Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:29, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты Қазақстан экономикасының түбегейлі өзгерістері мемлекеттің барлық шаруашылық салаларына өз септігін тигізді. Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өсуі байқалып отыр, бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы динамикасымен дәлелденеді.
Кіріспе.......................................................................................................................2
І бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің сипаты....6-15
Инвестиция, оның мәні, сыныптамасы.......................................................6
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық қызметі.........................................................................................................10
IІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері…………………………………………………………………16-24
Коммерциялық банктердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарымен инвестициялық операциясы.......................................................................16
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелер, оны шешу жолдары.....................................................................................20
ІІІ бөлім. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің құқықтық негіздері.............................................................................................................25-30
Банктердің бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызмет түрлерінің құқықтары мен міндеттері..........................................................................25
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негіздері..................................................................................29
Қорытынды............................................................................................................31
Қосымшалар..........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................35
Олар базалық көрсеткіштерді, әсіресе банктің бағалы қағаздар портфелінің баланстық құнын және операциондық табыс – шығынын есептеу үшін қажет. Журнал мәліметтері банкке нарықтық баға негізінде есептелетін бағалы қағаздар портфелінің құнына және оның потенциалды табыстылығына әсер ететін нарықтық котировкалар ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін банктерге негізгі Бас лицензиядан басқа бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының лицензиясы қажет. 50-жылдардың аяғынан бастап әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тікелей және жанама формаларда бағалы қағаздар нарығына белсенді түрде ене бастауы байқалды. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер бағалы қағаздар эмитенттері ретінде, инвесторлар ретінде және бағалы қағаздармен операциялар кезінде делдалдар ретінде де қызмет ете алады.
Бағалы қағаздар нарығының қызметтерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады : жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар қызметтер. Жалпы нарықтық қызметтерге келесілер жатады :
Қазіргі кезде коммерциялық банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспаса да, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “ ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың жылдың 31 тамызында қабылданған “ Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы” ҚР заңдарын басшылыққа алады. Заңға сәйкес негізгі қызметтері былайша құрылған:
- уақытша
бос ақшалай қаражаттарды
- экономиканы және халықты несиелендіру ( активтік операциялар);
- қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметі;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Нарықтық экономиканың қазіргі реформалау кезеңінде инвестициялық қызметті жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін анықтау өзекті болып келеді. Инвестициялық қызметті іске асыру барысында инвестициялық ұдайы өндірістің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі мен құқықтық қамтамасыз ету негізінде жаңа салалар қалыптасады. Тарихи тұрғыдан инвестицияның маңызы мен генезисін анықтаудың жалпы теориялық мәселелерін зерттеу қажет, сонымен қатар, түрлі мектептер мен ағымдардың пайда болуы мен олардың жаңалануын да назардан тыс қалдырмау керек. Қалыптасып жатқан экономикалық жағдайлар мен экономикалық теорияның дамуына байланысты инвестиция ұғымының анықтамасы да өзгеріп отырды.
3.2. Kоммерциялық банктердің инветициялық қызметін дамытудың құқықтық заңнамалары
Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын корғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы кағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардын мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Азаматтық кодекстің
1. 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» № 2155 жарлықта «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.
2. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 жарлықтың эрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда ?лттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы жэне бағалы кағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге кор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.
3. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы» № 223 5 жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.
4. 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серік-тестіктері туралы» № 2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып, оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатын тарту механизмінің кұқықтық мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар жэне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға кұқылы.
5. 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындагы банктер және банктік қызметпгер туралы» № 2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан баска бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.
6. 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекеменшіктендіру туралы» №2721 жарлығы мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекеменшіктендіру объектісі екенін, акциялардың мемлекеттік бумаларын жекеменшіктендіру жағдайларын және тәртібін көрсеткен.
7. 1998 жылдың 10 шілдедегі «Акционерлік қоғамдар туралы» № 281-1 Қазақстан Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта кұру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жағдайларын; қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.
8. Басқа да заңдар және нормативтік - құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық Комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің жарлықтары жатады. Мыс, «Валютаны реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.
Жоғарыда айтылған құкықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда.
Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.
Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы
шыққан заңдар жетілген және бағалы кағаздар
нарығының құкықтық негіздерін қалыптастыру
процесі аяқталды деуге болмайтын еді.
Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу
шағында болатын.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, инвестиция деп нәтижесінде пайда ( табыс ) табуға, сонымен қатар акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздар мен активтерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интеллектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет. Мемлекет экономикасына инвестицияны салу, пайда алу және тиімді пайдаға жету мақсатындағы тәжірибелік әрекеттер инвестициялық қызметпен түсіндіріледі.
Қазақстандағы экономикалық реформалардың басты бағыттарының бірітартымды инвестицияларды жасау болып табылады, бұл приоритетті салаларды дамытуға қажетті отандық және шетелдік капитал үшін қолайлы инвестициялық қызмет құруды қарастырады.
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметті айқындауда неғұрлым орынды әдіс болып факторлық тәсіл есептелінеді. Ол саяси және экономикалық тұрақтылық, нормативтік-құқықтық база, табиғи ресурстардың айтарлықтай базасы сияқты факторлар жиынтығынан тұрады.
Экономиканың нақты секторы мен коммерциялық банктер бойынша келесі шаралар ұсынылды :
Ұлттық экономикадағы, соның ішінде, екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіндегі белсенділікті жандандыру мемлекеттік реттеудің шұғыл шаралар жүйелерімен қатар жүреді. Соңғысы келесілерді қамтиды :
Бүгінгі елімізде коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі мәселелерді, кемшіліктерді шешуде инвестициялық саясат арқасында бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Бiздiң экономикалық жағдайымызда немесе әлемдiк нарыққа енуiмiздегi ең өзектiсi бұл әлемдегi коммерциялық банктердің бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қосымшалар
1-қосымша.
Ақтөбе облысы бойынша
Млн.теңге
Негізгі капиталға салынған инвестициялар | Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар | ||
2000 | 41 095 | 668 | |
2001 | 61 921 | 886 | |
2002 | 82 651 | 1 029 | |
2003 | 115 842 | 1 922 | |
2004 | 130 987 | 4 352 | |
2005 | 184 130 | 13 331 | |
2006 | 187 090 | 17 165 | |
2007 | 225 176 | 22 311 | |
2008 | 287 212 | 16 738 | |
2009 | 312 523 | 14 888 |
Информация о работе Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі