Инфляцияның теориялық аспетілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа

Описание

Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5

1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12

2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Менікі makro.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)
 

Мазмұны  
  
 

Кіріспе...................................................................................................................3  

1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5

 

1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5

1.2 Инфляцияның  түрлері мен факторлары......................................................7

1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық  салдары.........................................12 
 

2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны

   талдау...............................................................................................................15 

2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15

2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның

      ерекшеліктері...............................................................................................19

2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді

      талдау............................................................................................................20 

3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24 

3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24

3.2 Қазақстан  Республикасының инфляциямен күресі  мәселелері 

      және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28  

Қорытынды........................................................................................................33 

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35 

Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе  

      Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы дерлік рет-ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа дұрыс бағыт-бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді. Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тағы да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096 жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы". Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын  диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау. Стратегияда алға қойылған басты міндеттердің бірі – еңбек өнімділігін жыл сайын 3 есе арттыру, ал бұл өз кезегінде инфляцияның  2-4%-ға дейін төмендеуіне алып келеді. 

      Тақырыптың  өзектілігі. Инфляция – бұл макроэкономикада жұмыссыздық сияқты іргелі де өзекті мәселе Қазақстан Республикасы әкімшіл-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында алғашқы қадамдарының әлеуметтік-экономикалық салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әсіресе инфляция ел экономикасын қиын жағдайға соқтырды. Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық жағдайымен сипатталады. Инфляция кезінде тауарлар мен қызметтер бағалары өседі де, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен байланысты. Өсіп келе жатқан инфляция – бұл үкіметтің экономикаға бақылауын жоғалтуының белгісі. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі инфляциямен күрес шараларын жүзеге асырады. Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының өтпелі экономика кезеңіндегі инфляциялық жағдаймен және онымен күресу мақсатында инфляцияға қарсы тиімді саясатты құрумен байланысты.

      Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.

      Курстық жұмыстың міндеттері:

  • инфляцияның теориялық негіздерін қарастыру;
    • Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.

      Курстық жұмыстың зерттеу пәнікез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары; Қазақстан Республикасы экономикасының өтпелі кезең жағдайы, оған инфляцияның тигізетін әсері және  ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі жүргізетін инфляцияға қарсы саясат.

      Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Курстық жұмысты жазу, яғни инфляция және инфляцияға қарсы саясат шараларын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының экономикасы зерттелді.

      Ақпараттық  негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 Инфляцияның теориялық аспектілері 

    1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 

      Инфляция – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің тұрақты түрде өсіп отыруына байланысты ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі [8].

      Инфляция  – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

      Инфляция  ең алдымен  тауар  бағаларының  өсуі және  шетел валюталарының  қымбаттауы ретінде көрінеді

      Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, себебі ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі   алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша  байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранысты арттырады. Артық сұраныс, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

      Инфляция  – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Жалпы сұраныс ұсыныстан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

      Ақша  сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық қойылымдарына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.

      Инфляция  негізінен шаруашылықта қалыптасқан  әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

      Инфляцияның пайда болу себептері:

      Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

      Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

      Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраныс мен ұсыныс арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

      Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

      Бесіншіден, «инфляциялық күтім» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше,  «инфляциялық күтім» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. «Инфляциялық күтімдер» механизмі экономикаға қалай әсер етеді?  Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранысты одан әрі арттыра түседі [5]. 

      Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде  олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға-еңбеқақы», «инфляциялық күтім», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.   
 

       

      1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары 

      Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраныс) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

      Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляциянын мынадай түрлері болады: баяу немесе жылжымалы, секірмелі немесе «латындық», гиперинфляция [8, 10 т.].

      Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.

      Қарқынды (секірмелі, латындық) инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді .

      Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады [4, 555 б.]. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады. Экономика гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алыпсату (спекуляция) түрі тез дамиды [1, 105 б.].

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспетілері