Инфляцияның теориялық аспетілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 00:28, курсовая работа

Описание

Ақпараттық негіздері. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер, үкіметтік ресми сайттар ақпараттары қолданылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 Инфляцияның теориялық аспектілері............................................................5

1.1 Инфляция түсінігі және пайда болу себептері...........................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары......................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.........................................12

2 Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы инфляцияны
талдау...............................................................................................................15
2.1 Әлемдегі инфляцияны талдау....................................................................15
2.2 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның
ерекшеліктері...............................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді
талдау............................................................................................................20
3 Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары................................24
3.1 Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары...................................24
3.2 Қазақстан Республикасының инфляциямен күресі мәселелері
және оны тиімді іске асыру жолдары........................................................28
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Менікі makro.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

      Экономиканы мемлекеттік реттеудің тереңдігіне, инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін.

      Инфляция  процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді. Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляцияның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

π = Р – Р-1 / Р-1

мұнда Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі [3, 56б.].

      Баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кезде басылған-бүркемеленген (тұқыртылған) инфляция орын алады.

      Зерттеу объектісіне байланысты инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

      Экономиканың  бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған  (теңдестірілмеген) болып бөлінеді. Инфляцияның теңдестірілген түрінде бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес пайыздық қойылым да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңдестірілмеген инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

      Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына  байланысты болжауға болатын (күтілетін) және болжауға келмейтін (күтілмеген) инфляция болып бөлінеді [8, 10 т].

      Күтілетін инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Күтілмеген инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық күтім» психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

      Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

      ЖҰӨ-нің  көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

      Ішкі  және сыртқы факторлар тудыратын  жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты импортталған және экспортталған инфляция болады [8, 10т].

      Импортталатын инфляцияда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

      Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде, дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

      Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем  беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.

        «Сұраныс инфляциясы» — бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын.         білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұраныстың қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болады. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынысына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраныс инфляциясын график түрінде 1-суретте көрсетілген.

      Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным  сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1-AD2) және экономика жалпы ұсыным қисығының аралық немесе классикалық үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р12), яғни инфляция қалыптасады.                
 
 
 
 

                         P AS

       
       

       P2 

                         PAD2 

            AD1

                                                  Y0     Y1                               Y

                            Сурет 1. Сұраныс инфляциясы 

     Сұраныс инфляциясының пайда болуы монетарлық және монетарлық емес факторларға байланысты туындайды.

     Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:

  • ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өндіріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;
  • экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.

      Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:

  • экономикалық субъектілердің жиынтық шығындарының өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фирмалардың жоспарланған инвестицияларының, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың өзгеруі);
  • жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер. Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты;
  • экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);
  • аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады; экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді [2, 218-219б.].

       «Шығындар» немесе «ұсыныс» инфляциясы – бұл өндіріс шығындарының және ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі. Инфляцияның бұл түрінің тәжірибе жүзінде пайда болуының себебі кейнстік бағыттың инфляция тек толық жұмысбастылық жағдайында ғана орын алады деген қағидасының дұрыс болмағанымен тығыз байланысты болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде инфляцияның көріністері жұмыссыздықпен және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды. Шығындар инфляциясы график түрінде  2-суретте көрсетілген. 

                         P          AS1       AS0

       

       
       

       P2

                        

                         P1

            AD

                                            Y2           Y1                               Y

                            Сурет 2. Ұсыныс инфляциясы 

     Түрлі себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыныс қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Y2 – Y1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

     «Ұсыныс»  инфляциясының негізгі факторлары :

  • еңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда жалақының артуы;
  • ұсыныстың сілкіністері – жиынтық сұраныстың өзгеруіне қатысы жоқ сыртқы жағдайлар (шикізатқа, энергия көздеріне, отынға, арендалық төлемдерге бағалардың күрт өсуі). Дәлірек айтсақ, осындай инфляция түрі, мысалы, ХХ-ғасырдың 70-ші жылдары орын алған мұнай дүрбелеңінен болған энергетикалық дағдарыстан пайда болды. Сол уақытта, мұнайдың әлемдік бағалары барреліне 1,8 $-дан 32 $-ға дейін күрт артқан;
  • олигополиялық фирмалар мен кәсіподақтардың «баға жамылғысын» қолдануы, яғни кәсіподақтар жалақыны әрдайым көтермелеуге үмітті және фирмалар өз өнімдерінің бағасына күні бұрын үстеме құн ретіндегі үлесін қосады [220-221б.].

      Ұсыныс  инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда  аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал сламфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр жағдайы [8, 10т.].

        Инфляцияның бір түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.   

      1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық  салдары 

     Инфляция  халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің  ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.

     Инфляция  байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.

     Инфляция  кезеңдерінде нарықта сұранысқа  ие тауарлы-материалдық қорларға деген  бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар  мен кәсіпорындар өздерінің тез  құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай  қаражаттарын мүмкіндігінше тез  арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.

     Инфляция  ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмендетеді.

     Инфляция  фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ  түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты  құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады.

Информация о работе Инфляцияның теориялық аспетілері