Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:40, реферат
Шешімді кабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім кабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушьшарды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінінде өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты — бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ыкпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешетіп болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Шетелде әрбір муниципалдық құрылым әр салаға мамандаған. Мемлекет тек заңдық нормалардың орындалуын, азаматтар құқығының сақталуын ғана қадағалап бақылап отырады. Ал қалған шешімін таппай жатқан мәселелерді сол жергілікті жердің әкімшілігі шешеді. Олар сол жердегі экономикалық қаржылық және материалдық ресурстарын пайдалана отырып мемлекеттің және өз бюджеттеріне қаржы құяды. Көптеген шетел мемлекетерінің тәжірибесі көрсеткендей жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану мемлекетке өте тиімді жағдай тудырады.
Басқару қызметі әрдайым жаңа дамуға кезеңдеріне ұшырады, енді ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу бұл заман талабы болып есептеледі. Қазіргі заманда басқару қызметі қоғамның дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі. Ол өндіріс, қоғамдық процесстерді экономиканы және территорияның әлеуметтік салаларын басқаруда ыңғайлы. Жергілікті өзін-өзі басқару – халыққа жақын орналастырылған. Жергілікті мәселелерді сол жерде шеу өте ыңғайлы және жергілікті жердегі шешімін таппай жатқан әлеуметтік мәселелерді: ауыз су мәселесі, халықты жұмыспен қамту, жәрдем ақы төлеу және тағы басқа мәселелерді сол муниципалдық құрылымдағы лауазымды тұлғалар өте жете түсініп шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына мүше болуға талпынуда. Мемлекет ішкі басқаруды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беріп, өзінің тек сыртқы мәселелермен толыққанды айналысуына мүмкіндік туады.
Мен Қазақстанға бастапқы кезеңде англосаксондық моделге жете назар аудару қажеттеп ойлаймын. Бұл модельдің ерекшелігі: үкіметтің өкілетті органдары белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруды қадағалап отырады. Әртүрлі министрліктер жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүзеге асырып жатқан салалары бойынша әсер етеді. Мемлекет жергілікті бағдарламаларды орындау үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаржылық нарық арқылыда әсер етеді. Оларға: субвенция , дотация тағы басқа жеңілдіктер жатады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. С.К.Құрманбаев, Г.Н.Гамарник, О.С.Сұлтанов «Муниципальный менеджмент» Алматы, 2000 ж.
2. ҚР конститутциясы
3. Казахстанская правда газетінің «Система модернизация самоуправление »
13 желтоқсан 2006 ж.
4. В.Б. Зотов , З.М. Мақашев «Муниципальное управление» Мәскеу , 2004 ж.
5. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков «Эконмиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2002ж.
6. «ҚР мемлекеттік қызмет туралы » заңы
7. Л.О. Демушкина «Государственное регулирование экономики» Астана, 2002
8.Муниципальный менеджмент: Учебное пособие для вузов\Под ред. Т.Г.Морозовой.- М.,1997.
9. www.аkorda.kz.
10.www.enbek.kz.
11.www.minfin.kz.
12. А.А. Таранов «ҚР әкімшілік құқығы» Алматы , 2003ж.
13.Т.В. Грицюк «Государственное регулирование экономики» Мәскеу, 2004ж
14. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері» Алматы, 2005
15. Н.О. Дулатбеков , Г.Х. Жұмабекова «Мемлекет және құық негіздері» Қарағанды , 1998ж.