Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:54, курсовая работа

Описание

Банктің негізгі міндеттерінің бірі экономиканы диверсификациялауға, оның шикізаттық бағытталуынан шегінуге жағдай жасайтын жобаларды қаржыландыру болып табылады (Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет мамандандырылған даму институттарын құрды). Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ бірқатар салалық және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі даму институттарының бірі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

инфляция әсері.docx

— 985.24 Кб (Скачать документ)
 

    
 

 

нім телефоны

 

Азаматтарды қабылдау кестесі

  • Үкіметтік қорлар
  • Жергілікті атқарушы органдардың сайттары

Дизайн  и разработка ТОО "StarSat"

Loading...

     
     
     

 
 

Алматы  қаласы әкімдігінде 
кеңейтілген кеңес өтті
  2010 жылдың   20 шілдесінде Алматы әкімдігінде 2010 жылдың 6 айы ішіндегі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған кеңес болып өтті. Оған қала әкімі Ахметжан Есімов төрағалық етті.

2010 жылы Алматы қаласының бюджеті  279,8 млрд.теңге соманы құрайды,  қаланың нақтылы бюжеті – 213,5 млрд. теңге.

Жыл басынан бері қарай 174,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, физикалық ауқым  индексі - 126,8 %.

Өнеркәсіпте алға жылжушылық байқалады. 6 айдың  ішінде өнім өндірісінің көлемі өткен  жылдың осы кезеңімен алыстырғанда 26,8 % -ға өскен. Тамақ, сусын, мата бұйымдары, қағаз, тері өнімдерін шығару да артқан.

Жартыжылдықтың  қорытындысы бойынша 18,2 мың адам (73 %) жұмыспен қамтылған, өнім шығарудың  қазақстандық үлесі - 80 %, белгіленген  соманың 50 % салығы төленген. Жұмыссыздар  саны – 4 828 адам, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға  аз.

Кіші  және орта бизнес өкілдері 2010 жылдың қаңтар-маусым айларында 245.9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен алыстырғанда 11,2 %-ға көп. 254,4 мың адам жұмыспен қамтылған, өсім - 5,6 %.

Бөлшек  сауда айналымы 7 %-ға өскен. Көтерме  тауар айналымы өткен жылдың деңгейінде.

Инфляция  жыл басынан бері - 4,2 %, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4 п.п.–ға  төмен.

79,2 мың кіші кәсіпкерлік субъект  ілері тіркелді. Өсім – 108,1 %. Алматыдағы  кіші және орта бизес субъектілері  республика бойынша өте жоғары, 31 пайызды қрайды.

Жол картасын қаржыландыруға үстіміздегі  жылы 11,4 млрд. теңге бөлінген, респбуликалық  бюджеттен бөлінгені - 7,9 млрд. тенге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге.

Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай негізгі  капитал инвестициясының көлемі - 152,1 млрд. теңге, өткен жылдың осы  кезеңімен салыстырғанда - 94,7%.

Қалада  бюджеттен тыс инвестицияны тарту  жақсы жолға қойылған. Соның бірі – муниципиалды бағалы қағаз шығару. Қазіргі кезде 2010 жылы Алматыда 13 млрд. теңгенің бағалы қағаздарын шығару жөніндегі  мәселе Үкіметпен шешілу үстінде.

5 жылдық  облигация бюджет дефицитін жабуға  жұмсалатын болады. Бұл жобаның  болашақта берері көп болмақ.

2010 жылдың 1 шілдесінде салық жинауда  мемлекеттік бюджетке 339,7 млрд. теңге  түскен, яғни болжам 103,7 % -ға орындалды.

Республикалық бюджет ке 253 млрд. теңге (болжам – 102,9 %), жергілікті бюджетке – 86,8 млрд. теңге (болжам – 105,8 %) түскен.

Осылайша, Алматы бұрынғысынша еліміздің басты  доноры болып табылады.

Кеңес жұмысын қала басшысы қорытындылады. Ол өз сөзінде өзекті мәселелер мен  алда тұрған міндеттерге кеңінен  тоқталды.

Ол  жиналғандардың назарын индустриалды – инновациялық даму Бағдарламасына аударды.

Алматыда  осы бағытта 5 жоба жүзеге аспақ. Олар – Медеу, Шымбұлақ курортты аймағын  дамыту, энергоподстанциялар кешенін  салу, транспортты –логистикалық  орталық және дәрі дәрмек шығаратын 2 жоба. Осы ретте қала әкімі кәсіпкерлермен жұмысты жандандыру қажеттігін ерекше атап өтті.

«Естеріңізге сала кетейін,Мемлекет басшысы индустриалды бағдарламаны жүзеге асыру міндеті әкімдіктерге жүктелетіндігін атап өткен болатын.Демек, бизнес қызметін интеграциялауды, даму нституттарының жұмыстарын жақсартуды,ұлттық компаниялар мен қаржы құрылымдарын үйлестіруді жүзеге асыратын боламыз.Біз цифр қуып кетпей,нақтылы өндірісті құруға тиіспіз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала  басшысы индустриалды-инновациялық Бағдарламаның негізі «Бизнестің жол  картасы-2020» екендігін атады. Қалаға 1,2 млрд. теңге көлемінде қаржы  бөлінген. Алайда банктер жобалар  бойынша келісімдерді кешеуілдетіп отыр. Сонымен қатар «Бизнестің жол  картасы-2020» бағдарламасын бизнес-құрылым  арасында насихаттау да төмен. Осы мәселелерді  тез арада шешу қажет.

Ол  Алматыда бизнесті дамыту үшін СПК  «Жетісу» базасында корпорация құруды тездетуді тапсырды. «Даму» қорымен  жасалған үш жақты Келісімді жүзеге асыру жұмысын да жеделдету қажет. Бұл жерде екінші деңгейлі банктер  жұмысы да назардан тыс қалмауы тиіс. Ақшалы «Самрұқ-Қазына» және «Парасат»  холдингімен де жұмыс жасау керек. «Президент 1 сәуірге дейін СПК-ға қатысты жұмысты аяқтауды тапсырды. Орталық атқару органдары бұл міндетті жергілікті органдарға ысыра салды. Бір ай ішінде біз СПК «Жетысу» базасы негізінде корпорация құрып, қала бизнесін дамытуға ,«Бизнестің жол картасы-2020» -ны жүзеге асыруға тиіспіз», - деді әкім.

Биыл  Алатау ауданында Индустриалды аймақ  жобасын жүзеге асыру ісі басталып та кетті.Оны дамыту «Бизнестің жол  картасы- 2020» -ны жүзеге асырумен бірге  жүруі тиіс.

Ең  жас аудан осыдан екі жыл бұрын  пайда болды. Осы кезең ішінде жаңа ауданға жан бітіру үшін 31 млрд. теңге бөлінді. Мұнда 3 мектеп, 3 бала бақша, емхана, 37 км жаңа жол салынды. Сонымен қатар, 35 км жол жөнделіп, 23 км газомагистралі, 20 км су құбыры, 8 км электр желісі жасалды. Халыққа қызмет көрсету мекемелерінің барлығы  ашылды.

Қала  басшысы қалалықтарға қолбайлау  болып отырған жылу магистральдерін  жөндеуді тез арада аяқтау қажеттігін ерекше атады.

Өткен жылдан бері қарай қала әкімдігі МҚК-дың  қаржылық қызметін бақылай бастады. Бұл өз нәтижесін берді. Қазіргі  кезде шығынды кәсіпорындар саны 35 % -ға қысқарды.

9 кәсіпорын  шығынды мекеме категориясынан  құтылды. «Алматы Су» холдингі  мен «Алматы кала курылыс кадастр»  жақсы нәтижелер көрсетуде.

Қазіргі кезде «Теплокоммунэнерго» АҚ-ның  мемлекеттік үлесі – 90 %. Бұл шығынды  кәсіпорын, мұнда жылуға заңсыз қосылу саны - 200 және көптеген заңсыздықтар жеткілікті. «Тартып» АҚ-ында да мемлекеттік үлес 50 %-ға жететін болады.

Қазіргі кезде Алматыда бірыңғай энергокешенін  құру мәселесі көтерілуде, оның құрамына «Алматинские теплосети», «Северо-восточный  энергокомплекс», «Алматытеплокоммунэнерго»  сияқты шығынды кәсіпоырндар енетін болады.

Бұл жұмысты шығыннан құтылған «Алматы  Су» кәсіпорынының тәжірибесі негізінде  жүргізу қажет. Суға дифференциальды  тарифты енгізу арқылы ол үнемді жұмсалып, жыл ішінде суды пайдалану 13 %-ға қысқарды.

«Суды айдалануды қысқарту арқасында аталған  кәсіпорынның табысы екі есе өсті. 4,7 млрд.тан 9,9 млрд. теңгеге  жетті. Біз жылу секторында осындай кешен  құруға тиіспіз.Соның  арқасында шығынды  кәсіорындар саны азаятын болады»,- деді Ахметжан Есімов.

Әкім  басқа да коммуналды кәсіпорындар жұмысын  тексеруді тездетуді, қажет болған жағдайда МҚК-ға оптимизация жүргізуді  тапсырды.

Қала  әкімі кезінде коммуналды кәсіпорындар болған, кейін жекешелендірілген  кәсіорындардың талапқа сай жұмыс  істемей отырғандықтарын ерекше атады.

Әкім  бұлардың атына орынды сын айтып, жұмыс сапасын жақсартуды, бөлінген бюджеттік қаржыны үнемдеуді  нақтылады. Осы орайда құқық қорғау органдарына тапсырма берді. Өз міндетін атқармаған жекешеленген кәсіпорын  қала меншігіне қайтарылатын болады. Кейбіреулер қазірдің өзінде кәсіпорындарын қалаға қайтарып беруде.

Үстіміздегі жылы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарының көлемі ұлғаяды. Қаланың транспортты  инфрақұрылымын дамытуға 41,4 млрд. теңге  бөлінген.

«Жыл  басында мен жол  жұмыстарының сапасына ерекше назар аударуды тапсырған болатынмын. ГАСК бұл істі қолға  алып, жұмыс сапасын  тексеруде, оның назарынан  асфальт-бетон завод  ынан бастап, жолды  беттеу жұмыстары  тыс қалмауда. Бірақ, кемшілік әлі де бар», - деді қала әкімі.

Көктемгі-жазғы  нөсер жауын жол айрықтарының кемшін тұстарын көрсетті. Оның кей  бөліктері тоқтау суға толып, көлік  қозғалысына кері әсерін тигізді.Кейбір жақтаулар адам өміріне қауіп  те төндіруде. Жол жиектрі де жарамсыз. Апатты жағдайлар да басым, олардың  барлығын ретке келтіру қажет.

«Жол  айрықтары қалаға тым қымбатқа түсуде. Сондықтан да осы  іске қатысты ұсынылатын жобалар қатаң  тексеруден өтуі тиіс. Мұнда табиғи факторлар  да ескерілуі қажет», - деп атап өтті әкім.

Үстіміздегі жылы қала экологиясын дамытуға 4 млрд. теңге бөлінген, олар су бұрқақтарды, өзен аңғарларын және басқа да істерді  ретке келтіруге жұмсалатын болады. Мұнда оң өзгерістер бар.

Мониторинг  көрсеткеніндей, ауаның залалдану деңгейі 12,9 ден 11,8 бірлікке төмендеген. Алайда ірі автомагистральдерде жағдай сол қалпы. Токсикалық норма саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 %.-ға төмендеген.

Ахметжан  Есімов қала көлігін газға ауыстыруды тездетуді ерекше атады.

Азиада  нысандарының құрылысы аяқталып қалды. Оның барысы апта сайын тексеріліп тұрады.

Президенттің  шешімі бойынша Азиаданың жабылу салтанаты Алматыда өтеді. Әкім салынған құрылыс нысандарын Азиада аяқталған  соң дұрыс пайдалану қажеттігін де ерекше айтты.

«Осы  объектілердің барлығы  коммерциялық жағынан  өте тиімді, қала бюджетінен субсидия алу мәселесі мүлдем айтылмайтын болсын. Жыл аяғына дейін  Спорт басқармасы осы кешендердің  бизнес-жоспарын жасауы тиіс. Азиада нысандары  қала бюджет толықтыруы қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Жыл басынан бері қаланың білім саласына 36,9 млрд. теңге бөлінді, ол 2009 жылмен салыстырғанда 4,8 % -ға көп. Жыл аяғына дейін салынуы тиіс 23 бала бақшаның 7-і ашылды.

Денсаулық сақтау саласына 2010 жылы 33,1 млрд. теңге  бөлінді. Жыл басында 2 емхана салынды. Республикалық бюджет есебінен денсаулық  сақтау саласының 5 объектісі салынуда.

7 400 үлескердің 4 600-ы биыл пәтерлерін  алуы тиіс. Жыл аяғына дейін  20 автобусы газбен жүретін муниципальды  автобус паркі ашылатын болады.

Қала  әкімі өз сөзін қорытындылай келіп, мемлекеттік қаржы барынша үнемді және тиімді жұмсалуы тиіс деп атап өтті.

«Өткен  аптада Алматыда болған Мемлекет басшысы  болашақта қаланы дамыту міндеттерін  алдымызға қойды. Біз өнеркәкісті  дамыту қарқынын арттыра  отырып, негізі капитал  мен құрылыс секторына  инвестиция көлемін  ұлғайтуымыз қажет», - деп қорытындылады өз сөзін әкім.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен Ақтөбе облысын үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытуға байланысты аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі болды.  

Оған  кеңестің мүшелерімен  бірге мемлекеттік  органдардың басшылары, өнеркәсіптердің, екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының басқарушылары  қатысты.  

Кеңесте екі мәселе қаралды. Оның біріншісі — Қазақстанның Индустриялдық картасына ұсынылатын индустриялдық жобаларды қарап, талқылау, келесісі — екінші деңгейдегі банктердің «Бизнестің Жол картасы-2020»  бағдарламасына қолдау көрсетудегі  қызметтеріне қатысты болды. Соңғы  мәселе бойынша осы жылғы тамыз  айының басында облыс әкімі арнайы жиын өткізіп, нақты міндеттер белгілеген еді. Бұл жолы сол жиында айтылған сындардың, берілген тапсырмалардың нақты  орындалу жағдайлары талқыланды.  

Облыс әкімі сөзінің  басында 2010-2014 жылдарға белгіленген  үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың бағдарламаларына байланысты аймақта белсенді жұмыстардың жалғасып отырғанын атап көрсетті. Қазақстанның Индустриялдық картасына облыстан 514,1 млрд. теңге құрайтын 58 жоба енді. Үстіміздегі жылы 2254 жаңа жұмыс орнын  ашуға мүмкіндік беретін 28 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде 10 нысан іске қосылып, 885 жаңа жұмыс орны құрылды.  

Аймақтық үйлестіру  орталығы жобаларды жандандыру жұмыстарын жүргізуде. Осы кезекті мәжілістің өзінде еліміздің Индустриялдық  картасына қосылудан үміткер, жалпы  көлемі 114,8 млрд. теңге құрайтын 11 инвестициялық  жоба талқыға түсті.  

Кеңестің өту барысында  әр инвестициялық жобаның «тағдыры»  таразыға салынғандай болды. Ұсынылатын жобалар туралы кәсіпорын басшылары  алға шығып есеп берді.  

«SBS STEEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Марс Өтегенов жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын шығаратын металлургиялық зауыт құрылысының жобасын ұсынды. Маманның айтуына қарағанда, мұндай жаңа технологиямен жұмыс істейтін құрылыс кешені әлемде осымен екеу ғана болмақ. Бұған дейін мұндай зауыт АҚШ-та салынған.  

Жобаны қаржыландыруды «Қазақстанның даму банкі» акционерлік  қоғамы жоспарлап отыр. Қазір банктің  ескертпелерін орындау бағытында  жұмыстар жүргізілде.  

Дегенмен, кеңесте  бұл жобаға байланысты елеулі сын  да айтылды. Әрине, жобаның артықшылығын, құндылығын жоққа шығаруға болмайды. Ел үшін керек өндіріс. Бірақ, бұл  жоба облыс әкімі атап көрсеткеніндей, 2007 жылдан әңгіме болып келеді. Соның  өзінде әлі іске кірісетін мерзімі  көрінбейді. Құрылыстың қашан басталатыны  анық емес. Банкпен арада түсініксіз жағдайлар көп. Сондықтан облыс  басшысы осы мәселелерді таяу арада шешуді тапсырды.  

«НарГазИнжиниринг»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнайға ілеспе газды өңдейтін қондырғысы құрылысы жобасының «тағдырын» да 15 қыркүйекте Қазақстанның даму банкі шешеді. Жобаны қаржыландыру мәселесін қарауды банк осы күнге белгілеген. Кеңесте аталған серіктестіктің бас директоры Болат Сақтағанов осылай деп мәлімдеді. Бұл да аймақ үшін аса маңызды жобалардың бірі екені даусыз. Жобаның құны — 9,6 млрд. теңге. Жылына 350 мың текше метр газ өңдейді. Газ өңдейтін бұл өндіріс Әлібекмола кен көзінде орнамақ. Бұл өз кезегінде мұнай өндіруші компаниялардың экологиялық талаптарын да шешуге жәрдемдеседі.   

Басшының кеңесте  мәлімдегеніндей, бизнес-жоспар жасалған, жер телімі, теміржол тұйығы — өндірістік база бар. Санэпидстанция, төтенше жағдайлар, экология, мемлекеттік сараптау мекемелерінің  қорытындылары алынған. Бүгінгі  күні мәселе — банктің сараптамасы  нәтижесінің шығарылуына тіреліп  тұр.  

«Ақтөбе Мұнай өңдеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұнай өңдейтін зауыт құрылысының  жобасын ұсынды. Жоба жөнінде кеңесте  осы серіктестіктің бақылау кеңесінің  мүшесі Дастан Қадыров баяндады. Жоба іске қосылғанда жылына 300 мың тонна  дизель отыны, мазут, бензин сияқты мұнай  өнімдерін шығарады. Жобаның құны – 3,381 млрд. теңге. Осы жылдың мамыр  айында алғашқы кезегі іске қосылды. Ол ай сайын 12,5 мың тонна мұнай  өңдеп, жылына 150 мың тонна өнім береді.   

2012 жылдың аяғына  дейін құрылыстың 2-кезегін іске  қосу жоспарлануда. Зауыттың қуатын  жылына 300 мың тонна мұнай өңдеуге  жеткізу көзделуде. Сол кезде  бұл ЕВРО-3,4 стандартта АИ-80, ал  болашақта АИ-95 және 96 маркалы бензиндерін  шығаруға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде кәсіпорын мұнай өнімдерін өндіру мен сатуды жүзеге асырып отыр. Дизель отынын Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына  өткізеді. Ұлыбританияға мазут экспорттайды.   

Мұнай өнімдерін  жеткізумен байланысты бірқатар ірі  кәсіпорындармен келісім-шарттар  жасалынуда.  

Кеңеске қатысушылар  «Бекарыс фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры  Абдул-Әшім Оқапұлы хабарлаған кварцтан жасанды тас жасау жобасына да ықылас қойды.  

Басшының мәлімдеуіне  сүйенсек, кварцтан жасанды тас жасау  Қазақстанда әзір қолға алынбаған  тың жоба. Сондықтан егер бұл жоба іске асса, ішкі нарықта емес, сыртқа да өнім шығаруға болады.Кварцтан жасалатын  жасанды тас «Бестоун» жоғары технологиялық, су өткізбейтін, аса  төзімді, экологиялық жағынан таза, көрініске де әсем материал.  

Бұл жобаны іске қосу үшін серіктестік бірсыпыра алғышарттар  жасаған. Арнайы ғимарат, меншігінде жер  бар. Станоктар мен құрал-саймандар  алатын зауыттар да белгілі. Серіктестік  «Даму» қолдау қорымен, облыстық кәсіпкерлік  басқармасымен, бірқатар банктермен жұмыс  жасауда. Әйтсе де ең басты қиындық  — банкке байланысты туындап отыр. Әзір қаржыландыруды ешбір банк мойнына  ала қоймаған. «БТА» ғана ыңғай  танытып отырғанға ұқсайды. Бірақ  ол да түбегейлі шешілмеген. Серіктестік  басшысы жергілікті билікке қатысты  өндіріске электр желісін тарту  сияқты мәселелерді де алға тартты.   

«Себек Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  ұсынған тұқым сепкіштер мен астық кешендерінің құрастыру өндірісін құру жөніндегі жобасы ауыл шаруашылығы саласы үшін күтіп отырған шаруа болатын. Жобаны жүзеге асыру Брест қаласындағы «БЭМС» ашық акционерлік қоғамы кәсіпорнының белорустық технологиясы бойынша жүргізілмек. Жылына 50 бірлік ауыл шаруашылығы құралдарын шығаратын құрастыру өндірісінің жобалық құны 136,0 млн. теңгемен бағаланады. Осының 28 млн. теңгесін талаптанып отырған кәсіпорын өз қаржысынан салса, қалған 108 млн. теңгесін банктік несиелік қаржыға сүйенбек.  

Жоба бойынша бірсыпыра  шаруалар реттелген. Жалға алынған  жердің мерзімі ұзартылуда. Өндірістік база құрылысының 70 пайыз жұмысы атқарылған. Технологиялық және көмекші жабдықтарды, қажетті қосалқы бөлшектерді  белорустық кәсіпорындардан алуға  хаттамалар толтырылған. Өндіріске  қажетті рұхсатнама құжаттар ресми  орындардан алынған.  

Бүгінгі күнге өз қаржысына екі тұқым сепкіш агрегат  шығарылып, «Өтепберген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында ойдағыдай сынақтан өткен. Онымен 400 гектар арпа егісі себілген. Сынақ  қорытындысы жаңа тұқым сепкішті пайдаланғанда егістің шығымдылығын 20-30 пайызға ұлғайтуға болатынына көз жеткізілген.  

Мұнда шығарылатын  тұқым сепкіш агрегаттар, әсіресе, шағын  фермалар үшін тиімді әрі ыңғайлы. Алайда фермерлерде қаржының болмауына  байланысты тұқым сепкіш агрегаттар шығару және сату уақытша тоқтап тұр.   

Кеңес бұл жоба бойынша  банкпен арадағы жұмысты ыждағаттауды, кепілдік міндеттемелерді қамтамасыз етуді тапсырды.  

Өндірісі үшін қағаз  қалдықтарын пайдаланып, бұйымдарды орауға пайдаланылатын өнімдер шығаратын қағаз фабрикасының құрылысының жобасын «Көктас-Ақтөбе» қолға алуда. Фабриканың өнімдерін серіктестік негізінен ішкі қажеттілікті өтеу үшін пайдаланбақ.   

Жаңа өндірістің қондырғылары силикат зауытының  аумағына орналастырылады. Жобаның  құны — 120 млн. теңге, қуаты — жылына 1200 тонна. Қаржыландырудың реті: 70 пайыз  банк қарызы, 30 пайыз өз қаржысы есебінен жүзеге асырылмақ.  

Қазіргі сәтте қағаз  жасайтын машина Ресей Федерациясынан келеді деп күтілуде. Өндіріс цехында  құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп  жатыр.  

Осы сияқты Қандыағаш  қаласында салынатын газтрубалық электр стансасы құрылысының жобасы да салынуға дайын тұр. «Қандыағаш ГТЭС» акционерлік қоғамының бас директоры Асқарбек Мамырбаев бұл бағытта атқарылған мақсатты жұмыстарды кеңесте жан-жақты баяндады. Аймақ үшін электр қуат көзі керек-ақ. Мұны жергілікті ресми орындар қолдаған.  

Бірақ, негізгі газ  жеткізуші «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  акционерлік қоғамы Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясымен және «Қазмұнайгаз»  акционерлік қоғамымен арадағы  газ жеткізу міндеттемелеріне сүйеніп, ұзақ мерзімге келісім-шартқа қол қоюдан бас тартқан.  

Бұл жобаны талқылай келіп, кеңес «Қандыағаш ГТЭС-100»  акционерлік қоғамының қажеттілігі  үшін жылына 200 млн. текше метр газ  бөлуге қолдау көрсетуін сұрап, мұнай  және газ министрлігі алдына мәселе қоюды ұйғарды.  

Тек аймақ емес, тұтас  еліміз үшін қат өнімнің бірі – дәрілік шырындар мен медициналық бетперделер өндірісі жөніндегі цехтың құрылысының жобаланып отырғанын, осы жобаға құрылтайшы «ФармАқтөбе» еңбек ұжымының өкілі Жанна Төреханова әңгімеледі. Аталған цех іске қосыла қалған жағдайда, цех жылына әлгіндей дәрілік өнімдердің 12 млн. флаконын шығарады. Жобаның құны — 140 млн. теңге.  

Өнім шығаруға қазіргі  заманғы ең озық технология енгізіледі. Қол еңбегі мүлде қолданылмайды. Жұмысты автомат атқарады. Технологияның  артықшылығы — өнімнің сапасында.   

Жобаны жүзеге асырудың бизнес-жоспары жасалған. Банкпен  жобаны қаржыландыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Барлық қажетті жабдықтар  сатып алынған. Шығарылатын дәрілерді  тіркеу жүргізілген. Шикізат және қондырғы жеткізуші Қытай жағымен келісім-шарт жасалған. Жұмыс істейтін адамдар  да іріктелген. Дәрілердің тіркеу куәліктері алынған. Аталған дәрілік өнімдерді  шығаратын бұл нысан Қазақстанның батыс облыстарындағы жалғыз кәсіпорын  болады. Оның өнімдері әлемдік стандартқа сәйкес келеді.  

Бизнес саласында  тамақ өнеркәсібін дамыту елеулі орын алады. Ол табысты әрі сенімді. Осыны ескеріп «Ақтөбе нан  өнімдері комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Хромтау ауданында макарондық бұйымдар өндірісі бойынша фабрика құрылысының жобасын қолға алуда. Серіктестік директорының орынбасары Дәурен Әкімғожин оның болашағы туралы әңгімелеп берді.  

Фабрика өнімнің  он түрін шығарады. Жоба 735 млн. теңгеге  бағалануда. Жылына 11,5 мың тонна  өнім шығаруға қуаты жетеді. Мұны жүзеге асыру үшін кәсіпорын 1,7 млн. евро көлемінде  өз қаржысын жұмсайды және «АТФ Банк»  акционерлік қоғамынан 1,8 млн. евро қарыз алады.  

Қазір жобаны жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар. Жер  бөлінген, өндірістік база жасалған, технологиялық  жабдық қондырылған. Фабриканың ғимараты 80 пайыз тұрғызылған.  

Мұндай жобалардың аудан, ауыл аймағына көшірілуін кеңес  жаңалық ретінде қабылдады. Облыс  әкімі ірі өндіріс орындарының, қаладағы ірі супермаркеттердің  жергілікті жерлерден осындай бизнес орындарын ашып, қолдау көрсетуін  жалғастыра беру керектігін айтты.  

Мұнан кейін «Актобежилкомплект»  серіктестігінің бас директоры  Маным Мустояпова ет өнімдерін өңдеу цехын құру жобасымен ой бөлісті.  

Жобаны жүзеге асыру-халыққа  жоғары сапалы ет өнімдерін беруге жағдай жасайды. Ет өнімдерін бөлшек саудаға, қоғамдық тамақтандыру орындарына шығаруға болады.  

Жоба бойынша мал  сою цехы құрылысын салу керек. Ғимарат  темір қабырғалардан тұрады. Әзір жұмыс ресми орындардан рұқсат-құжаттар алумен шектеліп отыр. Жобаның құны — 50 млн теңге. Оның 20 млн-ы өз қаржысы  есебінен, қалғанын банктен қарыз  алуға тура келеді.  

Кеңесте «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік  қоғамының директорының міндетін атқарушы Әлия Жолдасова шағын жылыжайлар кешені құрылыстарының жобасыжөніндегі жоспарларын ортаға салған еді. Алайда талқылау барысында аталған жобаның өте баяу қолға алынып отырғаны белгілі болды. Жобаның бастамашысы атқарылған жұмыстарды тізбелеп, 50 шағын жылыжайдың іргетасы құйылды деп хабарлағанмен, жұмыстың мардымсыздығы ашылып қалды. Негізінен тасымалдап әкеліп, орната қоятын шағын жылыжайлардың қайдан әкелінетіні, оның қашан жететіні күмән туғызады. Құрылыстың біту мерізімін де хабарлаушы тап басып айта алмады. Кеңес бұл аталған жобаның орындалу барысына бақылауды күшейту керек деп шешті.  

Талқыланған индустриялдық-инновациялық жобаларды, «Бизнес жол картасы»бағдарламасының  облыста жүзеге асырылуына байланысты жұмыстарды қорытындылай келіп, облыс  әкімі таяу уақыттың ішіндегі алда тұрған міндеттерді нақтылады. Жауапты  ресми орындарға Қазақстанның Индустриялдық  картасына кіретін жобаларды  әлі де екшеп, саралауды тапсырды. Кеңес қараған жобалардың 80 пайызын  жүзеге асыруға лайық деп бағалады.   

«Бизнестің жол  қартасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты екінші деңгейдегі банктерге үлкен міндет жүктеледі. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі  Архимед Мұхамбетов аталған бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1 520,9 млн. теңге бөлінгенін мәлімдеді. Жыл басынан бері аталған бағдарлама бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінен 60 тапсырыс қаралып, қолдау тапқан. Оның 53-і Экономиканы дамыту және сауда  министрлігімен келісілген.  

Тұтастай алғанда  аталған бағдарламаны жүзеге асыруда  облыс жетекші орында. Сонымен  бірге, облыс әкімі бұл бағытта  екінші деңгейдегі банкттердің бәрі бірдей қолдау көрсете алмай отырғанын  сынады. Осыған байланысты бірқатар банктердің басшыларына кеңесте алға шығып  жауап беруге тура келді. Әсіресе, «Казкоммерцбанк» «Нұрбанк», «Альянсбанк», «Еуразиялық  банкі», «Темірбанк» филиалдары басшыларының атына облыс әкімі қатаң сын  айтты. Олардың бизнес саласы бойынша  Елбасы қойып отырған талапқа  сай жұмыстарын жандандыруы талап  етілді.  

Қаралған мәселелерге  қатысты туындаған проблемалардың шешілуін қатаң қадағалау тиісті басқармалардың, басқа да мемлекеттік  органдардың басшыларына тапсырылды.  

 

Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары

Уикипедиядан алынған  мәлімет, ашық энциклопедия

Дамудың мемлекетік институттары ретінде бюджеттен тыс экономикалық қорларды - Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық қорларды құру 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты - шикізаттық бағыттылықтан шығуға жәрдемдесетін салалық экономиканы әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына жету, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар дайындау. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер сферасында бәсекеге қабілетті және экспорттық-бағытталынған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты предметі болып табылады.

Әлемдік экономиканы  ғаламдандыру жағдайында Қазақстан  экономикасы бірқатар проблемалармен қақтығысуда. Негізгі проблемаларға  мыналар жатады:

  • шикізаттық бағыттылық,
  • әлемдік экономикамен интеграцияның сәйкессіздіктері,
  • ел ішіндегі әлсіз салааралық және өңіраралық экономикалық ингеграция,
  • ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге төмен тұтынушылық сұраным (шағын экономика),
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың нашар дамуы,
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы,
  • ғылымның өндіріспен шынайы байланысының жоқтығы,
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстардың аздығы,
  • ғаламдану және сервистік-технологиялық экономикаға көшу үдерістеріне экономиканың бейімделу мақсаттарына менеджменттің сәйкессіздігі.

Проблемаларды шешу және қойылған мақсаттар мен міндеттерге  жету үшін Стратегия шенберінде даму институттары құрылған. 
Ұлттық даму институттары 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму саласындағы жобаларды және кәсіпкерлікті қолдауды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтікинновациялық, сервистік ұйымдар.

Қазақстанның даму банкін жандандыру, Қазақстан инвестицияпық қоры, Ұлттық инновациялық қор, Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорациясы сияқты дамудың арнаулы институттарының жұмыс істеуі болжанады. Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялық саясатты және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен зерттемелерді қолдауды жүргізеді.

Стратегия елде ғылым  мен инновациялық қызметті ынталандыруға  бағытталған белсенді мемлекеттік  ғылыми және инновациялық саясатты жүргізуді  болжайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын одан ары дамыту және фискалдық білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру болжанады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу қарастырылған.

Стратегияны іске асыру  экономика құрылымында сапалы өзгерістер жүргізуге жәрдемдесуі тиіс. Бұл  өзгерістер адами, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген  экономиканың тұрақты өсуіне, Қазақстанды  әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының  жаңа деңгейіне шығаруға жеткізеді.

Экономикалық  арналымның бюджеттен  тыс қорлары қоғамдық даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттері негізге алына отырып құрылып отырды. Бұрын жұмыс істеген қорлар практикасы мұны растайды: мысалы, әр түрлі уақытта Инвестицияпық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры, Жол қоры жұмыс істеді. Экономикалық қорлар қаражаттарды дамудың немесе шешуші салалардың негізгі бағыттарын, сондай-ак дамудың салааралық бағдарламаларын қаржыландыруға шоғырландыру үшін құрылады. Бұл ретте бүкіл экономиканың балансты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылады.

Мәселен, Инвестициялық  қордың қаражаттары негізгі капиталдың ұдайы толықтырылуының қол жеткен ауқымын қолдау, әлеуметтік сфераны одан ары дамыту үшін пайдаланылды. Күрделі қаржы жұмсалымын қаржыландыру өнеркәсіп кәсіпорындарын рентабелді өнім шығаруға қайта бейімдеу үшін, оларды қайта құру (жаңғырту) үшін мүмкіндіктер жасауға Үкімет бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша жүргізілді. Экономиканы жаңғырту қоры өнім (жұмыс, қызметтер) құнының 5% мөлшеріндегі міндетті аударымдар есебінен қалыптасты, бұл аударымдар өндіріс шығындарына (залалды кәсіпорындарды шығарып тастағанда) кіріктірілді.

Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры рыноктық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, меншіктің әр түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау көрсету, кәсіпкерлікті, бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу бойынша шараларды кредиттеудің прогрессивті нысандары мен бюджеттік қаржыландыруды тиімді үйлестіру мақсаттарында ұйымдастырылған болатын.

Жол қоры жалпы арналымдағы автомобиль жолдарын салумен, жаңғыртумен және ұсынумен байланысты ақшалай қаражаттарды шоғырландырды, яғни қаржы жүйесінде айрықшалықты шаруашылық қызметпен байланысты тар мамандандырылған буын болып табылды.

Акционерлік қоғам  нысанындағы коммерциялық ұйым болып  табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған жалғыз құрылтайшысы ұлттық компания болғанИнвестициялық қорға 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық даму стратегиясын іске асыруда маңызды орын берілді. Қазақстанның инвестициялық қоры ұлттық даму институты болып есептелді. Қор қызметінің максаты перспективалық ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жекеше сектордың бастамаларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып айқындалды.

Қор акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатудан алынған капиталды  кейін қайта инвестициялай отырып, ұйымдардың жарғылық капиталдарына, басқа  ұйымдарға инвестициялауды жүзеге асырды.

Қордың уақытша  бос ақшалары Қор мағлұмдамасымен  анықталатын шектерде және тәртіппен  ішкі және сырткы рыноктарда мемлекеттік  және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды қоса, өтімді активтерге орналастырылды. Инвестициялық қор қызметі «Самрұқ-Қазына әл-ауқат ұлттық қоры туралы» заңның қабылдануымен және «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес келешекте жалпы құқықтық өріс шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасында  ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі  мен орнықтылығын қамтамасыз ету  жөніндегі іс-шараларды атқару үшін 2008 жылы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» акционерлік қоғамы құрылды, оның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. «Самрұқ» мемлекет активтерін басқару жөніндегі «Қазақстандық холдинг және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдары «Самрұқ- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды. «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру және әлемдік рыноктардағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге мүмкін жағымсыз әсерінің факторларын төмендету үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.

Қордың тобына тікелей  Қор, дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы компанияларға  тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың(қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық қағида белгіленетін заңи тұлғалар кіреді.

Қор меншік құқығында  олардың ұзақ мерзімді құндылығын барынша  көбейту және әлемдік рыноктарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін дамудың ұлттық институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңи тұлғалардың  оған қарасты акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқарады.

Мазмұны   

[жасыр

  • Қор қызметінің негізгі мақсаттары:
  • Қор қызметі негізделетін қағидаттар
  • Қор орындайтын функциялар
  • Қорға жүктелген міндеттер
  • Функциялары
  • Қордың міндеттері:
  • Қордың айрықша өкілеттіктері:
  • Қаралатын міндеттер шектеріндегі қор функциялары
  • Ұлттық инновациялық қордың міндеттері
  • 10 Ұлттық инновациялық қордың құқығы
  • 11 Ұлттық инновациялық қордың неге құқығы жоқ
  • 12 Уәкілетті орган не істейді
  • 13 Пайдаланылған әдебиет

    [өңдеу]Қор қызметінің негізгі мақсаттары:

    • 1) ел экономикасының  орнықты дамуын қамтамасыз етуге  жәрдемдесу;
    • 2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
    • 3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

    Қор және компаниялар  қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық даму стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшылары» бағдарламасын, компаниялар алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жаңғырту және әртараптандыру болып табылады.

    Информация о работе Инвестициялық жобалар