Инфляцияның теориялық аспетілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа

Описание

Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5

1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12

2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Менікі makro.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

      Бұл инфляциялық күтімдердің төмендеуімен, тұрғындар жинақтарының өсуімен, демек, ақша айналысы жылдамдығының қысқаруымен байланысты болды [7, 132-133 б.]. 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері 

      Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

      Қоғамдық өндіріс  құрылымы қаржы-баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер пайда болады.

      Кеңес экономикасының  70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз  ұлғайып, тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

      • өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
      • ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  • шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
      • әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  • материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция және т.б.

      Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10-15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

      Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі 1,5 млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000 %-дан 20%-ға төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %-ға, ауыл   шаруашылық  пен азық-түлік өндірісі 50-60 %-ға қысқарды [9,45 б.].  

3-кесте.                                ҚР-дағы инфляция

өткен жылғы  желтоқсанмен салыстырғанда, пайызбен 

1991ж. – 147,1 1995ж. – 60,3 1999ж. – 17,8 2003ж. – 6,8 2007ж. – 18,8
1992ж. – 2960,8 1996ж. – 28,7 2000ж. – 9,8 2004ж. – 6,7 2008ж. – 9,5
1993ж. – 2165,0 1997ж. – 11,2 2001ж. – 6,4 2005ж. – 7,5 2009ж. – 6,2
1994ж. – 1158,3 1998ж. – 1,9 2002ж. – 6,6 2006ж. – 8,4 2010ж. – 7,3
 

      Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық  бюджеттің  тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 492 млрд 693 млн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады [17].           

    

2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді талдау 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2010 қазандағы  берген  мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

      2010 жылы Қазақстанда инфляцияның  аздап көтерілуі байқалды. 2010 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша инфляция 2,6% деңгейінде (2009 жылғы 3-тоқсанда – 2,0%) қалыптасты, жылдық инфляция 2010 жылғы қазан айының қорытындылары бойынша 7,3%-ды (2009 жылғы желтоқсанда – 6,2%) құрады. Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылдың қазан айында өткен аймен салыстырғанда 100,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына баға 1,3%-ға өсті, азық-түліктік емес тауарлар 0,6%-ға қымбаттады, ал ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтердің өсуі 0,7%-ды құрады [17].

      2010 жылғы 3-тоқсанда инфляцияның нақты қалыптасқан деңгейі Ұлттық банктің болжамдарынан біршама жоғары болды (2,3-2,5%). Инфляция бүкіл кезең бойы болжамдық мəндерден жоғары болды.

      Жыл бойына бағаның негізі өсімі қаңтар айына тиесілі, тұтыну бағалары 1,4%-ға өсті. Бұл өсу халыққа ақылы қызмет көрсетудің, оның ішінде тұрғын-үй коммуналдық қызметтердің жəне байланыс қызметтерінің қымбаттауымен байланысты.

      Сондай-ақ 2010 жылғы қаңтар-наурызда азық-түлік  тауарлары жоғары өсуді көрсетті. Олардың құрылымында жеміс-жидек  көкініс өнімдерінің, қанттың, ет жəне сүт өнімдерінің қымбаттауын атап өтуге болады, бұл осы кезеңге тəн, өйткені бірінші кезекте ауысымдылық факторымен байланысты.

      Азық-түлікке  жатпайтын тауарлар тарапынан 2010 жылғы қаңтар-қазанда инфляцияға ықпал ету шамалы болды.

      Жылдық  көрсетуде инфляцияның нақты деңгейі 2010 жылғы қазанның аяғында (7,3%) сондай-ақ Ұлттық банктің «Инфляцияға шолудың» алдыңғы басылымында жарияланған болжамынан жоғары (6,9-7,1%) болды.

      Əлемдік экономиканың баяу қалпына келуі, тауар  нарықтарындағы, оның ішінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларының қалыпты əлемдік бағалары, əлемдік қаржы нарығындағы айқын еместіктің сақталуы Қазақстан Республикасы экономикасының даму үрдісін айқындайтын негізгі факторлар болып табылады.

      Тұтыну  бағаларына тоқталатын болсақ, 2010 жылғы 1-тоқсанда экономикадағы инфляциялық қысымның көтерілу үрдісі байқалды. Инфляция бұл кезеңде 2009 жылғы 1-тоқсанмен, сондай-ақ өткен тоқсанмен салыстырғанда анағұрлым жоғары қарқынмен өсті. 2010 жылғы қаңтар-наурызда инфляция 2,9% деңгейінде (2009 жылғы қазан-желтоқсанда – 1,4%) қалыптасты.

      2010 жылғы қаңтар-наурызда инфляция  қарқынының жылдамдатылуы жекелеген  азық-түлік тауарлары бағасының  көтерілуіне байланысты маусымдылық  факторына жəне халыққа көрсетілетін  жекелеген қызметтердің, оның ішінде  реттелетін (электрэнергия, суық сумен жабдықтау, телефон байланысы) қызметтердің біршама қымбаттауымен байланысты. Бұл ретте бағаның негізгі өсімі 2010 жылғы қаңтарға тиесілі (2010 жылғы 1-тоқсандағы жалпы инфляцияның 47% астамы) [19].

      Азық-түлік  тауарлары жəне ақылы қызмет көрсету – 3,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1%-қымбаттады.

      2010 жылғы 1-тоқсанда бағаның негізгі  өсімі – жеміс жəне көкініс  – 12,6%, қант жəне темекі бұйымдары  – 8,1%-дан, сүт жəне ет өнімдері  – 4,1%-дан, электрэнергия үшін  ақы төлеу– 12,4%-ға, суық суға ақы төлеу –10,6%-ға, кəріске ақы төлеу – 6,8%-ғасияқты тауарлар мен қызмет көрсетулерге тиесілі болды. Сондай-ақ байланыс қызметіне – 8,4%-ға (негізінен телефон жəне факсимильдік байланыс қызметінің қымбаттауы есебінен - 11,1%-ға), құқықтық қызметтерге – 7,3%-ға бағалар өсті.

      Сондай-ақ азық-түлік жəне азық-түлікке жатпайтын  жекелеген тауарлар түрлері бағасының  төмендеуін атап өткен жөн. Нан өнімдері жəне дəнді дақылдар 1,3%-ға, оның ішінде бидай ұны– 5,1%-ға жəне күріш – 3,6%-ға, бензин жəне дизель отыны – тиісінше 2,2% жəне 0,4%-ға арзандады.

      2010 жылғы қазанның қорытындысы бойынша инфляция жылдық көрсетуде 7,3% (2009 жылғы желтоқсанда– 6,2%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,4%-ға (3,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,7%-ға (8,6%-ға), ақылы қызмет көрсетулер – 10,2%-ға (8,4%-ға) өсті.

      2010 жылғы 1-тоқсанда базалық инфляцияның  көрсеткіштері жалпы инфляция  сияқты 2009 жылғы 1-тоқсанмен, сондай-ақ 2009 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда  өсудің анағұрлым жоғары қарқынын  көрсетті.

      2010 жылғы 1-тоқсанда жалпы инфляция көрсеткіші базалық инфляцияның барлық көрсеткіштерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде қалыптасты. Бұл көбіне жеміс-жидек көкініс өнімдерінің тұтынушылық қоржын құрылымындағы оның жоғары үлесін ескере отырып қымбаттауымен, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық қызметтің жекелеген түрлеріне (суық сумен жабдықтау, кəріс, электрэнергия) тарифтердің біршама өсуімен байланысты.

      2010 жылғы қаңтар-наурызда базалық  инфляцияның барлық көрсеткіштерінің  жылдық көрсетуде баяулауы байқалды. Бұл ретте 1-базалық инфляцияның көрсеткіші ғана жалпы инфляциямен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болды. Бұл бірінші кезекте жеміс-жидек көкініс өнімдері бағасының 2009 жылғы наурызбен салыстырғанда 2010 жылғы наурызда төмендеуімен байланысты.

      2010 жылғы наурызда 2009 жылғы наурызбен салыстырғанда базалық инфляцияның барлық көрсеткіштері анағұрлым төмен деңгейде қалыптасты. Бұл жалпы үрдістен «түсіп қалатын» жекелеген тауарлар мен қызметтер бағасының динамикада күрт ауытқуына (өсуі немесе төмендеуі) қарамастан инфляциялық үдерістердің жалпы бəсеңдеуін көрсетеді [19].

      2010 жылғы 1-тоқсанда өнеркəсіп өнімдерін  өндіруші кəсіпорындардың бағалары  алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда  0,1%-ға (2009 жылдың 1-тоқсанында төмендеуі  - 6,7%) өсті. Өндірілген өнім құны өзгерген жоқ, бұл ретте оның құрамындағы өндіріс құралдары 0,4%-ға, тұтыну тауарларының бағасы 0,5%-ға өсті, аралық тұтыну өнімінің бағасы өзгерген жоқ. Өндірістік сипаттағы қызметтер 1,9%-ға қымбаттады.

      2010 жылғы қаңтар-наурызда өткен кезеңмен  салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркəсібі кəсіпорындарының бағалары 1,5%-ға төмендеді (2009 жылғы осындай кезеңде – төмендеуі 7,5%), оған шикізат энергия ресурстарының негізгі түрлеріне деген бағаның төмендеуі себепші болды. Атап айтқанда, 2010 жылғы 1-тоқсанда мұнай өндіру бағасы 3,1%-ға (2009 жылғы 4-тоқсанда – өсуі 11,8%), газ конденсатының құны 4,9%-ға (өсу 1,2%) төмендеді. Тұтастай алғанда, энергия ресурстары 1,6%-ға (өсу 9,9%-ға) арзандады.

      Шикізат сегментінде қалыптасқан баға конъюнктурасының ықпалымен өңдеуші өнеркəсіптегі бағаның өсу қарқыны 2010 жылғы 1-тоқсанда баяулап, 1,1%-ды құрады (2009 жылғы 1-тоқсанда – төмендеуі 7,1%). Металлургиялық өнеркəсіптегі бағалар 2,1%-ға көтерілді, сусындарды жəне темекіні қоса алғанда азық-түлік өнімдерін өндіру 1,7%-ға арзандады, мұнай өңдеу өнімдерінің бағасы 6,9%-ға өсті.

      Электр  энергиясын, газды жəне суды өндіру мен бөлуде 2010 жылғы 1-тоқсанда 13,4%-ды құраған өсудің үдеуі байқалды, бұл  электр энергиясы тарифтерінің көтеліуіне байланысты болды.

      2010 жылғы наурызда өнеркəсіп өндірісінде жылдық көрсетуде бағаның өсуі (2010 жылғы наурызда 2009 жылғы наурызға қарағанда) 40,6%-ды құрады.

      Өндірілген  өнім жылдық көрсетуде 43,0%-ға, оның ішінде аралық тұтыну өнімі – 48,4%-ға, тұтыну тауарлары - 5,9%-ға, өндіріс құралдары - 4,5%-ға қымбаттады. Өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер 6,7%-ға қымбаттады.

      2010 жылғы 1-тоқсанда барлық арналар  бойынша сатылған ауыл шаруашылығы  өнімдерінің бағасы өткен кезеңмен  салыстырғанда 0,5%-ға төмендеді  (2009 жылғы 1-тоқсанда өсім - 0,1%). Ауыл  шаруашылығындағы бағалар динамикасы өсімдік шаруашылығы өнімдері бағасының арзандауының жəне мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуінің əсерінен қалыптасты.

      Қаңтар-наурызда өсімдік шаруашылығы өнімдері 3,3%-ға арзандады, бұл дəнді дақылдар бағасының 4,2%-ға төмендеуіне байланысты. Қазақстанда жəне Қазақстан бидайын импорттаушы елдерде астықтың айтарлықтай көп жиналуы астықты өткізу проблемасының туындауына себепші болды, бұл бидай бағасының құлдырауына əкелді жəне ауыл шаруашылығында бағаның төмендеуінің айқындаушы факторы болды.

      2010 жылғы 1-тоқсанда мал шаруашылығы  өнімдері маусымдық факторына  байланысты 3,1%-ға қымбаттады, бұл  ретте мал жəне құс еті 2,3%-ға  қымбаттады, шикі сүттің құны 8,2%-ға  өсті, жұмыртқа 0,8%-ға арзандады.

      2010 жылғы наурыздың қорытындысы  бойынша ауыл шаруашылығы өнімі жылдық көрсетуде 13,0%-ға төмендеді. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімі 25,6%-ға арзандады, мал шаруашылығы өнімінің бағасы 4,5%-ға өсті [17].       

    
 
 
 
 
 
 

3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру шаралары 

3.1 Инфляцияға қарсы осы заманғы саясат шаралары 

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспетілері