандарттарымен салыстырғандағы адамдардың өмір сүру деңгейі;

     в) қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, қауіпсіздігі және сенімділігі, олардың оң нәтижелерге  қол жеткізе отырып одан әрі дамуы.

     Аталған мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің өлшемдері қоғамдық омірдің салалары бойынша бөлінеді. Егер қарқынды дамушы елдердің әкономикасындағы проңестерге коңіл аударатын болсақ, мұнда ең бастысы - еңбек өнімділігінің өсуіне, шығарылатын өнімнің сапасының, түрлерінің артуына алып келетін жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген қоғамдық өндірісті үлғайту екендігін аңғаруға болады. Әлеуметтік салада әр елде әр түрлі болып келетін қоғамдық қатынастардың зандылықтары мен нысандарын ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға үмтылыс жасалуда. Рухани сферада, зиялы қауым арасында әрбір адам адамгершілік деңгейі, ішкі-сыртқы мәдениеті жоғары болып, еркін, демократиялық қоғамның тұлғасы ретінде қалыптасуы керек деген түсінік орын алуда. Мемлекеттік басқару үшін саяси сферадан туындайтын жалпы әлеуметтік тиімділік өлшемдерінің маңызы зор. Ол басқару нәтижелерін талдау үшін қажет әлшемдер емес, керісінше, қоғамның әлеуметтік, рухани, әкономикалық сфераларының тиімді даму көрсеткіштеріне басқарудың қандай нысандарын, әдістерін, тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын керсететін өлшем қүралдары. Себебі саяси қүралдар да басқарудың нәтижелері үшін аса маңызды. Саясат - саясат үшін емес, қоғам үшін қажет.

Информация о работе Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері