Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа
Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5
1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12
2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар
Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады [8, 10т.].
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден,
инфляция қаржы ресурстарын
Үшіншіден,
инфляциялық процесс
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б. [1, 219б.].
Төмен
инфляция немесе оның болмауы ұлттық
шаруашылықтың түрлі
Көптеген
экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздықтың
деңгейімен өзара байланысын зерттеген.
Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің
профессоры Албан
Филлипстің (1914-1975) моделінде терең зерттелді.
Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде
Ұлыбритания экономикасының статистикалық
деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай
қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық
3%-дық деңгейден асса, онда бағалар мен
атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей
бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен
атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция
қарқыны) арасындағы өзара байланыстың
графикалық кескіні Филлипс
қисығы деп аталады.
π
(инфляция
қарқыны)
Ph
(жұмыссыздық деңгейі) U
Сурет
3. Филлипс қисығы
Кейіннен,
Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу
Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді:
жалақының өсу қарқыны деген
көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп
өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді
кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның
арасындағы өзара байланысты көрсетеді
(3-сурет) және Самуэльсонның пікірінше,
тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық
пен инфляция арасындағы «компромисс»
нүктесін табуға көмектеседі. Бұл компромисстің
шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен
анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар
мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық
сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып
өндірісті арттырады. Ал инфляциялық үдерістерді
басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады
[8, 10т.].
2 Әлемдегі
және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау
2.1 Әлемдегі
инфляцияны талдау
Әлемдегі инфляциялық құбылыстарды зерттеу көбінесе гиперинфляциямен байланысты. Себебі гиперинфляция мемлекеттің экономикалық өміріне айтарлықтай әсер етеді және әлемдік экономикада өшпес із қалдырады. Әлем елдеріндегі гиперинфляцияға мысал ретінде Германиядағы 1920–1923 жылдардағы инфляцияның орташа қарқыны айына 322% құрағанын айтуға болады. 1980-жылдардағы азаматтық соғыс кезінде Никарагуада бағалар 33000%-ға өсті. Жоғарғы гиперинфляция Венгрияда екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында және соғыстан кейінгі жылдарда байқалды. 1945 жылдың тамызынан 1946 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта инфляция қарқыны айына 19 800%-ға тең болды [2,101б.].
Гиперинфляцияның нәтижесі ақшаға деген толық сенімсіздік болып табылады, бұның салдарынан айырбасқа және ақшалай еңбекақыдан заттай формадағы еңбекақыға ішінара оралу орын алады.
Жалпы алғанда гиперинфляция сирек кездесетін құбылыс, алайда ол 20-жылдардың басында Германияда, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Греция и Қытайда орын алды. Гиперинфляция 1984-1985 жылдары Боливияда, сондай-ақ Перуде, Аргентинада, Бразилияда, Никарагуада, 1992—1993 жылдары Грузияда болды. 1994 жылы Югославияда орташа айлық инфляция деңгейі 1660%-құрады және бір жыл ішінде бағалар 310 млн. пайызға өсті. Бүкіл белгілі гиперинфляциялардың ішіндегі ең жоғарғысы 1945 жылы тамыз – 1946 жылы шілде аралығында Венгрияда байқалды, мұнда баға деңгейі бір жылда 3,8x1027 рет, орташа айлық өсуде 198-ге 2 рет көтерілді.
80-жылдардағы
әр түрлі елдер тобындағы инфляция дамуының
жалпы картинасын 1-кестеден көруге болады.
1-кесте
Жеке аймақтардағы инфляция (1981-1990жж.),%
Аймақтар | 1981 | 1982 | 1983 | 1984 | 1985 | 1986 | 1987 | 1988 | 1989 | 1990 |
Индустриалды елдер | 8,8 | 7,4 | 5,2 | 4,4 | 3,7 | 3,4 | 3,0 | 3,3 | 4,0 | 4,1 |
Дамушы елдер | 10,7 | 6,4 | 6,6 | 6,1 | 6,0 | 8,7 | 9,5 | 14,4 | 11,7 | 7,9 |
Латынамерикан-дық елдер | 59,7 | 67,1 | 108,7 | 133,5 | 145,1 | 87,8 | 130,9 | 286,4 | 533,1 | 768,0 |
Келтірілген мәліметтер 80-жылдары инфляцияның ерекше жоғары қарқыны Латын Америкасы елдерінде байқалғанын көрсетеді. Бұл жағдайлар Орталық банк арқылы монетаризацияланған, яғни ақша басып шығарушы станоктар арқылы төленген үлкен және тұрақты мөлшердегі бюджет тапшылығымен түсіндіріледі. Бюджет тапшылығын осылай қаржыландыру жолы латынамерикандық елдердегі келешекте сырттан қарыз алу мүмкіндіктерін шектеген үлкен көлемдегі сыртқы қарыздардың болғандығымен шартталады [7,134б.].
20-жылдардың басында Германия сол кездерге дейін белгісіз масштабтағы ашық инфляцияны басынан өткізді. Бағалар айына 50% емес, әрбір апта сайын екі еселенді, тіпті кейбір жағдайларда тәулік ішінде екі еселенген кездер де болды. Кейде баға деңгейінің өскені соншалық фирмалар өзінің жұмысшыларына еңбекақыны күніне үш рет төлеуге дейін барды: өз ақшаларын құнсызданудан бұрын жұмсап үлгеру үшін таңғы астан, түскі астан кейін және түстен кейінгі астан кейін төледі.
Үш жылға созылған бұл инфляция Германияға өте үлкен залалдар алып келді. Орта таптың кедейленуі, табыстардың аяусыз қайта бөлінуі ерекше әсер ететін тұрақсыздық экстремизмнің өсуіне және соның артынан билікке фашистердің келуіне негіз қалады. Ағылшын экономисі Л.Роббинстің жазуынша «Гитлер инфляция арқылы билікпен қамтамасыз етілді». Алайда біз мынадай деректі мойындауымыз керек: осыкезең ішінде Германиядағы өндіріс көлемі тек қана төмендеген жоқ, сонымен қатар өсуін де жалғастырды. Бұның себебі инфляцияның ашықтығы болды. Бағалар еркін құбыла алды, демек бағалық механизм сәйкесінше ресурстардың бөлінуін жүзеге асыра алды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия тағы да күрделі инфляцияға жолықты, алайда оның өсімі Англия, Франция және АҚШ-тың оккупациялық үкіметінің көмегімен басылды. Нәтижесінде елдегі өндіріс көлемі екі есеге қысқарды. Баға жүйесі жұмыс істемегендіктен адамдар айырбасқа жүгінуге мәжбүр болды. Тіптен кәсіпорындарда еңбекақы өндірілген тауарлармен төленді. Алайда бұлай ұзаққа созыла алмады, және елде жекеменшік «ақшалармен» — темекі және шараппен — балама нарық қалыптаса бастады. Алғашқысы шағын сауда келісімдерінде, ал шарап үлкен келісімдерде қолданылды. М. Фридмен бұл «ақшалар» туралы өзіне кездескен ақшалардың ішіндегі ең өтімдісі деп айтқан.
1948 жылдан бастап Германияда «экономикалық ғажайып» басталды. Оның себебі сол уақыттарда белгісіз болған сауатты ақша реформасы, яғни бағаға бақылау жасауды алып тастау және баға механизмінің еркін функциялануы болды. Осы реформа басталғаннан кейін Германияда өнеркәсіптің, сауда мен экономиканың басқа салаларының тасқынды өсуі басталды. Бүгінгі күндерде бұл ел үлкен сегіздікке кіретін гүлденген мемлекет [7,140-141б.].
Өтпелі
экономика елдерінде де инфляциялық
үрдістің даму қарқыны және оған қарсы
саясаттың жүргізілуі әр елде әр түрлі
болды. Мысал ретінде Польша мен Эстонияға
тоқтала кететін болсақ, бұл елдер, әсіресе,
Польшада 1990 жылы инфляция деңгейі 585,5%
болды. Польша үкіметінің маңызды сәтті
қадамдары арқылы инфляция деңгейі 1995
жылы 27,8%-ға дейін төмендеді. Бұл мемлкет
шоктік терапия әдісі, яғни айналыстағы
ақша массасын күрт төмендету арқылы қиын
жағдайдан шыға алды.
2-кесте
Өтпелі экономика елдері: тұтыну бағалары
деңгейінің
орташа жылдық өзгерісі (1997-2000) (%)
Елдер |
1997 | 1998 | 1999 | 2000 |
Бүкіл елдер тобына орташа |
28 | 21 | 39 | 18 |
Албания | 32 | 21 | 7 | 9 |
Белоруссия | 64 | 73 | 320 | 250 |
Босния және Герцеговина | 14 | 10 | 5 | 3 |
Болгария | 1082 | 22 | -1 | 4 |
Хорватия | 4 | 6 | 4 | 3 |
Чехия | 8 | 11 | 3 | 5 |
Эстония | 11 | 8 | 4 | 3 |
Венгрия | 18 | 14 | 9 | 8 |
Латвия | 8 | 5 | 2 | 3 |
Литва | 9 | 5 | 2 | 3 |
Македония | 2 | 1 | 2 | 2 |
Молдавия | 12 | 8 | 28 | 6 |
Польша | 15 | 12 | 7 | 5 |
Румыния | 155 | 59 | 40 | 17 |
Словакия | 6 | 7 | 9 | 7 |
Словения | 8 | 8 | 5 | 5 |
Украина | 16 | 11 | 26 | 15 |
Ресей | 15 | 28 | 88 | 23 |
Армения | 14 | 9 | 3 | 8 |
Әзірбайжан | 4 | -1 | -5 | 4 |
Грузия | 7 | 4 | 22 | 5 |
Қырғызстан | 17 | 7 | 7 | 11 |
Монғолия | 26 | 12 | 32 | 16 |
Тәжікстан | 88 | 43 | 15 | 7 |
Түркіменстан | 84 | 17 | 27 | 54 |
Өзбекстан | 71 | 29 | 28 | 22 |
Мұндай жағдай елге экономиканың құлдырауын тез жеңуге және 1994 жылдан бастап белсенді экономикалық өсуге мүмкіндік берді. 90-жылдардың екінші жартысынан бастап Польша әлемдегі серпінді дамушы мемлекеттердің алдында болды [3, 57б.].
Ресейде жоғары ашық инфляция 1991–1995 жылдары байқалды. Баға деңгейінің максималды жоғарылауы 1992 жылы тіркелді, осы кезде бұл көрсеткіш 26 еседен де көбірек шамаға өсті, яғни орташа жылдық инфляция 2600% құрады. Бағалар әрбір 10 күн сайын екі еселенді, 1993 жылы инфляция 1000 %-ға дейін қысқарғанда екі еселену әрбір 26 күн сайын жүрді. 5 жыл ішіндегі (1995–1991) жалпы тұтыну бағаларының индексі шамамен 4500-ді құрады. 1990-жылдардың екінші жартысында Ресей Орталық банкінің қатаң ақша-несие саясатының арқасында инфляция қарқыны төмендей бастады және 2001 жылы 18,5%-ды құрады [2, 102б.].
Ресей экономикасындағы ақша айналысының жылдам өсуі 1992 жылы қаңтарда бір жылға есептегенде 1,4-тен 5,7-ге дейін өскенде байқалды. Бұл бағаны либерализациялау мен бағалық емес инфляциядан (тапшылық) жоғары бағалық инфляцияға (баға деңгейінің көтерілуі) өтудің құтылып кету мүмкін емес салдары болды. Бұл мына бір заңдылықты дәлелдейді: инфляция қарқынының өсуі ақшалай капиталдарға инфляциялық салықтың өсетінін, ақшалардың сатып алушылық қабілетінің төмендеуін білдіреді, бұл ақша ұстаушылардың ақшадан тезірек құтылуға бейімділігін күшейтеді және бұл ақша айналымы жылдамдығының көтерілуіне алып келеді.
1992 жылы бағаны либерализациялау кезінде бастапқы көптеген ресейлік саясаткерлер мен экономистер ашық инфляцияға өту барысында баға 3-4 есе өседі деп ойлады, ал олар жоғарыға мың есе атылды. Демек, инфляцияның болашақ ауқымын қате бағалау орын алды. Бағаның мұндай өсімі инвестицияны тұсаулады, көптеген өндіріс түрін бұзды, ғылыми зерттеулерді тоқтатты және т.с.с.
1992 жылдан 1994 жылдың ортасына дейін ресей экономикасындағы ақша айналысының жылдамдығы тұрақты түрде өсіп отырды, бұл кезеңде ол екі есе – 11,4 есе өсті. Дәл осы арқылы берілген уақыт кезеңінде ақша массасы өсу қарқынының елеулі қысқаруы инфляция қарқынының төмендеуіне әкелмеді.
Ұлттық валютаға төменгі сұраныс арқылы төменгі инфляциядан жоғары инфляцияға өту кезінде ақша айналысының жылдамдығы өсетіндігі сияқты кері жүріс кезінде — жоғарғы инфляциядан төменгіге — ұлттық валютаға сұраныс өседі және ақша айналысының жылдамдығы төмендейді. Мұндай жағдай Ресейде 1995 жылдың аяғынан бастап байқала бастады. Бұл кезде ақша массасының жылына 20-30%-ға өсуі инфляция қарқынының дәлме-дәл өсуіне алып келмейді және бұл уақыт аралығында ақша массасының өсуі инфляция қарқынынан озып отырады (мысалы, 1996 жылы ақша массасының өсуі 28%-ды, ал инфляция қарқыны — 18%-ды құрады. 1997 жылы — сәйкесінше 33 и 12% болды).