Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа
Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5
1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12
2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар
2007
жылдың екінші жартысында
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.
Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырландырылды:
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылды.
Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етті.
Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шықты. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.
2007-2008 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде 2010 жылдың 1-жартыжылдығында 2009 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 8%-ды құрады, жұмыссыздық деңгейі 6,2%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.
Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–несие саясатын жүзеге асырады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-несие және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Г.Марченконың мәлімдегеніндей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 8 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 6,2 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізді.
Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 7,3% -ды құрады, мұның өзі 9%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді. Мұндай болжамды кезінде бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов те айтқан болатын.
Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ-нің нақты өсімі 2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам шындыққа жақындады.
Ал үстіміздегі жылдағы тамыздың 31-і күні BNews.kz сайтындағы мәліметерге сәйкес таяу маңдағы 5 жыл аралығында Қазақстандағы инфляция 6-8% деңгейінде болады деп болжануда.Бұл жөнінде елдің 2011-2015 жылдарғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жобасын таныстыру кезінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова айтты.
Қазір
Қазақстан Республикасында
Қорыта
келгенде, инфляцияға қарсы саясатты
құрған кезде экономиканың құрылымдық
проблемаларын, баға белгілеудегі мемлекет
саясатын, банк жүйесінің тұрақсыздығын,
өтпелі экономика кезеңіндегі инфляцияның
басты себебі болып табылатын сыртқы факторлардың
әсерін талдау қажет. Сондықтан монетарлық
және несиелік саясаттың бюджет жетіспеушілігін
қаржыландыруды шектеу, ақша айналысының
либерализациясы, монетарлық тәсілдерді
реттеудегі Ұлттық Банктің тәуелсіздігі
сияқты қосымша құралдарына және құрылымдық
саясатты жүргізу, бәсекелес экономикалық
ортаны құру мақсатында монетарлық емес
тәсілдерді қолдану эффективтілігіне
сүйенетін инфляцияға қарсы күрес жүргізудің
тиімді әдістерін активизациялау қажет.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының 1-бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:
- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;
-
Инфляция түрлері мен
-
Инфляция әлеуметтік-
Инфляция – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде экономикадағы бағалардың жалпы деңгейінің тұрақты түрде өсіп отыруына байланысты ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болады, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырады. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша–несие) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталады, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарады, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалады, жұмыссыздық күрт өседі. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Курстық жұмыстың 2-бөлімі «Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны талдау» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:
- Әлемдегі инфляцияны талдау;
-
Қазақстандағы инфляцияның
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді талдау.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты құбылыс. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осыған байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан туады.
2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей мәселелер келтірілді:
- Инфляцияға қарсы осы заманғы саясат шаралары;
- Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
инфляциямен күресі мәселелері және оны тиімді іске асыру жолдары.
Қазақстан
Республикасының Президенті, экономика
ғылымының докторы, профессор, Ұлттық
Ғылым Академиясының академигі
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа уақыт –
жаңа экономика» атты лекциясында Қазақстан
Республикасының
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Сонымен
тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін
болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып
жатқан мәселелерді жай сөз ретінде
қалдырмай онымен күресу шараларын
жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру
керек.