Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:29, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.
Кіріспе.......................................................................................................................2
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы.......................................................6
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.........................................................................................................10
IІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері…………………………………………………………………16-24
Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.......................................................................16
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.....................................................................................20
ІІІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.............................................................................................................25-30
Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................25
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері..................................................................................29
Қорытынды............................................................................................................31
Қосымшалар..........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................35
Кіріспе.......................
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
IІ бөлім.
Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметінің ерекшеліктері……………………………………………
ІІІ бөлім.
Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметінің құқықтық негіздері.....................
Қорытынды.....................
Қосымшалар....................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.
Қазақстан экономикасының өсуі сыртқы факторлардың ықпалымен шартталады. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 07.02.2008 ж. “ Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты ” атты жолдауында : “ ... мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өсіп келе жатқанын ескере отырып ішкі инвестициялық ресурстарды белсендіру, банктердің инвестициялық қызметті дамыту ”,- деп берілген.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық экономикасы тұрақталған мемлекет екенін барлығы да мойындады. Шаруашылықтың жоспарлы-әкімшілік жүйесінің өзгеруі кезеңінде еркін баға, меншікті мемлекет иелігінен босату, экономиканы монополизациядан босату, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық қызметтің кеңеюі, қаржылық-банк секторының реформалануы, нарықтық қордың құрылуы және т.б. сияқты нарық механизмдері қызмет ете бастады. Атаулы өзгерістер Қазақстан экономикасының инвестициялық секторында да көрініс тапты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда мемлекет экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, банктерде инвестициялық қызметті ұйымдастырып, оны дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалды. Тікелей шетелдік инвестиция ( ТШИ ) тұрғын басына шаққандағы көлемі бойынша Қазақстан Достастық елдері арасынан ғана емес, сонымен қатар транзитті экономикасы бар мемлекеттердің ішінен озып келе жатыр. Алайда Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және екінші дәрежелі банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл бірқатар факторлармен шартталады. Біріншіден, экономикалық жүйенің трансформациялану кезеңі ішкі инвестициялық ресурстардың пайдалануының күрт төмендеуімен сипатталады, ал бұл өз кезегінде республика ұйымдары мен кәсіпорындарына ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялық қызметпен айналысуларына мүмкіндік берген жоқ. Екіншіден, дүние жүзі нарығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін экономиканың өңдеуші секторына инвестициялар деңгейі жеткіліксіз болып отыр.
Коммерциялық банктерде инвестициялық қызметінің төменгі деңгейде болуының себебі олардың шектеулігі және инвесторлар ( шетелдік және отандық ) мүдделерінің экономиканың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі болып табылады. Жеке шаруашылық субъектілері бос қаржы қаражатын иеленгенімен, оны ағымдағы шығындарын өтеуге жұмсайды, ал коммерциялық банктер нақты өндірісті инвестициялауға әлі құлшыныс таныта қойған жоқ. Үшіншіден, көптеген мемлекеттердегі инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсу шетел капиталының қатысуымен қолдау тауып отыр. Алайда, тәжірибенің көрсетуінше, шетел инвесторлары үшін, ең алдымен, дәстүрлі шикізатты салалар, әсіресе, мұнай газ және металлургия өнеркәсіптерінің игеруші салалары тартымды. Ал байланыс, көлік, ауыл шаруашылығы, машина құрылысы кешеніне ТШИ көлемі азырақ келеді.
Бұл жағдайда арнайы құрылып, жүргізілген орынды инвестициялық саясатты және Қазақстандағы инвестициялық әлеуетін тиімді пайдалануды ұлттық экономикалық жүйенің тұрақты және динамикалық кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мен негізгі капиталды жаңалауға қажетті, шешуші фактор ретінде танимыз. Инвестиция бағыттарының приоритеттерін анықтау, әсіресе экономиканың өңдеуші саласына, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр деп санауға болады. Ондағы инвестициялық белсенділіктің жандануы мен капитал салымдарының тиімділігін жоғарылату керек. Мемлекеттің жаңа инвестициялық саясатының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негізделуі аса маңызды болып келеді, өйткені экономиканы инвестициялаудың қазіргі деңгейі оның жаңалануы мен ары қарай тұрақтандыру міндеттеріне жауап бермейді. Инвестициялық қызметті басқару тетіктерінің барлығы: индикативті жоспарлар, қаржы-несие құралдары, салық жүйесі және басқалары – істегі кәсіпорындардың техникалық қайта жабдықталуы мен қайта жөнделуіне құйылатын инвестициялардың өсуіне бағытталуы тиіс. Инвестициялық саясатты жетілдіру қажет: өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялардың келу көлемін өсіруде инвестициялық үрдіске қатысушылардың қызығушылығын таныту механизмін құру; инвестицияларды мемлекет тарапынан ынталандыруды белсендіру және т.б. Жаңа инвестициялық саясат нарықтық қатынастардың жетілу кезеңіне сәйкес келетін кеңейтілген ұдайы өндіріс парадигмасына жетудің шешуші механизмі болып табылады, бұл Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстанның бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағытталған экономикасын қалыптастырудың түбегейлі міндеттерін іске асыруға септігін тигізеді.
«Коммерциялық банктердің
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекет экономикасындағы инвестициялық қызметті белсендірудің маңызды шарасы Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж. өнеркәсіптік-инновациялық даму стратегиясымен белгіленген. Стратегия экономиканы диверсификациялау мен модернизациялау негізінде, шикізаттық бағыттан арылу, өңдеуші секторының болашағы бар бағыттарын анықтау, нақты сектордағы инвестициялық қызметтің тартымды жағдайларын қалыптастыру негізінде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегияны іске асыру мемлекетімізге қосылған құны жоғары тауарлар мен қызмет көрсетудің әлемдік нарығында табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
В.Д.Камаев инвестициялаудың мәнін, табиғатын зерттеп, инвестициялауды тауар мен қызметті өндіру және оларды тұтынуға жеткізу үшін пайдаланылатын өндіріс процесі мен өндіріс қаражаттарын жинақтау процесі ретінде анықтайды.
Инвестициялау мәселелерінің әдістемелік аспектілеріне экономика теориясы классиктерінің көптеген еңбектері арналған. Жинақталу, экономикалық өсу мен инвестиция мәселелері, сонымен қатар, оларды реттеу механизмдерін қалыптастыру Дж.Кейнс, Дж.Р.Хикс,Ж.Б.Сэй, А.Маршалл, А.Пигу, К.Маркс, П.Самуэльсон, М.Фридмен, Ф.Хайек және экономикалық ойдың басқа классиктерінің еңбектерінде қарастырылған.
Институционалды инвестициялау саласында портфельдік менеджмент мәселелеріне негізделетін қазіргі инвестициялау теориялары американдық теорияшылар мен тәжірибешілермен терең қарастырылған. Құнды қағаздардың оңтайлы портфелін құру үлгісін ұсынғандарға Г.Марковиц, У.Шарп, Дж.Тобин, Дж.Линтнер, Ф.Блек, М.Шоулз атаулы ғалымдарды жатқыза аламыз. Инвестициялық тартымдылық мәселелерін шешуде институционализм теориясын ұстанушы Т.Веблен, У.Митчел, Р.Коуз, Д.Бьюкенен сынды зерттеушілер еңбек сіңірген болатын.
Инвестициялық қызмет заңдылықтары мен инвестициялық ресурстарды экономикада тиімді пайдалануды зерттеуге таяу шетел экономист мамандары Л.Абалкин, А.Васильева, А.Добрынин, П.Завлин, А.Кондратьев, А.Кноль, А.Крутик, Ю.Матькина, В.Миловидов, Ю.Никифоров, Е.Никольский, М.Попов, А.Смирнов және т.б. үлес қосты.
Инвестициялау теориясы мен тәжірибесі бойынша қазақстандық зерттеуші мамандардың ірі еңбектеріне А.Т.Ашимбаева, С.А.Аханов, Айменов А.Т., Р.А.Алшанов, А.Абишев, А.Алимбаев, Ж.Аубакирова, У.Баймуратов, Ф.Днишев, В.Додонов, О.Егоров, М.Исаева, К.Кажымурат, М.Кенжегузин, А.Кошанов, А.Кравцов, Н.Мамыров, Т.Мухамбетов, Н.Нурланова, К.Окаев, М.Оспанов, О.Сабден, Есиркепов Т.А., М.Спанов, П.Пасеченко, А.М.Смагулов, Б.Хусаинов, Б.Чумаченко және т.б. ғалымдардың туындыларын жатқызуға болады.
Қазақстан экономикасын инвестициялаудың
жеке аспектілері қарастырылған бірқатар
ғылыми зерттеулерде атап кету керек.
Мысалы, Ф.Днишев экономиканы модернизациялау
көзі ретінде инновациялық факторға баса
назар аударған. Сонымен қатар, іске асырылуындағы
инвестициялау механизмін жасап Нұрланованың
аймақтық аспектіні қамти отырып, Қазақстанның
инвестициялық стратегиясын негіздеу
мәселесіне шығаруға арналған. В.Додоновтың
зерттеулерінде құнды қағаздар портфелін
тиімді басқару мен инвестицияларды диверсификациялау
мәселелері қарастырылған.
.
I. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер
Инвестиция деп нәтижесінде пайда (табыс) немесе әлеуметтік тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңалауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға , жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет. Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі