Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:54, курсовая работа
Банктің негізгі міндеттерінің бірі экономиканы диверсификациялауға, оның шикізаттық бағытталуынан шегінуге жағдай жасайтын жобаларды қаржыландыру болып табылады (Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет мамандандырылған даму институттарын құрды). Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ бірқатар салалық және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі даму институттарының бірі болып табылады.
1. Банк
қызметінің негізгі
1.1. Инвестициялық жобалар.
Банктің негізгі міндеттерінің
бірі экономиканы
Банк қызмет еткен күннен бастап Банктің 996,8 млн. АҚШ доллары қатысуымен жалпы сомасы 2 105,2 млн. АҚШ долларын құрайтын, 49 инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мақұлдады, оның ішінде 2006 жылы Банктің 449,5 млн. АҚШ доллары қатысуымен жалпы сомасы 933,4 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны мақұлдаған еді.
2007 жылғы 1 қаңтарда
Банктің қызмет етуінің
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру кезеңінде мақұлданған 38 инвестициялық жоба ішінен:
- 15 жоба экспортқа бағытталған жоба категориясына жатады;
- 7 жоба өндірістік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған; - 6 жоба өнеркәсіптің басқа салаларында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған;
- 5 жоба Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шегінде құрылыс материалдарының өндірісін кеңейтуге бағытталған;
- 4 жоба Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы шегінде инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына тиісті;
- 1 жоба Банктің сыртқы нарықтарға шығуына бағытталған.
Қазақстан аумағының
кешенді дамуы және олардың Индустриалдық-
3-сур.
Банктің облыстар бойынша несиелеу көлемінің біркелкі болмауының объективті себептері бар. Айталық, көмірсутекті шикізатқа бай Атырау облысында, өндіру салаларында маманданған бірқатар өнеркәсіптік облыстарда (Қарағанды, Павлодар және басқа) несиелеудің шағын көлемі тікелей шетелдік инвестициялардың үлкен көлемімен өтеледі, бұл инвестициялар соңғы жылдары дәстүрлі түрде нақ осы аймақтарға түсіп отырады.
Сондықтан, Банктің
Солтүстік Қазақстан
Осылайша, өндірістерді
нақ осы облыстарда құра отырып,
Банк аймақтық әлеуметтік-экономикалық
диспропорцияның жойылуына
4-сур.
Жалғасы
• Көлік және байланыс
Еліміздің индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында өнеркәсіптің және экономиканың басқа салаларының бәсекеге қабілеттілігі көбіне өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму жағдайына байланысты екені белгіленген.
Көлік саласындағы басты міндет көлік инфрақұрылымы дамудың шектеуші факторына айналатындай жағдайды болдырмау мақсатында, еліміздің экономикалық өсуінің жоғары қарқынына сәйкес жүк және жолаушы ағындарын кеңейтуді және жетілдіруді қамтамасыз ету болып табылады. Басқа маңызды міндет елдің көлік әлеуетін максималды дамыту болып табылады.
Банк инвестицияларының едәуір бөлігі (18%) көлік және байланыс саласына тиісті, бұл салалар Қазақстан Республикасының көліктік транзиттік әлеуетінің дамуына, қазақстандық өнім экспортының ілгері жылжуына және кеңеюіне әсерін тигізеді, және олар капитал сыйымды болып табылады.
Мысалдардың бірі ретінде солтүстік бағыттағы Ақтау Теңіз Халықаралық Сауда Портын кеңейту бойынша инвестициялық жобасын келтіруге болады. Осы жобаны іске асыру Каспий маңындағы басқа порттарға бәсекеге түсуге қабілетті, бүкіл қазіргі заманғы талаптарға сай келетін ірі теңіз портын құруға, сауда кеме жүзуін нығайтуға және Ұлттық флотты дамыту бағдарламасын жоспарлы түрде жүзеге асыруға, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың тұрақты өрлеуіне, сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл Қазақстан экономикасының ілеспелі салалары үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз етеді, көлік-логистика саласындағы басқа жобалардың жүзеге асырылуына ықпалын тигізеді.
Бұдан басқа іске асырылған "Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шегіндегі айлақтың, жол алаңының құрылысы" инвестициялық жобасы айрықша қызығушылық тудырады. Жобаны іске асыру мұнайды барлау және өндіру бойынша теңіз операциясын жағалаулық қолдауды қамтамасыз етті, сол арқылы мемлекеттің Каспий аймағындағы мұнай өндіруші компаниялар саясатына ықпал етуінің қосымша құралы пайда болды.
Екінші кезеңде теңіз операцияларын қолдау флотын салу және оған ие болу жоспарланып отыр. Бұл кезеңді жүзеге асыру ұлттық теңіз сауда флотын қажетті түрді және сыныпты қазіргі заманғы кемелермен жабдықтауға, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша теңіз операцияларын іске асыруға қабілетті қосалқы флоттың құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа объектілерді салуға жағдай жасайды (жасанды аралдар және олардың үстіне мұнай инфрақұрылымын салу), бұл Каспий шельфінің қазақстандық секторындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Банк ең шапшаң дамитын және болашағы бар телекоммуникация саласында "Транстелеком" АҚ жобасын қаржыландырды. Қазақстанның екі ірі қаласы Астана - Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланысты құру жобасын жүзеге асыру осы екі қала арасында ақпаратпен телебайланыс арқылы алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, алдыңғы қатарлы және прогрессивті байланыс құралдарын дамытуға әсерін тигізеді және олардың отандық бизнес және халық үшін максималды қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
• Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату
Өткізілетін реформаларды қолдау және салаларды онан ары дамыту үшін Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында энергия өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындардың жабдығын жаңарту мақсатында инвестицияларды ұлғайту қажеттілігі қарастырылады.
Электр энергиясын өндіру және тарату бойынша ең капитал сыйымды инвестициялық жобалар үлесі Банк қаржыландыратын жобалардың жалпы көлемінің 13,2% құрайды.
Банк Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен бірлесіп, Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі электр желісінің құрылысы инвестициялық жобасын қаржыландырады ("KEGOC" АҚ). Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының электрэнергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, елдің оңтүстік аймақтарындағы тарифтердің тұрақтануына, елдің оңтүстік өңірінің тұтынушыларын электржабдықтаудың сенімділігін және үздіксіздігін жоғарылатуға, мұнай бағаларының өсуімен байланысты тәуекелді төмендетуге жағдай жасайды. Осы инвестициялық жобаны іске асыру энергиясы артық солтүстік аймақтардан энергиясы жеткіліксіз оңтүстік өңірлерге электр энергиясының жеткізілу көлемін жоғарылатуға мүмкіндік береді, сонымен бірге электр энергиясын шектес мемлекеттерден тасымалдау жөнінен республиканың транзиттік әлеуетін ұлғайтуға жағдай тудырады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясының тапшылығын ескере отырып, Банк "Южполиметалл" АҚ ТЭЦ-1 қайта құру бойынша жобаны қаржыландыруды бастады, оны іске асыру өндірілетін жылу және электр энергиясының көлемін ұлғайтуға, және бұл ресурстарды заңды тұлғаларға және жақын орналасқан халыққа жеткізіп тұруға жағдай жасайды.
Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетін тағы бір жоба қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-ның құрылысы инвестициялық жобасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын өндіру және оны Оңтүстік Қазақстан аймағында ең жоғары салмақты көтеру режимінде энергия жүйесіне жеткізу.
• Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру үлесі Банктің қаржыландыруға мақұлдаған барлық жобалар көлемінің 63,6% құрайды.
o Тоқыма және тігін өнеркәсібі
Елде құрылып жатқан тоқыма кластерін инвестициялауды Банк бірқатар мақта шала өңделген өнімін бастапқы өңдеу және сатып алу, дайын өнімді экспорттау бойынша жобаларды қаржыландыра отырып, мақта өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдаудан бастады. Содан кейін қосымша құнның жоғары деңгейін алумен мақтаны терең өңдеу бойынша инвестициялық жобалар құрылымдандырылды.
Сөйтіп, Банктің қатысуымен "Ютекс" АҚ толық өндірістік циклды құрумен байланысты жобасы іске асырылады (Шымкент қ.), мақта талшығын әрекеттегі мақта тазартатын зауытта өндіруден бастап, одан иірілген мақта жібін жасаумен аяқталады.
"Меланж" АҚ (Шымкент
қ.) "Мақта маталарын шығару
бойынша тігін және бояу-әрлеу
өндірісін қайта құру" жобасы
қаржыландырылып, пайдалануға
Оңтүстік Қазақстан
облысындағы мақтаны терең
Банк, Қазақстанға Rieter
(Швейцария) және LTG фирмасының (салқындату
жүйелері) жіп иіруші және тігін
жабдығының ірі әлемдік өндірушісін
және жабдықтаушысын тарта отырып,
Оңтүстік Қазақстан облысында
Жалғасы
• Басқа металдық емес минералдық өнімдерді шығару
Банк құрылыс индустриясының
қажетті жоғары сапалы құрылыс материалдарын
шығаратын жобаларын
Оларға Астана қаласындағы ұялық бетоннан үй құрылысы бұйымдарын шығару зауыты ("Экотон+" АҚ), Астана және Ақтөбеде жүзеге асырылған шыны-пластикалық құбырлардың өндірісін құру бойынша жобалар ("Амитех Карасай Пайп" ЖШС, "Хобас Пайпс Казахстан" ЖШС) жатады.
Осы инвестициялық жобаларды іске асыру отандық құрылыс индустриясының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді және болашақта құрылыс материалдарын жақын мемлекеттер нарықтарына шығару бойынша әлеуетті мүмкіндік береді.
Банк биылғы жылы бірталай ірі инвестициялық жобалардың бірін мақұлдады, бұл - Қызылорда қаласында ("Пилкингтон KZ" ЖШС) шыны табағын өндіру бойынша зауыт салу.
Инвестициялық жобаның
мақсаты Қазақстан