Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:54, курсовая работа

Описание

Банктің негізгі міндеттерінің бірі экономиканы диверсификациялауға, оның шикізаттық бағытталуынан шегінуге жағдай жасайтын жобаларды қаржыландыру болып табылады (Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет мамандандырылған даму институттарын құрды). Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын, сондай-ақ бірқатар салалық және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі даму институттарының бірі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

инфляция әсері.docx

— 985.24 Кб (Скачать документ)

Қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды таңдау кезінде "ҚДБ-Лизинг" АҚ, Банк тәрізді, технологиялық жағынан байланысқан  өндірістер тізбегін құрайтын, жоғары деңгейлі қосымша құны және қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтарға шығуы тұрғысынан болашағы бар жобаларды  қалайды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысына сәйкес "ҚДБ-Лизинг" АҚ "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін іске асыру шегінде  ауыл шаруашылық техниканың лизингін ұйымдастыру жұмысына кірісті.

2006 жылдың нәтижесі  бойынша "ҚДБ-Лизинг" АҚ қаржыландыруға  сомасы 47,7 млн. АҚШ доллары көлеміндегі  жобаны мақұлдады, соның ішінде  тоқыма кластерінің шегінде қаржыландыруға 8,8 млн. АҚШ доллар сомасына 5 жоба  мақұлданды. "ҚДБ-Лизинг" АҚ қаржыландыруға  мақұлданған жобаларға қатысуы  43,4 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қаржыландыруға бағытталған  жобалар құрылымында құрылыс  және тоқыма, ауыл шаруашылығы және машина жасау салаларының кәсіпорындары  басым болып келеді.

"ҚДБ-Лизинг" АҚ  қызметінің басты бағыттарының  бірі халықаралық мәні бар  алдыңғы қатарлы жобаларды жүзеге  асыру болып табылады.

"ҚДБ-Лизинг" АҚ  деректері бойынша, өндірілетін  өнімнің және қызметтердің енгізілетін  құрылыс кәсіпорындарындағы жиынтық  көлемі 2006 жылы 11 180 млн. теңге құрады. "ҚДБ-Лизинг" АҚ қаржыландыратын  кәсіпорындардың бюджетке салық  және басқа ақша аударуы шамамен  908 млн. теңге құрап, 1 513 жұмыс орындары  құрылатын болады. Лизинг алушы  кәсіпорындардағы жұмыскерлердің  орташа айлық жалақысы 42,6 мың.  теңге құрады.

2006 жылдың нәтижелері  бойынша "ҚДБ-Лизинг" АҚ активтерінің  көлемі 7 650 млн. теңге, міндеттемелер  көлемі -1 077 млн. теңгені құрады. "ҚДБ-Лизинг" АҚ меншікті капиталы 6 572 млн.  теңге, оның ішінде жарғылық  капиталы - 6 500 млн. теңгені, 2005 жылдың  үлестірілмеген табысы - 5,8 млн. теңгені, 2006 жылдың үлестірілмеген табысы- 66,9 млн. теңгені құрады.

1.7. Банктің ынтымақтастығы  және рейтингтері.

Банктің халықаралық қызметі

Банк қызметінің маңызды  бағыты халықаралық қаржы ұйымдарымен  ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Банктің іскерлік байланыстарын  кеңейту тек қана ірі қаржы  ұйымдарымен ынтымақтасуға емес, сонымен бірге экономиканың диверсификациясы бойынша міндеттерді шапшаң шешу мақсатында шетелдік инвесторларды  елге белсенді түрде тартуға мүмкіндік  береді.

Осы мақсатта 2006 жылдың мамырында "Даму институттарының  экономика диверсификациясындағы  ролі" тақырыбында Банк Даму институттарының  Еуразиялық форумын ұйымдастырды. Бұл  форумның жұмысына халықаралық және ұлттық даму банктерінің, әлемдік рейтинг  агенттіктері және аудиторлық компаниялардың басшылары, Еуропа, Азия-Тынық мұхит  аймағының және Таяу шығыстың инвесторлары қатысты.

Банкті түрлі номинацияларда жеңімпаз деп тану Банктің сәтті  халықаралық қызметінің дәлелі болып  табылады. Осылайша 2006 жылғы 18 мамырда  Азия және Океания елдерінің Қаржы  даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) Шри-Ланкада өткен 29-шы жыл сайынғы  кездесуінде 2006 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағының "Үздік инфрақұрылымдық жобалары" номинациясындағы Банк қаржыландырған "Транстелеком" АҚ Астана-Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс жолын салу және"KEGOC" АҚ Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі транзиты 500кВ электр желісінің екінші арнасын салу бойынша инфрақұрылым жобалары жеңімпаз атанды.

2006 жылғы қарашада  беделді халықаралық қаржы басылымдардың  бірі "Euromoney" Банкті "Дамушы  Еуропа елдерінде корпоративтік  басқару саласындағы жетекші  банк" номинациясында жеңімпаз  деп таныды. Бұл сый Банк өз  қызметінде әлемдегі ең үздік  тәжірибеге сүйенетінін көрсетеді.

Шанхай ынтымақтастық  ұйымының шегінде (ШЫҰ) Қазақстанды  жоғары деңгейде танытып, Банк аса белсенді қатысушысы болып табылады. ШЫҰ жұмысының  шегінде 2006 жылы Банк ШЫҰ Банкаралық бірлестігі мүшелерінің өзара әрекеттесу тәртібін реттейтін құжаттарға қол  қойды.

Банк өз қызметін кеңейту  мақсатында 2006 жылы Ресейдің Внешэкономбанкі (2006 жылдың 12 қаңтары), Румынияның Экспорт-Импорт Банкі (2006 жылдың 18 сәуірі),Кореяның Даму Банкі (2006 жылдың 19 қыркүйегі) тәрізді ірі қаржы ұйымдарымен бірқатар Меморандумдар және келісімдерге қол қойды (12-сур.). Банк үкімет аралық (Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен), әрі Германия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Болгария, Франция, Жапония және көптеген басқа елдердің іскер топтарымен кездесулер шегінде белсенді түрде қатысады.

12-сур.

Банк  рейтингтері

Банктің сәтті қызмет етуінің тағы бір дәлелі оған жоғары несиелік рейтингтердің берілуі  болып табылады.

Айталық 2006 жылдың 2 қарашасында Standard & Poor`s Қазақстан Даму Банкінің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді несиелерді "ВВВ-"-дан "ВВВ"-ға дейін жоғарылатты. Сол уақытта Банктің шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша қысқа мерзімді несиелік рейтингтері "А-3" расталды. Болжамы - "тұрақты".

2006 жылғы 30 қазанда Moody's Банктің шетелдік валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиесін "Ваа1" деңгейінен "А2"-ге дейін жоғарылатты, болжамы "тұрақты".

2006 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Ratings Банктің шетелдік валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиесін "BBB-" деңгейінен "BBB"-ге дейін жоғарылатты, және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингі "BBB" деңгейінен "BBB+"-ке дейін көтерді. Банкке ұлттық валютада қысқа мерзімді "F2" рейтингі берілді. Шетелдік валютадағы қысқа мерзімді "F3" деңгейінде расталды, ал қолдау рейтингі - "2" деңгейінде берілді. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжамы - "оң".

Банк  өкілдіктері

Сыртқы нарықтарға шығуы шегінде шет елдерде  Банк өкілдіктері ашылды.

Өткізілген ұйымдық  шаралар нәтижесінде 2006 жылғы мамырда  Банктің Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің тұрақты офисі ашылды (Мәскеу қаласы).

Банктің РФ өкілдігі Банктің шетелдегі жұмысын презентациялық және ақпараттық қамтамасыз ету, болашақ  қарыз алушылармен іскерлік байланыстарды  реттеу, нарықты зерттеу және болашақ  жобаларды іздестіру, Банк қызметінің қағидалары мен шарттарын анықтау  мақсатында, РФ аймақтарында сапарларды жүзеге асырып, мемлекеттік және кәсіпкерлік  құрылымдардың басшыларымен Калининград  облысында, Татарстан Республикасында, Башқұртстан Республикасында, Чуваш  Республикасында кездесулерді өткізді.

2006 жылғы маусымда  Өзбекстан Республикасы Орталық  Банкінің Шешімімен (Ташкент қаласы) Өзбекстан Республикасындағы Банк Өкілдігіне Аккредитация туралы куәлік берілді.

Даму  институттарымен  және ұлттық компаниялармен ынтымақтастық

Қызметтің тиімділігін  арттыру, үйлестірілген жұмысты  қамтамасыз ету және экономиканы  ұзақ мерзімді инвестициялау жағдайында тәуекелдерді бөлу мақсатында Банк ұлттық компаниялармен және даму институттарымен  стратегиялық әріптестік ұйымдастыру  және қамтамасыз ету бағытында жұмыс  атқарып келеді.

Қазақстандық даму институттары қол қойған Өзара ынтымақтастық  туралы меморандум, сонымен қатар, "Қазына" АҚ құрамында бірлескен жұмыс  шегінде:

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ бірлесіп Ақтөбе қаласында ұялық бетонды шығаруды ұйымдастырумен қатар ТБИ зауытын қайта құру бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда, сонымен қатар Қызылорда облысында қаңылтыр шынысын шығару бойынша зауыт құрылысының инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр;

"Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ бірге Банк қаржыландыратын Тәжікстан Республикасына ұнды және минералдық тыңайтқыштарды экспортқа шығару бойынша операциялар сақтандырылған, Украинада газ терминалын салу бойынша Банк мақұлдаған жобаны сақтандыру көзделген.

2006 жылғы мамырда  Банк өкілдері "Экспорттық несиелерді  және инвестицияларды сақтандыру  жөніндегі мемлекеттік сақтандыру  корпорациясы" АҚ ұйымдастырған  "Сыртқы сауда қызметіндегі  халықаралық экспорттық-несиелік  агенттіктердің жәрдемі" атты  семинарға қатысты (Алматы қ.).

Инвестициялық бастамаларды қаржылық қолдау мақсатында Банктің  ұлттық компаниялармен ынтымақтастығы шегінде:

"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі транзитінің 500кВ электр қуатын берудің екінші желісінің құрылысы жобасы бірлесіп жүзеге асырылуда;

"Қазақстан Темір Жолы" АҚ Астана-Алматы учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс арнасының құрылысы жобасы қаржыландырылды;

"НМСК Казмортрансфлот" АҚ және "ТенизСервис"ЖШС Түпқараған шығанағында теңіз операцияларын қолдау базаларын дамыту шегінде айлақты, жол алаңын салу, сонымен қатар теңіз операцияларын қолдау флотын салу және оған ие болу жобасы қаржыландырылды;

- Банктің Директорлар  Кеңесі "ҚазТрансГаз Дистрибьюшн" АҚ "Өзен-Жетібай" учаскесінде "Өзен-Ақтау" магистральдық газ құбырының резервтік арнасын салу бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыруды мақұлдады;

Мойнақ ГЭС құрылысы бойынша жоба бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жергілікті  атқарушы органдармен  ынтымақтастық

Банк өз қызметінің бастапқы кезінен бастап Қазақстанның бүкіл аймақтарымен ынтымақтастықты  нығайтуға үлкен көңіл бөледі. Банктің қатысуымен қаржыландырылатын  ірі инвестициялық жобаларды  және экспорттық операцияларды таңдаған кезде, сонымен қатар оларды сәтті  жүзеге асыру үшін келесі жұмыс жүйелі түрде іске асырылады:

- Банктің қызметі  туралы презентациялар өткізіліп,  жүзеге асырылатын және жаңа  жобалармен операциялар бойынша  мақсатты аймақтық сапарлар жүргізіледі;

- жергілікті атқарушы  органдармен ақпараттық өзара  әрекеттесу дұрыс жолға қойылған (әкімшілікке әрбір тоқсан сайын  жүзеге асыруға мақұлданған, қаралып  жатқан және банк қабылдамаған  жобалары бойынша ақпарат жіберіледі);

- өткізіліп жатқан  республикалық және аймақтық  конференцияларға, семинарларға, форумдарға  және кеңестерге белсенді түрде  қатысады.

1.8. Негізгі қаржы  көрсеткіштері

Несиелік және инвестициялық  қызмет көлемінің өсуі Банк активтері  мен міндеттемелерінің өрлеуінде  тікелей көрініс табады (13-сур.).

13-сур.

1.8.1. Активтер

Биылғы жылдың басынан  бастап Банктің шоғырландырылған активтерінің көлемі 2007 жылғы 1 қаңтарға қарай 39 349,6 млн. теңгеге ұлғайып, 179 123,4 млн. теңгені  құрады.

14-сур.

1.8.2. Міндеттемелер

Банктің шоғырландырылған міндеттемелерінің көлемі 2006 жылдың басынан бастап 28 281,1 млн. теңгеге  артып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 96 469,5 млн. теңгені  құрады (15-сур.).

15-сур.

1.8.3. Капитал және  таза табыс

Меншікті капитал 2006 жыл басынан 11 068,6 млн. теңгеге  өсіп, 2007 жылғы 1 қаңтарға қарай 82 653,9 млн. теңгені құрады, бұл негізінен  жарғылық капиталдың өсуімен байланысты болды.

Осылайша, меншікті капиталдың құрылымында 2007 жылғы 1 қаңтарға қарай  жарғылық капитал 85,4%, резервтер - 10,2%, үлестірілмеген табыс - 4,4% құрады (16-сур.).

16-сур.

Банктің таза үлестірілмеген табысы 2006 жыл қорытындысы бойынша 3 656,1 млн. теңгені құрады.

Меншікті капиталдың ұлғаюы Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сыртқы және ішкі нарықтардан  экономика үшін барабар көлемде  қарыз ресурстарын тартуға жағдай жасайды. Айталық, капиталдандыру нәтижесінде 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Банктің салаларды несиелеу лимиті 258 млн. АҚШ долларына дейін өсті, аймақтарды несиелеу- 193,5 млн. АҚШ долларына  дейін және бір қарыз алушыны  несиелеу лимиті- 161,2 млн. АҚШ долларына  дейін өсті (17-сур.).

17-сур.

Банктің Қазақстан экономикасының дамуына ықпалы

Қазақстанда 2006 ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар  көлемі 2 810,3 млрд. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 10,6% өсті. Осы  шартта тау-кен өнеркәсібіндегі  инвестициялар 25,3% пайызға өсіп, 1 032,9 млрд. теңгеге дейін жетті, өңдеу  өнеркәсібінде 10,7% артып, 318,7 млрд. теңгені  құрады.

Информация о работе Инвестициялық жобалар