Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:54, курсовая работа

Описание

Банктің негізгі міндеттерінің бірі экономиканы диверсификациялауға, оның шикізаттық бағытталуынан шегінуге жағдай жасайтын жобаларды қаржыландыру болып табылады (Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет мамандандырылған даму институттарын құрды). Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ бірқатар салалық және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі даму институттарының бірі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

инфляция әсері.docx

— 985.24 Кб (Скачать документ)

Қазақстан индустрияландыру мен инновацияларға жол ашты. Өйткені  бүкіл әлем осы жолмен бәсекелестікке түсуде. Бұл бағытта Елбасы бес  ағымды санамалап көрсетті. Энергиялық тиімділік, шикізаттық емес сектордағы өсім, агроөнеркәсіп кешені, шағын  және орта бизнес шұғылданып жатқан жаңа жобалар, еңбек өнімділігі - міне, бес "жасыл көрсеткіш". Өйткені  алдағы уақытта тек қана өзіміздің  шикізаттық ресурстарымызға сеніп  отыра беруімізге болмайды. Кедендік одақ жұмысы, Бүкіләлемдік сауда ұйымына  кіру міндеті мемлекет үшін үлкен  дайындықтарды қажет ететіні  белгілі. Қазақстан он жылдың шеңберінде әлемдік инновациялық экономикаға  қосылуды көздейді. Ал Жылыой ауданында...

 

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағытындағы 6 жоба  Экономикада зор табыстарға "қарғу" үшін үдемелі инновациялық индустрия жобаларын іске асыру қажет. Кәсіпорындар инновация бойынша жұмыс жасауы керек. Қазақстандағы өнімнің жартысынан астамын шағын және орта бизнес өкілдері өндіруі керек. Елбасы сонда ғана экономикада тұрақтылық пайда болатынын баса айтқан-ды.  Жылыой ауданы экономикалық маңызы бар аумаққа жатады. Алып шетелдік инвестор орналасқан аудан еліміздің мерейін қара алтынмен тасытып отыр. Алайда шикізаттық емес сектордағы өсімді дамыту да шет қалмауы керек, тіпті бұл - бүгінгі күннің талабы да. ҚР-ның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан бойынша 6 инвестициялық жоба облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсыныс ретінде жолданды. Оның ішіндегі 1 жоба "Қарашүңгіл" ЖШС-ның 5000 текше метр резервуар дайындайтын цехын кеңейту арқылы 10 000 текше метр резервуар дайындау цехы іске қосылды. Ал қалғандары осы жылдың аяғына дейін іске қосылуы қажет. Бұлар жылына 72 дана әртүрлі автокөлік тіркемелерін және жылына 18 000 дана күрек дайындайтын цех, тәулігіне 50 мың дана жұмыртқа шығаратын құс фермасы ("Атырау-Сауда" ЖШС), шағын шұжық цехы ("Достан-Ата" шаруа қожалығы). Аудандағы өңдеу өнеркәсібі мына кәсіпорындар арқылы дамып келеді. "ТрансТехИнтернэшнл" ЖШС жол төсемтасын, пенопласт, басқа да құрылыс бұйымдарын өндірсе, "Сәулет 1" ЖШС ракушеблок, пластик терезелерді жасайды. "Ғимарат" ЖШС кірпіш, жол төсемтас, әртүрлі бөлмелерге жиһаздар жасаса, "Сымбат" ЖШС-ның тігін цехы арнайы мамандар киімін шығарады. Сондай-ақ "Қарашүңгіл" ЖШС-ның қазан жасау, "Атырау-Сауда" ЖШС-ның сүт өңдейтін цехтары бар. Ауданда 5186 орта және шағын кәсіпкерлік субьектісі есепте. Азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету үшін 3 жоба Қуатты Қазақстанды құру үшін қажетті ағымның бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту екені айтылды. Жалпы ел бойынша агроөнеркәсіп кешенді дамытуда қой шаруашылығы, астық шаруашылығы жөнінде өткен жылдарда жемісті жұмыстар жүргізілді. Енді ірі қара мал шаруашылығындағы істер қолға алынбақ. Бүкіл еліміз бойынша 54 бордақылау алаңы ашылды. Олардың қасынан 2700 фермерлік шаруашылық қалыптасады. Бұларда өндірілген өнімдер экспортқа шығарылады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейту, экспорт әлеуетін арттыруда ауыл шаруашылығы маңызды орында. Бұл бағытта мемлекет әлеуетті бағдарламаларды жүзеге асыра бастады. Соның бірі - "Азық-түлік белдеуі" жобасы. "ҚазАгроҚаржы" 2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасы бойынша ел агросекторындағы 30 жобаны қаржыландырып отыр. Бұл жобалардың жалпы құны - 39,5 млрд теңге. Оның ішінде "ҚазАгроҚаржы" тікелей қаржыландырып отырған жобалар құны - 31,7 млрд. Отандық лизингтік компания Ұлттық Қор бөлген қаржы есебінен әсіресе селолық жерлерде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Дегенмен облыс әкімі Бергей Рысқалиев республиканың өзге өңірлерінде ауыл шаруашылығына қатысты жобалардың 80-90 пайызын орталық қаржыландырып отырғанын айтты. Ал облыстағы жобалардың орталық тек 10-20 пайызын қолдап, 80-90 пайызын жергілікті бюджеттен қаржыландырып отыр. Биыл бұл мақсатқа 6-7 млрд теңге шамасында қаржы шығарылса, келесі жылы 9-10 млрд теңгеге дейін көбейтілмек. Бұл - азық-түлік белдеуін қалыптастыру бағытында бөлініп жатқан қомақты қаражат. Облыс әкімі аудандардан берілген 23 жобаның барлығын да қолдайтынын айтып отыр. Жылыойда облыс әкімінің шешімімен 2011-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасына қосылған инвестициялық жобалар бекітілгені белгілі. Оның ішінде азық-түлікке қатысты 3 жоба салу жоспарланды. Атап айтсақ, құс фабрикасы, шағын шұжық цехы және көкөніс қоймасы. "Атырау-Сауда" ЖШС басшысы Әлімжан Балжігітов құны 304,0 млн. теңге тұратын құс фабрикасын салмақ. Жобаның бизнес жоспары "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тапсырылды. Бұл құс фабрикасының құрал-жабдықтарын алуға Голландия компаниясымен келісім жасалып отыр. Жоба жүзеге асқанда 60 мың тауық өсіріліп, жылына 16,5 млн. дана құс жұмыртқасын алуға болады. "Достан-Ата" шаруа қожалығы шағын шұжық цехын ашуды қолға алуда. Болашақта шетелден етті асыл тұқымды мал алмақ. "Агропромтехника" ЖШС 1000 тонналық көкөніс қоймасын салуды қолға алды. Серіктестік тек қаржы мәселесінің оңтайлы шешілуін күтулі. Қойма жанынан азық-түлік өнімдерін сатуға шығаратын орын ашу да жоспарда. Азық -түлік белдеуі - келешегі кемел жоба. Бұл - халықтың азық-түлік қауіпсіздігіне кепіл болатын бағдарлама. Бағаны тұрақтандыруға , азық-түлік сапасының санитарлық талаптарға сай келуіне, отандық өнімдердің сатылуы отандық өндірушілерді қолдауға көп мүмкіндік береді. С.МҰРАТҚЫЗЫ   
 

 

 болмақ

Авторы: admin , 10-Наурыз, 2011 | 46 рет қаралған

Павлодар  облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асатын жобалар саны көбеюде. Өткен  жылы аймағымызда 30 жаңа жоба іске қосылды. Таяуда тағы 13 инновациялық жоба республикалық  және аймақтық деңгейдегі индустрияландыру карталарына енгізілді.Облыс кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасының бастығы  Қанат Шәбеновтің мәлімдеуінше, республиканың  индустрияландыру картасына ұсынылған  үш жобаның жалпы құны 22,64 млрд. теңгені  құрайды. 
«Павлодарэнерго» АҚ өзіне қарасты 3-інші жылу-электр орталығында №1 турбинаны модернизациялауды және №1 қазандық агрегатын қайта жаңғыртуды қолға алып отыр. Алғашқы жоба бойынша жұмыстар өткен жылы басталып кеткен. «Павлодарэнерго» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары В.Шевцовтің мәлімдеуінше, турбинаның жаңартылуы өндірілетін қуатты 65 мегаватқа арттыратын болады. Сондай-ақ 5 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, екі жоба бойынша салынатын инвестиция тұрғындардың төлейтін тарифтерінен тұрады. Оған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өзі жағдай жасап қойған. Естеріңізде болса, соңғы екі жыл бойы өндіруші станцияларға жыл сайын шектік көлемде тарифтерін өсіріп отыруға рұқсат берілген. Облыс әкімі атап өткендей, біздің станцияларымыз осы тарифтің ең жоғарғысын таңдап алады. 
Ал үшінші – Екібастұз кешенді қорытпалар зауытының құрылысына қатысты жобаны кеңес мүшелері республикалық картаға енгізбеді. Бірақ бұл әзірге ғана. Дәл қазір жобаның атауы болғанмен, сметалық құжаттары жоқ, қаржыландыру көзі де анықталмаған. «Егер асығыстық жасап бұл жобаны мақұлдап жіберсек, ертең іске аспай қалған жағдайда, ертең өзіміз Премьер-Министрдің алдында ақталып жүретін боламыз», деді үйлестіру кеңесінде аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев. Сондықтан Екібастұз зауытының жобасы кейінге қалдырылды. Әзірше ол бойынша жүретін жұмыстарды үйлестіру кеңесі бақылайтын болады. Айта кетелік, жоспар бойынша биыл басталып, 2014 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс жоба іске қосылса, 434 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. 
Аймақтық индустрияландыру картасына ұзын саны 9 жоба енгізілді. Оның бесеуі – тың жобалар. Құбыр өндірісінің жобалық қуатын 100 мың тоннаға жеткізуді көздейтін «Павлодар құбыр зауыты» алдағы екі жылда 1,09 млрд. теңгені іске жаратпақ ойда. Бұған дейінгі кеңесте қаралып, қаржыландыру көзі табылмағандықтан кейінгі ысырылған жоба бұл жолы мақұлданды. Оның өнімдері бүгінде кеңінен сұранысқа ие. 
«Заман Инвест» серіктестігінің директоры Б.Киреевтің баяндауынша, Қызылтау кен орнында көмір өндіру және кокс шығару жобасын төрт жылда іске асыру жоспарланған. Ал «Победа» ЖШС-нің 400 бас малға арналған сүт фермасын жаңғырту жобасы осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылмақ. Құны 250 млн. теңге тұратын бұл жоба сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сүт саууға және сақтауға арналған құрал-жабдықтар сатып алынған. 
Екібастұзда ұйымдастырылатын теміржол көліктеріне тіркемелер жасау өндірісі туралы сөз болғанда, өнім өткізу мәселесіне мән берген облыс әкімі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен ұзақ мерзімді тапсырысқа қол жеткізуге ықпал ету қажеттігін айтты. 
Бұдан кейін үйлестіру кеңесінің бақылауында болатын 2 инвестициялық жоба талқыға салынды. «Интур-Сервис-Пульс» қолға алған шыны өндірісі туралы бұрын да қаралған, бірақ қаржыландыру мәселесі шешілмегендіктен екінші мәрте ұсынылды. Бұл жобаны іске асыруға қазақстандық институтпен қатар қытайлықтардың да қызығушылық танытып отырғна жайы бар. Қытай жағы қазірде қаржысы дайын екенін мәлімдеген. 
Ал «Олимп» ЖШС-нің натрий цианидін шығару жобасы еліміз бойынша кездеспейді. Өндіріс бұрынғы химия зауытының аумағында орналасады, себебі мұнда барлық жағдай жасалған, сондай-ақ шикізат есебінде пайдаланылатын каустикалық ұнтақ осы жерде бар. Десе де, жаңа өндірісті экологиялық жағынан қауіпсіз екенін дәлелдеу қажет. Осының бәрін есептей келе жоба нақты келесі жылдан бастап іске асырылады деп күтіледі. 
Қазірде облыс басшылығы тың жобаларды табу жөнінде банктермен бірлескен жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жоба иелеріне әртүрлі жеңілдіктер жасалып, көмектер көрсетіледі. Сондықтан кәсіпкерлер өздері де мүдделілік танытқаны дұрыс.
 

Информация о работе Инвестициялық жобалар