Осы бағыт шеңберінде
Қазақстан экономикасында жүйелі сипаттағы
проблемалық мәселелер шешілетін
болады, олардың қатарына мыналарды
жатқызуға болады:
- экономиканың шикізаттық
бағыттылығы;
- өңдеу өнеркәсібінің
төмен өнімділігі;
- өндірістік инфрақұрылым (темір жол инфрақұрылымы, электр
энергетикасы және
электр берісінің желілері,телекоммуникациялар қызметтері және өзге инфрақұрылым)
дамуының әлсіз деңгейі;
- отандық өнімнің
бәсекеге нашар қабілеттілігі, өндірістік
компаниялардың негізгі капиталдарының
жоғары тозымы;
- ел ішіндегі болмашы
экономикалық интеграция, яғни Қазақстан экономикасындағы
салааралық және өңіраралық байланыстардың
жеткіліксіз дамуы;
- отандық кәсіпорындардың
меншікті ақшалай қаражаттарының жетімсіздігі,
соның ішінде инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру үшін және т.б.
Қор экономиканың нақты
секторына инвестицияларды тарту
бойынша мәселелерді тез және
жедел шеше отырып және қолда бар
артықшылықтар мен мүмкіндіктерді
барынша пайдалана отырып, Қазақстан
Республикасы Үкіметіне өңірлерде
жұмысты жандандыруға, салааралық және
өңіраралық байланыстарды нығайтуға
барынша көп көмек көрсетуі тиіс.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру
және жаңғырту белсенді экономикалық
қызметті, әсіресе экономиканың мұнай-газ
секторы, электр энергетикасы, металлургия, химия, мұнай-химия және
инфрақұрылым сияқты басым секторларында
іске асыру жолымен жүзеге асырылады.
[өңдеу]Қор
қызметі негізделетін қағидаттар
Қордың қызметі
мынадай қағидаттарға:
- 1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін
сақтауға;
- 2) Қор мен компаниялар
қызметінің ашықтығына, тиімділігіне
және икемділігіне;
- 3) шешімдерді қабылдау
мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен
жеделдікке;
- 4) жауапкершілік
пен есеп берушілікке;
- 5) заңдылыққа негізделеді;
Қалыптасып отырған
жағдаятта Қор алдында экономиканың
тұрақты дамуы үшін тұрақтандыру
және ескерту шараларын іске асыру
міндеті тұр.
[өңдеу]Қор
орындайтын функциялар
Қаралып отырған міндет
шектерінде Қор мынадай функцияларды
орындайтын болады:
- 1) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларын
қатысу;
- 2) екінші денгей
банктерінің жарияланған дауыс беретін акцияларын сатып any;
- 3) әлеуметтік-экономикалық
дамуды, соның ішінде құрылыс объектілерін
аяқтауды, шағын және орта
бизнес пен агроөнеркәсіп
кешені субъектілерін
қаржыландыруды қолдау мақсаттарында
екінші денгей банктерінде шарттасылған
қаражаттарды орналастыру;
- 4) ипотекалық
кредиттеу рыногы
мен тұрғын үй құрылысының жинақ ақшалары
жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
- 5) қазақстандық
өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін
қор мен компаниялардың сатып алуларында
отандық мазмұнды көбейту бойынша, шетелдік
жабдықты компаниялардың оны ірі сатып
алулары кезінде Қазақстанда өндіруді,
құрастыруды, жөндеу мен оған қызмет көрсету
бойынша жұмыстарды оқшауландыруды қамтамасыз
ету бойынша механизмдерді қарастыратын
қор және компаниялардың сатып алуларының
тәртібі мониторингін анықтау, бекіту және жүзеге
асыру және басқалары.
Қордың компаниялармен
өзара қарым-қатынастары Қазақстан
Республикасының заңнамасына және
Қор мен компаниялардың құжаттарына
сәйкес корпоративтік басқару шектерінде
жүзеге асырылады.
«Самрұқ-Қазына» Ұлттық
әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
қызметінің негізгі қағидаттары
туралы меморандумы белгілеген міндеттерді
іске асыру акционердің (қатысушының)
функцияларын және компаниялар директорларының
кеңестеріндегі (қадағалау кеңестеріндегі)
өкілдік арқылы жүзеге асыру сондай-ақ
өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардын
инвестициялық жобаларын өзінше
және (немесе) компаниялармен және (немесе)
шетелдік және (немесе) отандық инвесторлармен
бірлесіп қаржыландыру арқылы қордың
компанияларды басқаруға белсенді
қатысуы жолымен жүзеге асырылады.
Компаниялардың директорлары кеңестерінің
құрамына Қор өкілдері, тэуелсіз директорлар
және заңнамамен белгіленген тәртіппен
байланысты өзге тұлғалар кіреді.
Шетелдік юрисдикциялардағы компаниялармен
өзара қарым-қатынастар осы компаниялар
тіркелімі елдерінің заңнамасының талаптарын
ескере отырып жүзеге асырылады.
Қор құрамына кіретін компаниялар ұлттық
экономиканың, оның инфрақұрылымының негізін құрайды және мемлекеттің
стратегиялық міндеттерін орындауға жәрдемдеседі.
Макроэкономикалық деңгейде компаниялардың
міндеті қазақстандық экономиканың халықаралық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
шетелдік инвестициялардың ағынын көбейту
болып табылады. Қор компанияларды тиімді
басқару жолымен экономиканы әртараптандыруды,
оның секторларында өнімділікті арттыруды
қамтамасыз етіп, шикізаттық ресурстарға
тәуелділікті төмендетуі және өңірлердің
экономикалық дамуын ынталандыруы тиіс.
Әлемдік практика мемлекеттің қатысуындағы
компаниялардың тиімділігін арттырудың
ең шынайы амалы корпоративтік басқаруды
жақсарту болып табылады. Бұл акционер
ретінде өзінің тиімділігін арттыруда
ынталы болып отырған Үкіметке басқару
сапасы мен берілген компаниялардың қызметін
бақылауды жақсарту бойынша шынайы құрал
алуына мүмкіндік туғызады. Ұлттық басқарушы холдингте корпоративтік басқарудың
жоғары деңгейі Қазақстан үшін маңызды
стратегиялық міндеттердің шеңберінде
мемлекет берген активтерді тиімді басқарудың
маңызды шарты болып табылады.
Компанияларды басқару қорға жүйелі үйлестірілген
тәсілдемені және қаржы ағындарын бақылаудың
айкын механизмін қамтамасыз етуге, ішкі
корпоративтік үдерістер мен рәсімдерді
жетілдіріп отыруға, сондай-ақ практиқада
корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттарын
іске асыруға мүмкіндік туғызады.
[өңдеу]Қорға
жүктелген міндеттер
Компаниялар қызметінін
тиімділігін арттыру бойынша
бағыттарды іске асыру шеңберлерінде
Қорға мынадай міндеттерді орындау
жүктеледі:
- 1) компаниялардың
ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын
барынша көбейту және олардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру;
- 2) корпоративтік
басқарудың жақсы әлемдік практикасын
ендіру.
[өңдеу]Функциялары
Қойылған міндеттер
шеңберінде Қор мынадай функцияларды
жүзеге асыратын болады:
- компаниялар қызметінің
тиімділігін арттыру және жаңа активтерді жасау;
- бәсекеге қабілеттілікті
арттыру және халықаралық рыноктарға
компаниялардың шығуына жәрдемдесу;
- елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының міндеттерін ескере отырып компаниялар
үшін қабылданған мақсаттар қою;
- компаниялар қызметінің
өзекті көрсеткіштерін анықтау;
- компаниялардың
қызметі нәтижелерінің мониторингі, компаниялардың
қойылған міндеттерді және қызметтің
өзекті көрсеткіштерін орындамаған жағдайда
түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз
ету;
- компаниялардың
басшы қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудағы іріктеу, уәждеме және жәрдемдесу;
- компанияларда
ғылыми және өндірістік әлеуетті сақтау
мен дамытуды қамтамасыз ету;
- аудитті және компаниялардың
ішкі аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
- компанияларда
тәуекелдерді басқарудың бірыңғай әдістерін,
амалдарын және тәсілдемелерін ендіру
жолымен тәуекелдерді басқарудың тиімді
жүйесін жасау;
- компанияларға
қатысты белсенді дивидендтік саясат жүргізу;
- компанияларда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің
қағидаттарын енгізу.
[өңдеу]Қордың
міндеттері:
- 1) казақстандық
экономиканы эртараптандыру бағдарламаларын
әзірлеуге және іске асыруға
қатысу;
- 2) ұлттық, салааралық
және өңірлік ауқымдағы инвестициялық
стратегиялық жобаларды әзірлеу және
іске асыру;
- 3) Қазақстан Республикасының
экономикасына инвестицияларды тартуға
жәрдемдесу;
- 4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы
жағдайларды мемлекеттік және жекеше
мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз
етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің
әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен
халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу
және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық
белсенділікті өсіруге жәрдемдесу;
- 5) бәсекелестікке
қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді
құруға және дамытуға жәрдемдесу;
- 6) тауарларды, жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді отандық
өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы
қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге
жәрдемдесу;
- 7) компаниялардың
бәсекелестікке қабілеттілігін оларды корпоративтік
басқаруды жетілдіру
арқылы арттыру болып табылады.
[өңдеу]Қордың
айрықша өкілеттіктері:
Белгіленген мақсаттар
мен міндеттерді іске асыру үшін
қордың мынадай айрықша өкілеттіктері
бар:
- 1)меншік иелері
иеліктен шығаратын стратегиялық объектілерді
Қазақстан Ресбубликасы Үкіметінің шешімі
бойынша сатып алудың басым құқығы;
- 2) акциялардың
пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық
объектілерге жатқызылған ұйымдардың
немесе республика экономикасы үшін маңызды
стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы
кезінде конкурстық массаны Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша
сатып алудың басым құқығы;
- 3) Қазақстан Республикасы
заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің
акцияларын сатып алу құқығы.
[өңдеу]Қаралатын
міндеттер шектеріндегі қор функциялары
Қаралатын міндеттер
шектерінде қор мынадай функцияларды
орындайтын болады:
- 1) өңірлік, Ұлттық
және салааралық ауқымдардың, соның ішінде
экономиканың нақты секторында инвестициялық
жобаларды өзінше және (немесе) компаниялардың
қатысуымен, сондай-ақ стратегиялық шетелдік
және (немесе) отандық инвесторлармен
жарғылық капиталдарда және қарыздар беруге жолымен әзірлеу және
(немесе) өткізу және (немесе) қаржыландыру
жайында;
- 2) «Қазақстанның
30 корпортативтік көшбасшылары» бағдарламасын
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
өзге бағдарламалары мен жоспарларын
іске асыру жөніндегі оператордың функциясын
орындау;
- 3) экономиканың
жаңа секторларын игеру және елде де, сондай-ақ
шетелде де экономикалық тартымды активтерді
сатып алу;
- 4) негізгі басымдығы
Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру
болып табылатын инвестициялық және инновациялық
жобаларды компаниялар іске асыру кезінде
үйлестірілген және белсенді инвестициялық
саясатты қамтамасыз ету;
- 5) отандық және
шетелдік мемлекеттік және жекеше инвестицияларды
тарту және экономиканың әр түрлі салаларына
инновацияларды ендіру;
- 6) капиталдың әлемдік
және отандық рыноктарында капиталдың
балансталынған қарыз алуын жүзеге асыру;
- 7) шағын және орта
бизнесті қаржыландыру;
- 8) компаниялар
тобының шектерінде қаржылық-инновациялық
құралдардың тиімді кешендік жүйесін
жасау;
- 9) өңіраралық экономикалық
байланыстарды, соның ішінде Қазақстан
Республикасы аумағында жобаларды іске
асыру жолымен дамыту;
- 10) әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар арқылы өңірлердің сілкіністі
дамуын қамтамасыз ету.
Ұлттық экономиканың
дағдарысты орнықтығын арттыру мақсаттарында
елдің экономикалық өсуіне сыртқы өзгерістердің
тіршіліктегі және әлеуетті мүмкін болатын
ұнамсыз әсерінің факторларын ескеру
үшін іс-шаралар қабылдаудың қажеттігі
туады.
Қорды басқаруды Қазақстан
Республикасының Үкіметі арқылы
Қордың жалғыз акционері болып табылатын
мемлекет жүзеге асырады. Үкімет Қазақстан
Республикасы заңнамасымен белгіленген
тәртіппен Қордың Директорлар кеңесінің
құрамын айқындайды. Қордың Директорлар
кеңесінің Төрағасы Қазақстан
Республикасының Премьер-Министрі болып табылады. Қордын Директорлар
кеңесінің құрамына Қаржы, Индустрия және
жаңа технологиялар, Экономикалық даму
және сауда министрліктерінің бірінші
басшылары, тәуелсіз директорлар, Қор
басқармасының Төрағасы және өзге тұлғалар
кіреді. Атқарушы орган - Қор
басқармасы.
Қордың даму стратегиясы елдің әлеуметтік-экономикалық
даму мақсаттары мен ұзақ мерзімді басымдықтарына
сәйкес он жылға әзірленеді.
Даму стратегиясы Қордың қызметі бағаланатын
негізгі көрсеткіштерді, сондай-ақ олар
бойынша мақсатты мәндерді қамтиды.
Қордың даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің
орындалуын бағалау Қордың директорлар
кеңесі айқындайтын тәртіппен жүзеге
асырылады.
Қор қызметін қаржыландыру жарғылық капитал
қаражаттары есебінен және компаниялардан
түскен табыстар мен Қазақстан Республикасы
заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздер
есебінен жүзеге асырылады.
Компаниялар акцияларын (қатысу үлесін)
өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы
Үкіметінің тиісті каулысын қабылдау
жолымен Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
Қордың міндеттер мен оған жүктелген функцияларды
орындауына тиісті бақылауды (мониторингті)
қамтамасыз ету үшін Қордың даму стратегиясында
Қордың тиісті сандық және сапалық шешуші
көрсеткіштері бейнелеп көрсетіледі.
Қор барлық дауыс беретін акциялары (қатысу
үлестері) Қорға тиесілі заңи тұлғалардың
ақшасын басқару бойынша Қордың директорлар
кеңесі бекітетін бірыңғай саясатты іске
асырады. Қордың тобына кіретін ұйымдар
өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың тобына
кіретін ұйымдарға ақылылық, мерзімділік
және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай
нысанда кредиттер(қарыздар) беруге құқылы.
Мұнда көрсетілген кредиттерді (қарыздарды)
беру тәртібі мен шарттары Қордың директорлар
кеңесі бекіткен ішкі кредиттік саясат
туралы қағидаларда айқындалады.
Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік
қоғам нысанындағы коммерциялық
ұйым болып табылады,
оның жалғыз акционері ұлттық басқарушы
компания болады. Ұлттық инновациялық
қор дамудың ұлттық институты болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор қызметінің мақсаты
елде жалпы инновациялық белсенділікті
арттыру болып табылады, соның ішінде
жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін
өндірісті дамытуға жәрдемдесу.