Инфляцияның теориялық аспетілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа

Описание

Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5

1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12

2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Менікі makro.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

      Инфляцияға  қарсы саясат дегеніміз пайда  болған инфляцияны болдырмау немесе тоқтату, ірку жөніндегі мемлекет іс жүзіне асыратын кешенді шаралар  жиынтығы болып табылады. Дүниежүзілік теория мен оны іс жүзіне асыруда  инфляцияға қарсы саясаттың әдістері мен шараларының мол тәжірибесі жинақталған.

      Инфляцияға  қарсы жүргізілетін саясат шараларын 1-сызбадан көре аламыз. 

      1-сызба

Инфляцияға  қарсы саясат. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қазіргі кездегі инфляцияны толығымен жеңіп  болдырмау мүмкін емес, өйткені оны шамдандыратын барлық факторларды жою және оның механизмдерін қирату мүмкін емес. Себебі қайсыбір елде болмасын нарықтық экономика жағдайында бюджет тапшылығы, халық шаруашылығында салалық сәйкестіктің бұзылуы, экономикадағы монополиялық құрылымдардың болуы, кәсіпкерлер мен халықтың инфляциялық жағдайды күтушілігі, елдер арасындағы қысқа мерзімдік капиталдармен алыпсатарлықтың ауыспалылығының басқарылуға келмеуі, т.б. тұрақты түрде болып отырады. Сондықтан инфляцияға қарсы саясаттың мақсаты инфляцияны басқарылатындай, оның деңгейін біркелкі жағдайда болатындай етіп ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру үшін ақша-несиелік, бюджеттік, салықтық әдістердің мол жиынтығын, табыстық саясат саласындағы шараларды, сол сияқты тұрақтандырудың әр түрлі бағдарламаларын пайдалану, ақыр аяғында ақша реформасын жасау туралы батыл шаралар қолданылады [10, 50б.].

      Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны бәсеңдету және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

  1. Бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу: бұл

кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді.

  1. Инфляцияны төмендету немесе бөлу жөнінде инфляцияға қарсы шаралар кешенін жүргізу. Инфляцияны төмендету жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды, десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

      Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске  бағытталған экономиканы мемлекеттік  реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі  жолы белгіленген. Олар: дефляциялық саясат және табыстар саясаты.

      Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін паайыздық мөлшерлемерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранысын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

      Табыс саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін [11, 128б.].

      Индексациялау – ақшаның құсыздану нәтижесінде  болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді. Бұл әдіс 1999 жылы 5 сәуірде ҚР Үкіметтің шешімімен “еркін өзгермелі валюта бағамына” өту барысында АҚШ долларына қатысты теңге бағамынынң күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды. Сонымен қатар осы әдістің көмегімен бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық Жинақ банкісі арқылы қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізіліп жатыр [14, 32-33б.].

      Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынысты шекетеудің әр түрлі әдістерін біріктіреді:

  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
  2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған несиелер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
  3. Несие мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің несие экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
  4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің талаптарын арттыру.

      Инфляцияға  қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын төмендету  арқылы жүргізіледі. Салық саясаты  инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс: біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық  белсенділікті жандандыру қажет. Инфляцияға қарсы салық саясат жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранысты қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынысты шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық салуға акцентпен жеңілдік шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

      Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасында да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

      а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік орындардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

      ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын  төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендету;

      б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

      в) мемлекеттік бюджет тапшлығының деңгейін шектеумен.

      Мыналардың  нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың өсуінен  туатын инфляцияны жою проблемарын  шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

  1. жалақыны көбейту;
  2. ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
  3. шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

      Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады. Аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсыныстың көбеюі – сұраныстың қанағаттандырылуы. Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық–қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты.

      Инфляцияға  ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламарында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Жалақыны реттеу бастапқы деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

      Сыртқы  экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранысқа қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шекетеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді [15, 507-510б.].

      Қорыта  келгенде, инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды. 

      3.2. Қазақстан Республикасының инфляциямен  күресі  

         мәселелері және оны тиімді іске асыру жолдары. 

      2010 жылдың қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі инфляция деңгейі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 7,3 пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен (5,8%) салыстырғанда 1,5%- ға жоғары. Инфляцияның болжамды мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін 8 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6%, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте  9,4%, Украинада 16,1%  пайыз болған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар [17].

      Осы мерзім ішінде азық-түлік тауарлары жəне ақылы қызмет көрсету – 3,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1%-қымбаттады.

      2010 жылғы 1-тоқсанда бағаның негізгі  өсімі – жеміс жəне көкініс – 12,6%, қант жəне темекі бұйымдары – 8,1%-дан, сүт жəне ет өнімдері – 4,1%-дан, электрэнергия үшін ақы төлеу– 12,4%-ға, суық суға ақы төлеу –10,6%-ға, кəріске ақы төлеу – 6,8%-ғасияқты тауарлар мен қызмет көрсетулерге тиесілі болды. Сондай-ақ байланыс қызметіне – 8,4%-ға (негізінен телефон жəне факсимильдік байланыс қызметінің қымбаттауы есебінен - 11,1%-ға), құқықтық қызметтерге – 7,3%-ға бағалар өсті.

      Сондай-ақ азық-түлік жəне азық-түлікке жатпайтын  жекелеген тауарлар түрлері бағасының төмендеуін атап өткен жөн. Нан өнімдері жəне дəнді дақылдар 1,3%-ға, оның ішінде бидай ұны– 5,1%-ға жəне күріш – 3,6%-ға, бензин жəне дизель отыны – тиісінше 2,2% жəне 0,4%-ға арзандады [19].

      Инфляциялық өсімнің аумақтар бойынша ең жоғарғы  деңгейі Ақмола облысында (10,7%), ал ең төменгі деңгейі – Маңғыстау облысының үлесінде (5,7%) [17].

      Елімізде  азық-түлік қауіпсіздігін және олардың  бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет үнемі тұрақты  мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың  шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының   80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында  310 мың тонна күріш жиналды, оның  130 мың тоннасы азық-түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс,  1,9 миллион тонна  картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі  4-5 пайызды құрады [16].

      Инфляцияға  қарсы күреске барлық өңірлердегі  ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу  және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысты. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы  34,9 тонна  болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға  берілді. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын  210 АҚШ долларынан  139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын  130 доллардан  95 долларға дейін төмендетілді.

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспетілері